Дидактикалық ойын «Үй жануарлары» Мақсаты: Дидактикалық ойын арқылы үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері



Дата22.04.2024
өлшемі18.28 Kb.
#499539
Уй жануарлары


Дидактикалық ойын «Үй жануарлары»
Мақсаты: Дидактикалық ойын арқылы үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• Үй жануарлары мен олардың төлдерінің ажырата білу;
• Үй жануарларын даусынан танып ажыратуға үйретуді жалғастыру.;
• Үй жануарлары адамдарға тигізетін пайдасы туралы айту.
• Есте сақтауды, логикалық ойлауды, зейінін дамыту;
Қызығушылықты, жеке және ұжымдық жұмысқа деген ұмтылысты дамыту;
• Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Презентация, үй жануарларының суреттері, үй жануарларының дауысы жазылған үнтаспа.


Ойын барысы:
-Сәлеметсіндер ме, балалар! Көңіл күйлерін қандай?
-Балалар, қарандаршы бүгін сендерге қандай кейіпкер қонаққа келіп тұр?
-Дымбілместің көңіл-күйі жоқ екен.
-Дымбілмес сендерге бір нәрсе айтқысы келіп тұр, қане тыңдап көрейікші?
Үнтаспадан тыңдау
-Балалар, Дымбелмеске көмектесеміз ба?
Балалардың жауабы
1 тапсырма:
«Үй жанурларын тап»
-Балалар, мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?
Үй жануарларын тауып мекен жайына қарай орналастыру.
-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады? Білесіңдер ме?
-Дұрыс айтасыңдар, бұл жануарларды төрт-түліктер деп те атайды?
2 тапсырма:
«Қайсысы қалай дыбыстайды?»
-Олай болса. қазір үнтаспадан шыққан дыбыстың қай үй жануарының даусына ұқсайтынын табайықшы.
Барлығымыз тыңдайық.
-Қай жануардың дауысы?
-Сиыр
-Мына дауыс қай жануардікі?
-Жылқы.
-Қай жануардың дауысы деп ойлайсың?
-Қой.
-Мына дауыс қай жануардікі?
-Ешкі.
-Мынау қай жануардың дауысы?
-Мысық
-Мынау ненің дауысы?
-Дұрыс айтасыңдар, иттің.
- Балалар, «Кәне қайталап айтайықшы»
Сиыр –мөңірейді; Жылқы-кісінейді; Қой –маңырайды; Ешкі –бақырады; Ит -ырылдайды, мысық- мяулайды
3 тапсырма
«Төлдерін тап»
-Балалар, қарандаршы жануарлар күнде жайлауға шығады, төлдері ойнап жүргенде шатасып кеттіпті. Енді төлдерді енелеріне тауып қою керек. Үй жануарларын төлдерімен сәйкестендіреді.
Жауабын түсіндіреді.
Төлдерді атайды
-Сиырдың төлі, баласы қалай аталады?
-Төлін-бұзау деп атайды.
-Мына дауыс қай жануардікі?
-Жылқының төлін қалай атайды?
-Төлін-құлын, құлыншақ дейді.
-Қойдың төлін қалай атаймыз?
-Қозы.
-Ешкінің төлін қалай атаймыз?
- Ешкінің төлін лақ деп атайды.
-Иттің төлін қалай атаймыз?
-Күшік
-Мысықтың төлін қалай атаймыз?
-Марғау


4 тапсырма
«Үй жануарларының пайдасы»
Балалар карточкаларды жинайды
-Сиырдың адамдарға қандай пайдасы бар?.
-Сүтінен май, айран, құрт,қаймақ , етінен тағам түрлері, терісінен түрлі бұйымдар жасалады.
-Жылқының адамдарға қандай пайдасы бар?
-Жылқы салт міну, жүк тасуға, ет пен қымыз өндіру мақсатында өсіріледі. Өте бағалы.
-Қойың адамдарға қандай пайдасы бар?
Еті, жүні, терісі бағалы.
-Ешкінің адамдарға қандай пайдасы бар?
-Ешкінің жүнінен түрлі киімдер тігеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет