«Дыбыс айту бұзылысы және ринолалия кезіндегі түзету жұмысы» пәнінен дәріс материалдары Дислалия



бет8/19
Дата14.11.2022
өлшемі58.73 Kb.
#464843
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
1Дауыс, рино Дәріс 2

Аралас ринолалия бір уақытта ашық және жабық ринолалия себептері қатар болған жағдайда байқалады, яғни мұрын бітелуімен қатар мұрын-жұтқыншақ қабысуының жеткіліксіздігі бар кезде болады. Сөйлеу тілі бұзылысының түрі басымдылық бұзылысқа байланысты болады. Жұмсақ таңдайдың қысқа болуы, оның кілегей асты жарылуы және аденоидтардың ұлғайуының үйлесуі аралас ринолалияның көрінісі болып табылады.


Жоғарғы еріннің және қатты тандайдың туа біткен жарықтары, олардың баланың жалпы және сөйлеу тілінің дамуына тигізетін әсері

Жақ-сүйек патологияларының ең жиі кездесетін түрлері қатты және жұмсақ таңдайдың жарықтары болып табылады. Жылдан жылға бұндай ақаулықтардың саны өсуде. Жақ – сүйек патологиясы сөйлеу тілінің дұрыс дамуына кедергі болады.


Жарықшалардың түрлері
Қазіргі кезде төменде көрсетілген топтастыру қолданылады.
Туа біткен үстіңгі еріннің жарығы: жасырынды, жартылай жарық (жарық мұрынның төменгі қуысына жетпейді): а) мұрынның тері-шеміршек бөлімінің деформациясыз; б) мұрынның тері-шеміршек бөлімінің деформациясымен;
Тұтас (толық) жарық (мұрынның төменгі қуысы және кейбір кезде мұрын жолы түбінің шетіне дейін жарықтың болуы). Жарықтар екі жақты және біржақты болуы мүмкін (45 - 46сурет).
Жас кезінен бастап хирургиялық емдеу және қажет болған жағдайда, ортодонт мамандарының бақылауы пайдаланылады, бұл сөйлеудің дамуы үшін қалыпты жағдай тудырады.
Туа біткен таңдайдың жарығы.
1. жұмсақ таңдайдың жарығы: жасырынды ( субмукозды); жартылай және тұтас (толық);
2. жұмсақ және қатты таңдайдың жарығы: жасырынды; жартылай және тұтас (толық), ( 51 сурет);
3. жұмсақ және қатты таңдайдың альвеолярлы өскінінің жырығы: екі жақты және біржақты;
4. қатты таңдайдың алдынғы бөлігінің және альвеолярлы өскінінің тұтас жарығы: екі жақты және біржақты;
Логопедке субмукозды немесе жасырын жарығын анықтау анағұрлым қиын. Оны анықтау үшін а дыбысын кең ашық ауызбен айту кезінде кішкентай үш бұрыш формасында сәл ғана жиырылатын, қатты таңдайдың артқы беткейіне назар аудару керек. Осы саладағы шырышты қабық жұқаланған және анағұрлым боз бояуға ие болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет