Халықтық тәрбиедегі этникалық идеал эстетикалық талаптармен біте қайнасқан (А.Алимбеков 1990). Ертегілерде, әндерде, мақалдарда адамгершілік мінез-құлық эстетикалық позитивті эмоциялармен қоса айтылады. Айналаны қоршаған шындықты сипаттау кезінде, нақты эпитеттер: “көк теңіз”, “жұлдызды аспан”, “таза алаң” т.б. басымдылық танытады. Жағымды кейіпкерлерді сипаттау кезінде де эстетикалық ашық бейнелер: “қайырымды азамат”, “сұлу қыз”, “туған ана”, “туған әке”, “оттай көз” пайдаланған. Жағымды бейнелер әдемі, әдепті, қайырымды, алды-артын ойлаған, сақ болып келеді. Бала қиялында эстетикалық идеал қалыптасады, және ол құбылыстың сыртқы түрімен, адамның сыртқы пішінімен ғана емес, ішкі мәнімен, жан-жағындағыларға пайдалылығымен, жалпы құндылығымен сипатталады.
Халықтық тәрбиеде заттың эстетикалық құны, рухани мәні оның прагматикалық пайдасынан әлдеқайда жоғары саналады. Ертегілердегі, батырлар жырларындағы жағымды кейіпкерлердің әрекеті тартымды, адамгершілікті, әдемі, бірақ кейіпкерлер олардан бір сәттік пайдалы іздей қоймайды. Батырлар жырының кейіпкері адамгершілік тұрғысынан әдемі, бірақ қауіпті шешім қабылдайды. Этнопедагогикада эстетикалық сезімнің қалыптасуы әдеміліктің белсенді шығармашылықпен тұрмыста, еңбекте, қоғамдық және жеке өмірде, айналадағылармен қарым-қатынастарда бекитіндігіне жастардың назарын аудартып, бағыттайды.
Қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, этнопедагогикада эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттеріне мыналарды:
табиғатта, өнерде, тұрмыста көркемдікті көре білуге үйрету;
әдемілікті сыйсыздықтан ажыратуды үйрету;
өз айналасын әсемдеуге, абаттауға үйрету;
халық өнерінің туындыларын жасауға үйрету;
адамгершілік - әдемілік заңдылықтарымен өмір сүруге үйрету;
Жеке тұлғаның эстетикалық дамуына әсер ететін халықтық педагогиканың мәнді көздеріне: халық ауыз әдебиет (өнері), әндер, билері, киім мен тұрмыстың эстетикасы, ойындар т.б. жатады. Этнопедагогикадағы эстетикалық тәрбие оның эстетикалық ортасының болуын ойластырады. Адамның өміріне әдемілік оның дүниеге келуінен бастап кіреді. Ойыншықтар формаларының, өрнектерінің әдемілігімен көз тартады. Балалар киімі сол аймаққа тән кестелерімен әсемделеді. Эстетикалық тәрбиеде ұлттық ою-өрнектерге ерекше мән берілгендігін зерттеулерден білеміз. Қазақ халқының әр киімі халық өнерінің туындыларымен астасып жабдықталады. Оларды сыртынан оюлап-мүсіндеп, әшекейлеген. Әдемілік жайлаған ортада өскен балалардың өзі де сәнді дүние жасауға ұмтылатын болған. Қыздар кесте тігіп, саз балшықтан ойыншықтар жасап, әшекейлеген, ал ұлдар болса жан-жануарлардың, адамдардың мүсіндерін ағаштан, тастан, мүйізден қиып, қашап жасаған.
Мәнді эстетикалық потенциалдың бірі-туғаннан өлгеніне дейін серік болатын халық әндері болды. Жас ерекшеліктері мен өмір жағдайларына орай әндер туындайтын. Нәрестелер үшін бесік жыры айтылатын. Кішкентай балалар ойын кезінде өздеріне сәйкес жыр-шумақтарды пайдаланатын. Мерекелерде, той-салтанаттарда әндер айтылатын. Наурыз мейрамы (қарсы алу, шығарып салу), көктемді шақыру т.б. Үйлену тойының әр кезеңінде (құда түсу, келісу, қызойнақ т.б.) сәйкестірілген әндер айтылған. Одан басқа әр түрлі таптық әндер болған: батырларға, шаруаларға, дихандарға, бай, кедейлерге, малшыларға, шопандарға т.б. тән, бұлар жұмыс және демалыс кездерде орындалатын. Еңбекке байланысты әндер қызмет әрекетіне белгілі бір серпін беретін және эстетикалық, адамгершілік маңызы жағынан мәнді болатын.
Эстетикалық сезімнің тиімді көздерінің бірі-табиғат. Халық педагогикасының білгірі К.Д.Ушинский бұл тұрғыда былай деп атап көрсеткен, көркем ландшафттың жас жанға тигізетін тәрбиелік әсерінің молдығы соншалық, оған пара-пар келетін педагогты табу оңай емес (К.Д.Ушинский 1949. Т.ІІ.. Халықтық тәрбие жеке тұлғаның эстетикалық-гармониялық дамуын қамтамасыз етеді, бұл ретте жасына сәйкес мәдени ортамен, табиғатпен белсенді түрде қарым-қатынас жасауына айтарлықтай жағдай туғызды [4].
Этнопедагогикада адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбие баланың дене дамуымен байланысты.
Этнопедагогикада дене тәрбиесіне ерекше мән береді.
Этнографиялық, этнопедагогикалық жұмыстар талдауы төмендегідей мәселелерді айқындауға мүмкіндік берді:
дене күшінің, төзімділіктің, қозғалыс дағдыларының дамуы: шапшаңдық, ептілік, қозғалыстың жақсы координациясы т.б;
денсаулықты сақтау;
ерікті тәрбиелеу;
моральдық қасиеттерді жетілдіру: табандылық, батылдық, қайсарлық, сабырлылық;
шынығу, ауруға төтеп берушілікті қалыптастыру;
жоғары еңбек қабілетін қамтамасыз ету;
өзін-өзі қорғау дағдылары мен күш сынасу, жекпе-жектің тәсілдерін үйрету;
Халықтық тәрбиеде дене дамуы жетілген жеке тұлғаның басқа жақтары сияқты объективтік және субъективтік көздердің көмегімен қалыптасады. Объективтік көздеріне жататындар: оразамен алмасатын толық, жарамды тамақтану мөлшерлі дене еңбегі, табиғатпен қатынаста болу. Халықтық дене тәрбиесі мәдениетінде ерекше орынды монша алған, ол ыстық пен суықтың кезектескен әсеріне негізделген. Дене тәрбиесінің субъективті көздеріне қозғалыс ойындары, жастардың ойын-ермектері, ойын-сауықтары т.б.
Этнопедагогикада дене тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде дәстүрлі халық медицинасының негіздерін білу болған. Халық мәдениетінде адамдарды сөзбен, сумен, саз-балшықпен, ыстық, не суықпен емдеу белсенді түрде пайдаланылған. Жоғарыда айтылғандар бірнеше қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Тәрбиелеу ортасы халық тәрбиесінің мәнді факторы болып есептеледі. Оның негізгі субъектілері: құрдастары, балалар ортасы т.б. Олардың тәрбиелік ықпалы жанама түрде халықтық тәрбиенің әдістерімен, құралдарымен, түрлерімен, тәсілдерімен, көздерімен жүргізілді. Халықтық тәрбиенің міндеттеріне төмендегідей дәстүрлі адамгершілік қасиеттері кірді, олар: үлкендерді құрметтеу, әйелдерді сыйлау, қонақжайлылық, еңбекқорлық, ұжымдық қасиет, жомарттық, өз-ара құрмет, адалдық, әділдік, жауапкершілік, тәртіптілік, батылдық, ерік, шаруақорлық, жанұяны асырай білу т.б.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – этнос субъектісін қалыптастыру. Бұл мақсатқа жетуде әр этнос өзіне тән тәрбие жүйесін жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |