Диплом ж ұ мысы тақырыбы: «Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі»


Қазақ тіл үйірмесінің жылдық жоспары



бет8/11
Дата29.10.2023
өлшемі391 Kb.
#481918
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дип.-Бастауыш-мектепте-қазақ-тілінен-кластан-тыс-жұмыстарды-ұйымдастыру-әдістемесі (1)

Қазақ тіл үйірмесінің жылдық жоспары.


Үйірме

Тіл дамыту

Ұлттық дәстүрлер,

Ұлттық

жұмысының

тақырыптары

үлттық тағамдар

ойындар

мерзімі










1

2

3

4

Қыркүйек










1-сабақ

Менің жанұям

Қазақтың ою

"Айгөлек"







өрнектері, үй

ойыны







жиһаздары




2-сабақ

Сәлемдесу,




"Сақина"




Қоштасу.

"Шілдехана" тойы.

ойыны.

Қазан










1-сабақ

Аптаның күндері

"Түсау кесер" тойы.

"Ақсүйек"




Жыл, ай аттары.




ойыны.

2-сабақ.

Құттықтау.

Қонақ күту.

"Ұшты -

Дастархан жаю.

ұшты"

Шай ішу.

ойыны.

Қараша










1-сабақ

Қазақтың халық

Домбыра, күй өнері.

"Қап киіп




композиторлары.




жарысу"

2-сабақ

Ризалық білдіру.

"Беташар " тойы.

Доп










ойындары.

Желтоқсан










1-сабақ

Қазақстанның

Сүттен жасалған

"Асық ату"




табиғаты.

тағамдар.




2-сабақ

Алғыс айту.

Мақал-мәтелдер,

"Телефон"







жұмбақтар.

ойыны.

Қантар










1-сабақ

Әсемдік, сүлулық

Еттен жасалған

"Қазақша




поэзиясы

тағамдар.

күрес"

2-сабақ

Сәлем айту.

Халық ертегілері.

"Ат жарыс"

Ақпан










1-сабақ

Адам, табиғат

Қазақтың атақты

"Білектесу".




қорғау.

билері.




2-сабақ

Ән үйренейік.

Үйлену тойы.

"Арқан










тартыс"

Наурыз










1-сабақ

Қазақтың салт-

Наурыз тойы.

"Соқыр




дәстүрлері.




теке".

2-сабақ

Кешірім сұрау.

Наурыз көже.

"Қуыр-қуыр,










қуырмаш".

Сәуір.










1-сабақ

Қазақтың

Нанның түрлері.

"Орамал




батырлары.




тастау".

2-сабақ

Қуаныш білдіру.

Ананы қадірлеу.

Әдеби










викторина

Мамыр










1-сабақ

Ұлттық аспаптар.

Асыл сөздер, ақ

"Алты







тілектер.

бақан".

2-сабақ

Ақыл айту.

Адам, жер су аттары.

Грамматика-










лық










ойындар.

Маусым










1-сабақ

Қазақстанның өнер

Сәндік бүйымдар:



"Тоғыз




қайраткерлері.

Сәукеле, шолпы.

құмалақ".

2-сабақ

Келісім беру.

Төрт- түлік мал.

Мәнерлеп








оқу сайысы.













Қазақ тілі апталығы.
Қазақ тілінен өткізілетін кластан тыс жұмыстардың тағы бір түрі-қазақ тілі апталығы. Бір апта шеңберінде жүргізілетін бұл жұмыстар тіл дамытуға байланысты әдіс түрлерінің бэрі дерлік қамтылуы мүмкін. Оған барлық жағдай бар: біріншіден, бұл жұмысқа оқушылар бүкіл мектеп болып қатынасады да, екіншіден, жоспарланған жұмыс мерзімі бір апта бойына созылады. Апталық барысында оқушылар әңгіме құру, мәнерлеп оқу, жатқа айту, сұрақ-жауап арқылы әңгімеге қатысу жұмыстарына араласып, тіл дамытып қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің пән бойынша білімін тексеріп, жалпы қазақ тіліне деген сүйспеншілігін арттырып, тілді практика жүзінде игереді. Қазақ тілі апталығын деңгейіне жеткізіп өткізуде пән мұғалімінің алатын орны ерекше.
Жылына бір рет дәстүрлі түрде өткізілетін қазақ тілі апталығының жоспары оқу жылының басында пән мұғалімдерінің кеңесінде бекітіп, оны мектептің жылдық жоспарына ендіру керек. Бұл жұмысты ұйымдастыруға өзге пән мұғалімдерін де қамтыған жөн.
Қазақ тілі апталыгының жоспары.
Бірінші күн. Апталықтың жоспарымен оқушыларды таныстыру. "Қазақ тілі апталығы" деп аталатын апталықтың күнделікті жұмысын көрсететін арнайы стендті мектептің көрнекті жеріне орналастыру. Сонымен бірге апталыққа арнайы дайындалған қабырға газеттері мен плакаттарды ілу.
Екінші күн. Класс бойынша сын жұмыстарын жүргізу (шағын сөздік диктанттар, сұраққа жауап беру, белгілі тақырыпқа шағын әңгіме құру, сөз, сөз тіркестерін, сөйлемдерді меңгеру сурет бойынша әңгімелеу, жартылай сөйлемдерді толықтыру, жекелеген сөйлем құру т.б.). Кластан тыс уақытта "Қазақ ертегілерінің" күнін өткізу .
Үшінші күн. Облыстық-тарихи-өлкетану музейіне экскурсия. Шымкент облысынан шыққан Советтер Одағының батырлары жайында қазақ тілінде мәліметтер әкеліп, мектептің музей қорын толтыру.
Төртінші күн. "Менің Қазақстаным", "Менің өлкем" атты тақырыпта жасалған қабырға газетімен альбом конкурсын өткізу. Тақпақ, мәнерлеп оқу конкурсын ұйымдастыру. Ашық сабақтар жүргізу.
Бесінші күн. Төменгі кластар үшін "Сен не білесін?" атты қазақ халқының жұмбақтары мен мақал-мәтелдерінің викторинасын еткізу. Жоғарғы класс оқушылары үшін "Менің Республикам" тақырыбына үй шығармасын жаздыру. Диафильмдер бойынша әңгімелесу.
Алтыншы күн. Апталықтың салтанатты жабылу кешін өткізу. Конкурстарда, сын жүмыстарда алдыңғы орын алған оқушыларға сыйлықтар, грамоталар тарату. Апталықты өткізуге белсене қатынасып, өзін жақсы көрсеткен кластар мен оқушыларды атап өту. Облыс ақындармен кездесу.
Апталықты ұйымдастырудан бұрын хабарландырулар ілінеді:
"Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар !"
Мектебімізде қазақ тілі апталыгы жургізіледі. Апталыща барлық класс оцушылары қатынасады.
Біздіц девиз: "Қазақ тілін қастерлейміз ".
Бэріцізді қазақ тілі апталыгының конкурстарына шаңырамыз, конкурстардың нэтижесі апталықтың ақыргы куні қорытылады.

ҚАЗАҚ ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ

АПТАЛЫҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
Бірінші күн- Апталықты үйымдастыру.
Екінші күн - Көрме үйымдастыру Үшінші күн- Мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, жаңылтпаштардан сайыс үйымдастыру
Төртінші күн- Сурет салу, салт-дәстүрлер көрмесін ұйымдастыру Бесінші күн- Сахналық көрініс көрсету Алтыншы күн- Апталықты қорыту
Конкурстарда жүлделі орын алғандар
1. --
2.
3.
ЖАУАПТЫЛАР
Класс жетекшісі, қазақ тілі пәнінің мүғалімі.

Апталықтың бірінші күні мектеп залы салтанатты түрде , мерекелі күндердегідей ерекше безендіріледі. Апталықты мектептің директоры салтанатты түрде ашып, сөз сөйлеп, кезекті оқушыларға береді. Сонымен бірге хор, түрлі тақпақ, өлеңдер орындалады. Концерт соңынан оқушылар өз қолдарымен жасаған қазақтың ұлттық тағамдарын апталыққа келген қонақтарға ұсынады.
Апталық жоспары бойынша мүғалімдер ашық сабақ жүргізіп, кластар бойынша сын жұмыстар алады.
Қорыта айтқанда , бүл апталық тәжірбиесі мектепте қазақ тілін оқытып жүрген оқытушылардың практикалық-методикалық әдістерін молайта



түссе, сондай-ақ оқушылардың қазақша сөйлеу, мәнерлеп оқу, өз бетінше сөйлем құрастыру, сүраққа жауап қайтару--жалпы қазақ тілін оқып-үйренуге ынтасын арттыратыны сөзсіз.
Қазақ тілі олимпиадасы.
Қазақ тілі олимпиадасы—бүкіл оқушылар мен оқытушылар қауымының белсенділігін арттырып, қазақ тілін үйретуге байланысты түрлі жұмыстарды жан-жақты жақсарту үшін ұйымдастырылатын ғылыми-практикалық жүмыс.
Олимпиада жұмысының нәтижесі -мектептерде қазақ тілі сабағының сапасын және осы пэн бойынша кластан тыс жұмыстардың қаншалықты мол, жиі жан-жақты жүргізілу дәрежесін анықтайды.
Мектеп олимпиадасы жылына бір рет міндетті түрде пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өтіледі. Содан кейін одан жүлдені алып шыққан оқушылар аудандық, қалалық, облыстық және республикалық олимпиадаларының конкурстарына жіберіледі.
Олимпиада білім сайысының үлкен бір түрі болғандықтан, мүнда да оның жеңімпаздары мен жеңілушілері болады. Сабақта озат оқып, қазақ тілі үйірмесінде және басқа кластан тыс жұмыстарда жан-жақты білім алып, теориялық білімін күнделікті өмірде қатынас құралы ретінде қолданып жүрген оқушы енді өзі сияқты оқушылармен сайысқа түсіп, білімін тексереді. Мұндай жұмыс оқушының да, оқытушының да белсенділігін, тілге деген құштарлығын арттырады. Сондықтан оқушыларды олимпиадаға дайындауда негізгі күш мұғалімдерге түседі.
Оқушыларды олимпиадаға дайындағанда олардың дұрыс жауап беріп қойғанымен қанағаттанбай, шығармашылық ізденіс жасап, терең және жан-жақты жауап беруіне бағыт жасап отыру керек.
Олимпиада барысында оның мүшелері класс-класқа бөлініп, үш тур шеңберінде өтілетін конкурстарға қатынасады. Бір күнде бір турдан артық жүргізілмейді.
I - турда - жазба жұмыстары
II - турда - ауызша сөйлеу жұмыстары
III - турда - өнер - білім сайысы жүргізіледі.
БІРІНШІ ТУР
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқитын оқушыларға конкурстарда, олимпиадаларда , жалпы сынақ жұмыстарында жазба жүмысы ретінде диктант жүргізу дұрыс емес. Себебі қазақ тілін оқытудағы негізгі мақсат сауатты жазуға үйрету емес, оқушыларға қазақ тілін қатынас құралы ретінде үйрету, сондықтан балалардың ауыз екі сөзіне көбірек көңіл бөлінеді. Әрине, мүны жазба жұмысынан бас тарту деп түсінбеу керек, қайта диктанттың орнына жазба жұмыстарының басқа да түрлерін қамту керек деп түсіну керек. Ал диктанттан тек сөздік диктанты ғана жүргізілуі мүмкін.
Олимпиаданың 1-турында жазба жұмыстарының мынандай түрлері жүргізілуі мүмкін: сөздік диктанттар, сөз, сөз тіркестерімен, сөйлеммен жұмыс істеу, түрлі грамматикалық жаттығулар жүргізу, сөздерді сөйлем қалпына келтіру, әңгіме қүру, сұраққа жауап жазу, диалог, монолог құру т.б.
Сөздік диктанттар тақырыптық болып , не болмаса қазақ тіліне тән дыбыстары бар, оқушыларға белгілі сөздерден түратын болып екіге бөлінеді.
1. Тақырыптық сөздік диктант.
«Мектеп, оқу құралдары»
Мектеп, кітап . дәптер, қалам, қарындаш, оқушы, оқытушы, күнделік, өшіргіш, сурет дэптері, қағаз, сызғыш, қоңырау, үзіліс, тоқсан.
«Бау, бақша, жемістер»
Ағаш, өсімдік, өрік, алма, алмүрт, асқабақ, қауын, карбыз, сэбіз, шие, қияр, жүзім, пияз, жаңғақ, нэк, шабдалы, шөп т.б.
11. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздік диктант.
Қарлығаш, ғалым, энші, аға, іні, сіңлі, қарындас, түлкі, әділет, қараторғай, бұлбұл, шапшаң, төмен, биік, жоғары, алыс, өнер, білім, өмір т.б.
Сөздік диктантардың сөз саны класс жоғарылаған сайын өседі де, ең көлемдісі 40-50 сөзден аспауы керек. Себебі, сөздік диктанттарда белгілі бір ой жоқ, тек заттың, не үғымның аттары және әрбір сөзде жазу ерекшелігі ескеріледі.
Сөзбен, сөз тіркестерімен, сөйлеммен жүмыс жүргізу үлгілері.
I. Мына сандарды сезбен жаз:
26, 145, 86, 1994, 75.
II. Көп нүктенің орнына керекті сөз қойып жаз:

