487
Сүлеймен қарақшы
— Сендердiң ешқайсыңның сөздерiңе сенуге болмайды екен.
Ант-су iшкен Құрбанды көрдiң ғой. Демде-ақ ант ұрды.
— Мен оған ұқсап алдамаймын сiздердi.
Шынымен-ақ,
Озғарда пүлiмөттiң оғы азғантай-ақ болатын.
— Анау төртеуден басқа Озғардың жанында кiм бар?
— Ауылда жылқыларды жинап жүргендер келiп қалмаса, үйде
колхоз бастықтарынан басқа ешкiм қалмады-ау.
— Ей, сен, мұнымен не сөйлесiп жатырсың? — деген дауыс
шықты осы кезде төбе жақтан.
Сүлеймен басын көтердi. Сөйлеген Парманқұл екен. Дуалдың
ар жағынан асылып, бұларға қарап тұр.
— Бұл қай тұрысың-ей, сенiң?! Озғар өзiңдi бiр оқпен жайрата
салсын деп тұрсың ба? Түс, ары. Әй, тығыл деймiн саған!
— Келсейшi, берi. Не iстейтiнiмiздi ақылдасайық та, — деп
Парманқұл ары сырғып түстi.
Сүлеймен орнынан көтерiлдi. Тiк жүрiп, бұрышқа жеттi.
Дуалдың арғы бетiнде серiктерi отыр. Сүлеймен оларға жаңағы
басмашыдан есiткенiн айтты.
— Оған сенуге болатын сияқты. Расында, Озғарда оқ көп
болса, тағы бiраз атар едi.
— Сен, Парманқұл, Сүлеймен екеуiң жүдә, сенгiш екенсiңдер.
Озғарда оқ жоқ екен деп, ендi үйге қарай ашық жүгiрейiк, — деп
кейiдi Мұрсат.
— Қалай болғанда да, бiр амалын жасауымыз керек.
Парманқұл
осылай дегесiн, не iстеу керектiгiн ақылдасып,
бiраз отырды. Ақыры бесеуi бес жақтан үйге жақындамақ болды.
Осыған келiсiп, орындарынан тұрғанда, үй
жақтан айқайлаған
дауыс естiлдi.
— Бейiсқожа, Мұрсат жандарыңдағы кiмдер едi тағы... Мейлi,
кiм болса ол болсын. Атпаңдар. Менiң сөзiмдi тыңдаңдар. Жоқ,
алдымен көрiнiңдер маған. Айтатынымды содан кейiн айтамын.
— Кiм айқайлап тұрған? — Бейiсқожа дуалдан сығалап
қарады. — Айқайлап тұрған — Пұштай. О, сорлы. Бұл бiзбен
атысқан
жауға ұқсап, қолына ақ орамал көтерiп алыпты. Сiрә,
мұны Озғар жұмсап тұр-ау.
— Бiлшi, не айтар екен?