142
Сүлеймен қарақшы
Аязбек “Дөңбай, Түрке!” — деп бiрнеше мәрте айқайлады.
Дыбыс қатқан олар болмады. Аязбек тағы айқайлады.
— Болды, айқайлама ендi. Анау тiрi қалған басмашылар
сыртымыздан дауысты бағыттап келiп, ойран-тасырымызды
шығармасын.
Адамдарымыз тiрi болса, келер артымыздан. Ал
өзiмiз таңға дейiн паналайтын жер табайық, — дедi Төрекелдi.
Ай жарығында асуға шығып, бағанағы қуысқа жетуге
болмайтынын бәрi сезiп, тоғайдың
екiншi шетiне қарай
жылжыды. Бiраз жүрген соң жартас етегiне барып тiрелген
тоғайдың қалың шетiне келдi. Бiр ағаштың түбiнен шылжырап
аққан судың сарылы естiлдi.
— Осы жерде түнеймiз. Сүлеймен, көзiңнiң қаны тоқтады ма?
Сиязбек, аяғың қалай? — деп сұрады Төрекелдi.
— Әкеңнiң аузын… Бар қаным осы қабақтан ағып, ада болады
бiлем ғой.
— Оқтың тiрсекке тимегенiне де шүкiр. Тек балтырды жалап
өткен бе, қалай, әйтеуiр жүргенде онша ауырмайды.
— Сендердiң жарақаттарыңа күйдiрiп басатын киiз де жоқ.
Мына жерде кебу топырақ болса, себiңдершi жараның орнына.
Басқа амал жоқ. Таңға дейiн қансырап қалмаңдар, әйтеуiр.
Сүлеймен отыра қалып, жердi тырналады. Жылымшып аққан
қаннан әп-сәтте зәрезәп болғаны сондай, Төрекелдiнiң айтқанын
бағаналы берi неге еске алмағанына өкiнiп, қолына iлiккен кебу
топырақты пышақ тиген жерiне басты. Баяғыда, бала кезiнде
тiкенек кiрiп, iрiңге айналған iсiктi жарып жiберiп, болмаса тасқа
ұрылып, терiсi аршылған аяқтарының саусақтарына топырақ
сеуiп жүре берушi едi. Құданың құдiретi, сондайда жараға таза
топырақтан артық ем болмайтын.
Қазiр де сол көзiнiң астын
оңбай тiлiп, терiсiн салбыратқан жарақаттың орнына топырақ
басуы мұң екен, аққан қан заматта тиылды. Бiрақ шым-шым
етiп ашып, ауруын қояр емес. Сиязбек болса, “ойбай, ойбай” деп
қойып, ол да балтырына топырақ сеуiп жатты.
— Төрекелдi, сен дұрыс айтыпсың.
Топырақтан кейiн қан
тоқтады-ей.
— Мен бiлмейтiндi айтпаймын ғой, Сиязбек. Топырақ сыртқы
жарақатқа кез-келген тәуiбiңнiң дәрiсiнен жақсы ем.