Диплом бітіру жұмысы тақырыбы : «Оқу-тәрбие үдерісін этнопедагогикаландыру жолдары»



бет15/22
Дата03.01.2022
өлшемі348.5 Kb.
#450852
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
досжанова асел диплом

Дамытушылық функциясы оқушылардың халықтың рухани қазынасын меңгеруге қызығушылығын оятып, қажеттілігін дамытады, тілін ұстартып, ой әрекеттерін белсендіреді, сенсорлық және қозғалыс, эмоциясы-ерік және қажеттілік-мотивациялық қабілеттерінің дамуын ілгерілетеді. Мысалы, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, бала тілінің мүкістігін түзетуде фольклордың, соның ішінде жаңылтпаш, қаламақ, санамақ сияқты қызғылықты ойын-ермектерінің дамытушылық қызметі өте жоғары. Қазақтың «Аталы сөзге ақымақ тоқталмас» деген сөзінің өзі-ақ олардың сөйлеу мәдениетінің ой-сананы дамытудағы қызметін терең түсінгенінің айғағы.

Халықтың педагогикалық тәжірибесінде белгілі бір кәсіпкерлікке машықтандыру (атбегі, құсбегі, малшы, егінші, т.б.) баланы байқампаздыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа үйретеді, өз бетімен ой қорытып, объективтілерді мәнді белгілеріне қарай ажыратуға, іс-әрекет жасаудың өнімді амалын, жолын іздеп табуға ұмтылдырады.

Балалардың сенсорлық, қозғалыс, эмоциялық сфераларының дамуында қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері маңызды қызмет атқарады. Зергерлік өнер, құрақ құрастыру, түстерді, формаларды үйлестіру кеңістікте орналасытру іскерліктерін, түстерді, формаларды қабылдағыштық қабілетін ширатады. Айран, қымыз, шұбат тәрізді ұлттық тағамдарды дайындап үйрену олардың дәм, иіс сезгіш қабілеттерін арттырады.

Табиғат аясында өскен бала құстарды, жануарларды ізіне, дауысына, мінез-қылықтарына, тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай ажырата біледі. Қазақ балаларының ауа райының өзгерісін, құбылысын тап басып болжай алатын байқағыштығы, сезімталдығы сияқты таңқаларлық қабілеттері аңыз, ертегі үлгілерінде көптеп кездеседі.

Ат құлағында ойнайтын жасөспірімдердің «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Көкпар» сияқты ұлт ойындарындағы шеберліктері бүгінгі цирк акробаттарының ептілігінен кем түспейді.

Жігіттің тау қыраны сияқты епті де сергек қимылы, қыздың әсем шәй құйысы, паң жүріс-тұрысы қимылы ғана емес, қозғалыс және эмоциялы-ерік аясын жетілдіреді.

Домбыра мен қобызда шебер ойнауға жаттықтыру, саз өнеріне баулу дене қимылы үйлесімділігі, еңбек дағдылары, ой жүгірту қабілеттерінің дамуына септігін тигізген. Сөйтіп, жас өрімталдың бойындағы күш-қуатын қозғалысқа келтіріп, бұлшық еттерін шыңдаған, қолы мен аяқтарының икем-ептілігін, иілгіштігін арттырған.

Ән-күй және қолөнерімен шұғылдану баланың эстетикалық сезімін, көркемдікті қабылдау, әсерлену қабілеттерін, талғампаздығын, эмоциялық ерік сфераларын дамытады.

Әлеуметтендіру функциясы жеткіншектердің өз ұлтының рухани-мәдени мұрасын сезіне білуін, өзінің Қазақстан Республикасының азаматы екендігін саналы түсінуін қалыптастырады. Ата-бабалары қаһармандық ерліктеріне ғұлама ойшылдар мен қайраткерлердің өнегелі істеріне мақтаныш сезімін туғызады. Туған елі мен әлемдік деңгейдегі өз үлесі мен жауапкершілігін түсінуіне мүмкіндік береді.

Бүгінгі күнде бала тұлғасын әлеуметтендіру проблемасымен бірқатар педагогтар мен психологтар айналысып жүр, бұл тұрғыда жасалған, арнайы тұжырымдамалар да бар (Э.Дюркгейм, Т.Парсонс, Д.Г.Мид, А.Ительсон, А.В.Мудрик, И.С.Кон, А.В.Петровский, Г.М.Андреева т.б.).

П.И.Пидкасистыйдың пікірінше, мінез-құлықтың әлеуметтік мөлшері мен мәдени құндылықтар үлкендер беделінің ықпалымен тиімді игеріледі. Осы ретте халқымыздың ірі тұлғалары (ғұлама, қаһарман, жырау, хан, би-шешен ағартушылары, шеберлері, т.б.) үлгі-өнегісінің әлеуметтік мәні зор. Олар баланың мақтаныш сезімін оятып, жақсы істерге ынталандырады.

Жеке тұлғаның азаматтық көзқарасы қалыптасуының әлеуметтендірілуі оның қоғамдағы, елдегі, әлемдегі өзгерістерге және уақиғаларға өзінің де қатысы барын, сезініп азаматтық парызын салмақтай білуінде. Азаматтық көзқарастың қалыптасуы жеке даманың қоғамдық мінез-құлық ережелері мен моральдық қағиданы саналы түрде орындауынан, күнделікті зиялы қылығы мен іс-әрекеттерінен, тәртібінен байқалады. Тәртіпті болу өз ретінде ұстамды, табанды болуға, өзін-өзі ұстай білуге, обал, ысырап, ниет ұғымдарына терең бойлауға, оны бұлжытпай орындауға байланысты. Қоғамдағы моральдық өлшемді сақтай білу ерік күшін шыңдау, адамдармен қарым-қатынаста сыпайылық, ілтипат сақтау, жинақы, тыңғылықты болу және мәдениетті болуды талап етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет