ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРҒА БАСШЫЛЫҚ ЖАСАУ
Дидактикалық ойындарға ойдағыдай басшылық жасау ең алдымен олардың бағдарламалық мазмұнын саралауды және ойлап табуды, мақсаттарды дәл анықтау, тұтастай тәрбие үдерісіндегі орны мен рөлін анықтауды, басқа ойындар мен оқыту түрлерімен өзара қатысты қарастырады. Ол танымдық белсенділігін дамытуға және ынталандыруға, балалардың өзбетінше әрекет етуге бастама жасауына, ойын мақсатын шешуде әртүрлі әдістерді қолдануға, қатысушылардың арасында бір-біріне тілектестік қарым-қатынас қамтамасыз етуге, жолдастарына көмек беруге дайын болуға бағытталуы керек.
Балалар ойыншықтармен, заттармен, материалдармен ойын барысында оларды тықылдатуға, ауыстырып қоюға, басқаша жасауға, бөлшектерге бөлуге (құрастырмалы ойыншықтар), қайта құрастыруға және т.б. мүмкіндігі болуы керек. Бірақ олар сол және дәл сондай қимылдарды бірнеше рет қайталайды, ал тәрбиеші балалардың ойынын барынша жоғары сатыға бірте-бірте көшіруі қажет.
Мысалы, дидактикалық мақсат «көлемі бойынша дөңгелектерді айыра білуге үйрету» болса, ол «мұнараны дұрыс жина» ойын тапсырмасы арқылы жүзеге асады. Балаларда дұрысы қалай болады, деген соны білуге тілек пайда болады. Қимылдардың әдісін көрсету бірмезгілде ойын әрекетін және жаңа ойын ережесін дамытады. Тәрбиеші сақиналарды таңдап және арқауға бірінен соң бірін кигізіп, ойын әрекетінің Қажетті Қажетті құралдардар үлгісін көрсетеді. Ол кигізілген сақиналарды қолымен сипап, балалардың назарын мұнараның әдемі, тік және дұрыс жиналғанына аударады. Мұнымен тәрбиеші жаңа ойын әрекетін көрнекі көрсетеді, мұнараның дұрыс тұрғызылғанын тексереді, балаларға осыны өздері жасауды ұсынады.
Ересек топтардағы балалардың (4-6 жас) дидактикалық ойындарға қызығушылығын дамыту, олардың ойын әрекеттерін қалыптастыруға, тәрбиеші мынадай жағдайларда олардың алдына күрделенген тапсырмаларды қойған кезде және ойын әрекеттерін есіне түсіруге асықпаған кезде қол жеткізуге болады. Мектепке дейінгілердің ойын әрекеттері бірте-бірте саналы болады, ол тек қана үдерістің өзіне емес кең ауқымды нәтижеге жетуге бағытталады. Сонымен бірге мектепке дейінгі ересектер ойынына басшылық жасау мынадай: балаларда сәйкес эмоциялық көңіл күйді сақтайтын, еркіндікті, оған қатысқанда қуанышты бастан кешіре білетін және қойылған мақсатты шешуде қанағаттану сезімі болатындай болуы керек.
Тәрбиеші ойындармен басшылық жасай отырып мектепке дейінгілерге әсер ететін түрлі Қажетті құралдардарды қолданады. Мысалы, ойынның қатысушысы ретінде қатысып, ол оларға білдірмей ойынды бағыттайды, олардың бастамаларына қолдау көрсетеді, олармен бірге ойынның қуанышын бөліседі. Кейде педагог қандай да болсын оқиғаны айтады, ойынға сәйкес ойын барысында көңіл күй құрады және оны қолдайды. Ол ойынға қосылмауы да мүмкін, бірақ епті және сезгіш режиссер ретінде, оның көркемөнер қылығын сақтай және қорғай отырып, ойын әрекеттерінің дамуына, ережелердің орындалуына басшылық жасайды және балаларға білдірмей оларды белгілі нәтижеге жетелейді. Балалар әрекетін қолдай және құмарландыра отырып, педагог мұны бәрінен бұрын тура емес жанама жасайды: таңданғанын білдіреді, қалжыңдайды, түрлі бағытта тосын сыйлар және т.б. қолданады.
Дидактикалық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бірқатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс:
1. Тәрбиеші ұлттық дидактикалық ойындардың неғұрлым көп түрін білуі тиіс.
2. Дидактикалық ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылығына байланысты іріктей білу.
3. Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу.
4. Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу.
5. Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау.
6. Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |