180
Сүлеймен қарақшы
Уәй,
менiң қолыма билiк тисе ғой, өзiң секiлдi байлардың
қолшоқпары болған малғұндарды сөзге келместен атып тастай
салар едiм.
Шөже қораздай қоқиланған ол содан айызы қанғандай:
Басты көтер кедей,
Кеңес келдi елей.
Құтырған
ұры мен байдың
Басын кесiп сендей… — деп әнiн бұған тиiстiре, әрмен қарай
жалғастыра түседi.
Олардан сұрағанына жөндi жауап ала алмайтынын бiлген
Сүлеймен, басын арба шарабасына сүйеп үнсiз отырды. Сонау
алыстан шыңдарын қар басқан Алатау қарауытып көрiндi. Сол
жақ беттен қарт Қазығұрттың қос шоқысы көзге шалынды.
“Құдай-ай, қанша қауiп-қатерде жүрсем де, тау арасында ор
киiктей секiрiп жүргенiм
артық екен-ау, мына қорлықтан.
Иттердiң қол-аяқтарымды арбаға таңып, матап тастағандарын
қарашы. Е, Алла-ай, бiр құдiрет келiп, еш болмаса бiр қолымды
босатсашы…”
Жан-жағына көз тастады. Келе жатқан жерлерi өзiне таныс
жер екен.
Дәл осы арықтың жағасында, дәл мына талдардың
қасында баяғыда өзбектiң сегiз жiгiтiн сiлейтiп салған едi.
Қайран, еркiндiк-ай…
Осылай ой үстiнде отырғанда арба қалың талдардың жанынан
өтiп бара жатқан едi. Бiр кезде алдында отырған мiлиса:
— Әй, әй, шу! Неге тұрап қалды бұл аяғың сынғырлар? Ай,
шу! — деп тоқтап тұрған аттарды ұзын қамшысымен сабай
бастады. Сөйттi де: — Ойбай, Оңлас, аттарды бiреу алқымдап
тоқтатып тұр, —
дедi де орнынан ұшып тұрып, иығындағы
мылтығын қолына ала бергенде, арба тасасынан шыға келген
бiреу
оны итерiп жiберiп, құлатып түсiрдi. Арт жақта отырған
мiлиса да қозғалақтай берiп едi, оны да бiреу арбадан жұлып
түсiрдi. Әп-сәтте жерге құлап түскен екеуiн бiреулер жабыла
тепкiлеп тастап, мылтықтарын тартып алды. Сүлеймен не
болғанын түсiнбей,
бiресе алдыға, бiресе артқа кезек-кезек
қарады. Беттерiн тұмшалап алғандар мiлисаларды жайғап болған
соң бұған қарай бұрылды.