Диплом бітіру жұмысы тақырыбы : «Оқу-тәрбие үдерісін этнопедагогикаландыру жолдары»



бет14/22
Дата03.01.2022
өлшемі348.5 Kb.
#450852
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
досжанова асел диплом

Тәрбиелік функциясы қазақ халқының жеткіншек ұрпақты күнделікті өмірге бейімдеп, болашағына бағыт-бағдар берунен байқалады. Үдкендер әрдайым ат жалын тартып мінуге талпынған жас буынға қоғамдағы өз міндетін жауапкершілікпен бұлжытпай орындауға, қажымай-талмай еңбек етуге көмектесіп, оларға қажетті білім, іскерлік, дағдыларды меңгертуді көздеген.

Халық шығармашылығындағы, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарындағы өнегелі үлгілер мен даналық көзқарастар, иедялар мен дидактикалық білімдер жеке тұлғаның адамгершілік, эстетикалық түсініктерін, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыруға, жазылмаған заңдар мен қоғамда қабылданған мінез-құлық мөлшерлерін бұлжытпай орындау қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Қазақ этнопедагогикасы мазмұнында қоғамның дамуы барысында қалыптасқан жалпыадамзаттық құндылықтар мен өшпес моральдық өлшемдер (адалдық, шыншылдық, борыш, парасаттылық, жауапкершілік, ар, намыс, ұят, ізгілік, еңбекқорлық, риясыздық, үлкенді сыйлау) бүгінгі заман талабына сай сапа-қасиеттерді (мемлекеттік рәміздерді, Заңды, Конституцияны құрмет тұту, еңбек етуге адал да жауапкершілікпен қарау, патриотизм, азаттық парыз, өз ісіне талап қоюшылық, елде болып жатқан уақиғаларға немқұрайлы қарамау, әлеуметтік белсенділік, қайырымдылық) тәрбиелеудің қайнар көзі. Егер Дулат Бабатайұлы пайымдаған «кісілік келбет» ұғымы, М.Өтемісұлы, Сүйінбай, Шортанбай сияқты «зар заман» алыптарының ақындық, жырайлық дәстүр жаңа заман ұрпағының рухани жетілуіне, жеке тұлға ретінде қалыптасуына, азаматтық тұрғыда өзін-өзі танып білуіне ықпал етсе, қазақ ертегілері баланы жақсыдан жаманды айыра білуге, туған Отанын, елі мен жерін табиғатты қадірлеп-қастерлеуге тәрбиелейді, атамұра дәстүріне аялы көзқарасын, әлеуметтік мінез-құлқын қалыптастырады.

Сондай-ақ ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар мен ақындардың гуманистік тұрғыдағы философиялық-дидактикалық тұжырымдары қазіргі жас республика азаматының ұлттық санасын оятуда, патриотизмін қалыптастыруда, ел Президентінің «Қазақстан-2030» Жолдауының стратегиялық бағыты-ел бірлігін сақтауды жүзеге асыруда пәрменді құрал болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет