Қорытынды
Оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландыру талабына сай, Республикада көптеген жұмыстар жасалды. “мектепке дей інгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы” (1996) Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім беру тұжырымдарында төмендегіше тәрбиені міндеттеп өтеді:
өзінің төл мәденеиетін терең білуге және басқа мәдениеттерге қызығушылықтың іргетасын қаласа, көп мәдениетпен танысса, ол рухани баю мен дамудың негізі болады;
өз туған деген махаббат сол жердегі халыққа, жерге деген махабатпен үйлесім табуы тиіс;
этностық-мәдени білім берудің ортақ міндеті – балалар өздерін “біз қазастандықпыз” деген заңды мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Ұлттық мәдениеттің жаңаруы ұлттық мектептің мұғалімін халықтың мәдени-рухани, тарихи-ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген және оны жалғастыратындай етіп дайындауын талап етеді. Ол ғасырлар бойы жинақталған дәстүр, әдет-ғұрып пен дағдыдан, иланудан туындайтын адамгершіліу сананың мәдениетін, адамгершілік сезімін, мінез бен этиканы, рухани өмірдің байлығын, салты мен дәстүрін, адамгершілік идеяларын, білуі, яғни халық жанының тереңдігін танып білуге ұмтылатындай дәрежеде дайындалуы тиіс.
Ұлттық мектептегі мұғалімінің этнопедагогикалық мәдениеті - әлеуметтік-педагогикалық феномен, ол қазіргі кездегі оқыту мен тәрбиелеудің тәжірибесінде этнопедагогикалық мәдениетті игеру қалпын сипаттайды, тәрбиелік құны мен мәнін түсіне отырып, пайдаланады.
Мұғалімнің этнопедагогикалық даярлығы объективті және субъективті жақтардың диалектикалық бірлігі болып табылады. Оның объекьтивті жағы құрамдас бөліктері үрдістік, мазмұндық, бағыттылық болып табылатын қоғамның этнопедагогикалық мәдениеті. Субъективті – этнопедагогикалық қызметті, этнопедагогикалық ойлауды, этнопедагогикалық сананы біріктіретін жеке тұлғаның этнопедагогикалық мәдениеті.
Мұғалімнің этнопедагогикалық даярлығы этнопедагогикалық білімдер жүйесімен, ойлау үрдісінің этнопедагогикалық бағыттылығымен, кәсіби әрекеттің этнопедагогикалық амалдар арқылы шығармашылықпен жүзеге асуына бағыттаушылығымен сипатталады.
Мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениеті-дамыған ұлттың сана сезім, халықтық педагогикаға, халық мәдениетіне, ұлтқа, Отанға деген көзқарастың жағымды бағыттылығын, оның мақсаттары мазмұны мен амалдарын зерттеп, білімге деген танымдық белсенді қызығушылықты болжай ды.
Мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениетінің қалыптасу үрдісінің тиімділігі этнопедагогикалық мәдениеттің қалыптасу үрдісінің тиімділігі этнопедагогикалық мәдениеттің құрамдас бөліктері – үрдістік мазмұндық, мақсаттылық логикалық меңгеруге сүйенеді, ол “Этнопсихология”, “Этнопедагогика” сияқты пәндерде жинақталған.
Ұлттық мектептерде оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландырудың нәтижелілігі, егер білім мазмұнын ізгілендіруді, этнопедагогикамен байланысты оқытудың тиімді технологиясын таңдау жолымен және қоғамның сұранысына сәйкестігін қамтамасыз ететін, оқушылардың әрекеттерінің жекешеленуіне мүмкіндік беретін, мұғалім мен білім алушының арасындағы бірлестікті қамтамасыз ететін, әлеуметтік-педагогикалық ортаны тиімдендіретін және білім беру үрдісіне қатысушылардың педагогикалық басқарылатын өзара әрекеттестігін іске асыратын оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландыру тұжырымдамасы жасалып және іске асырылса;
оқушылардың білімге қызығушылықтарын дамытатын, оқуға қызығушылықтарын қалыптастыратын, қанағаттандыратын, халық педагогикасына тән танымдық белсенділіктерін ынталандыратын ұйымдастырушылық заңдылықтары іске асырушы оқу үрдісінде демократиялық ахуал жасалса;
білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруде аяқтауды қамтамасыз ететін оқытудың инновациялық ұжымдық тәсілді пайдаланумен байланысты оқушылардың қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту бойынша оқу-тәрбие үрдісінің тәрбиелік мүмкіндік қорлары пайдаланылса;
болашақ мұғалімді теориялық және практикалық аспектілерінде оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландыру іске асырылса мүмкін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |