Диплом ж ұ мысы тақырыбы: «Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі»



бет7/11
Дата29.10.2023
өлшемі391 Kb.
#481918
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дип.-Бастауыш-мектепте-қазақ-тілінен-кластан-тыс-жұмыстарды-ұйымдастыру-әдістемесі (1)

Бірінші бағыт:
Әр түрлі себептермен оқушылардың ұзақ ауруына байланысты, бірінші мектептен екінші мектепке ауысуына байланысты, білім деңгейі, біліктілігі төмендеген оқушылармен жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім деңгейлері бірдей болатын оқушыларды 3-4 - тен топтастыра бөліп алып, сабақтан тыс уақытта қосымша дәріс беру арқылы жүргізіледі. Қалыс қалған оқушылармен дайындық мүмкіндігінше жүйелі түрде әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек.
Қайталау жасалынғаннан соң, оқушылардың білім деңгейі дәрежесіне толық көз жеткізу үшін қорытынды бақылау жүргізіліп, әр тақырып бойынша оқушылардың қалыс қалу себептерін анықтап, жиі жіберген қателіктерге талдау жасауы керек.
Екінші бағыт:
а) Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру;
ә) Бағдарламада қамтылған сүрақтарды тереңірек және кеңірек оқыту;
б) Оқушылардың қабілеттерін, іздену дағдыларын арттыру;
в) Ғылыми - көпшілік әдебиеттерді өз беттерімен пайдалана білуге
үйрету.
Кластан тыс жүргізілетін жұмыстардың төмендегідей түрлерін атауға болады:

  1. Қазақ тілінен үйірме жүмыстары;

  2. қазақ тілінен викториналар, конкурстар.

  3. қазақ тілінен олимпиадалар;

  4. қазақ тілі кеші;

  5. қазақ тілінен сыныптан тыс әдебиеттер оқу;

  6. рефераттар мен шығармалар жазу;

  7. қазақ тіліне қабырға газетін шығару;

  8. апталықтар; т.б.

Сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын талаптардың бірі - олардың алуан түрлілігі жэне жаңа эдістермен толықтырылуы. Оқушылар үйірме жүмыстарына, ертеңгіліктерге, апталықтарға, түрлі сайыстарға баруы үшін онда тартымдылық, алуан түрлілік, жаңалық болуы керек.
Дипломдық бүл жұмыста жоғарыда аталған кластан тыс жұмыстардың ішіндегі ең өзектілері - қазақ тілі үйірмесі, қазақ тілі апталығы, қазақ тілі олимпиадасын ұйымдастыру әдістеріне толығырақ тоқталамыз. Өйткені кластан тыс жұмыстардың бүл күрделі түрлерін ұйымдастыру барысында жоғарыда аталған барлық кластан тыс жұмыстардың түрлері қамтылды.
Қазақ тілінен ұйымдастырылған үйірменің де өзге үйірмелер мүшелері, жетекші жұмыс жоспары болуы керек. Үйірме барысында балалардың көмегімен қосымша материалдар дайындалуы қажет.
Ең қиыны - үйірмені ұйымдастыру, оған оқушыларды қызықтыру. Шебер оқытушы үйірмеге оқушылардың өзі келетіндей әсер етуі керек. Тілге тікелей қатысы бар қызықты материалдармен балаларды еліктете білу қажет.
Осындай мәселелерді жекелеген оқушылармен бірігіп дайындалып, қызықты етіп класқа ұсынуға болады. Сонан соң біз де осы мәселемен айналысайық деген балалардың санын көбейтіп барып, үйірмеге айналдыруға да болады.
Үйірме мәжілістері әдетте арнайы бір тақырыпқа байланыстырып ұйымдастырған үтымды болады. Әрине, оны балалардың жас ерекшіліктеріне қарай құбылтып отыру үйірме жетекшісінің міндеті.
Класс оқушылары өз есімдерінің мән-мағынасын шамалап білгенімен, олардың шығу төркінін, жаратылысын көбіне біле бермейді. Ал аты жөндерінің тарихымен таныс еместері көптеп табылады.
Мұндай мәселенің анық-қанығына жетуге балалар, сөз жоқ, қызығады, тырысады. Ал кейбіреулерін осыны да біліп алмаппын-ау деген намыс қысады. Оқытушы класс балаларының бұл мәселе жөнінде мәліметін түгел анықтап алғаннан кейін оларға есімнің шешімін үсынады.
Кластан тыс жұмыстардың ұлттық мектептердегі кластан тыс жұмыстарды салыстырсақ:
Андрей - "мужественный ", Александр - "защитник ", Игорь - "сила", "войнство", Олег - "священный", Ирина - "мир", Ольга - "знатная", Владимир - "владей миром" т.б.
Мұндағы мақсат орыс кластағы оқушының жұмыстарымен байланыстыру.
Сонымен бірге кластағы балаларының есімдеріне арнайы тоқталып талдаған дұрыс:
Бақыт - "счастье", Жүлдыз -"звезда", Меруерт - "жемчуг", Сауле -"луч", сияние, Дария - "большая, широкая река, море" т.б.
Өзге ұлт өкілдерінің балаларының есімдеріне де міндетті түрде түсінік беруге тырысу керек.
Оқушы аты-жөні тамыры тереңде жатыр. Оның төркінін үйдегі ата-аналары да дөп басып таба бермейді. Оқушыларға өз есімдерінің және аты-жөнінің тарихын іздестіріп келуді үйге тапсырма етіп берген жөн. Интернационалдық есімдерді іздестіру, топтастыру, оларға тілдік талдау жасауды балалардың өздеріне тапсыруға болады. Бұл есімдердің көбісі кейіннен жазылынған, немесе біздің тілімізге орыс тілі арқылы енген.
Бір,екі мысал келтірейік. Артур, Марат, Спартак, Жанна , Дина т.б.
Әдеби шығарма кейіпкерлерінің есімдерін уағыздау мәселесіне де көп көңіл аудару қажет. Біз сөз етіп отырған оқушылар қазақ әдебиетін, қазақстан тарихын арнайы оқитынын ескерсек, бүл мәселенің кұндылығы арта түспек. Бұл арада қазақ ақын- жазушыларының есімдері мен аты-жөні міндетті түрде сөз болады.
Соның ішінде орыс тілі мен әдебиетіне байланысты, география, тарих пәндері бойынша ұйымдастырылатын қосымша жұмыстардың бағдарын біліп отырғаны орынды.
Көркем өнерпаздар үйірмесінің жұмысына араласып, қазақ тілінде орындалатын шығармаларды міндетті түрде енгізіп отыру керек.
Үйірме жұмысын жандандырудың тағы бір жолы - ойын элементтерін кеңінен пайдалану. Шағын сахна ұйымдастыру, айтыс элементтерін енгізу, пэн сайысын өткізу. Тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш сияқты қазақ тілінің қыр-сырын аша түсінетін талай тақырыптарды пайдалануға болады.
Үйірме жұмысын ұйымдастыруда мұғалім көрнекілікті, техникалық құралдарды кеңінен пайдаланған жөн. Ол үшін тақырыпқа байланысты кітаптар, суреттер, диофильмдер, эпидиаскоп пен кинопроекторларды мұғалім керекті жерінде көрсетіп отырады. Үйірмеде оқушылар ән-күй жазылған күйтабақтарды, ғалымдардың естеліктерін, магнитофонға жазылған радио хабарларын тыңдауына болады. Сонымен бірге үйірме жетекшісі оқушыларды жаңа шыққан кітаптармен, фильдермен, не ғылымда болып жатқан жаңалықтармен таныстырып отырады. Кей жағдайларда мұғалім оқушылардың тілін жаттықтыру үшін, олардың тілге деген ынтасын арттыру үшін мұндай тапсырмаларды олардың өздеріне жүктеп отырады.
Қорыта келгенде, тіл үйірмесінің жұмысы осылай жан-жақты жоспарланып, түрлі қызықты материалдармен қамтамасыз етіліп оқушыларды барынша қызықтырып ұйымдастырғанда ғана өз мақсатына жетеді деп ойлаймыз.
Үйірме жұмысының негізгі мақсатының бірі - оқушыларды қазақтың мәдениетімен, тұрмыс салт-дәстүрлерімен таныстырып, білімін арттыру арқылы тіл дамыту, тіл ұстарту жұмыстарын жүргізу, оқушылардың қазақ

тіліне деген ықыласын арттыру.


Дипломдық жұмыста үйірме жұмысының бір жылдық жоспарын беріп отырмыз.
Үйірме жұмысының мақсаты- оқушылардың тілін дамыту, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысынан, дәстүрлерінен көбірек мәлімет беріп, оқушылардың білімін арттыру. Бұл жоспар бойынша әр үйірме сабағының материалы негізгі үш бөлімнен түрады:
I. Тіл дамыту тақырыбы және сыпайы үлгілері.
II. Ұлттық дәстүрлер.
III. Ұлттық ойындар.
Әр сабақта оқушылар осы тақырыптар бойынша деректер алып, білімдерін айтып, тілін дамытады.
Мысалы, қыркүйек айында өтілген бірінші сабақта "Менің жанұям" деген тақырып бойынша оқушылар өздерінің жанүясы, отбасы жайында әңгіме құрастырып, диалог жасап, осы тақырыпқа байланысты сөздік қорын молайтып, "Қазақтың ою-өрнектері, үй жиһаздары" деген тақырып бойынша мұғалімнің, оқушылардың алып келген оюларымен, үй жиһаздары жайында мәліметтерімен танысады.
Оюдің негізгі түрлері:
Қошқар мүйіз, сынық мүйіз, арқар мүйіз, қырық мүйіз, түйе табан т.б. болып аталатынын оқушылар біліп қана қоймай, оларды сурет дәптеріне салып та үйренеді.Ал үй жиһаздарына келетін болсақ , Олар :
Алаша, аяққап, бесік, кебеже, сандық, сырмақ, текемет, түскиіз, жүкаяқ т.б.
Келесі, екінші сабақта енді тіл дамыту жүмысы жоспар бойынша сыпайы сөйлеу үлгілерімен жүргізіледі.
Мысалы:
"Сәлемдесу", "Қоштасу" т.б. Мұғалім сөйлеу үлгілерімен таныстырып болған соң, оқушылар оны рольдік ойындар барысында игереді. Оқушылар сәлемдесу мен қоштасудың белгілі түрлерімен, яғни "Сәлеметсіз бе ?" " Амансыз ба?" деген түрлерімен ғана танысып қоймай, басқа да "Кеш жарық", "Кайырлы таң"т.б. түрлерімен де танысады.
Жүйелі түрде ұйымдасқан үйірме жұмысы өз нәтижесін де беретіні сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет