Дыбыс табиѓаты


НЕГІЗГІ және КӨМЕКШІ СӨЗДЕР



бет30/42
Дата14.06.2023
өлшемі460 Kb.
#475062
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Дыбыс табиѓаты

НЕГІЗГІ және КӨМЕКШІ СӨЗДЕР
Қазақ тіліндегі сөздер мағынасы мен қызметіне қарай негізгі сөздер және көмекші сөздер болып, үлкен топқа балінеді.
Негізгі сөздер деп дербес лексикалық та, грамматикалық та мағыналары бар және сөйлемде өздігінен мүше болып қызмет атқара алатын сөздерді айтамыз.
Негізгі сөздер — заттардың, құбылыстардың, олардың түр түсінің, саны-сапасының, мезгіл-мекенінің, ic-қимылының аты. Олардың әрі лексикалық, әрі грамматикалық мағыналары болады. Мысалы, күн, жер, кітап, гүл, он кел, жщсы, боран бүгін, көк, сегіз т.б.
Көмекші сөздер деп_дербес лексикалық мағынада жйҚ (я ма^ьшасы__тьш____содЕындау), тек грамматикалық магынасы ғана бар, сөйлемде өздігінен мүше бола алмай-тын (бірақ оның қүрамына енетін), тек негізгі сөздердің арасына дэнекер ғана болатын сөздерді айтамыз. Мысалы, де, үшін, e, em, дейін, туралы соң, арқылы, және әрі, я пг.б.
Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің өзгермейтін, үнемі бірқалыпты тұратын нәрсе емес. Олар да үдайы карым-қатынасқа түсудің нәтижесінде бір топтан екінші топқа ауысып отырады, демек, негізгі сөздер көмекші сөздерге айналып отырады, тіпті кейде бір сөздің өзі әрі негізгі сөз ретінде де, әрі көмекші сөз ретінде де қолданыла беріледі. Мысалы: үсті (жол үсті) асты (уйдіц асты), қас (үйдің қасы) ал (ды) (есік алды) іші (ел іші), сырты (үйдің сырты.) сияқты сөздер ездерінің бастапқы лсксикалық мағыналарын сақтай отырып, негізгі сөздер ретіңде (ол үсте турады, күрек сыртта түр, іште шелек) жұмсалуымен қатар, бірте-бірте сол мағыналарын солғындатып, олар өзіне тән ерекшелігі бар көмекші сөздер категориясына (жер астынан, есік алдында, үй ішінің т. б.) айналған.
МОДАЛЬ СӨЗДЕР
Қазақ тілінде бар, жоқ, керек, көп, аз, әрине, бәсе, мүмкін, бәлки, әлбетте, қажет деген сияқты біраз сөз бар. Бұл сөздер басқа топтарға қарағанда сан жағынан аз болғанымен, мағынасы мен қызметі жағынан тіпті ерекше деп айтуға болады. Осы ерекшеліктеріне қарай негізгі сөздер мен көмекші сөздердің аралығында тұратын өз алдына категория модаль сөздер деп аталады. Модал сөздер адамның өзі айтпақшы болып отырған ойына қалай қарайтынын, көзқарасын, қандай пікірі барлығын білдіреді. Мысалы: терезені ашу керек, терезені ашу қажет деген сөйлемдердегі керек, қажет сөздері арқылы сөйлеген адам терезені ашудың керек, қажет екендігін айтып, өзінше пікір түйеді, бірақ не ашылады деп хабарламайды не аш деп бұйырмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет