Артикуляторлық–фонетикалық дислалия - артикуляторлы позициялары дұрыс қалыптаспауының салдарынан болған бұзылыстар.
Дыбыстар бұзылып айтылады (дұрыс айтуына жақын). Дыбыстарды тастап кетуі мүмкін.
Дислалияда тек ғана дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады.
Дыбыстардың бұзылуының 4 түрі кездеседі:
1.дыбысты мүлдем айтпауы;
2.дыбысты алмастырып айтуы;
3.дыбысты бұзып айтуы;
4.дыбысты шатастырып айтуы.
Дыбысты мүлдем айтпауы және дыбысты бұзып айтуы – бұзылыстың антропофониялық түрі, ал дыбысты бұзып айтуы мен шатастырып айтуы бұзылыстың фонологиялық түрі деп ажыратылады.
Дыбыстардың бұзылыстарын атау үшін халықаралық терминдер қолданады. Олар грек алфавитінің әріптерінен құралған.
Олар: 1.сигматизм – ызың, ысқырық дыбыстарының айтылуының бұзылуы (с-с′, з-з′, ц, ш, ч, щ,ж) – 22 %
2. ротоцизм (р-р′) – 26 %
3. ламбдацизм (л-л′) – 10 %
4. каппацизм (к-к′,г-г′,х-х′) – 1 %
5. йотоцизм (j) – 1,5 %
6. ұяң дауыссыз дыбыстарының ауытқушылығы (ұяң дауыссыздар өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырады б-п, д-т, в-ф, з-с, ж-ш,
г-ғ, к-қ)
Мұндай ауытқушылықтар құлағы нашар еститін, керең балаларда жиі кездеседі.
7.жіңішке дауыссыз дыбыстардың ауытқушылықтары. Сөйлеу тіліндегі жіңішке дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастыру ауытқушылықтары: д′-д, п′-п, к′-к, р′-р.
Қорытынды: Сонымен, дыбыс айтудың бұзылуы сөйлеу тілінің бұзылуының ерекше түрі. Бұл бұзылыс функционалды және органикалық болады.
К. П. Беккер және М. Совак дыбыстық, буындық және сөздік дислалияны ажыратады. Бірақ, Л.С. Волкова дислалияны түрлері бойынша емес, денгей бойынша бөлген жөн деп санайды. Өйткені, ауытқудың әр түрінде дағдылардың қалыптасуының денгейі жайында айтылады. Жоғарыда аталған дислалияның әр түрінде дағдыларының қалыптасуының әр түрлі денгейі байқалуы мүмкін
Жай және күрделі дислалия
Бұзылған дыбыстың санына байланысты дислалия жай (мономорфты) және күрделі (полиморфты) болып бөлінеді.
Мономорфты дислалияда бір немесе артикуляциясы бірыңғай дыбыстардың айтуы бұзылады, ал, полиморфты дислалияда әртүрлі топтағы (ысқырық және сонор) дыбыстардың айтылуының бұзылуы байқалады.
Механикалық (органикалық) дислалия — сөйлеу тілінің перифериялық аппаратының (артикуляциялық мүшелерінің) анатомиялық ақаулары салдарынан дыбыс айтудың бұзылуы.
Механикалық дислалия функционалды және фонематикалық дислалиямен қосарлануы мүмкін. Механикалық дислалияның барлық жағдайында хирург және ортодонт мамандарының кеңесі, ал кейбір жағдайда емдеуі қажет.
Функционалды дислалияның табиғи негізі болмайды. Мысалы, еліктеушілікпен дамыған дыбыстардың дұрыс айтылмауы. Себебі сөйлеу өзінің бастапқы даму кезінде еліктеу негізінде айтарлықтай дәрежеде қалыптасады, сонымен қатар оның бұзылу себебінің бірі ретінде баланы қоршаған адамдарда дыбысты айту кемшілігі бар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |