Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет68/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Тоғай iшiндегi күркелерден ауқат олжалаймыз деген қашқын 
қазақтар сол түндi жартас етегiндегi нудың тасасында отырып, 
ұйқысыз өткердi. Басқалары қауiптен ұйықтай алмаса, Сүлеймен 
жанына батқан жарақаттан көз iле алмады. Таң сызаттанып 
атқанда:
— Қырғын ұрыс, бас-көз демей сiлтескен сойылды төбелестiң 
қаншасын өткерiп жүрсем де, бiр жерiм зақымданған жоқ едi. 
Ендi келiп, жерде жатқан қайдағы бiр найсаптың пышағынан 
түнiмен азап тартқанымды қараңдаршы. Жанға батқан жараның 
сырқаты қиын екен. Әй, қойшы, қанжар кескен терi болса, бiтер. 
Қазiр анау үшеуiнiң не өлi, не тiрiсiн бiлетiн бiр амал қылайық. 
Одан соң тас шайнап, ағаш кемiрейiк демесеңдер, қу қарынның 
да жайын ойлайық. Күркелерде қалған ас-ауқатты басмашылар 
түнiмен тасып әкеткен жоқ шығар, — дедi.
Мұндай ой, бiр Сүлейменде емес, бәрiнде де бар екен. Не 
iстеуге болатынын аз-кем кеңесiп, отырған жерлерiнде Сиязбектiң 
жалғыз өзiн қалдырып, басқалары түндегi ойран салған 
жерлерiне бет алды. Көп кешiкпей тоғай ортасындағы күркелер 
қасына маңдай тiредi. Мұнда келгенде бұл топ өз көздерiне өздерi 
сенбей, алаңқайдағы қираған күркелерге қарап, тұрып қалысты. 
Қираған күркелер түк емес-ау, олардың жанында, шыбықтар 
астында серейiп-серейiп жатқан өлiктердi көргенде, басқаларды 
қайдам, Сүлейменнiң жүрегi дүрсiлдеп кеттi. Әне бiреуiнiң басы 
мылжа-мылжа. Жалғандықта өзi өлтiрген поптың басындай миы 
жан-жаққа шашырапты. Ал шеткi жақта етпеттей сiлейген қара 
шапанды бiреудiң басы анадай жерде төңкерiлiп жатыр. Оның ар 
жағында бiр топ болып үйiлген күрке шыбықтарына сүйенген 
күйiнде қатып қалған адамның арқасынан қадалған найза 
тақылеттес ұзын ағаш, кеудесiн тесiп шығыпты. Ал әр жерде 
домаланып, қалай құласа, солай жан тәсiлiм еткендердiң де түр-
тұрпатына адам қарап болар емес. Сүлеймен әрi шошынғандай, 
әрi жиiркенгендей, тыжырына терiс қарады. Оның мұнысын 
байқаған Салықбай бүй дедi:
— Қан кешудi бұрын бастан өткiзбепсiң-ау, сен. Бiз болсақ, 
мұндайдың талайын көрген адамдармыз. Ештеңе емес, осылай-
осылай қан иiсi мен адам өлiмiне бойың үйренiп те кетедi.


144
Сүлеймен қарақшы
Төрекелдi болса кеңк-кеңк күлдi:
— Ойбай, көзiңнiң алды не болып кеткен? Түнде тiлiнген 
жерiңе топырақты әдеп кеп баса берiпсiң-ау. Бетiң мен көзiңнiң 
арасына қан мен топырақ араласып, жұдырықтай жара пайда 
болыпты.
— Жұдырықтай болмаса да, оның кiшкене түйнектей болып 
тұрғанын сендер түгiлi, өзiм де бiлемiн. Менiң жай-күйiм мен 
жарамды сөз ете бергенше, не iстейтiндiгiмiздi айтсаңдаршы. 
Мына өлiктермен араласып жатқан нан мен еттi алып жеймiз бе, 
ендi?
Несi бар, бөрi жемтiгiн батпаққа аунатып та жей бередi. 
Солай болғанмен де бұл жердегi нан мен етке адам қаны тамған 
жоқ шығар.
— Нан мен етте бастарың қалғырлар, қоя тұрыңдаршы, қазiр 
ол жайын. Одан да мына өлiктердiң iшiнде бiздiң серiктерiмiз 
жоқ па екен, соны бiлейiк те. Ол үшiн алдымен тоғайдың арғы 
шетiн бiр аралап қайтайық, — дедi Төрекелдi. — Түнде қалып 
кеткен мынау күркелердiң иелерi бiр шетте тығылып жатпасын. 
Соны бiлмейiнше, алаңқайға шығуға болмайды.
— Онда тоғай iшiн екеу-екеуден аралап шығайық, — дедi 
оның сөзiн құп көрген Сүлеймен. — Бiз Аязбек екеумiз бiр бөлек, 
сендер екеуiң бiр бөлек барыңдар.
Бәрi бөлiнiстi. Сүлеймен мен Аязбек құбыла жақты бетке 
алды. Бiраз жүргенде тоғай ағаштары жиiлеп, қалыңдай бастады. 
Тағы бiраз жүргенде жапырақтары селдiре долана мен кәтiреңке 
басқан сайлы тұсқа тұмсық тiредi.
— Мына жер ит тұмсығы батпас ну екен, Аязбек. Айналып 
өтемiз бе?
— “Түйенiң ұзыны көпiрден таяқ жейдi” деген. Ұзын бойыңды 
иiп жүруден қашып тұрсың ба? Бiлсең бар ғой, жау деген осындай 
жерге тығылмай ма? Жауға сыртыңнан от атқызғаннан гөрi 
онымен бетпе-бет келiп, алысқан жақсы. Оңайға салып, айналма 
жолмен өтемiз деп қапыда қалып жүрмейiк. Не болса да, осы 
қалыңды аралап өтейiк.
Бiр-бiрiне дiңгегi жақын ағаштардың айқасып кеткен 
бұтақтарының астымен бiрде еңкейiп, бiрде тоңқайып жүру, 


145


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет