Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет239/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Қойған сияқты. Тек, көрiп тұрсыңдар ғой, дiрiлiм басылатын 
емес.
— Дiрiл кетер. Сонда да мен барып, Жамал тәуiптi ертiп 
келмесем болмас. Ай, “оны ертiп келемiн” деймiн. Анау екi өлiктi 
не iстеймiз, Парманқұл?
Сүлеймен елең етiп басын көтердi.
— Немене, екi қашғарлықты өлтiрiп қойдыңдар ма?
— Қашғарлықтар өлсе жақсы болар едi. Айдаболдан айрылып 
қалдық қой. 
Сүлейменнiң өн-бойы шымырлап кеттi. 
— Қалай?
— Аналар уды екеуiңнiң табақтарыңа салған екен. Бәрiмiзге 
бiрдей салмағандарына шүкiр де. Мен ұйықтап жатқанда бiреу 
жұлқылап оятты. Көзiмдi ашсам, Айдабол дем ала алмай
бүкшиiп қиналып отыр екен. Аузы-басы қисайып, реңi қашып 
кетiптi. Бiрдеңе айтайын деп едi, айта алмады. Сол қолымен 
жүрек тұсын ұстаған күйi, оң қолымен қонышындағы пышағын 
шығарды да, жанында жатқан Қорасанның кеуде тұсына кiрш 
еткiзiп қадап, өзi оның үстiне сұлады. Мен не болғанын түсiнбей, 
дереу Пұсырманқұлды ояттым. Бұл да аң-таң отырғанда, Жақар 
шыңғырып қоя бердi. Екеуiңнiң табақтарыңдағы етке у салғанын 
айтты. Ашумен оны өлтiрiп қояр ма едiм, Пұсырманқұл ұстап 
қалды. Сөйтiп тұрғанымызда, сен теңселiп далаға шықтың. 
Сүт есiмiзге келмептi. Жақардан айран сұрап жүргенiмiзде сен 
сүттi iшiп, құсып жатырсың. Қасыңнан кете алмадық. Айдабол 
жазғанның жатысы анау. Ендi оны қалай, қайда жерлеймiз? Ал 
сен екi-үш күн жатып, өз-өзiңе келмесең болмайды. Ол үшiн 
Пұсырманқұл тәуiп ертiп келмесе тағы болмайды.
— Алда, жазған-ай! Бiзге еремiн деп, ажал тапты десейшi. 
Әй, анау Жақар әлi тiрi отыр ма? Мойнын неге үзiп алмайсыңдар 
оның?
— Оны өлтiру қашпас. Айдабол текке өлген жоқ. Бiр жауын 
өзiмен бiрге ала кеттi. Қой, бiр жағына шығайық та. Не iстеймiз? 
Әлде үйге кетемiз бе? Тәуiптi сонда алдырамыз.


507
Сүлеймен қарақшы
— Айдаболды бiр жақты етейiк алдымен. Қазiр екеумiз барып, 
анау өлiктердi жертөлеге апара тұрайық. Содан соң Сүлеймендi 
үйге кiргiзiп жатқызайық.
Қиналған Сүлейменге мына хабар оңай тимедi. Тән ауруына 
жан ауруы қосылып, бей-жай күйге түстi. Парманқұлдар 
айтқандарын iстеп, өзiн үйге жатқызғанда да үн шығармады. 
Кешке дейiн жақ ашпады. Айдаболдың өлiмiне қатты қайғырып, 
ойына қайдағы-жайдағы түсiп, аһ ұра күрсiндi. Тек кеш бата 
Парманқұл шырақ жаққанда ғана сөйледi.
— Парманқұл, жалғызбысың? Пұсырманқұл қайда? 
Қашғарлықтың бiрi тiрi деп едiңдер. Оны не iстедiңдер?
— Пұсырманқұл тәуiпке кеткен. Ал Жақарды қол-аяқтарымен 
қоса, аузын да байлап, жертөлесiне қамап қойдық. Өлiктердi 
күзетiп отыр.
— Айдаболды не iстейтiн болдыңдар?
— Пұсырманқұл келсiншi. Содан кейiн ақылдасармыз.
Көп ұзамай Пұсырманқұл келдi. Қасында кiшкене бойлы
арық кiсi бар.
— Жамал тәуiп деген осы. Менiң бауырым. Руы — Қыпшақ. 
Сенiмдi адам. Екеумiз бағаналы берi құры жүрмей, көрқау iздедiк. 
Екеуiн таптық. Ақша берiп, шаһар шетiндегi молаға жұмсадық. 
Қазiр олар Айдаболға арнап, мола қазып жатыр. Әзiр Жамал 
Сүлеймендi қарап болсын, Парманқұл екеумiз Айдаболды жерлеп 
келемiз. Күндiз жерлей алмаймыз. Бұл үйден қалай шығарамыз 
оны. Дұрыс па, ойым, Сүлеймен?
— Өзiң “басқа амал жоқ” деп тұрсың ғой. Қайтемiз ендi. 
Айдаболды жерлеуге мен де барайын.
— Саған әзiрше жүруге болмайтын шығар. Жамал, көршi 
сырқатын, қатты уланған ба, өзi?
Жамал Сүлейменнiң тамырын ұстап, не күйде болғанын, 
қалай құсқанын сұрады.
— Жүрегiңiз өте мықты екен. Денеңiз де шағындау болғанда 
аман қалуыңыз неғайбыл едi. Пұсырманқұл, сұрадыңдар ма? 
Қашғарлықтар бұларға қандай у берген екен?
— Сұрауға да мұршамыз болмады.


508


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет