73
Сүлеймен қарақшы
— Осы жердегiледiң бәрi “Түйе балуандыққа түсетiн жiгiт
осы” деп сенi сыртыңнан сөз етiп жүр. Естуiмше, сен жаныстың
жiгiтiне ұқсайсың. Мен де — жаныспын. Саған, бауырым,
күресте жеңiс тiлеймiн. Қәзiр сәске әлетiнде күрес басталады.
Оған жауап қатпады. Құманды алып жуынды. Осы кезде оның
қасына Көбек пен Құлажан келдi.
— Қалай, батыр? Азанымен тұрып алып, ауылдағыдай жаттығу
жасап алдың ба?
— Мұның түнiмен ұйықтатпай, Қаратауды айналдыра жүгiртiп
шығу керек едi.
— Сендер
менiң қамымды ойламай-ақ, бүгiн жарысқа
түсетiн өз аттарың жайында ойласаңдар неттi,— деп гүжiлдедi
Сүлеймен.— Неге әрдеңенi айтып мылжыңдай бересiңдер?!
— Сөзiмiз саған жақпайтын болса, қойдық онда. Расында,
Көбеке, Сүлейменнiң шамына тиетiн сөздi айта бермейiк. Күреске
түсетiн жiгiттiң көңiлi жақсы болмағы лазым, — дедi Құлажан
Көбекке су құйып тұрып.
Аздан соң бұлардың жанына басқа жiгiттер де жиналды.
Оладың бiрi жуынып,
бiрi әңгiме айтып, шай дайын болғанша
дабырласып тұрды.
74
Сүлеймен қарақшы
Х
Сәске әлетiнде құнан жарыс басталды. Он бес шақы-рымға
созылған жарысқа үш жүздей құнан сап түзеп, Қаратаудың
етегiндегi далиған тегiс дала лезде ат тұяғының дүбiрiне толды.
Ордабек болыс қосқан сегiз құнаның ешқайсысы бәйгеге iлiне
алмады. Бұған намыстанған болыс ат баптаушы жiгiттерге:
— Баптаған құнандарыңның бiрде бiрi еш болмаса үшiншi-
төртiншi орынға да iлiге алмауы не сұмдық?!
Өңкей буаз
байталдарды жиып әкелгеннен саусыңдар ма, түге, — деп бұлқан-
талқан болды.
Оның жанындағы билер мен атбегiлер болыстың сөзiне жауап
қата алмай, жерге қарасты. Осы кезде үстерiне қызыл шапан, ақ
белбеу таққан екi жiгiт келдi:
— Болыс-еке, анау жайма шатырлы үйдiң жанында
күрес басталғалы жатыр. Балуандарыңыз болса,
сонда алып
барыңыздар.
— Жаңағы Досалы қайда кеттi? Күресетiн баламыз осында
ма? Алып жүрсеңдершi.
— Күресетiн баламыз дайын тұр. Ол — мынау, — деп Тәжiбай
ұлық Ордабекке Сүлеймендi көрсеттi.
— Ал, Құдай мен әруақ қолдай көрсiн өзiңдi, балам. Төле
бабаңның рухы жебесiн.
Ордабек бастаған топ күрес алаңына келсе,
мұнда көп
халық жиналып қалыпты. Той басшылар күресетiн жердi әдемi
таңдапты. Киiз үйлер тiгiлген ауылдың ортасында кiшкене
шошақ төбе бар екен. Биiктiгi атты кiсiдей сол шошақ төбенiң
үстi ат айналардай жайпақ. Сол жерге шығып күресетiн
балуандар сайысын төмендегi адамдардың бәрi айқын көрiп
тұруға мүмкiндiктерi бар. Әлгiнде ғана құнан бәйгенi тамашалап
келген қалың жұрт ендi осылай ойысып, төбенi айнала жиылып
жатыр. Күреске баға беретiн қадiрлi меймандар отыратын жерге
арнайы шатыр тiгiлiптi. Қызметшi жiгiттер көлденең жұртты
сол шатырға жақындатпай, оны қоршай тұр. Ордабек, Естемес,
Тәжiбай, Досалы төртеуi топтан бөлiнiп, солай кеттi. Бiр кезде
төбе үстiнде тұрған күрестiң бас қазысы: