Девиантология Тақырыбы


Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыс жасауына әсер ететін факторларды негізгі бес факторға бөліп қарастыруға болады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ



бет2/2
Дата03.10.2022
өлшемі38.72 Kb.
#461833
1   2
Девиантология 7

Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыс жасауына әсер ететін факторларды негізгі бес факторға бөліп қарастыруға болады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ:

  1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер.

  2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы және т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.

  3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:

  4. оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;

  5. мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;

  6. әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;

  7. криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттермен айналыса бастайды.

Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы – ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стильдері бар:

  • дисгармонды стиль – бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликтті жағдайларға баланы итермелейді;

  • тұрақсыз, конфликтті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;

  • асоциалды стиль – ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды ісәрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қатыгездік, зорлаушылық жатады.

Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қатыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты.

  1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.

  2. Моральді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы .

Қорыта келгенде бала тәрбиесіндегі басты нәрсе – оның бойында жоғары өнегелік қасиеттерді қалыптастыру, оларды нақты нанымға, өзін саналы түрде ұстаудың үлгісіне айналдыру болып табылады. Олай болса, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алу жолдарының бірінежас ұрпақтың бойында құқықтық мәдениет, құқықтық сана қалыптастыру саналады. Сондықтан біздің елімізде кәмелет жасқа толмағандардың қылмысын азайту мақсатында келесідей іс–шаралар жүзеге асырылуы керек:

  • Кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында белгілі бір жеңілдіктермен мәдени, спорттық кешендер салу;

  • Ата-аналардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында арнайы құқықтық білім беру орталықтарын ұйымдастыру;

  • Көше тәртібін қадағалауға сол кәмелетке толмағандардың өзін «Жас сақшылар» деген құқықтық ұйымдар ұйымдастыру арқылы тарту;

  • Ішкі істер органдары мен мектептердің, ата-аналардың байланысын одан әрі нығайту;

  • Оқушыларға, жалпы жасөспірімдерге арналған құқықтық басылымдар шығару;

  • Еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, осы бастан мемлекеттің болашағы жастарды түзу жолға салып, өркениетке бағыттауымыз қажет.

Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас, әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз – әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы – өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет