2.2. Оқу-тәрбие үдерісіне қазақ этнопедагогика материалдарын енгізу жолдары
Білім беру мазмұнын уақыт талабына сәйкес ұлттық мәдениетті жаңарту мақсатында, концепция қазақ этнопедагогика материалдарын енгізуді көздейді.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің даму концепциясы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Ұлттық академияның авторлар ұжымы дайындады. Бұл құжат Білім Министрлігінің коллегиясының шешімімен қабылданып, қазіргі кезеңде де өзінің құқықтық күшінен айырылмай, іске асырылуда. Бұл Концепцияда қазақ мектебінің спецификалық ерекшеліктері толықтай ескеріліп, ол мақсат, міндеттерде көрсетілген: жалпыадамзаттық мәдениетпен ұлттық тарих пен мәдениет интеграциясы; өз халқының мәдениетін зерттеуге терең және жан-жақты көңіл аудару; ұлттық рух пен ұлттық мақтаныш сезімдерін дамыту; өз тілі мен әдебиетін тарихы мен мәдениетін сыйластық қатынас.
Авторлар атап көрсеткендей, бірінші, теориялық сатыда, білім беру мазмұны оқу жоспарында ұлттық мектеп спецификасына ескере отырып, 6 оқу блоктарын енгізу: тілдік, математика, жаратылыстану, қоғамтану, денешынықтыру және еңбек тәрбиесі. Тілдік оқу пәндер блогына тіл және әдебиет, тарих, мәдениет, өнер кіреді және олар өз мәдениетін, өз халқының өмірін зерттеуге арналған. Сонымен бірге, әрбір мектеп оқу жоспарына өзгерістер енгізуге құқылы.
Келесі, екінші сатыда, этнопедагогика негіздерін ескере отырып пәндер дәрежесінде нақты ұсыныстар береді. Мұнда білім беру мазмұны базистік оқу жоспарына кірген оқу пәндері бағдарламасында белгіленген. Сондықтан да, авторлар пікірлері бойынша әрбір оқу бағдарламасының мазмұнына ұлттық компонент көрсетілуі қажет. Бұл тек қана тілдік пәндер, өнер, әдебиет, тарих, еңбекке баулу емес, сонымен қатар, математика, жаратылыстану пәндері кіреді.
Авторлардың пікірлері бойынша қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып, халық ауыз әдебиеті, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық мәдениет арқылы таралып келе жатқан ерекше тәрбие жүйесі туралы айта келіп, осы жүйесі қайта қалпына келтіріп, оны алға қарай дамыту – бұл бүгінгі мектептің негізгі міндеттері деп атап көрсетеді.
Ұлттық сана-сезімде қалыптастыру, ұлттық мәдениетті зерделеу тек қана сыныптан тыс, мектеп тыс жұмыстарда қарастыру аз, ол үшін жұмыс барлық оқу пәндерінің мазмұны мен бүтін білім беру мазмұнын анықтау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Білім беру мазмұнын таңдаудың үшінші сатысы – оқу материалының дәрежесі. Мұнда әрбір оқу бағдарламасына сәйкес оған оқу-әдістемелік комплекс айқындалуы қажет (оқулық, дидактикалық материалдар, әдістемелік жинақ және т.б.). Сондықтан, әрбір пән бойынша негізгі оқулықты нақты тақырыптарды дайындау кезінде, теориялық материалдарды саралауда, сонымен бірге алған білімді бекіту материалдарында міндетті түрде ұлттық салт-дәстүрлер, мәдениет, тәрбие ерекшеліктері ескерілуі қажет.
Әрбір оқу пәні мазмұнында қазақ халқының алдыңғы қатарлы дәстүрлері, ұлттық сана-сезім, ұлттық мінезді зерттеуге көңіл бөлінуі тиіс.
Оқытудың әдіс, тәсілдерін таңдау барысында балалардың ұлттық психологиясы, мінезі ескерілуі, қосымша оқу-әдістемелік құралдардың мазмұны оқушылардың сана-сезімін қалыптастыруға бағытталуы қажет.
Келесі құжат, бұл Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі бекітіп, қазіргі уақытта өз күшін жоймаған, М.Ж.Смайлова басқаратын уақытша ғылыми-зерттеу ұжымы дайындаған мектептік және мектепке дейінгі кезеңдегі балалар тәрбиесі Концепциясы болып табылады.
Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне этнопедагогика идеяларын жүйелі түрде ендіру мақсатында әр «мектептің өзіндік ұлттық тәрбие жүйесін» құрды. Білім министрлігі тарапынан талап етілді және жыл сайын «тәрбие жүйелерінің көрме-понарамалары» өткізіледі, (1991ж. - 1997ж. аралығында). Жоғарыда аталған талаптарды жүзеге асыру мақсатында көптеген ізденушілердің өзіндік инициативасы бойынша авторлық тәрбие бағдарламалары жарық көрді.
Атамекен (М.Құрсақбаев) бағдарламасының мақсаты: Ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгісін жасау. Бұл бағдарламаның мазмұндық компонентіне «Салт», «Толғау», «Шежіре», «Асыл мұра», «Шаһар», «Дәстүр», «Жібек жолы», «Сөнбес жұлдыздар», «Салт бағыты», «Шежіре», «Домбыра дастан», «Наурыз», «Зергер», «Төрт түлік», «Көкпар», «Дулыға», «Қасиет», «Ас», «Балалар өсиеті», «Зерде», «Құсбегі», «Қыз бен жігіт», «Заман-ай», «Алыстағы бауырлар», «Достық», «Ардагер», «Ою-өрнек», «Бейнелер сыры», «Ата-ана», «Шариғат-құран» «Сәби», «Қайырымдылық», «Сауда» кіреді. Бағдарламаның іс-әрекеттік компоненті құрылымының алдында балалар мен ерексектерді біріктіретін ауылдық, аудандық, облыстық аймақтық «Атамекен» ордасын құру; «Елім-ай» атты ұлттық-этнографиялық іскерлік, шығармашылық-көріністік ойындарын өткізу; өз туын, эмблемасын, төсбелгісін, ұлттық киім формасын иелену; әрбір мектепте тарихи ұлттық-этнографиялық мұражайлар ашу.
3 бірлестік құру:
«Балдырғандар ата-баба елінде» І-ІV сыныптар;
«Мұрагер» V-VІІ сыныптар;
«Мирас» VІІІ-ХІ сыныптар.
Әрбір шығармашылық бағыт өзінің ұлттық-рәзімдік эмблемасын иелену міндеттері тұрды.
«Сенім» (А.Қыраубаева) бағдарламасының мақсаты: баланың өзіндік «Мен»-ін анықтауына көмектесу, қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, кісілікке, парасаттылыққа, жан-жақтылықта баулу, салауатты өмірге, имандылыққа тәрбиелеу, дене мәдениетін-жан тәрбиесімен бірлікте қарастыру, баланы сенімсіздік комплекстерден шығару болды. Бағдарламаның мазмұндық бөліктеріне әлем және мен, Тілашар-ауыз әдебиеті, Елтану-қазақ тарихының әліппесі, әлемтану дүние-жаратылыс әліппесі, әдеп-ақылық әліппесі, ислам мәдениеті, ежелгі қазақ мәдениеті, шығыс мәдениеті, европа мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қазақтың дәстүрлері әдебі, қазіргі қарым-қатынас, ұл-қыз әдебі, отбасындағы қарым-қатынас, отбасындағы баланың жан-дүниесі және тәрбиесі, заң негіздері, қолөнері енеді. Бағдарламаның іс-әрекеттік бөліміне еңбектену жауакершілікке үйрету, қиялдауды шектемеу, өзін еркін ұстауға үйрету, білім іздеудің жолын үйрету, жан-жақты мәдениетті болуды үйрету, пікірталас, іскерлік ойын, практикумдар жатқызылды.
«Кәусар бұлақ» (З.Ахметова) бағдарламасының мақсаты-тамыры тереңге кеткен тарихы мен өзіндік болмыс-бітімі бар халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, табиғат танымындағы алуан қырлы рухани мұрасын бүгінгі күнмен жалғастыра отырып, оны жас ұрпақ бойына жұғысты етуге күш салу еді. Бағдарламаның мазмұнына: Сөз анасы-сәлем (адамдықтың белгісі иіліп сәлем бергенің, алыстан сәлем береді әдепті елдің баласы, әр нәрсе жолымен лайықты, сыйласаң сыйысымды боларсың, сәлемнің сыңары-қоштасу).
Ұлттық болмыс ұғымдары (дүниетаным; Жер-Ана; Көк-Тәңірі; тіліміздегі дәстүрлі жетілік ұғым; қазақша ай, жыл атаулары мен сипаты; ұлыстың ұлы күні; ислам дініндегі халықтардың діни мерекелері, қазақтың тыйым сөзі-ұлттық тәрбие көзі, үзілмесін бабалардың батасы, «Білгенге-маржан»).
Атыңды адам қойған соң... (туған жерің-алтын кемер белің, елін сүйген есікке отырмас, әке-асқар тау, ана-мөлдір бұлақ, қарты бар үйдің-қазынасы бар, қарға тамырлы қазақпыз, әркім-сыйласқанның құлы),
Салт-дәстүрі қазақтың сарқылмайтын кенмен тең (бала-өмір өзегі, торқалы тойлар, жастардың сауық кештері, топырақты өлім үстіндегі парыздар, «Көп болып көтерген жүк жеңіл»),
Бағдарламада пікір талас, мақал-мәтел, жұмбақ сайысы, практикумдар, дөңгелек үстел, айтыстар, кештер, іскерлік ойындар, семинарлар, тапсырмалар орындау, дәрістер сияқты іс-әрекеттер жүзеге асты. Сонымен қатар бағдарламада студиялар, үйірмелер.
Дастарханы қазақтың-бөлінбеген еншісі (меймандостық, қонақ күту-ата дәстүріміз, «Шәй, шәй ішсең-көңілің жәй», «Ас адамның арқауы»),
Еңсесі биік ақ орда (киіз үйлі қазақпыз, ұлттық жасау жиһаздары, ас құярың кең болсын, тал бойыңа жарасар киген киім, ер-тұрманың сай болсын),
Өнерлі елдің өресі биік («өнер алды-қызыл тіл», «Құлақтан кіріп бойды алар», ұлттық әуез аспаптары, «Шебердің қолы ортақ», денең икемді болса, келбетің сүйкімді болады, қазақтың ұлттық ойындары сияқты компоненттер енді).
Қыздар әліппесі (К.Адамова, К.Қожахметова, Л.Сырымбетова) бағдарламасының мақсаты-ұлттық рухани байлықты жалпы адамзаттық мәдениетпен ұштастыру арқылы ұлттық рух, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін құрметтеу сезімін жетілдіру, өз халқымыздың мәдени мұрасын таныту арқылы әлемдік мәдениетке жетелеу адам, қоғам, табиғат жайындағы ұғымдарды игеру арқылы өзін-өзі тәрбиелеу, өз дағдыларын өзі шешу, өз ойын жүзеге асыру қабілеттерін дамыту болып табылады. [10,11].
Бағдарламаның мазмұны негізгі 6 бөлімнен тұрады: (бөлімдердің тақырыптары сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай аптасына 1 сағаттан берілген):
Достарыңызбен бөлісу: |