Ақпараттық функциясы ұлт мәдениетінің озық үлгілерін (халық шығармашылығы, салт-дәстүрлер, халық ілімдері, құнды педагогикалық идеялары, т.б.) өзгелерге насихаттап жеткізу ролін атқарады.
Жоғарыда аталған функциялар практика жүзінде бір-бірінің себеп-салдары болып келетіндіктен, өзара тығыз байланыста болады және оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттерінде (сабақтың міндеттерінде немесе оқытудың белгілі бір бөлімінде; білім мен тәрбие мазмұнында; құралдар мен әдіс-тәсілдер, формалар жүйесінде; оқыту мен тәрбиелеу процесінің психикалық аясында) көрініс алып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |