Дипептид келесі аминқышқылы молекуласымен әрекеттесе алады



бет3/6
Дата28.03.2024
өлшемі2.46 Mb.
#496734
1   2   3   4   5   6
9-Дәріс. Циклді қосылыстардың органикалық химиясы

5.2.5. БЕЛОКТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Белоктардың құрылымы өте күрделі. Сондықтан, белоктардың төмендегідей төрт элементарлы құрылымын қарастыру қалыптасқан: біріншілікті, екіншілікті, үшіншілікті және төртіншілікті.




5.2.5.1. Біріншілікті құрылым

Белоктардың біріншілікті құрылымы, олардың полипептидті тізбегіндегі бір бірімен ковалентті байланысқан аминқышқыл қалдықтарының (буындарының) реті бойынша анықталады. Мысалы, бұқа инсулині екі полипептидті тізбектен тұрады. Бұл екі тізбектің біріншісі 21, ал екіншісі 30 аминқышқыл қалдықтарынан түзілген.


Белок немесе полипептидтегі аминқышқыл буындарының саны және олардың әрқайсысының табиғаты гидролиз реакциясының көмегімен анықталады. Осы гидролиз реакциясын жүргізу үшін, белок немесе полипептидті сұйтылған қышқыл ерітіндісінде қыздырады, мысалы тұз қышқылы ерітіндісінде. Осы кезде белоктың немесе полипептидтің ішінара гидролизі негізінде пептидтер мен аминқышқылдарының қоспасы түзіледі. Белоктардың гидролизі барысында ең көп дегенде 20 аминқышқылы түзіледі.
Бұл аминқышқылдарын хроматография немесе электрофорез әдісімен бөлуге болады. Сонан соң, осы аминқышқылдарының әрқайсысын идентификациялау үшін, олардың түсті реакцияларын жүргізетін реактивтері, мысалы нингидрин қолданылады. Дегенмен, полипептид тізбегіндегі аминқышқылдар қатарында белгілі бір

Бұқа инсулині екі полипептидті тіізбектен тұрады, оның алғашқысында
21, ал екіншісінде 30 аминқышқыл қалдықтары болады.Бұл екі тізбек
бір бірімен дисульфидті көпір арқылы байланысқан

аминқышқылының бірнеше рет кездесуі де мүмкін екенін ескерген жөн. Полипептидті тізбектегі әрбір аминқышқылының сандық мөшерін УК-cпектрін қолдана отырып, ерітінді түсінің қарқындылығына байланысты анықтайды.


Полипептидті тізбектегі аминқышқылдарының ретін, яғни қайсы аминқышқылынан кейін қайсы аминқышқылы орналасқанын анықтау үшін, тізбектегі соңғы амин тобын талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісте, полипептидтік тізбектектің бір шетіндегі амин тобы 2,4-динитрофторбензол қосылысының көмегімен белгіленеді:
NO2 NO2
\ \

NH2 + F NO2 → N NO2
Полипептидті |
тізбек H
Белокты гидролиздегеннен кейін, осы белгіленген аминқышқылын қағаз хроматографиясы арқылы анықтауға болады. Бұл белгіленген аминқышқылы қағаз хроматографиясында сары нүкте түзеді. Арнайы селективті реактив пен қажетті ферментті пайдалана отырып, тізбектің соңындағы белгіленген аминқышқылдарын бір-бірден гидролиздеуге, яғни бөліп алып отыруға болады. Бірақ, полипептидтік тізбек қысқарған сайын бөліп алынған аминқышқылдарын дәл анықтау қиындайды. Сондықтан да, соңғы кезде пептидтер картасы деген әдіс кеңінен қолданылады. Бұл әдісте, полипептидті тізбекті арнайы ыдыратқыш реактивтің көмегімен кеседі. Сол кезде, пептидтік тізбек белгілі бір фрагменттер күйінде бөлінеді. Осындай фрагменттердегі аминқышқылдарының ретін анықтау жеңіл. Екі немесе бірнеше осындай ыдыратқыш реактивтердің көмегімен, бастапқы полипептидтік тізбектің толық картасы жасалады. Полипептидті тізбекті кесу, яғни ыдырату үшін «химиялық» гидролиз немесе арнайы фермент, мысалы трипсин қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет