Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет31/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Үшеуi Көбектiң соңынан ере, он екi қанатты ақбоз үйге кiрдi. 
Үй iшi тола адам. Төрде Ордабек болыс пен Тәжiбай ұлық қатар 
жайғасыпты. Берiректе Досалы, Сүгiрәлi, Естемес, Бекен сияқты 
билер отыр. Бәрi Тәжiбайдың оң жағында малдас құрып отырған 
бiр кiсiнiң аузына қарап қалыпты. Дастархан шетiне тiзе бүккен 
бұлар да соның әңгiмесiне құлақ түрдi.
— …Сол асқа екi мыңдай үй тiгiлдi. Отыз шақырымдық бәйгеге 
бес жүз ат қатысты. Бәйгеге қырғыз сарыбағыш Телiбайдың 
атына шақ келер жүйрiк болмады. Бiздiң үйсiндердiң апарған 
аттары төртiншi-бесiншi болып қалып қойды. Есесiне, бiздiң 
ақындар ешкiмге бет қаратпады. Әсiресе Үмбетәлi мен Өмiрзақ 
ерледi. Анау қасқарау жаныстағы Кенен де сөзден тосылмайды 
екен. Бiрақ неге екенiн қайдам, аста Жамбыл көрiнбедi…
— Бүкiл қазақ-қырғыз болып асын өткiзген сол қырғыз Шәбден 
манаптың өзi көзi тiрiсiнде бүйрегi орыстарға бұрып тұрған дей 
ме, қалай? Одан соң оны түк дүние жимаған кiсi болған дейдi. 
Сол рас па, Нұралы? — дедi Тәжiбай сөйлеп отырған кiсiнiң 
сөзiн бөлiп.
— Шәбден түгiлi, оның әкесi Жантай да орыстарға сатылып 
кеткен жоқ па. Шәбденге олар сый бердi, атақ бердi. Иығына 
жалтылдақ пәгүн, белiне алтын қылыш тақты. Бұрын да 
Шәбденнiң айтқанынан шыға алмайтын сегiз рулы аз ғана қырғыз 
оған орыстың ақ патшасы сәлем хат жазып, сый-сияпат бергенiн 
көргенде, оны өз Құдайларындай көрiп кеттi де. Сондықтан да 
қырғыздар арасында оған тең келер манап, иық тiрестiрер би, сөз 
таластырар шешен болмады. Бiр елдiң сүтiнiң қаймағы, айран 
пiсер күбiсiнiң пiспегi сол болды. Алайда Шәбден сонысына 
қарамай, дүние-дәулет жинамағаны рас. “Ол өлгенде артында 
үш әйелiмен қатар үш жылқысы, тоғыз торпағы ғана қалды” деп 
күлiседi қырғыздар. 
— Аста бәйгенiң неше түрi болды?
— Қазақ-қырғызға ортақ бәйгенiң барлық түрi болды. Аламан 
бәйгеге — бiр үйiр жылқы, бес жүз сом, құнан бәйгеге — бес 
жылқы, үш жүз сом тiгiлдi. Балуандар күресiне — үш жылқы, 
екi жүз сом. Ақындар айтысына да екi жүз сом мен үш жылқы. 
Көкпардың әр салымына — бiр құнаннан. Бас салымға бiр айғыр, 


67
Сүлеймен қарақшы
екi ту бие және жүз сом. Айтып-айтпай не керек, сол Шәбденнiң 
асы өткелi төрт жылдан берi Талас қырғыздары мен Жетiсу, осы 
Қаратау өңiрiнде ондай жиын әлi болған жоқ. Мынау Керекеңнiң 
тойы Шәбденнiң асына жетпесе де оған жетеғабыл болып тұр.
— Ал ендi, Нұралы, айтшы, — дедi Ордабек сөзге араласып. 
— Кеше түндегi қонақасыда Керiмбай болыстың өзiнен сұрауға 
мұршамыз болмады. Анығын айтқанда, көп адамның ортасында 
екшелеп сұрай алмадық. Сен бiздiң елдiкi болсаң да, Керiмбайдың 
жақынысың. Тегiң — шымыр ғой. Әрi ақынсың, әрi осы тойдағы 
тойбасылардың бiрiсiң. Осы үйде тек Қазығұрт жақтан емес, 
сонау Шыршық, анау Сарысу, мынау Шу бойынан келiп отырған 
игi жақсылар да бар. Солар да естiсiн. Бұл тойдағы бәйге түрлерi 
мен шарттары қандай болмақ?
— Мұның бәрiн тойдан бiр жетi бұрын белгiлеп қойғанбыз. 
Егер келген қонақтар бәйге үстiне үстеме салым қосамыз десе, 
ерiк өздерiнде. Керiмбай болыс пен оның ағайындары бұл 
тойға тiгiп отырған бәйгесiнiң ең қомақтысы — аламан бәйгеге 
берiледi. Оған үш жүз ат қатысады. Шабыстың ұзақтығы — отыз 
бес шақырым. Аттардың басы Жуантөбе маңынан жiберiлiп, 
Шақпақтың Батырөлген жырасынан айналып өтiп, жiберiлген 
жерге қайтып келедi. Мұның бас бәйгесi — он бес жылқы, жүз 
сом. Екiншi, үшiншi келген аттарға бес-бес жылқы мен елу 
сомнан. Төртiншi мен бесiншiге — бiр-бiр айғыр, жиырма бес 
сомнан пұл. Қалған он бес орынға қой-тоқты, шапан-шаттықтай 
сыйлық берiледi. Құнан бәйгеге де үш жүз ат қатысады. Оның 
бас бәйгесi — бес жылқы, бес қара, жүз сом. Қалған он орынға 
бiр-бiр тайдан. Ақындар айтысының жеңiмпазына — екi жылқы, 
бiр қадақ күмiс пен елу сом. Аударыспаққа да сондай. Балуан 
күреске он бес жұп шығады. Он бес жұптың төртеуiнен басқасы 
бiр-бiрден-ақ күреседi. Салмағы жеңiл, кiшкентай балуандарға 
берiлетiн жүлде — бiр қой. Орта салмақтыларға — бiр тайдан. 
Ең мықты тiгiс — түйе балуандарға берiледi. Түйе балуандар екi 
жұп болуы тиiс. Екi жұп бiр-бiрiмен күресiп болған соң, олардың 
екi жеңiмпазы өзара қайта күреседi. Осы күресте жеңген балуан 
тойдың “бас балуаны” болып табылады. Оның жүлдесi — үш 
жылқы, үш өгiз, жүз сом. Екiншi орынға — екi жылқы, бiр өгiз, 


68


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет