Диплом бітіру жұмысы тақырыбы : «Оқу-тәрбие үдерісін этнопедагогикаландыру жолдары»


Этнопедагогиканың мазмұндық заңдылықтары



бет10/22
Дата03.01.2022
өлшемі348.5 Kb.
#450852
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
досжанова асел диплом

Этнопедагогиканың мазмұндық заңдылықтары:

  • халықтық тәрбиенің мазмұндық ерекшелігі алдыңғы қатарлы мәдени дәстүрлермен, қоғамдық өмірдің экономикалық, әлеуметтік жағдайларымен негізделген;

  • халықтық тәрбиенің мазмұны балаларға деген сүйіспеншілігі мен парасаттылық талабы қатар жүретін әлеуметтік қатынастардың үстемдігімен анықталады;

  • қоғамда толыққанды өмір сүруге дайындық халықтық педагогика мазмұнында жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың мүмкіндіктерінің болуын талап етеді;

  • халықтық тәрбиеде жеке тұлғаның қасиеттері, мінез-құлық ерекшеліктері, баланың адамгершілігін, жыныстық және өзіндік сипатын ескеру;

Халықтың тәрбиенің және оның технологияларының заңдылықтарын ұйымдастыру.

  • халықтық педагогиканың әсерлілігі, онда айтарлықтай тәрбиелеуші ортаның болуына байланысты, оның ішінде, тәрбиеленушісі біріккен тіршілік әрекеті үрдісіне қатыса алатын балалар ортасы болуы;

  • халықтық тәрбиенің сапасы халықтың мәдени және педагогикалық дәстүрлерінің сақталу дәрежесіне байланысты;

  • халықтық тәрбиенің нәтижелілігі оның объективті факторларының субъективтілеріне үстемдік етуімен, бала өмірі мен тәрбиесінің табиғатпен біте қайнасуымен білінеді;

  • халықтық тәрбиенің табысты болуы әйелдердің қоғамдағы орнына, отбасындағы құптарлық қарым-қатынастардың стиліне байланысты;

  • халықтық тәрбиенің тиімділігі баланың ішкі жеке тұлғалық құрылымына этнопедагогикалық амалдар мен әдістерді, олардың көздерін оңтайлы түрде үйлестіре отырып, жанама түрде елеусіз әсер етуде;

  • халықтық тәрбие амалдары арқылы жеткіншек ұрпақты толық жарамды етіп өмірге даярлау дегеніміз-сәтті неке және табысты отбасылық өмір.

Қарастырылған заңдылықтар халықтық тәрбие тектес күрделі әлеуметтік-мәдени феноменді толығымен қамтымайды. Этнопедагогиканың теориясы мен әдіснамасының дамуына қарай оның мазмұнын игеруге және этнопедагогикалық мәдениеттің қалыптасуына ықпалын тигізетін жаңа заңдылықтардың пайда болуы мүмкін.

Халықтық тәрбиенің заңдылықтары мен әрекеттері, оның теориясын құратын принциптері (от лат. Prіncіpum-негіз, бастапқы жағдай) тығыз байланысты. Көптеген жұмыстарда тәрбиенің принциптеріне тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы мен мазмұнын анықтайтын жетекші идеялар жиынтығын жатқызады. Кейбір зерттеушілер тәрбиелеу заңдылықтарын олардың негіз болатын принциптері ретінде қарастырады, бұның астарында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың талаптары жатады

Этнопедагогикада принциптердің екі тобы бар. Біріншісі-халықтық тәрбиенің мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін анықтайтын принциптер; екіншісі-этнопедагогикалық білімді пайдалану принциптері. Екінші топтағы принциптер этнопедагогикалық мәдениеттің қалыптасу технологиясын көрсетуде беріледі.

