469
Сүлеймен қарақшы
Түс қайта аттарына қойта қонып, шатқалдан жылқыларды
айдап шығарғанша, бiрталай уақыт өттi. Содан Ғарамты тауларына
қарай барымта жылқыларды айдаған үшеу, кеш батқанша аттан
түспедi. Ғарамтыға тек қараңғы түсе жеттi.
— Бағана бұл таулар жақын көрiнген сияқты едi. Ұзақ екен-ау.
—
Сен байқамапсың, Сүлеймен. Бiз төте жолмен жүрмей,
көптеген қия-беткейлердi айналып өттiк. “Себебi артымыздан
қуғыншы түскендей болса, iзiмiзден адастырайық” деп ойладық
мына Парманқұл екеумiз.
— Бестоғай әлi алыс па?
— Жолдың қиыны ендi басталады. Дегенмен үш күнде жетiп
қалармыз.
Шынында сол түнi Ғарамты етегiне ат шалдырған бұлар үш
күн бойы небiр құз-жартастардың арасындағы қиын өткелдерден
өтiп, Бестоғай жазығына тұяқ iлiктiрдi. Бестоғай деген жан-
жағын тау қоршаған кең алап екен. Таудан өтiп, жазыққа тiрелген
қарақшылар, тағы да аттан түстi.
Осы жерде жатып, бiраз көз
шырымдарын алған соң Айдабол Парманқұлды сонадайдан
көрiнген ауылға жұмсады.
— Бұл ауыл қырғыз өкiметiне қарайды.
Менiң естуiмше,
қырғыз өкiметiнiң ауыл-ауылдарға әлi онша көп белсендiлiгi жоқ.
“Бұл маңда осы күнге дейiн басмашылар жұрттың мазасын алып
тұр” деп естiгенмiн. Мейлi, қалай болса да, мұнда Қазақстандағы
сияқты зiркiл қаққан шолақ белсендiлер жоқ. Қобалжымай
ауылға бара бер. Ауылдың бас жағында қаңлы Мұрсат деген
кiсi тұрады. Соны тауып ал да, Бейiсқожаны шақырт. Содан соң
екеуiн осында ертiп кел.
Парманқұл кеш түсе бiр-ақ оралды. Қасында екi кiсi бар. Олар
аттарынан түсе сап, Айдаболмен құшақтасып көрiстi. Бiрауық
амандық-саулық сұрасып болған соң оларды Сүлейменге
таныстырды:
— Мынау ұзынтұра — Бейiсқожа. Ал мынау тәпелтек —
Мұрсат. Екеуi қай жағынан болса да, осы өңiрге белгiлi
адамдар. Батыр десең — батыр. Қаһарман десең — қаһарман. Ал
ендi, Мұрсат, жағдайларыңды айтыңдар. Елдерiңде не гәп?