  1. Ғалым кітап дүкеніне ....

  2. Ол кітап ....

  3. Ғалым кітапты Ғазизаға ....

  4. Кітапта ....кепекен.

  5. Ғазиза кітапта ....

III. Келесі сейлемдерді құрмалас сөйлемге айналдыр.

  1. Кітап он теңге түрады.

  2. Сағат он екіде мектепке барамын.

  3. Біздің класта жиырма сегіз оқушы оқиды.

  4. Кектемде екі қарлығаш үшып келді.

  5. Ойынға он бала қатынасты.

IV. «Тәулік», «күн», «ай», «апта», «жыл»
сөздерімен сейлемдер құрастыру.
V. Мына сөздерді орысшадан қазақшаға аудар .
Живу в городе Шымкенте.
Моего друга зовут Талгат.
Мы вместе учимся.
Наш класс находиться на третьем этаже.
VI. Киімдердің атын жаз:

  1. Сырт киім

  2. Іш киім

  3. Аяқ киім

  4. Бас киім




  1. Үй жануарлардың атын жаз :
    Айуандардың атын жаз:

  2. Келесі сөздермен сөйлем қүр:
    Жат, оян, сүрт, іш, ки.

  3. Мына сөздерді өз орнына қойып сөйлем құр:




  1. Жатыр, келе, Арман, мен, Аян, автобуспен.

  2. Отырды, аялдама, әже, автобусқа.

  3. Терезеге, Арман, берді, отыра, қарап.

  4. Тұрмады, ол.

  5. Дереу, берді, түрып, эжеге, орнынан, Аян, орын.

X. Келесі сөйлемдерге жалғау жалға:

  • Хатты кім... алдың ?

  • Хатты ағам... алдым.

  • Ұста үстелді не... жасады?

  • Ұста үстелді тақтай... жасады

  • Әсет суды не... әкелді?

  • Орманшы қай... келді?

  • Орманшы орман... келді.

Екінші тур
Екінші түрдың мақсаты - оқушылардың сөйлеу қабілетін , тіл дамыту деңгейін - жалпы қазақ тілін қатынас құрал ретінде оқушының пайдалану мүмкіншілігін анықтау. Сондықтан жүмыс түрлерінің барлығы ауызша жүргізіледі. Олар: тексті мазмүндау, сүраққа жауап беру, сурет бойынша әңгіме жүргізу, мақал-мәтелді, жұмбақ айту, мәнерлеп оқу түрлері, тақырыпта әңгіме айту т.б.
Үшінші тур
Олимпиаданың бүл ақырғы турында оқушылар негізінен өнер - білім сайысына түседі . Бүл сайыста оқушылардың қазақтың үлттық тағамдары, ұлттық киімдері , ұлттық салт – дәстүрлері және ұлттық өнері жайында білімдері бағаланады . Ұлттық тағамдардың аты (бауырсақ, қуырдақ, тапа нан , құрт, май, сөк, көже т.б. ), ұлттық киімдердің аты (шапан, бөрік, сәукеле, ішік, тон, кебіс, кимешек, мәсі, күрте, етік т.б.), ұлттық салт-дәстүрлердің аты (шілдехана, тұсау кесер, үйлену тойы, қыз ұзату, бет ашар, асар, құда түсу т.б.) карточкаларға үш сұрақтан жазылып , соның біріне (яғни үш сұрағы бар бір карточка, не болмаса билетке) оқушы толық жауап береді.
Келесі кезекте оқушылар өнер сайысына түсіп, қазақша өлең айтып, би билейді, не болмаса музыкалық аспаптарда өз өнерін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет