Дыбыс табиѓаты



бет27/42
Дата14.06.2023
өлшемі460 Kb.
#475062
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
Дыбыс табиѓаты

ЖАЛҒАУЛАР
Жалғаулар түбірге жаңа мағына үстемдейді. Олар өздері жалғанған сөзді сөйлемдегі басқа сөздермен жалғастырып, байланыстырады. Мысалы: Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан mycmi –лар -дер көптік мағынаны, -i меншіктілік мағынаны білдіретін жалғау, -н -нан объектіні білдіретін жалғаулар, олар сөз бен сөзді байланыстырып тұр. Жалғаулар түбір сөзге де, туынды сөзге де жалғана береді.
Казақ тілінде төрт түрлі жалғау бар. Олар: 1.Септік жалғау. 2.Көптік жалғау. 3.Тәуелдік жалғау. 4. Жіктік жалғау.
Сөйтіп, сөзге грамматикалық мағына үстейтін. сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.


СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАР
Тілімізде 7 септік жалғау бар. Олар: атау септік, ілік септік, барыс септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік.
Септік жалғаулары — зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын қосымшалар. Мысалы: Абай Найманның дауына билігін айтып қойған еді. (М.Ә.) Бұл сөйлемдегі Абай деген сөзді атау септік баяндауышпен (айтып қойған еді), Найманның дегендегі ілік септік ол сөзді тәуелдік жалғаулы сөзбен (дауын) байланыстырып, дауына дегендегі барыс септік, билігін дегендегі табыс септік ол сөзді айтып қойған еді деген етістікпен байланыстырып тұр.
Сөйтіп, септік жалғаулары сөздерді бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Қазақ тіліндегі септіктің аттары, сұраулары және жалғаулары мыналар:
Атау – кім? не?
Ілік – кімнің? ненің? –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.
Барыс – кімге? неге? қайда? –ға, -ге, -қа, -ке.
Табыс – кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.
Жатыс – кімде? неде? қайда? –да, -де, -та, -те.
Шығыс – кімнен? неден? қайдан? –нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден.
Көмектес – кіммен? немен? –мен, -бен, -пен.
ЖАЙ СЕПТЕУ MEH ТӘУЕЛДІК СЕПТЕУ
Жай септеу деп септік жалғауларының тікелей зат есімдердің және басқа есім қызметін атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғануын, септелуін айтсақ, ал, тәуелді септеу деп септік жалғауларының зат есім немесе зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануын айтамыз.



Септіктер

Сұраулары


Жай септіктің сұра-улары

Тәуелдік септіктің сұраулары

1. Атау

Кім? не?

кім? кімім? кімің кіміңіз? кім? нең? нем? неңіз? несі?

2. Ілік

кімнің? ненің?

кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің?







кімінің? немнің? неңнің?







неңіздің? Несінің?

3. Барыс

кімге? Here?

кіміме? кіміне? кіміңізге?




(қайда?)

кіміне? неме? неңе? неңізге?







несіне?

4. Табыс

кімді? нені?

кімді? кіміңді? кіміңізді? кімін?







немді? неңді? неңізді? несін?



5. Жатыс

кімде? неде?

кімімде? кіміңде? кіміңізде?







кіміңде? немде? неңде? неңізде?







несінде? (қайда)

б. Шығыс

кімнен? неден?

Кімімнен? кіміңнен? кіміңіздей?







кімнен? немнен? неңнен?







неңізден? несінен? (қайда?)

7. Көмектес

кіммен? немен?

кіміммен? кіміңнен? кіміңізбен?,




(қалай?)

Кіммен? неммен? неңмен?







неңізбен? Несінен? (қалай?)

Септік жалғауы үндестік заңына бағынып жалғанады. Сондықтан, әрбір септік жалғаудың бірнеше дыбыстық варианттары бар.
Көмектес септік жалғауы буын үндесуіне бағынбай, жуан сөзге де, жіңішке сөзге де тек жіңішке түрінде жалғанады. Мысалы: қала-мен, өлеңмен.
Орыс тілінен енген 6, в, г, д дыбыстарына аяқталатын сөздерге септік жалғаулары қатаңнан басталып жалғанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет