ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Дидактикалық ойындардың құрылымдары негізгі бес бөлімнен: дидактикалық мақсат, ойын мақсаты, ойын әрекеттері, ойын ережесі, нәтижеден (қорытынды шығару) тұрады.
Дидактикалық мақсат педагогпен құрылады және оқыту мақсатын көздейді. Дегенмен ғылыми негізделген және әдістемелік салыстыра тексерілген дидактикалық мақсаттың анықтамасы балаларға ереже ретінде қызық емес. Сондықтан дидактикалық міндет – ойын мақсатына балалардың алдына қойылатын және олардың сабақтағы ойын әрекетін дәлелдейтін мақсатқа ауыстырылады. Мысалы, дидактикалық мақсат зат есім туралы мәліметті жалпылау және жүйелеу болса оны ойын мақсатына ауыстырғанда келесі түрде болуы мүмкін: топта кім зат есімнің жақсы білгірі екенін анықтау. Сонымен, дидактикалық мақсат балаларға жұмбақ. Баланың барлық зейіні ойын әрекетін жүзеге асыруға бағытталған, ал оқыту мақсатын олар қабылдамайды. Балалар білім, білік және дағды кешендерін еріксіз меңгергенде, бұл ойынды оқытудың өте сирек түріне айналдырады.
Ойын әрекеттері – бұл ойын қызметінің бөлек элементтері. Ойын әрекеттері неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым ойын балаларға қызықты болады. Мысалы, ойын барысында балалар әртүрлі рөлдерді «ойнайды», жұмбақтар шешеді, қарсыластарына тапсырмалар ойлап табады және т.б. Ойын әрекеттері ойынның түпкі ойын жүзеге асырады және дидактикалық міндеттерді шешу қажеттігін анықтайды.
Дидактикалық ойынның ережесі тек қана ойын қызметін (күнделікті ойындағыдай) басқару қажеттілігін емес, сонымен бірге дидактикалық міндетті, сондай-ақ баланың жеке тұлғасының қалыптасуындағы жалпы міндеттерді қамтамасыз етеді.
Қорытынды шығару ойынның соңында болады және оның міндетті компоненті болып табылады. Мысалы, алынған ұпайлар санын есептеу, ойын тапсырмаларын барлығынан артық орындаған балаларды айқындау. Қорытынды шығаруда әрбір баланың жетістігін, артта қалған балалардың табыстарын айрықша баса айту қажет.
Дидактикалық ойынның барлық құрылымдық компоненттері өзара байланысты, олардың кез келгенінің болмауы немесе тиімсіз жүзеге асуы барлық технологияның нәтижесіне сөззіз жағымсыз әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |