Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет37/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
тағы дуылдады. Дегенмен оның орысты лақтырып жiберуге 
шамасы келмедi. Әйтсе де, көтерген күйi оны үш-төрт мәрте 
айналдырып-айналдырып алды да, кiлем үстiне былш еткiздi. 
Орыстың бұрын күреске түсiп жүргенi осы жерде анық көрiндi. 
Анау жiгiт бар пәрменiмен алып ұрғанда, жамбасымен құлап бара 
жатып, айналып үлгердi. Сондықтан да кiлемге жауырынымен 
емес, етпеттей құлады. Қазақ жiгiт ендi оның белiнiң сыртынан 
қапсыра құшақтап, өз үстiнен ауната жығам деп ойлады ма, өзi 
де жата қалып, бар күшпен тарта бергенде, анау пәле жылдамдық 
қылып мұны басып қалды. Бұдан кейiн орыс оны сол басып-
жаншыған күйi екi иығын кiлемге қадап бiр-ақ тынды. 
— Бұл күресте Берной ұлығының балуаны жеңдi, — деп 
жар салды қазы. — Өз қазақтарының жеңiлiсiне намыстанған 
халықтың үнi шықпай, демдерiн iшiне тартты. — Келесi жұп 
төбе басына шықсын! 
Сүлеймен мен дәу орыс төбе үстiндегi қазының қасына 
қатарласты. Қазы бұлардың да киiмдерiн тексердi. Орыстың 
аяғында Сүлеймендiкi сияқты етiк емес. Қонышы тобығынан сәл 
ғана асатын қысқа бәтеңке. Бұтында екi жағында көк жолағы бар 
қыжым шалбар. Қазы оны жетектеп, кiлемнiң арғы бұрышына 
апарды. Екі балуан екi шетте бiр-бiрiне бетпе бет қарап тұрды. 
Қазы төбе жиегiне барып, оң қолымен ортаны нұсқады:
— Екiншi жұп күресiн бастайды. Ал жiгiттер, бастаңдар! 
Сүлеймен екi адым алға жылжыды. Орыс тарп-тарп басып, 
бұған үш-төрт қадамдай жерге келiп тоқтады. Күреске түскенде 
әдетi ме, кiм бiлген, екi алақанымен екi құлағын жауып алып, 
әзiрейiлдей кейiпте түксиiп тұр. Мынадай түсi зәрлi, жирен 
сақалды, қызыл шашты, жүзi қатулы кәпiрдi бұрын кiм көрген. 
Сүлеймен одан бiр сәт iштей ығайын дедi.
“Намысты берме, бауырым!”. “Анау шарадай қарнын жарып, 
iшек-қарнын ақтарып жiбер!” “Қорықпа, семiз адам қопал 
болады”, — деп жан-жақтан айқайлаған көпшiлiктiң дауыстары 
дем бердi ме, аз сәттен кейiн iшкi қобалжуын басып, бiлектерiн 
сәл алға соза, қарсыласына жақындады. Бұл жақындағанда анау 
“уаһ” деп ақырып, екi қолын бұған қарата сермедi. Дауысы жер 
жарардай жуан екен. Сүлеймен артқа қарай шегiндi. Тырс еткен 


80
Сүлеймен қарақшы
дыбыс шығармай, тынып тұрған топтың iшiнен: “Селт етпе, 
жiгiтiм, жақындай бер! Ақырғанның бәрi арыстан емес”, — деп 
бiреу айқайлады. Бiрақ алға баспады. Есесiне, анау әзiрейiлдей 
орыс жан-жағына қолдарын жазып жiберiп, бұған қарай жүрдi. 
Сол жүргеннен тоқтамай, бірден бассалды. Екеуi ұстаса қалғанда, 
жұрт гу еттi. Орыс бар күшiмен Сүлеймендi бiрден лақтырып 
тастайын дедi ме, мұны құшақтаған күйi ырғап-ырғап алды. 
Алайда ойлағаны бола қоймады. Ол құшақтаған кезде бұл бар 
күшiн жиып, тырыса қалды. Анау үшiншi мәрте ырғай бергенде,
оны аяғынан шалып тұрып, жамбасқа алуға тырысты. Бiрақ 
өгiздей болған пәленiң ауыр денесi оңайлықпен қозғалмады. 
Қайта өзiн мытып, сол жаққа қарай еңкейтiп барады. Оң жақ 
мойнынан орап алған қолы құдды бiр шойын темiрдей мықты 
екен. Сәл босаңсыса мойны жұлынып, жерге бiр-ақ түсердей. 
Тегеуiрiндi күштен жаны қиналып, маңдайынан шып-шып тер 
шықты. Сонда да қарсыласына оңайлықпен бой бермей, тырыса 
түсiп, бiр сәт көзiн жұмды. Көзiн аз-маз сәт жұмды ма, жоқ ұзақ 
уақыт жұмды ма, бiлмедi, ашып қалса, еңкейген басы жердегi 
кiлемге жақындап қалыпты. Тура құлақ түбiнен орыстың ырс-ырс 
етiп демалғаны бiрте-бiрте күшейiп, мойнына оралған қолдары 
бiр сәт босаңсыр емес. Дәл осы кезде: “Балам, оң қолыңмен 
тiзеге жармас”, — деп құлақ түбiнен сыбырлаған бiреудiң 
дауысын есiттi. Оның кiмнiң даусы екенiн саралауға да мұршасы 
болмады. Мойнын қатып ұстаған қолдардан бұлқынып қап, оң 
жағына көз салды. Өзiн басып бара жатқан орыстың бiр тiзесi 
тура тұмсық алдында тұр. Орыстың бөксесiнен қатып ұстаған 
қолдарын зып еткiзiп босатты да, тiзеге жабысты. Лезде бар 
күшпен тiзенi жоғары көтерiп, бойын тiктедi. Бұдан мұндай оқыс 
қимылды күтпеген орыс балуан бiр аяғымен селтеңдеп тұрып, 
мойынға қайта шап бердi. Сүлеймен ышқына тiзенi өзiне тартты. 
Келесi сәтте ананың бар денесiн ұстап тұрған бiр аяғын шалып 
жiберiп, шалқасынан түсiрдi. Анау сүрiнiп құлаған атан нардай, 
жердi ойып жiберердей салмақпен оңбай құлады. Денесi сонша 
ауыр болса да ептiлiгiн қара. Кiлем үстiне екi иықпен емес, бiр 
иықпен құлады. Ол жерге құлағанда, Сүлейменнiң тiлеуiн тiлеген 
қалың көпшiлiк жер-көктi бастарына көтерiп, шулап кеттi. Сол 


81


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет