Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет241/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Қоқаннан кетемiз. Ал мына Пұсырманқұл осында қалады. 
Әгәрки, Жақар тiрi қалса, кейiн пәлесi осыған тиiп жүрер. Өзiң 
қалай ойлайсың? Көзiн жоя саламыз ба?
Солай ете салайын, — деп Парманқұл жертөле жаққа 
бұрылды.
— Әй-әй, қоя тұр. Маған бiр ой келдi. Байлаулы адамды 
өлтiру — қатынның iсi. Оны түн жарымына дейiн аман қалдыра 
тұрайық.
— Немене, Сүлеймен, түннiң жарымында осында қайта 
келемiз бе?
— «Қоя тұршы» дедiм ғой. Жүрiңдершi, жолымыздан 
қалмайық.
Үшеуi Қоқанның қуыс-қуыс көшелерiн аралай өтiп, сағат 
жетiге таяғанда, Құдиярсарайға келдi. Сарай маңында адам 
қарасы аз. Бергi жақта екi-үш өгiз арба тұр. Олардың жанында 
дөңгелектерi шарабасынан биiк есек жегiлген тағы бiр арба тұр.
— Анау есектi қоқанарба Жардақтiкi, — дедi Пұсырманқұл. 
— Бағана бұл арба анау бұрышта тұрған. Қазiр есiк алдына әкеп 
қойыпты. Сiрә, Жардақ дүкенiн жабуға дайындалып жатыр-ау.
— Оның арба айдаушысы бар ма? Әлде өзi айдай ма?
— Айдаушыны не қылсын. Жүрiңдер, дүкенге барған 
адамдарға ұқсап, сарайға кiрейiк.
Сарай бастырмасына жете бергендерiнде, алдарынан қап 
көтерген үш-төрт кiсi шықты. Қаптарын арбаларға салған олар, 
өгiздерiн қамшылап, жүрiп кеттi. Пұсырманқұл қатар есiктердiң 
үшiншiсiне кiрдi. Артынан Сүлеймендер iлестi. Бұлар дүкен 
iшiне кiргенде қарасұр жүздi, үлкен кiсi таразысын жиыстырып 
жатыр екен.
— Дүкеннiң жабылатын уақыты болды. Ертерек келмейсiң-
дер ме? Не алатын едiңдер? Тез-тез айтыңдаршы. Мен асығып 
тұрмын, — дедi ол шақ-шақ етiп.
— Сенiң атың — Жардақ па? — дедi Сүлеймен.
— Не қылайын деп едiң?
Осы сөздi айтты да есiне бiрдеңе түскендей, Сүлейменге қарап 
тұрып, шекесiн сипады.
— Қоқанда сен сияқты дәу қазақ жоқ сияқты едi. Өзiң кiмсiң? 
Баяғыда Тұрдақ әкәмдi...


511
Сүлеймен қарақшы
Сөзiн аяқтатпаған күйi таразы тұрған тақтайдың астына қол 
жүгiрттi.
Оның қару iздеп жатқанын бiрден түсiнгендей, үшеуi оған 
жабыла кеттi. Әлбетте, ол осы үшеуiнiң қайсысынан да мықты 
емес. Сонда да болса, қолын қаруына жеткiзбеудi ойлаған үшеуi 
оны тақтайдан берi тартып алды. Үш қазақтың кiм екенiне 
ендi көзi жеткен Жардақ босанбақ ниетпен бұлқынып бердi. 
Мұнысынан түк шықпады. Сүлеймен желкесiнен бiр қысқанда, 
тiлi салақтап, көздерi жұмылды.
— Абайла, Сүлеймен. Өлiп қалмасын.
— Өлетiндей қысқан жоқпын. Пұсырманқұл, әлгiндегi қуысың 
қайда?
— Мұны онда апарардан бұрын мен арбасын жасырайын. 
Сендер әзiрше осында тұра тұрыңдар. Сырттарыңнан құлыптап 
қояйын. Әй, Жардақ, құлпың қайда? Ә, мынау жатыр екен ғой. 
Мен кеттiм. Жауыздың дымын шығармай, ұстаңдар.
Пұсырманқұл тез оралды.
— Арбаны сарайдың артына апарып қойдым. Жардақты алып 
жүрiңдер. Маңайда қазiрше ешкiм жоқ.
Жардақ дүкен төрiнде түнерiп отыр, Сүлеймен оған қарады.
— Далаға шыққанда айқайлап, болмаса қашамын деп әрекет 
етсең, бiттiм дей бер. Өлгiң келмесе, үндемей жүр.
Сүлеймен Жардақтың қолтығынан алып, далаға сүйредi. 
Парманқұл да Жардақпен қатар жүрдi. Бiрақ Жардақ өлермен 
екен. Далаға шыққанда, сол жанындағы Парманқұлды оң қолымен 
перiп жiбердi. Күтпеген жерден тиген соққыдан Парманқұл бетiн 
басып, бiр сәт iркiлдi. Оны бiр ұрған Жардақ заматта Сүлейменнен 
де құтылғысы келсе керек, тiзесiмен бұтының арасына бiр тептi. 
Қанша дегенмен бойы биiк Сүлейменнiң жанды жерiне тепкi 
жөндi тимедi.
— Өй, мынау менi теуiп кетем дей ме? — деп Сүлеймен 
ақырып, Жардақтың құлақшекесiнен бiр қойды. — Пұсырманқұл, 
апаратын жер әлi алыс па? Сол жерге дейiн аяғынан сүйреп 
апарайын.
— Сарайды айналсаң болды. 
Парманқұл құлаған Жардақтың басына бiр тептi.


512


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет