«Дыбыс айту бұзылысы және ринолалия кезіндегі түзету жұмысы» пәнінен дәріс материалдары Дислалия


Ринолалиясы бар балалармен логопедиялық жұмыс жүргізу әдістемесі



бет10/19
Дата14.11.2022
өлшемі58.73 Kb.
#464843
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
1Дауыс, рино Дәріс 2

Ринолалиясы бар балалармен логопедиялық жұмыс жүргізу әдістемесі

Ашық ринолалияда операцияға дейінгі және операциядан кейінгі логопедиялық жұмыстың негізгі міндеті – сөйлеу тілінің қалыпты дыбысталуын қалыптастыру болып табылады, яғни мұрындық ренксіз сөйлеуді қалыптастыру. Логопедиялық әсердің мұндай бағыттылығы қол жетерлік. Операциядан кейінгі кезеңде ауа ағыны мұрын қуыстарынан сәл шықса да дұрыс артикуляцияға тәрбиелеуге және оларды анық айтқызуға болады. Операцияға дейін алған дағдылары операциядан кейін де сақталып, кейінгі жұмысты жеңілдетеді де, уақытты қысқартады.


Ринолалиясы бар балалармен жұмыс кезіндегі басты шарт – сөйлеу аппаратының сау бөліктерін (төменгі және ортаңғы бөлімдерін) белсенділеу болып табылады. Логопедиялық әсер барысында жоғарғы ақаулы бөлімге аз салмақ түсуі керек.


Операцияғы дейінгі кезендегі логопедиялық жұмыс

Кейінгі кезге дейін операцияға дейінгі кезеңде ашық ринолалияда логопедиялық ықпал ету қолданылмады, немесе тек айтылып жүрді. Сабақтар негізінен операция жасалған науқастармен жүргізілді. Операциядан соң анатомиялық ақау толық немесе жартылай жойылды, бірақ сөйлеу тілі қажетті нәтижеге жетпеді.


Уранопластика операциясын кеш жасау, оның сөйлеу тілінің жетілуіне толықсыз нәтижесі, операциядан кейінгі кездегі логопедиялық әсердің ұзақтылығы және көптеген басқа себептері операциядан кейінгі логопедиялық ықпалының уақытын қайта қарап, операцияға дейінгі кезде логопедиялық жұмыстың жемісті жолдарын іздеуге әкелді.
Ринолалияда дұрыс сөйлеуді қалыптастыру (дыбыс айту бойынша жұмыс) ауыз арқылы бағытты тыныс алуға тәрбиелеуді сөйлеу тілі дыбыстарының дұрыс артикулемаларын бір уақытта жасаумен кезектеледі. Логопедиялық әсер процесі екі кезеңге бөлінеді.
Дайындық кезеңі.
Бұл кезең сабақтарының негізгі мақсаты – сөйлеу кезіндегі тыныс алуды қалыптастырумен қатар артикулемаларды меңгерту.
Кезеңді шартты түрде екі бөлімге бөлуге болады:
а) ауыз және мұрын арқылы тыныс алуды ажырату және қалыптастыру;
ә) дауысты дыбыстар және фрикативті қатаң дауыссыз дыбыстар артикулемаларын айтқанда (дауысты қоспай) ауыз арқылы ұзақ дем шығаруды қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет