467
Сүлеймен қарақшы
жарығы әлсiз болса да оның сұлу мүсiндi жылқы екенi бiлiнiп
тұр.
— Ей, қайдан келген ұрысыңдар? — дедi осы кезде өз-өзiне
келген күзетшi.
— Бiз ұры емеспiз, — деп бiр ұрды Парманқұл оны. — Бiз
ел-жұртты тонаған сендер сияқты харам ұрылардан өш алатын
қаһармандармыз. Айдабол, жiбер оны. Сен, Сүлеймен, бұған
бiздi “ұры” дегенi үшiн көресiнi көрсетшi.
— Өй, мынау Айдабол ма? О, баукеспе неме. Ертең Мырзатай
белсендiге айтып, итжеккенге айдатып жiберемiн сенi, — деп
шаңқ еттi күзетшi.
— Мына күзетшi, Парманқұл, қырсық па деймiн. Қырсықтығын
қазiр-ақ
сығып алайын, — дедi де Сүлеймен оның тамағын
мытып жiбердi.
Күзетшi өлгеннен ары болды. Сол сұлап жатқан жерiнен
Айдабол оны байлап тастады.
Сосын Желтиместi ақырдан
босатып, жетектеп Сүлеймендердiң алдына әкелдi:
— Жылқының қандай екенiн түр-тұрқынан танисың ба?
Қарашы, жануар қандай өзi? Пай-пай, аяқтарын көршi. Жалы
мен жамбасын қара. Тұлпар ғой жануар, тұлпар.
Сүлеймен Желтиместен көзiн ала алмай тұр. Шынында, келiстi
ат екен. Жал-құйрығы төгiлген. Мұндай атты күнделiктi мiнiске
салу обал-ақ.
Желтимеске салатын ер-тоқым да осында екен. Айдабол
Желтиместi
ерттеп болғанша, бұл аттан көз алмады.
— Ал Сүлеймен ойымызды iске асырдық. Ендi не iстеймiз?
Желтиместi жетекке алайық та, қорадағы жылқылардың бiразын
айдап кетейiк. Ал Айдабол, сен атқа мiн де,
анау қойларды
шығарып, ауылдың iшiне кiргiзiп жiбер. Жұрт шетiнен ұстап жей
берсiн.
— Бұл да бiзбен бiрге кетедi ғой.
— Бала-шағасын қайтпек?
— Мұның үйiнде шешесiнен басқа ешкiм жоқ.
— Белсендiлер ертең оған зияндық iстеп жүрмей ме?
— Олар өлмелi кемпiрдi неқылсын.