78
Сүлеймен қарақшы
— алғашқы болып мен шығамын дегенiнiң белгiсi. Анау
бұқадай болған екiншiден ықты ма, тапал қазақ: “Мұнымен мен
күресейiн”, — деп алға зып еттi.
— Мiне, бiрiншi жұп дайын. Ал сендер, қазiрше пәске түсе
тұрыңдар, — дедi қазы Сүлеймен мен екiншi орысқа.
Екеуi ылдиға түсiп, жұрт қатарына тұрды. Төбедегi қазы екi
балуанды
екi шетке тұрғызып қойып, белбауларын, етiктерiнiң
табанын тексердi. Егер етiктiң табанында темiр нәл болса, балуан
күреске жiберiлмейдi. Резiңке белбауы бар шалбармен де мұндай
күреске түсуге тыйым салынады. Күреске киетiн киiмдердiң
осындай
тәртiбiн бiлетiн Досалы, анада Сүлеймендi ауылында
баптап жүргенде оған арнап, ауы мен тiзесiн кеңдеу етiп, сүр
кенептен шалбар,
матасы бекем ақ шыттан көйлек, шымқай
патсайыдан камзол тiктiрiп берген. Аяғына киетiн жеңiлдеу
таза былғары етiктi Тәшкеннен арнайы алдырған. Бүгiн азанда
соларды киiп алған-ды.
— Бiрiншi жұп күрестi бастайды, — деген қазы көтерiп тұрған
оң қолын анау екеуiнiң отасына қарай сермедi.
Оң жақтағы орыс екi қолын соза балпаңдай басып, тура алаң
ортасына келдi. Ал тапал қазақ төселген кiлемдердiң шетiн
баса, жемтiгiн аңдыған мысықтай бұқпантайлап,
орыс-ты бiр
айналып өттi. Ол қалай айналса, орыс та солай айналып, оның
шабуылын күттi. Кiлемдi бiр айналып өткен қазақ сәл тыныстады
да, “уап” деп орысқа қарай сұмдық жылдамдықпен атылды.
Сол атылғаннан ананың белiнен қапсыра құшақтап алып, тiке
көтерiп, лақтырып жiберуге талпынды. Жұрт “лақтыр, лақтыр!”
деп шу еттi. Алайда орыс, басы иегiнiң астынан ғана келiп
тұрған қарсыласының бұл ойын дереу сезiп, оның жауырынын
екi қолымен орай құшақтап, мытып-мытып қалды. Ерен күштiң
мықтылығына шыдай алмаған қазақ
балуаны орыстың белiнен
қолдарын лезде босатты да еңкейiп барып, аяқтарына жармасты.
Жазғанның қолдары тiзе сыртын дөп қысқанымен, басы орыстын
екi бұтының арасына кептеле кеттi. Орыс өзi ойлаған бiр тәсiлмен
оны жерге бұрқ еткiземiн деп ойлады ма, кiм бiлсiн, сәл еңкейiп
барып, қос бiлегiн ананың қарнына сала бергенде, қазақ “ауп” деп
оны көтерiп алды. “Уа, жарадың! Лақтыр ендi жерге!” деп халық