Халықтық тәрбие принциптерінің ішіндегі негізгісі болып саналатыны Я.А.Коменский көрсеткен табиғи сәйкестік принцип.[3] Бұл принципті Г.Н.Волков оның негізіне жас ерекшеліктері мен қасиеттерінің бар екенін түсіндіре отырып, нақтылай түседі.[25] Бұл принцип баланың қабілетін, қызығушылығын, бейімділігін, жас ерекшелігі мен жынысын ескере отырып дамытуда халықтық тәрбиенің көптүрлі тәсілдерін пайдалануды нұсқайды. Халықтық тәрбиеде баланың қоршаған айналаға қарым-қатынасын қалыптастыру көзделеді: қоғамға, еңбекке, адамдарға, Отанға, табиғатқа деген қатынастар т.б. Өмірі толығымен мәнді болуы үшін баланың бойында қажетті қарым-қатынастарды дамытқан және оларды ұлттық, аймақтық, әлеуметтік жағдайлармен анықтайтын болған.

Халықтық тәрбиенің әсерлі принциптерінің бірі - өмірмен, еңбекпен байланыста болу принципі. Балалар отбасы мен қоғамдық өмірдің ортасында болғандықтан, олар жастайынан үлкендердің жұмысына араластырылған, есейе келе оның мәнін түсініп, қолдан келгенше шаруаға көмектесетін болған. Еңбек дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік, психологиялық, дене тұрғысынан өмірге даярлау халықтық тәрбиенің өзекті мәселесіне айналған.

Көптеген этнографиялық және этнопедагогикалық зерттеулерде әр халықтың балаларға деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы атап көрсетіледі. Қоғамдық пікір үлкендердің өз бала-шағасына деген көзсіз сүйіспеншілігінен сақтандырады.

Тәрбие үрдісінде мазмұны жағынан берілетін ақпарат әр түрлі, адамгершілік мағынасы жағынан өте бай. Тәрбие құралдары, оқыту құралдарына қарағанда көп вариантты, сондықтан оқыту құралы тәрбиелеу құралдарының мағынасына теңбе-тең келе бермейді. Оларға шұғыл түрде және бірдей уақытта ақпараттарды тарататын каналдар ретіндегі құралдар сипаты сәйкес келеді. Халықтық тәрбиедегі құралдар-баланың мінезі мен санасына әсер ететін құралдар, оның мақсаты - қажетті, пайдалы мәліметтерді хабарлау, практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, адамгершілік мінез-құлық әдеттері мен себептерін дамыту.

Этнографиялық басылымдар бойынша халықтық тәрбиенің құралдарын зерттеулер барлық құралдардың үш топқа бөлінетінін анықтауға мүмкіндік береді. 1) материалдық мәдениеттің құралдары табиғат, әрекет; 2) рухани мәдениеттің құралдары - сөз, ана тілі, фольклор, дін, өнер, ойын; 3) әлеуметтік мәдениеттің құралдары, дәстүрлер, қоғамдық пікір. Көрсетілген классификация құралдар диференциациясымен тұспа-тұс келеді, бұл этнопедагогикалық мәдениетті аксиологиялық тұрғыдан зерттеу аясында орындалғандықтан оны шынайы деп қабылдаған дұрыс.

Этнопедагогикада тәрбие әдістерінің мазмұнды толықтырғыштарына тәрбиенің лайықталған құралдары жатады. Кеңес, ишара, ұялту т.б. әдістер тәрбиенің мақал-мәтелдер, ертегілер, өмірден алынған мысалдар сияқты көздері арқылы маңызды түрде іс-жүзіне асырылады. Ең маңызды құралдарына жататындар: еңбек, тұрмыс, өмір тіршілігі, отбасының әдет-ғұрпы, халықтық мерекелер, дәстүрлер, салттар, ғұрыптар, салт-жоралар, әр түрлі ойындар мен ойыншықтар, халық өнерінің шығармашылығы: үйлерді, ыдыстарды, киімдерді, тұрғын үй интерьерлерін әшекейлеу өнері, сонымен қатар көптеген фольклорлық тәрбие құралдары (мақалдар, ертегілер, әндер, жұмбақтар, жаңылпаштар т.б.

Тәрбие адамның жеке басының дамуындағы мазмұнды бағыттары саналатын әлеуметтік және адамгершілік-эстетикалық қатынастардың қалыптасу дәрежесі. Орныққан, әдетке айналған қатынастар әр түрлі және өзгеріп тұратын жағдайлардағы адам мінезінің тұрақтылығын анықтайды, тұлғалық қасиеттеріне айналады. (Құралдарды толығымен қарастыру В.А.Николаевтың (1983) еңбектерінде көрсетілген).



Халықтық тәрбиенің әдістері - бұл тарихи қалыптасқан халық тәрбиешілерінің жетілген жеке тұлғаның бойында білім, білік дағдылары мен тиісті қасиеттерді қалыптастыру мақсатымен әсер ететін жолы. Этнопедагогика тәрбиенің әр бағыты бойынша әр түрлі әдістерді бөліп көрсетеді. Адамгершілік тәрбиесі бойынша мынадай әдістерді: сендіру, нандыру, кеңес, бата беру, үйрету, жаттықтыру, әңгіме, баяндау, жарыс, марапат, сынау, сөгіс, жазалау, айыптау т.б.

Адыгейлер (адыг.) халық педагогикасының материалдарында адамгершілік тәрбиесінің әдістерін бірнеше топқа бөліп жүйелеуге әрекет жасаған:



  • моральдық білімді игеруге ықпал ететін;

  • баланың жеке тәжірибе жинақтауына, оның әдеті мен дағдысын,

іскерлігін қалыптастыруға бағытталған;

  • мінез-құлқының эмоционалдық жағынан орнығуына ықпал ететін;

  • теріс қылықтар мен әрекеттерге ұстамдылықпен ықпал ету

бағытындағы

Педагогикада бұл әдістер жинақталған түрде былай көрсетілдеді:



  • сендіру әдістері

  • әрекетті ұйымдастыру әдістері;

  • ынталандыру әдістері.

Дағыстан халық педагогикасы материалдарындағы әдістердің классификациялануының ғылымилығы басымдау екендігі байқалады:

  • сендіру әдістері: этникалық әңгімелер, тәрбиелік жазбаларды көрсету, адамгершілік сипаттағы ескерткіштер, түсіндіру, мысалдар, жаттығулар;

  • күштеу әдістері: тапсырма, нандыру, талап ету, айыптау, жазалау;

  • ынталандыру әдістері: мадақтау, мақтау, қорытынды шығару, сынау (Ш.А.Мирзоев 1986) .

Көрсетілген классификация тәрбиеленушінің белсенділік идеяларына, оның тұлғалық құрылымына дәл келе бермейді, сондықтан да бұдан әрекетті ұйымдастыратын белгілі бір әдістер топтамасын көрсеткен тиімдірек.

Украин халық педагогикасына жүргізілген зерттеулер, жоғарыда көрсетілген әдістерден өзге, мынадай тәрбие әдістерін ұсынады: тапсырманы орындау, ескертулер, тыйымдар, сендірулер, өсиет-уағыздар т.б. (М.И.Стельмахович 1989).

Өзбек халық педагогикасын зерттеулер төмендегідей әдістерді анықтауға мүмкіндік береді: еліктеу үшін үлгі-нұсқаларды пайдалану, алғыс, бас ию, кешірім, кінәлау, қорқыту, ант беру, наразылық т.б. (Б.А.Қадыров 1991).

Тәжіктің халық педагогикасының мәдениеті жоғарыда көрсетілген әдістерге қосымша ретінде: бұйрық, сенім, алғыс, тілек, қарғыс, ант, өтініш, кеңес, құптау, ишара, иландыру, ақыл-кеңес, сөгу, айыптау, қорқыту, қарғыс, ұрыс т.б. (А.Манонов 1992) берген.

Көптеген авторлар, халықтық тәрбиенің әдістерінің білінбейтін ықпалдарын құптай отырып, төмендегідей әдістердің шынайылығын мойындайды: үлкендердің жеке өнегелері (әсіресе ата-аналарының), ишаралар, күлдіргілер (мазақтар) т.б. (А.Э.Измаилов 1991)[14]. Белгілі бір нақты тәрбиелік міндеттерді шешу үшін халықтық педагогикада арнайы әдістер пайдаланылады. Халықтық дидактика аясында оқытудың бірнеше топ әдістері пайдаланылды: көрнекілік, сөздік, практикалық, ойын түріндегі (М.И.Стельмахович 1985).

Халықтық педагогиканың жоғарыда көрсетілген әдістері, зерттеушілердің, публицисттердің пайымдауы бойынша жеткіншек ұрпаққа жан-жақты тәрбиелік ықпал жасауды толығымен қамтамасыз етеді. Этникалық ерекшеліктерді білдіретін басқа да әдістер болады, олар тәрбиенің нақты міндетін, балалардың өзіндік және жас ерекшелігін де анықтайды.

Әдістерді мынадай топтарға біріктіруге болады:


  • сөзбен тәрбиелеу әдісі: еркін қатынастар, баяндау, әңгіме, түсіндіру, кеңес, ишара, наным, сендіру, ақыл-кеңес, бұйрық, өтініш, сөгу, иландыру т.б.

  • іс-әрекетпен тәрбиелеу әдісі: көрсету, тапсырма беру, үйрету, жаттығу, әрекетке араластыру, талап, бұйрық т.б.

  • дін арқылы тәрбиелену әдісі: сену, бата беру, жалбарыну, тәубеге келу, діни уағыз, дұға оқу т.б.

  • табиғат және өнер арқылы тәрбиелеу әдісі: бақылау, сүйіну, салыстыру, қайта өңдеу, өзіндік шығармашылық, орындау т.б.

  • дәстүрлер арқылы тәрбиелеу әдісі: дәстүрлермен танысу, оған бейімдеу, оны баланың орындауы, дәстүрлерді сақтау, дамыту;

  • ойын арқылы тәрбиелеу әдісі: рөлдік ойындар (имитация), жарыстар, күш сынасулар;

  • қоғамдық пікір арқылы тәрбиелеу әдісі: құптау, мадақтау, жазалау, жазғыру, кінәлау, тыйым салу, қауіп-қатер, марапат т.б.

Этнопедагогикалық зерттеулердің дәлелдеуі көрсеткендей, халықтық тәрбиенің әдістері нақты тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Тәсіл педагогикалық әрекеттің элементі ретінде нақты жағдайға байланысты тәрбие әдістерінің ойдағыдай жүзеге асуына ықпал жасайды: баланың жасы, отбасындағы, топтағы балалардың саны, тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің жеке бастарының ерекшеліктері, тәрбиелеу жағдайлары, тәрбиелеудің қалыптасқан дәстүрлері т.б. Кейбір еңбектерде “тәрбие тәсілдері” деген ұғым кездеседі, бірақ оның мазмұндық толымдылығы нақтыланбаған. Тәсілдер ретінде жаттығулар, сендіру, тапсырма беру, мадақтау, жазалауды т.б. айтқан. Біздегі бар мәліметтерге сүйенсек, көрсетілген этнопедагогикалық бірліктер әдістерге жататыны белгілі. Тәрбие тәсілдері белгілі бір әдісті нақтылау құралы. Біздің пайымдауымызша, халықтық тәрбиедегі жазалау бірнеше түрлі тәсілдер арқылы іске асырылған: ұялту, сүйсіну сезімінен айыру, белгілі бір жағдаяттарға байланысты жаттығу әдісіне машықтыру (жаттықтыру) жатады-ол қайырымдылыққа, әдептілікке, қонақжайлыққа, ізеттілікке, инабаттылыққа, еңбекқорлыққа икемділік-машықтау.

Қайсыбір этнопедагогикалық зерттеулерде халықтық тәрбиенің тәсілдерінің жүйесі жасалған. Тәсілдердің үш тобын бөліп көрсеткен:



  1. сөздік әсері бар тәсілдер;

  2. моральдық тұрғыдан көтермелеу немесе басу тәсілі;

  3. эмоционалдық ықпал ету тәсілі (Харитонов М.Г. 1993).

Жалпы айтқанда, көрсетілген тәсілдер тобы халықтық тәрбиеде белгілі бір көлемде кездеседі. Халықтық тәрбиедегі тәсілдер жөніндегі мәселелерді теориялық және практикалық жағынан терең зерттеулер көрсеткендей, олардың көбі тәрбиенің белгілі бір әдісі аясында ғана пайдалануға қолайлы. Мысалы, жарысу әдісі бірнеше түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады және ұжымдық тартыстар, жарыс ережелерін сақтау, ұпай жинақтау, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау, жеңілгендерді мінеу т.б.

Сонымен қатар, әдістердің әр тобының көлемінде біз жалпы тәсілдерді бөліп көрсеттік. Сөздік әдістер белгілі бір фольклорлық шығарманы орындау тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Этнопедагогикада іс арқылы тәрбиелеу әдісі үшін көбінесе моральдық тұрғыдан ситуациялар туғызу тәсілі қолданылады. Ойын әдісі арқылы тәрбиелеу балалар фольклорындағы шығармалармен қанықтырылады (санамақтар, жаңылпаштар, мазақтамалар т.б.) және бұлар көрсетілген әдістің тәсілдері ретінде қолданылады. Қоғамдық пікір арқылы тәрбиелеу әдісінің жүзеге асуында жинақталған тәсіл ретінде балаға белгілі бір мөлшерде қорқынышы бар эмоционалдық ықпалды пайдаланады. Жас және ересек тартқан шақтарында олар қоғамдық талқыдан қорыққан, сондықтан отбасының, туыстарының намысын сақтауға тырысқан, әсіресе ата-аналарының қарғысынан қатты сескенген, оны өліммен тең көрген. Әдістердің осы тобына біреудің беделіне жүгіну де жатады, көбінесе, ата-анасының, құрметті туысқандарының, белгілі ауылдастарының т.б.



Этнопедагогикалық мәдениеттің мазмұндық элементіне әр түрлі қатынастар жатады, олар дүниетанымды, мінез-құлықты және тұлғаның қызметін анықтайды, жан-жақты қалыптасудың мәнді компоненті ретінде көрінеді. Осындай өз-ара қатынас байланыстардың бірнеше тобын бөліп көрсетеді.

Бірінші топты құрайтын-жеке тұлғаның әлеуметтік қатынасы, ол тұлғаның дүниетанымы мен мінез-құлқының қоғамдық бағытын білдіреді. Екінші тобын адамгершілік қатынастар құрайды:



  • Отанға деген қатынасы (патриотизм);

  • еңбекке қатынасы (еңбексүйгіштігі);

  • басқа адамдарға, өзіне деген қатынасы (коллективизм, адалдық,

әділдік, сыпайылық, инабаттылық, жолдастық, достық, ұят сезімі, намыс, өмір сүйгіштігі, абыройлылығы т.б.);

  • қоғамдық игіліктерге, табиғатқа, қоғамның материалдық

құндылықтарына қатынасы (шаруақорлық, ұқыптылық, үнемшілдік т.б.).

Үшінші топқа эстетикалық қатынастар жатады:



  • табиғаттың сұлулығын түсіну және оған деген сүйіспеншілік;

  • өнер, өнер бағытындағы шығармашылыққа ұмтылу т.б.

Төртінші тобын дене тәрбиесіне қатысты қатынас-байланыстар құрайды.

Этнопедагогикалық бағыттағы зерттеулер көрсеткендей, адамның дүниетанымдық қасиеттерін құрайтын әлеуметтік қатынастар жалпы әр түрлі педагогикалық мәдениеттерде ұқсастық танытады. Ұлттық психология, өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы олардың жұмыс істеу ерекшеліктеріне із қалдырады. Адамгершілік қатынастардың қалыптасуы этнопедагогиканың мәнді негізін құрайды. Халықтық тәрбиенің түпкі мақсаты-отбасы өміріне даярлау-балаларға деген ерекше қатынастың қалыптасуын көздейді. Көптеген мәдениеттерде балалар сәтті және бақытты отбасының негізі деп есептеледі. Қазақ халқы толыққанды отбасы деп көпбалалы жанұяны есептеген, “бала көп, артығы жоқ”, “Бір ұл - ұл емес, екі ұл-жарты ұл, үш ұл - нағыз ұл” деген нақыл бар. Отбасындағы балалар, әсіресе ұлдары үй шаруасында таяныш болды. Көп балалы жанұялар балалар өмірін ұйымдастыруға игілікті ықпал етті, ұжымдық әрекеттің дағдыларын қалыптастыруға әлеуметтік қатынастардың дамуына әсерін тигізеді.

Халықтық тәрбиенің негізі, отбасылар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысында көрсетілгендей, ата-ананың сүйіспеншілігі болады, себебі әке мен шешенің сезімдерінде үлкен тәрбиелік күш жатыр. Ата-ана сүйіспеншілігі отбасында балаға деген оң әсердің негізін тудыратын, ашық әңгімеге бастайтын жылылық атмосферасын тудырады. Қазақ отбасында ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастарда сенімділік, еркелету, мәпелеу кейпі орныққан.

Отбасында ерекше мәпелеуге тұңғыш бала, немесе жалғыз қызы, ұлы ие болушы еді. Балаға деген сүйіспеншілік, оған деген қамқорлық ол туылғанға дейін-ақ жүргізілетін. Екіқабат әйелді өте қатты эмоционалдық әсерленушіліктен, ұрыс-кикілжіңдерден, мазасыз адамдардың қатынастарынан аулақ ұстаған, сақтаған, себебі іштегі бала көңілі де соны қалайды деп есептеген. Ерекше қамқорлық әлсіздерге, аурушаң балаларға көрсетілген. Дене және ақыл-ой дамуында кемістігі бар барларға құрдастары тарапынан кемсітуге, ерекше көңіл бөлуге жол бермеген. Халықтық тәрбие қорында әлжуаз балаларға арналған тыныш, баяу екпінді ойындар қарастырылған, табиғи кемістігін түзетуге арналған тәсілдерді де қолданған. Баланы қоршаған мейірімділік міндетті саналатын және ол нәзіктіліктен, қыңырлығын құптаудан емес еді. Балаға деген сүйіспеншілік оларға қойылатын талаптарға, қаталдыққа қайшы келмейтін және бұл сұраныстар бала өсіп, дамыған сайын күшейе түсетін. Бала көтермеу бақытсыздыққа саналатын, кінәсінің жазасы деп есептелетін. Халық даналығы балалары жоқ отбасыларын табалаудан сақтайды, олардың қасіретіне аяушылық білдіру сезімін дамытады. Халық ертегілерінде баласыз отбасылардың өмірі өте аянышты суреттеледі.

Этнографиялық мәліметтер бойынша, ата-аналарға деген құрмет толыққанды отбасында қалыптасты. Ата-аналардың өздері кезінде өз ата-аналарының ақыл-кеңестерін тыңдаған. Ең жақсы тағамдар қариялар мен балаларға арналған. Үлкен адамның тілегі әрқашанда орындалып отырған. Егер егде тартқан адамдар қиындау жұмыстарды атқаруға күштері жеткіліксіз болса, осыған қарап олар жөніндегі көзқарасты өзгерту қатынастарды үзу ұятқа саналды. Ата-аналарына көрсеткен анайы қылықтарды, сыйламаушылықты, құрмет тұтпауды құдай кешпейді деген наным ерекше болды. Ата-ана қарғысы өте күшті, ал қарғыс арқалағандарды жер қабылдамайды, сондықтан қарияларды жақсы тамақтандырады, өлгеннен кейін әрдайым еске алып отырады. Ата-аналарына, қарттарға құрметпен қарау барлық үлкендерге тән болды. Балалар өз әке-шешелеріне, туған-туысқандарына ерекше құрметпен қарайды. Жасы үлкен ағалар мен әпкелер өзінен кішілер үшін үлкен бедел саналады.

Этнографтар атап көрсеткендей, туыстарымен ыстық қатынаста болу, туыстық үйірсектік тәрбиелік дәстүрлердің маңыздыларына жатқызылды. Туыстық шежірені білу – әр адамның адамгершілік борышы болып есептеледі. Ата-бабаларындағы лауазымды адамдар жөніндегі әңгімелер оларда мақтаныш сезімін туғызады, соларға ұқсасам екен деген ұмтылысын ояту соған жету үшін өзіндік тәрбиенің көзін ашты. Патриотизмді тәрбиелеу диалектикасы ата-бабаға деген, қара шаңыраққа деген, туған ауылына, Отанына деген құрмет пен сүйіспеншілікті ұялатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет