Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай
қосындысы емес, өзара әселесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі
процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой
елегінен өткізіп,
өңдеп пайдаланады. Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде
«бекітетін,
қолдаушы» деген функциясын атауға болады. Басқаша айтқанда,
басқа адаммен қарым-
қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау
үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді. У. Джеймстің айтуынша:
«Адам үшін қоғамда өз
бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы – ең зор жаза».
Көптеген психотерапевтік жүйелерде
адамның мұндай жағдайы «қолданылмаған,
бекітілмеген» деген ұғым арқылы беріледі, және де
«Сенікі жөн емес»,
«Сен
жамансың» деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс
болса да бекітудің белгілі
үлесі бар), бекітілмеу
«Сен бұл жерде жоқсың»,
«Сен тірі адам емессің» дегенді
көрсетеді.
Адамдар өміріндегі әртүрлі дәстүрлер – амандасу, түрліше көңіл аудару рәсімдері
«бекітілу терапиясы» деп саналады. Қарым-қатынастың төртінші функциясы жеке адам
аралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Басқа адамдарға деген
эмоциялық көзқарастар
«сүйкімді – сүйкімсіз»,
«ұнайды – ұнамайды» деген
терминдермен белгіленеді. Әрине, эмоциялық қарым-қатынас адам өміріндегі жалғыз
қатынастың түрі емес, бірақ олар адамның барлық қарымқатынас жүйесінде
көрінеді,
көбінесе іскерлік немесе тіпті ролдік қатынасына да өз әсерін тигізеді. Келесі, бесінші
функциясы
«жеке адам ішілік функциясы». Бұл жағдайда адамның өз-өзімен қарым-
қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы – диалог типінде)
адамның
ойлауының әдісі түрінде қарастыруға болады. Осыған байланысты Л.С. Выготский былай
деген: «… адам өзімен өзі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды».
Қарым-қатынастың интерактивті жағы адам аралық қарым-қатынастың адамдардың бір-
бірінің әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин.
Жеке адам аралық қарым-қатынастың пайда болуы және табысты іске асырылуы
үшін, егер де қатысушылар арасында өзара түсіністік болғанда ғана мүмкін. Өзара
түсіністіктің болуы бір жағынан өзгенің мақсат-мүддесін, түрткілерін, бағдарын түсіну,
екіншіден, түсіну
ғана емес, соларды қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді.