2.
Қарым-қатынас түрлері мен шарттары.
Қарым-қатынас – бұл әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген
рухани және материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары
қажеттіліктердің бірі. Дегенмен, бір қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал
және қандай да мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді. «Қарым-қатынас»
сөзімен біз кәсіби, жеке, шығармашылық және тағы басқа жалпы қызығушылықтардың
төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бірбірімен байланысын
және қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын
түсіндіруге тырысамыз. Адам қоғамда, өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді және
дамиды, оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың өзге
қатынасушыларымен бірлескен іс-әрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді.
Алайда мұның барлығы өзге адамдармен ақпарат және толғаныс алмасудан ғана болады,
оларды жақсы тани отырып, біздің әрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа түсеміз.
М.В. Ломоносов осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын «Ресейлік грамматикада»
мынадай пікір айтқан: «...Қандай да бір мәшинені құрастыруға дайындалған бөліктер оқшау
жатқанда және өзіне белгіленген әрекетті екіншісіне жеткізіп отырмаса, олардың болмысы
бос әрі пайдасыз. Сол сияқты адам баласының әр мүшесі өз ұғымындағыны өзгеге айтып
жеткізе алмаса, біз ойларымыздың қосылуымен басқарылатын істі бірге жүргізуді былай
қойғанда, жабайы аңдардан бетер болып кетер едік ...». Осы пікір арқылы ол кез келген іс-
әрекетте қарым-қатынас қаншалықты мәнге ие болатынын ерекшелеген.
Қарым-қатынас психологиясы адамдардың бірлескен іс-әрекеттегі бірін-бірі қабылдауы
және түсінуі; еліктеуі, иландыруы мен сенімі; ұйымшылдық пен қақтығысқа түсушілігі;
бірігіп әрекет ету мен тұлғааралық қатынастар сияқты құбылыстарды зерттейтін сала. Бұл
психологиялық құбылыстардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың пайда болуының
негізгі көзі – адамдар арасындағы қатынас аймағы.
Қарым-қатынас мәселесінің концептуалды негіздері туралы кеңес ғалымдары В.М.
Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, М.М. Бахтина,
В.Н. Мясищева және т.б. қарым-қатынасты адамның психикалық дамуының, әлеуметтенуі
және индивидуализациялануының, тұлға қалыптасуының маңызды шарты ретінде
қарастырды.
Қарым-қатынас мәселесіне мәдени-тарихи психологияның негізін салушы Л.С. Выготский
баға жетпес үлес қосты. Қарым-қатынастың тұлға санасына қайта жасалу механизмдерін
түсіну Л.С. Выготскийдің ойлау мен сөйлеу мәселесін зерттеу барысында ашылады. Оның
зерттеулерінде қарастырылатын қарым-қатынастың тұлға санасында мәдени аспект ретінде
тасымалдануының мәдени-тарихи мәнін В.С. Библер нақты былай дейді: «Әлеуметтік
байланыстардың терең санаға ену процесі (Выготскийдің ішкі сөйлеудің қалыптасуын
талдауы) – логикалық жоспарда – ашық және қатысты «мәдениет бейнелерінің»
дербестілігінің, оның дайын феномендерінің ойлау мәдениетіне айналуы. Әлеуметтік
байланыстар ішкі сөйлеуге еніп қоймай, онда олар түбегейлі қайта жасалады, әлі жүзеге
асырылмаған жаңа мәнге, сыртқы әрекетке жаңа бағытқа ие болады».
Ең алдымен, бұл – бірлескен іс-әрекеттегі тұлғаның басқа адамдармен қарым-қатынасында
қалыптастыру және танымдық қабілетін дамыту деңгейі ретінде түсіну (Л.А. Кидрон, 1981,
Ю.М. Жуков, Л.А. Петровская, П.В. Растянников, 1990 және т.б.). Екіншіден, көптеген
еңбектерде бұл қабілеттіліктің тұлғаның жеке қасиеттерімен, атап айтқанда, қарым-
қатынасқа деген қажеттілігімен, өзіне деген сенімділігімен және өзіне-өзі баға
берушілігімен байланысын көрсету (R.L. Applbayt, Harl W.E. Anatol, Hays
Ellers, 1973, R.M. Aisler, Lee W. Frederiksen, 1980, Л.А. Петровская, 1989, В.Н. Куницина,
199
2 және т.б.). Үшіншіден, бір жағынан, әдеттер мен дағдыларды бөліп көрсету, екінші
жағынан, тұлғаның түрлі жағдайларда сәтті тұлғааралық өзара әрекетке жағдай жасайтын
жеке эмоциясының психологиялық сипаттамаларын бөліп көрсету (Ю.Л. Ханин, 1971, Г.С.
Васильев, 1977,Argyle, A. Furnhan, U.Grahan, 1981, Ю.М. Жуков, 1987, 1988, Л.А.
Петровская, 1988, 1989, Р.А. Парошина, 1991, В.Н. Куницина, 1992 және т.б.).
Төртіншіден, барлық дерлік зерттеушілердің қарым-қатынастағы тұлға құзыреттілігін көп
қырлы, көп деңгейлі құрылым ретінде түсіндіруі болып табылады (Л.А. Кидрон, 1981, Р.А.
Максимова, 1981, Л.А. Петровская, 1992, R.M. Aisler, Lee W. Frederiksen, 1980 және т.б.).
Осының барысында кеңестік психологияда деңгейлерді бөлу негізіне, көбінесе
қарымқатынас «тараптарын» топтастыру және соларға сәйкес бірлескен іс-әрекеттің
құрамдас бөліктері (адамдардың бірін-бірі қабылдауы және түсінуі – гностикалық
құрамдас бөлік ретінде белгіленуші; тұлғаның өзін-өзі танытуы – экспрессивті құрамдас
бөлігі; ықпал, әсер – интеракциялық құрамдас бөлігі) алынады (Ю.Л. Ханин, 1971, Г.С.
Васильев, Р.А. Максимова, 1981, Л.А. Петровская, 1988 және т.б.). Кейбір авторлар
қарымқатынасқа деген қажеттілікті және қарым-қатынасқа деген бағдарды жеке бөліп
көрсетеді (Ю.Л. Ханин, 1971, Р.А. Максимова, 1981).
В.А. Петровский пайымдауынша, «іс-әрекетті жүзеге асыру процесінде адам объективті
түрде басқа адаммен белгілі бір байланыс жүйесіне түседі». Осылайша, байланыс, алмасу
(әрекеттермен, заттармен, ақпаратпен, т.б) және өзара ықпал кез келген өзара әрекеттің
мазмұны болып табылады.
Мазмұны танымдық және формасы бойынша бірлескен-диалогтық іс-әрекеттің қалыптасу
процесі индивидуалды іс-әрекеттің мақсаттарының, мағыналарының және мотивтерінің
өзара бір-бірімен байланысуы мен түйісуі барысында жүзеге асады. Жаңа мақсаттардың
қалыптасу процесі – бірлескен танымдық іс-әрекеттегі мақсатқұрылым, мазмұны жағынан
– практикалық, ал формасы бойынша бірлескен мақсаттардың қалыптасуынан басталады.
Бірлескен іс жүзіндегі мақсаттардың келесі кезеңінде мағына құрылым мен мотивқұрылым
процестерінің арқасында бірлескен танымдық іс-әрекеттің сапалы қайта өзгеруін білдіре
отырып, бірлескен ойлау мақсаттарына қайта өзгереді [1].
Қазіргі кезде мақсатқұрылымды зерттеуге ойлау іс-әрекетін зерттеп жүрген психологтар
көп үлес қосуда (Тихомиров, 1984, Войскунский, 1990, Васильев 1980 және т.б.). Шынында
да, адамның іс-әрекеті күрделенген сайын таптаурындық әрекеттерді азырақ жүзеге
асырып, ал содан кейін қолданыстан шығып қалған дайын үлгіден (шаблоннан)
шығармашылық типке жақындап, іс-әрекеттің реттелу процесін сипаттау үшін
«мақсатқұрылым» категориясына жұмылдырудың қажеттілігі айқындала бастайды.
Нақтылы психологиялық зерттеуде ойлау мен қарым-қатынас бірлігінің қағидасын жүзеге
асыру бірлескен ойлау іс-әрекетін зерттеуге байланысты өте өзекті мәселеге айналады. Бұл
қағиданы іске асырудың бірден-бір жолы бірлескен ойлау іс-әрекетіндегі
мақсатқұрылымды
зерттеу
болуы
мүмкін.
Бірлескен
ойлау
іс-әрекетіндегі
мақсатқұрылымды зерттеу индивидтердің динамикалық мағыналық жүйелері мен
«ақпараттардың жалпы қорының» арасында көпір салуға, яғни дәнекер болуға мүмкіндік
береді (Ломов, 1980). Қарым-қатынас жағдайында қалыптасатын ақпараттардың жалпы
қорын «динамикалық мағыналы жүйеден» (Выготский) бөліп алғанда, ол субъектілер үшін
өзінің сыртқы, объективті жағында қалып қоюы мүмкін және ол сонда ғана «сөздік мәндер»
жүйесінде (Выготский) өзекті болып табылып, өзінің ішкі субъективті жағы бойынша
«динамикалық мағыналы жүйемен» бірлікте болғанда ғана, ол тұлғаның мағыналы
құрылымының жүйесін психологиялық қатынаста көрсететінін аңғару керек.
Тұлғаның мағыналы құрылымының жүйесі деп біз күрделі иерархиялық құрылымы бар,
«динамикалық мағыналы жүйелер» мен «сөздік мәндердің» бірыңғай жүйесін айтамыз.
Басқаша айтқанда, тұлғалық және жағдайлы факторлардың қиылысуындағы өзара
әрекеттестік пен қарымқатынас нәтижесінде қалыптасатын ресми (белгілік, логикалық)
және ресми емес (құндылықтық және мағыналық) құрылымдардың бірлігі. Психологиялық
әдебиеттерде мағыналы құрылымдар туралы басқа да пікірлер кездеседі (Хараш, 1978;
Асмолов және т.б., 1979; Братусь, 1981). Олардан біздің мағыналы құрылымдар туралы
түсінігіміздің айырмашылығы сөйлеу мен ойлаудың, ойлау мен қарым-қатынастың,
интеллект пен аффектінің бірлігінің принциптерін нақты зерттеулерде қатар жүзеге
асыруға мүмкіндік береді.
Қарым-қатынас пен ойлаудың өзара байланысы, бір жағынан, сөздік мәндер жүйесінің өзін
емес, көлеңкесін қарау, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген зерттеулерде де ұсынылған, ал,
екінші жағынан, мағыналы құрылымдар жүйесінің өзі емес, көлеңкесі қарастырылуы
мүмкін.
Грек философы – Стоик Эпиктет еңбектерінің бірінде адам туралы былай тұжырымдаған:
«Адамды оқиғалар емес, оларды қалай қабылдайтыны мазалайды». Осы тұжырымға сәйкес,
қарым-қатынас көбінесе адамдардың дүниені қалай қабылдайтынына және дүние туралы не
ойлайтындарына байланысты. Бұл ойды өз еңбектерінде Платон, философ-идеалистер М.
Кант пен Г.В. Гегель және З. Фрейд, американ және ағылшын позитивистері мен
прагматиктері В. Джемс, Б. Рассел және т.б. растаған.
Американ психологы Дж. Келли адамды әлеммен өз тұлғалық құрылымдық немесе ойлары
негізінде қарым-қатынас жасайтын ғылым ретінде қарастырды. Шығармашылық
мүмкіндіктерге ие бола отырып, адам өз айналасын түсіндіреді, ол үшін түрлі құрылымдар
немесе тілдік байланыстар қолданады. Адам дүниедегі өз болмысын сөйлемдер жиынтығы
түрінде сипаттайды.
Психологтар үшін адамның жоғарғы психологиялық функциясында сөздің рөлі – оның
ойлаумен, санасымен, есте сақтауымен, эмоциясымен және т.б. қарым-қатынасы өте
қызықты болып табылады, мұнда оның жеке тұлға мен шығармашылық құрылысының
ерекшелігі өте маңызды.
Келесіде қарым-қатынастағы өзін-өзі бақылаудың қызмет ету факторы ретіндегі
тұлғааралық кері байланысты зерттеудегі жаттығу және сараптама бағыттары шеңберінде
шетел психологиясында жинақталған негізгі нәтижелерге шолу ұсынылған. Тұлғааралық
кері байланысты зерттеудің батыстық дәстүріне кеңес әлеуметтік психологиясында
жасалған бағыт – бірлескен ісәрекет арқылы біріккен дамушы нақты топтар жағдайындағы
кері байланысты зерттеу қарамақарсы қойылады (Л.А. Петровская, 1981, 1982; О.В.
Соловьева, 1985). Кері байланыстың қарымқатынастағы тұлғаның өзін-өзі бақылауына
ықпал ету мәселесінің қойылуы «кооперация мен қарым-қатынастың түрлі формалары
барысындағы интериоризация процесінің ерекшелігін әлеуметтік-психологиялық талдау»
міндеттеріне сәйкес келеді (Г.М. Андреева, 1981), бұл міндеттер психология ғылымын
дамыту логикасында бірінші орынға қойылады (Г.М. Андреева, 1981; Я.Л. Коломинский,
1981, 1983; А.В. Петровский, 1978, 1982). Ал тұлғааралық кері байланыс жағдайы бұл
тұрғыдан үлкен қызығушылық туғызады, өйткені қарым-қатынас пен бірлескен ісәрекетті
реттейтін адамгершілік өлшемдерін, тұлғааралық қатынастарды интериоризациялаумен
тікелей байланысты [2].
Сонымен, қарым-қатынас – негізгі психологиялық категориялардың бірі. Адам басқа
адамдармен қарым-қатынас және өзара әрекеттесу нәтижесінде тұлға болып қалыптасады.
Тұлғааралық қарым-қатынастың пән саласын анықтауға «қарым-қатынас» сөзінің
семантикасы көмектеседі. Зерттеулер (Бессонова, Доценко, 1999) көрсеткендей, тұрмыстық
санада бұл сөзбен мағыналардың үш тобы байланыстырылады:
бірлесу, ортақтық, біртұтастық құру («жақсы орта, достар»);
хабарламалар жіберу, ақпарат алмасу («сөйлесу, әңгімелесу»);
қарсы ала іс-әрекет жасау, жиі құпия немесе интимді сипатқа ие өзара үйлесу («бірінбірі
терең түсіну»).
Екі адам бірін-бірі оң қабылдап, үшінші біреуге (тұлғаға немесе объектіге) деген өз
қатынастарын орнатса, оларда осы үшінші адамға қатысты ұқсас бағдарларды дамыту
бағыты пайда болады [3].
Қарым-қатынас болмаса біз қазір қандай болсақ, сондай бола алмайтын едік. Қарым-
қатынассыз біз, әжеміздің ертегісін тыңдай алмас едік, әкемізбен ұшатын қағаз жылан
жасап, анамызбен демалысқа барып, достарымызбен серуенге шыға алмайтын, мұғалімнің
түсіндіргенін түсіне алмас едік және т.б. Сондықтан өзге адамдармен қарым-қатынас
жасағанда ғана тұлғаның дамуы жүзеге асатындығын көреміз. Олай болса, мына бір белгілі
сөзді былайша түрлендіруге болады: «Кіммен араласатындығыңды айтсаң, мен сенің кім
екеніңді айтып беремін».
Әр адам өзінің негізгі ерешеліктерін жеке қарым-қатынас тәжірибесі арқылы, отбасындағы,
мектептегі, көшедегі тікелей қатынастар арқылы қалыптастырады. Мұны қазақстандық
психолог Х.Т. Шерьязданованың еңбегінде қарым-қатынас – баланың қалыпты
психикалық дамуының маңызды факторы және ажырамайтын шарты ретінде қаралады. Ол
қоршаған адамдармен қарым-қатынас қажеттілігі бастапқы мәні бар маңызды табыстылық
ретінде зерттеп, қарымқатынасты іс-әрекет ретінде түсінудің негізгі ережесін ұсынады:
1. Қарым-қатынас іс-әрекетінің заты немесе объектісі бірлескен іс-әрекеттегі серіктес және
қарым-қатынас потенциалының субъекті ретіндегі басқа адам
2. Қарым-қатынас әрбір іс-әрекет сияқты адамның қажеттілігін қанағаттандыруға
бағытталған. Қарым-қатынастағы қажеттілік басқа адамды бағалауға талпынудан тұрады,
ол өзінің тұлғасын және өзін бағалауға, сол адамның бағасынан өзін анықтауға,
қарымқатынас мотиві басқа адам немесе, дәлірек, адамның сол қасиеттері туралы түсінігі
үшін баланың үлкендермен өзара әрекетке түсуі болып табылады [4].
Сонымен, қарым-қатынас – бірлескен ісәрекетте қалыптасатын негізі құрылым, мәдениет
сапасын анықтайтын қоғамдық тарихи дамудың жемісі. Ал қарым-қатынас процесінде
адамның ұжымдағы әрекет бірлігі қамтамасыз етіледі, мінез-құлықтың қалыптасуы және
тұрақталуы, тұлғалардың өзара бірін-бірі қабылдауы, еңбек пен таным субъектісі іс-
әрекетінде сенім тудыратындықтан, адамның қасиеттері қалыптасады, эмоциялық күйлерін
реттеу қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |