Өзектілігі: Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын үш тілдегі дамытатын әдістемелік Қажетті құралдармен қамтамасыз ету.
Міндеттері:
дидактикалық ойындар олардың атқаратын қызметі, олардың құрылымдары, негізгі түрлері, әдістемесі және оларға басшылық жасау туралы жалпы түсінік беру;
балабақшаның тәрбиелеу-оқыту барысында отандық және шетелдік педагогтардың дидактикалық ойындарды қолдану және әзірлеу бойынша озық тәжірибелерін зерделеу және талдау;
білім беру саласы бойынша дидактикалық ойындарды таңдау және жүйелеу
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ АТҚАРАТЫН НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Дидактикалық ойындар өзімен көп жоспарлы, күрделі педагогикалық құбылыстарды ұсынады: ол мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудың ойын әдісі және оқыту түрі, өзбетінше ойын әрекеті және баланың жеке тұлға болып жан – жақты тәрбиеленуінің құралы болып табылады.
Дидактикалық ойындар оқытудың ойын әдісі ретінде екі түрде қарастырылады: ойын –сабақтар және дидактикалық және автодидактикалық ойындар. Бірінші жағдайда жүргізуші рөлі тәрбиешіге тиесілі, өиткені балалардың сабаққа қызығушылығын көтеру үшін әртүрлі ойын тәсілдерін қолданады, ойын жағдайын жасайды, жарыс элементтерін енгізеді және т.б. Ойын әрекетінің әртүрлі компоненттерін сұрақтармен, нұсқаулармен, түсіндірулермен, көрсетулермен сәйкес қолдану.
Ойын – сабақтар көмегімен тәрбиеші тек қана белгілі білімді бермейді, көріністерді қалыптастырады, сонымен бірге балаларды ойнауға үйретеді. Балаларға арналған ойындар негізі ойын барысын құрайтын қалыптасқан көріністері, заттармен жасалатын әртүрлі ойын қозғалыстары болып табылады. Содан кейін бұл білімдер мен көріністерді өздігінен шығармашылық ойындарына тасымалдауға жағдайлар жасау маңызды.
Дидактикалық ойындар балаларды қарапайым математикалық түсініктерді, ана тілін, қоршаған орта және айналамен таныстыру, сенсорлық мәдениетті дамытуды оқытуда қолданылады.
Дидактикалық ойындар балаларды оқытудың түрі ретінде екі: оқулық (танымдық) және ойындық (қызық) негізден тұрады. Тәрбиеші бір мезгілде оқытушы және қатысушы болып табылады. Ол үйретеді және оқытады, ал балалар ойнап жүріп, үйренеді. Егер сабақта балалардың білімі кеңейеді және тереңдетілетін болса, ал дидактикалық ойындарда (ойын – сабақтарда, дидактикалық ойындардың өзінде) балаларға тапсырмалар жұмбақ, сөйлемдер, сұрақтар түрінде ұсынылады.
Дидактикалық ойындар өзбетінше ойын әрекеті ретінде осы үдерісті түсінуге негізделген. Өздігінен ойын әрекеті,мынадай жағдайларда: егер балалар ойынға қызығушылық көрсеткенде, оның ережелері және қозғалыстарына, егер оның ережелері өздерімен игерілген болса жүзеге асады. Баланы ойын қалай ұзақ қызықтыра алады, егер оның ережесі мен мазмұны оған таныс болғанда ма? Балалар өздеріне таныс ойындарды жақсы көреді, оларды рахаттанып ойнайды.
Дидактикалық ойындар, әсіресе ерте жастағы топтарда балаларға сюжеттік – рөлдік ойындарын үйрету,өзіне белгілі рөлді ала білу, ойын ережелерін орындау, оның сюжетін ашу мектепке дейінгі педагогиканың әдісі ретінде қарастырылады. Мысалы, «Әлди,әлди ақ бөпем» дидактикалық ойынында тәрбиеші кіші топтардың балаларына қуыршақты шешіндіруде қимылдардың реттілін – орындыққа киімдерді ұқыпты жинауды, қуыршаққа қамқор болуды, оны жатқызуды, бесік жырын айтуды үйретеді. Ойын ережесіне сәйкес, балалар заттардың ішінен ұйықтауға қажеттілерін таңдайды. Мұндай ойындар кіші топтарда бірнеше рет өткізіледі: «Айгүл қуыршақтың туған күні», «Айгүлді серуендеуге киіндіреміз», «Айгүл түскі аста», «Айгүлді жуындыру». Қуыршақтармен ойындар балаларды өздігінен шығармашылық сюжеттік – рөлдік ойындарға үйретудің тиімді тәсілі болып табылады.
Дидактикалық ойындар – баланы жеке тұлға етіп жан-жақты тәрбиелеудің Қажетті құралдары болып табылады.
Ақыл-ой тәрбиесі. Дидактикалық ойындардың мазмұны балаларда қоғамдық өмір құбылыстарымен, қоршаған орта заттарымен дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырады, Отан, әскер, мамандықтар,еңбек әрекеті туралы білімдерін жүйелейді және тереңдетеді
Қоршаған өмір туралы білімдер белгілі жүйе бойынша беріледі. Сонымен, балаларды еңбекпен таныстыру мынадай реттілікпен жүргізіледі: балаларды алдымен нақты еңбек түрі мазмұнымен таныстырады, сосын еңбекті жеңілдететін,оларды адамдардың еңбегінде жәрдем беретін мәшинелермен, қажетті заттарды, азық-түліктерді жасаудағы өндіріс кезеңдерімен, содан соң кез келген еңбек түрлерінің мәнін ашады.
Дидактикалық ойындар балалардың сенсорлық қабілеттіліктерін дамытады. Сезім және қабылдау үдерістері баламен қоршаған ортаны тану негізіне жатады. Мектепке дейінгілерді заттың түсімен, пішінімен, көлемімен таныстыру, сенсорлық тәрбие бойынша баламен заттардың сипаттамалық белгілерін қабылдауды жетілдіруге бағытталған дидактикалық ойындар мен жаттығулар жүйесін құру.
Дидактикалық ойындар: сөздікті толықтырады және белсендіреді, дыбысты дұрыс айтуды қалыптастырады, байланыстырып сөйлеуді дамытады, өз ойын дұрыс айта білуді, балалар тілін дамытады. Кейбір ойындар: «Бір сөзбен ата» немесе «Үш затты ата» балалардан тектік, көріністі ұғымдарды белсенді қолдануды талап етеді. Антонимдерді, синонимдерді, дыбысталуы бойынша ұқсас сөздерді табу – көптеген сөздік ойындардың бастапқы міндеті.
Адамгершілік тәрбиесі. Мектепке дейінгілерде қоршаған заттарға ұқыпты қарау, ойыншықтарға ересектер еңбегінің өнімі ретінде, мінез-құлық ережесі туралы, ересектер және құрдастарымен өзара қатынас туралы, жеке тұлғаның жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы адамгершілік түсініктері қалыптасады. Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуде ойынның мазмұны мен ережелері ерекше рөл атқарады.
Еңбек тәрбиесі. Көптеген дидактикалық ойындар балаларда еңбекші адамына құрмет, ересектер еңбегіне қызығушылық, өздерінің еңбек етуге ынтасын қалыптастырады.
Кейбір еңбек дағдыларына балалар дидактикалық ойындарға материалдар дайындауда иеленеді.
Денешынықтыру тәрбиесі. Ойын жағымды, эмоциялық көтереді, жақсы көңіл күй береді және сонымен бірге жүйке жүйесінің белгілі шиеленісуін талап етеді. Әсіресе дидактикалық ойыншықтармен ойындар, қолдың кіші бұлшық еттерін дамытады және бекітеді, бұл ақыл-ойдың дамуына, қолды жазуға дайындауға, мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |