Диплом бітіру жұмысы тақырыбы : «Оқу-тәрбие үдерісін этнопедагогикаландыру жолдары»



бет19/22
Дата03.01.2022
өлшемі348.5 Kb.
#450852
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
досжанова асел диплом

«Бағыну заңы»: адамдардың өзара және табиғи ортамен қарым-қатынастарын реттейтін фактор жөнінде түсінік беру; бұл заңның қоғамдағы және табиғи ортадағы адамдар қарым-қатынасының өлшемі екені туралы түісінік беру.

«Тек тәрбиесі»: болашақ ұрпақтың толық-қанды, текті болып дамып генофондты сақтап қалу үшін «жеті ата» заңының мағынасын қыз баланың жетесіне жеткізу, «жанұя», «ру», «жүз», «мемлекет» ұғымдарын түсіндіру және олардың пайда болу тарихымен таныстыру.

«Қара шаңырақ»: әулет орталығы қара шаңырақты қасиетті орда ретінде сақтауда кенже ұлдың (кенже келіннің) орны туралы ұғымдарын қалыптастыру, бұрынғы қазақ ауылы мен қазіргі қазақ ауылы туралы мағлұмат беру.

«Келін тәрбиесі»: келін тәрбиесінің ерекшеліктерін қыз бала бойына сіңіру, қазақ келінінің қайын жұртымен қарым-қатынасының ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.

«Неке тәрбиесі»: қазақ халықының отбасы мен неке қатынастары жөнінде қалыптасқан озық дәстүрлерін күнделікті өмірде пайдалануға үйрету; студиялар, үйірмелер, көрмелер, зерттеу жұмыстары, рольдік ойындар, ережелерді талдау, «Бағыну Заңының» мәнін ашу, өзін тану, зерттеу, туыстық, қатынастарды меңгеру, «Келін» ұғымының сырын ашу, «Тек», «Текті» ұғымдарын меңгеру бағытындағы іс-әрекеттер іске асты.

Ұлттық дүниетанымын (1-4 сыныптарға арналған) (А.Құралұлы) бағдарламасының мақсаты-бүгінгі нарықтық заманның білім беру талаптарына сайма-сай бұл бағдарлама көп тілді жеке адамды түбегейлі қалыптастырудың жалпы-қазақстандық мүддесін тікелей көздейді. Бағдарламаның мазмұнында қазақша сәлемдесу, басқа ұлт тілдерінде сәлемдесу, мектепте, көшеде және үйде әдепті болу, жақын адамдардың атаулары (ата, әже, әке, көке, шеше, апа, іні, әпке, сіңлі, қарындас), қол және саусақ атаулары, қазақша ұзындық өлшемдері, төрт түлік және үй жануарлары төлдерінің атаулары, жеті ата туралы түсінік, қазақша тәулік мезгілдерінің атаулары, қазақша жыл аттары, туыстық атаулары (нағашы, бөле, жиен, жезде), үй жиһаздарының атаулары, төрт түлік пірлері, қазақ халқы-түркі тілдес халықтар бәйтерегінің бір бұтағы, ұлттық тағам түрлері (ет, сорпа, ұн, дән тағамдары), ыдыс-аяқ түрлері, ұлттық киім атаулары, егіншілік, ұлттық саз аспаптарының түрлері, қазақ мемлекеттілігі туралы әңгіме, қазіргі егемен еліміздің мемлекеттік басқару жүйесі, қазақ хандары: Абылай хан, Кенесары Қасымұлы, қазақ билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, қазақша қару-жарық атаулары, ат әбзелдерінің атаулары, аңшылық туралы әңгіме, қазақ халқының қолөнері, Қазақстандағы көне қалалар мен тарихи ескерткіштер, киіз үй және оның түрлері, «Ел болам десең, бесігіңді түзе», бесіктің түрлері, жүн, түрлері және атаулары, кілем тоқу, оның жабдықтары, мал терілерінің түрлері, сүйектен жасалатын бұйым атаулары, тұяқтан жасалатын бұйым атаулары, қазақ халқының ұсталық өнері, металдан жасалатын бұйым атаулары, қыз-келіншіктерге арналған зергерлік әшекей бұйымдар, ши тоқу, құрал жабдықтары, ұлттық киім түрлері, қонақты қарсы алу, ас ішу дәстүрі, қазақтың сазгерлік аспаптары, ер қаруы-бес қару, садақ, қылыш, найза, айбалта, шоқпар, «Ту», «Байрақ», «Жалау»-шығу тарихы, қазақ халқының аңшылық өнері көрініс тапты.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері (М.К.Оразаев, М.Ж.Смаилова) бағдарламасының мақсаты-орта мектептерде ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық тәлім-тәрбие тарихынан арнайы сабақтарда мағлұмат беру арқылы жас жеткіншектердің мектеп қабырғасында ұлт мәдениетінің нәрінен сусындауына мүмкіндік болды. Бағдарламаның мазмұны қазақтың салт-дәстүрлері туралы түсінік, бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер (шілдеханадан бастап-үйленуге дейін), табиғатты аялау, экономикалық тәрбие, тұрмыстық салт-дәстүрлер (киіз үй-баспана, шаруашылық түрі, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер (ауыл адаадарының, туысқандық қарым-қатынастар, үйлену тойы, халықаралық мерекелер, т.б., жаңа заман дағдылары қамтыды. Бағдарлама лекция, әңгіме, көрме, пікір алмасу арқылы жүзеге асты.

Мектеп өміріне этнопедагогика идеяларына негізделген «Әдеп» пәні енгізілді. Оның да бірнеше авторлар дайындаған бағдарламалары жарық көрді.

«Әдеп әліппесі» 1-4 сыныпқа арналған (Ә.Табылдиев) бағдарламаның мақсаты-қазақ мемлекетінің қазіргі мектептерінде 1-4 сынып оқушыларына әдептілікті, имандылықты, мейірімділікті, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты үйрету болып есептелінді. Бағдарламаның мамұнына әр сыныпта 35 сағат өзіңе-өзің қызмет ет әдеппен, сөз басы-сәлем, аялаған ана, әлпештеген әке, ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық дәстүрлері, қасиетіңнен айналайын туған жер, еттен жаслатын қазақ тағамдары, үй жиһаздары, табиғатты аялау дәстүрлері, үміт пен сенім дәстүрлері, жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен сияқты бөліктер енді. Бағдарлама ойындар, әңгіме, саяхат бата, нақыл сөздерді жаттау, тағамдармен, үй жиһаздарымен таныстыру, рәсімдерді түсіндіру сияқты әрекеттермен жүргізілді. [12]

«Әдеп негіздері» 5-7 сыныпқа арналған (Қ.Жарықбаев) бағдарламаның мақсаты-жас ұрпақты имандылық, адамгершілік, ұлттық рухта тәрбиелеу. Бағдарлама мазмұнына (әр сыныпта 35 сағат) әдеп пен әдептілік жайлы жалпы түсінік; туыстық қарым-қатынастар; кісілік қасиеттер, олардың ұнамды, ұнамсыз жақтары, қалыптасу және тәрбиелеу жолдары; ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрып туралы түсінік, сәлем-сөздің анасы; денсаулық-зор байлық; кісілік қасиеттердің оң және теріс көріністерінің қалыптасуы; парыз бен қарыз, кісілік қасиеттер, ұнамды, ұнамсыз түрлері, қалыптасуы мен тәрбиелеу жолдары сияқты бөлімдер кірді.

«Әдеп және жантану» 10-11 сыныпқа арналған (Қ.Жарықбаев) бағдарлама мақсаты ұлттық тәлім-тәрбие мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ілкі бастауын отбасынан алатынына көз жеткізу, оған оны шексіз иландырып, бағыт-бағдар беру болып табылады. Бағдарлама мазмұны екі бөлімнен тұрады:

1 бөлім Жантану

жантану қандай ғылым? Іс-әрекет, қарым-қатынас, адамның жеке дара қасиеттері, адам тану-ер жету, өлшемі, мінез және темперамент, қабілет және дарындылық, түйсік пен қабылдау, зейін және ес, ойлау мен сөйлеу, қиял мен шығармашылық, сезім мен ерік.

2 бөлім Әдеп

ата-баба дәстүр-әдептілік негізі, жастық шақтың қызығы жар таңдау және отау тігу.

«Әдеп және халық тәлімі» 5-11 сыныптарға арналған (Б.Өтешова) бағдарламасының мақсаты қазақ халқының заманалар бойынша тірнектеп жинаған рухани бай мұрасын, ежелгі дәстүрін, әдебін, салт-санасын, аталық, аналық ұлағатты тәлімін, жасөспірімдер санасына сіңіру.

Міндеті: танымдық-жастарға өз халқының төл мәдениетін, өнерін, мұрасын рухани қазына етіп қабылдату, саналы түсініп, ой тұжырымдарын жасауға дағдыландыру; тәрбиелік-өзіне және өзгеге деген талғам дәрежесін көтеру, халықтың асыл мұрасын дамыта отырып, ұлтына деген мақтаныш сезімін туғызу, болашақ ұрпаққа насихаттау, икемділігі мен дербестігін қалыптастыру болып есептелінеді. Бағдарламаның мазмұнына сөз анасы-сәлем, ұлттық болмыс ұғымдары, тіліміздегі дәстүрлік жетілік ұғым, қазақаша ай, жыл атаулары мен сипаты, ұлыстың Ұлы күні, дінмен байланысты мейрамдар, тыйым сөздер, ырымдар да халықтан жеткен, бата алған аталардан, икемді де, сүйкімді келбет, имандылық иірімдері, киіз үйдің киесі бар, ас қадірлеген халықпыз, тұлпарға жарасар ер-тұрманы, өнер әлеміне сапар, ұлттық болмыс ұғымдары, халқын сүйген-салтын сүйген, өнерлі елдің өресі биік, ұлттық болмыс ұғымдары, халқы қандай десең, салтынан сынап біл, инабат иірімдері, өнегелі салтым бар атадан қалған, тәлімнің түптамыры-халық даналығында, халық тәлімінің негізін салушылар, ұлттық тәлім-тәрбие бастауы-отбасынан деген бөлімдер енеді. Бұл бағдарлама сайыстар, ізденіс жұмыстары, дәріс, әңгіме, пікірталас, рольдік ойындар арқылы өтіледі.

Оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландыру мәселесіне арналған ғылыми практикалық бағытта орындалған еңбек Әбілсағит Садуақасовтың авторлығымен даярланған көпсалалы «Дәстүр» қазақ мектебінің авторлық тұжырымдамасы. [13] «Дәстүр» тұжырымдамасының басты ерекшеліктері мынада:



  • мектептің оқу-тәрбие мазмұнын таза қазақ тілі мен ұлттық мәдениет құндылықтарына құру;

  • мектепке дейінгі тәрбиені мектептің өз құрылымында ұйымдастыру, әр отбасының психологиялық ахуалын есепке алу;

  • ұл және қыз тәрбиесін халық педагогикасы дәстүрлеріне сәйкестендіре жүзеге асыру, (даралап оқыту мен тәрбиелеудің тәсілін пайдалану);

  • бастауыш сыныптарда пәндік жүйемен оқытуды ендіру;

  • Әл-Фараби тағылымдары-хауас, иманигүл, жәуанмәртілік қағидала рына тән жасөспірімнің сезім мүшелерін дамытып (фольклорлық музыка, бейнелеу және қолөнері пәндері), білімге сүйіспеншілігін ояту (ұлттық философия, мәдени құндылықтар) және ізгілік тәрбиесін (әдеп, сымбат, риторика пәндері) орнықтыру;

  • тәрбие мен білім беру шарттарын (мазмұндық, әдістемелік және ұйымдастыру) этнопедагогиканың бұлжымас принциптері (ұлттық, тәуелсіздік, дербестік, қажеттілік, табиғилық, үздіксіздік, сабақтастық, ынтымақтастық т.б.) рақылы орындап, шынайы демократиялық, унитарлық, ұлттық мектеп құру;

  • мектептің оқу-тәрбие үрдісін ғылыми-әдістемелік тәсілмен басқару;

Әлемдік озық педагогикалық технология мен ақпараттық жүйені кеңінен пайдалану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет