Дипептид келесі аминқышқылы молекуласымен әрекеттесе алады



бет5/6
Дата28.03.2024
өлшемі2.46 Mb.
#496734
1   2   3   4   5   6
9-Дәріс. Циклді қосылыстардың органикалық химиясы

Цистеин және цистин. Цистеин − бұл аминқышқыл. Цистин, бұл дисульфидті байланыс арқылы түзілетін, екі цистеиннің элементар буынынан тұратын дипептид.

Коллаген белогында да ковалентті байланыстар кездеседі. Коллаген белогының бірнеше түрі бар. Дегенмен, олардың бәрі де бір-бірімен спираль күйінде байланысқан үш тармақтан тұрады. Бұл белоктағы лизин топтарының арасындағы ковалентті байланыстар, осы үш тізбектің бір-бірінің және көрші орналасқан үш тізбекті спиральдардың араларында түзіледі.



Коллаген полипептид тізбектерінің бір бірімен байланысып, үш тармақты болып өрілуі.
Сүтқоректілер ағзасындағы белоктардың 25 % коллаген белогынан тұрады. Бұл белок ағзадағы теріасты қабатында, тіс пен сүйек ұлпаларында, сіңірлер мен шеміршектерде кездеседі


5.2.5.4. Төртіншілікті құрылым

Кейбір белоктар, мысалы гемоглобин төртіншілікті құрылым түзеді. Төртіншілікті құрылымдар белоктардың бірнеше субъбірліктерінен түзіледі.


Әрбір субъбірліктер жеке полипептидтік тізбектен тұрады. Кейбір белоктардағы мұндай субъбірліктер құрылысы жағынан бірдей немесе ұқсас, ал кейбір белоктардағы субъбірліктердің тізбектері әртүрлі болып келеді. Бұл субъбірліктер кеңістікте симметриялы болып орналасады да, жоғарыдағы суретте көрсетілгендей бүтін бір жүйе түзеді. Төртіншілікті құрылым бүтін жүйе ретінде, бүйір тізбектеріндегі ковалентті емес әсерлесулер арқылы (үшіншілікті құрылым сияқты) түзіледі.



Белоктың төртіншілікті құрылымы. Бірдей немесе ұқсас субъбірліктердің кеңістікте симметриялы орналасуы арқылы бірігуінің нәтижесінде түзілетін бүтін бір жүйе.




Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар

1. Алифаттты аминдер: біріншілікті, екіншілікті және үшіншілікті аминдердің әрқайсысының құрылыс фомулаларын жазыңыз және атын атаңыз.


2. Ароматты аминдер: біріншілікті, екіншілікті және үшіншілікті аминдердің әрқайсысының құрылыс фомулаларын жазыңыз және атын атаңыз.
3. Алифатты, ароматты аминдердің зертханалық және өндірістік алу жолдарының химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз
4. Алифатты, ароматты аминдердің негіздіктерінің неліктен әртүрлі болатынын мысалдар келтіре отырып түсіндіріңіз.
5. Алифатты, ароматты аминдердің физикалық қасиетіндегі айырмашылықтары мен ұқсастықтарына тоқталыңыз
6. Алифатты аминдердің химиялық қасиеттерінің барлық реакция теңдеулерін жазыңыз
7. Ароматты аминдердің химиялық қасиеттерінің барлық реакция теңдеулерін жазыңыз
8. Диазоний тұздарының алыну әдістері мен атауларына мысалдар келтіріңіз. Диазний тұздарының химиялық қасиеттеріне толық тоқталыңыз.
9. Аминқышқылдарының атаулары мен номенклатурасын, изомерлерін түсіндіріңіз.
10. Аминқышқылдарының өндірістегі және зертханадағы алыну жолдарына тоқталыңыз.
11. Аминқышқылдарының физикалық және химиялық қасиеттерін реакция теңдеулері арқылы түсіндіріңіз. Бұл қосылыстардың тірі ағзалардағы маңызына көңіл бөліңіз.
12. Белоктардың анықтамасы, түзілуі, әртүрлі құрылымына түсініктеме беріңіз.
Белоктардың түрлеріне тоқталыңыз. Белоктардың құрылымына байланысты олардың қасиеттері қалай өзгеретінін түсіндіріңіз
13. Белоктарды бөлу, оларды бір-бірінен аналитикалық тұрғыдан ажырату әдістеріне тоқталыңыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет