Диплом жұмысы алматы 2022


Дидар Амантай шығapмaшылығындaғы дәстүр мен жаңашылдық



бет6/10
Дата09.04.2023
өлшемі87.74 Kb.
#471972
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Арай диплом

2. Дидар Амантай шығapмaшылығындaғы дәстүр мен жаңашылдық
2.1 Зaмaнayи oйлap тoлғaныcтapының күpдeлi әлeмi немесе романдардағы үндестік пен үрей
Егемен еліміздің қазақ әдебиеті халқымыздың көп ғасырлық тарихы бар рухани мәдениеттің негізі ретінде әр уақытта жүйелі түрде әрі кешенді зерттеуді қажет етеді. ХХІ ғасырдағы қазақ романдарының даму тенденциясын, көркем шығармашылық ойлау үдерісін зерттеу қазіргі отандық әдебиеттану ғылымының маңызды мәселелерінің бірі. Себебі әдебиеттің жетекші жанры ретінде қазіргі романдарды зерттеу тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби үрдістің дамуындағы көркем шығармашылық мәдениеттің тарихи даму жетістіктерін шешуге мүмкіндік берсе, екіншіден, қазіргі заманғы көркем шығармашылық мәселелерін түсіну үшін де маңызды болмақ. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында постмодернистік бағыттағы әдеби құбылыстарды зерттеуге үлес қосқан ғалымдардың бірі Б.Майтанов: «Постмодернизмнің негізгі бір амалы интертекст, яғни біз мәнін – «кентавр» деп жұмбақтауға лайықты аралас мәтін болса, ол бір ғажабы кеңестік дәуірге ғашық Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарымында» аса мол еді, Сәкен Сейфуллиннің «Біздің тұрмыс» романында реминисценция үзіктері бүгінгі таңға мерзімінен бұрын қол бұлғап тұрғандай. З. Шашкин, Ә. Нұрпейісов, Т. Әлімқұлов, Р. Тоқтаров, М. Мағауин шығармаларында бұл бағыттағы тәжірибе үлгілері жеткілікті. Автор құбылыстарына лайықты мысалды М. Мағауиннің «Жармақ» романынан-ақ көресіз», – деп тәуелсіздік кезеңінен кейінгі, әсірсе, ХХІ ғасырда туындаған постмодернстік тенденциялардың сонау кеңестік кезеңде көрініс тапқанын айта отырып, социалистік реализм шеңберінің қағидаты басқа әдеби ағым бағыттардың дамуына, қанат жаюына мүмкіндік бермегенін айтып, әдеби сын мен ғылымда бүгінгі әдеби даму тенденцияларды бағамдауға, жаңаша ғылыми-теориялық мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік беретінін айтады.
Қазіргі қазақ романдарындағы постмодернистік тенденцияның көріністері, оның көркем шығармалардағы поэтикалық мазмұны нақты жекелеген жазушылардың, атап айтсақ, Т.Әбдіков, М.Мағауин, А.Жақсылықов, Р.Сейсенбаев, А.Асылбек, А.Кемелбаева, Д.Амантай, А.Алтай т.б. тәжірибелері арқылы көрініс берді. Әдеби сында постмодернистік кезеңдегі туындалар қатарында Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романы аталады. Сыншы Ә. Бөпежанова: «Гүлдер мен кітаптар» сынды шығарманы мен қазақ әдебиетінде бұрын-соңды алғаш оқуым. «Гүлдер мен кітаптар» – көп планды роман. Әдеттегі ұғымдағы, себеп-салдарлы, классикалық үлгідегі көп планды да көлемді роман емес, көлемі шағын, соған қарамастан, конструкциясы өте дамыған – бірнеше идеяны қат-қабат алып жүретін роман; оқырманнан мәдени-философиялық оқылымды талап еді. Романда бірнеше пласт, қат-қабат бар», – деп, аталған романды мәдениеттегі құбылыс деп бағалайды. Бұл туралы Л.Сафронова жазушы болмысының көп қырлы екенін, оның модернистік идеологияны ағартушы, суреткер-реалист, сонымен қатар суреткер-романтик, эстет позицияларын қатар ұстанатынын атап өтеді. Зерттеушілер Д.Амантайдың бұл романын постмодернистік эстетикамен ұштастырады. Ғалым Б. Майтанов: «Автор баяндау барысын күлт үзіп, кенет күтпеген философиялық пайымдау сарынына түсе салады да, одан тағы оп-оңай шығып кетеді, әдеттегі өмір көріністерін үзілмелі кескінде бейнелеуге көшеді... Д.Амантай шығармаларында аллюзия, интертекст, реминисценция және «сана ағымының» автор еркіндігімен сабақтас түрі елеулі философиялық, тұрмыстық, эзотериялық мәселелерді постмодернистік поэтика ауқымында қарастыруда зор стиль түзушілік роль атқарады», – дейді.
Қазіргі қазақ прозасының көркемдік көкжиегін кеңейткен «роман-ойтолғау», «роман-толғаныс», «роман-эссе», «роман-айтыс-тартыс», «роман-гепотеза» сынды филологиялық, психологиялық, философиялық, интеллектуалдық сипаттағы жанрлық түрлерді жоғарыда аталған қаламгердің туындыларын постмодернистік сипаттағы қазақ әдебиетінің тың табыстары деп қабылдап, қазақ әдебиетінің проза саласына постмодернистік элементтердің енуін заңды құбылыс ретінде түсінуіміз қажет
Қазақтың көркемдік туралы айтқаны - тіл туралы айтқаны... Эксперименттің де көркемдік презумпциясы бар екенін мойындауымыз керек,» - дей келе Д.Амантайдың «Мен сізді сағынып жүрмін» деген повесінің Х.Кортасардың :Құрастыруға арналған модель» романының жобасын елестететінін ескертеді. Шығармада біртұтас сюжет жоқтығын, диалогтардьщ белгин бір мақсатпен емес кездейсоқ құрылған сөз сияқты сьщай танытатынын алга тартады. Оқиға бей-берекет, әуелі финал суреттеледі, одан кейін, кері айналған кинолента сияқты, финал, дайындалып тусіндіріледі. Және оның өзі жүйелі, бірізді емес. Бұрынғы әдебнетте психоанализ арқылы берілетін ой түйдегін кейіпкер ауызша айта салғанда, алғашында өте оғаш естіледі. Дидарда сюжет қана емес, тұтастай форма емес-сөздің, сөйлемнің ішкі құрылымы бұзылған» деп жазушының кемшілігін накты мәтінді талдау арқылы айқындап береді. Зерттеуші Дидар Амантайдың ғана емес көптеген қаламгерлердің де кемістігі болып табылатын сөздің түп негізін бұзу сонау XX ғасыр басындағы Петербург символистері бастап, модернистер қолдаған, постмодернистер дамытқан үрдіс екендігін, соған еліктеуден туған түйткілдер екендігін ескертеді.
Ocы ретте көрнектi сыншы, әдебиетші Зейноллa Серікқалиевтің де пікірін бере кеткен оңды cияқты: «Жазылу мәнері жағынан қазақ әдебиеті түрлік ізденістің өзгеше бір кырын аңдатар кызыкты бір хикаят Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романы болар. О баста «Тәңірдің кітабы» түрінде ойластырылып, роман концепциясын кейіпкері Әлішердің біржола басы байланған каламгерлік кағидаты, мұң-зары, жазылып жатқан мәңгілік мұрасы (бәлкім, екі дүниеге бірдей еншілес туындысы) төрелігімен ғана айқындаған автор өз шығармасының атауынан бастап, бүкіл жаратылысын дәл түсіндіріп бере алған. Бұл - бүгінгі біздің кәдімгі Аллатағала, Құдай ұғымындағы Тәңірі танымы емес, мамандар пұтқа табынушылық, немесе монотеистік діндер бастауы (атасы) деп әртүрлі бағалап жүрген Тәңірі танымында туындайтын тәмсіл-толғаныстар, эссе-суреттер негізгі дирижерлік роль атқарып, кешегі мен бүгінгі болмыс баяны, кеңістік пен уақыт, бәрі-бәрі бір көгенге телінгендей, қаз-қатар өріліп жүре береді. Мәдени-философиялық жүлгеде қарастырылар қат-қабат идеялар тоғысы. Әлішердің көкірек-көзімен сезіндірер, дәуірі өткен кітап пен кітапқа деген адамзат ұрпағының бүгінгі опасыздық қатынасынан ашылар, мифологиялық логикаға негізделген, ежелгі түркі көшпелілерінен бері қарайғы, бүгінге, болашаққа бағышталар барша ізгілік, ар-ұждан параметрлері, түрлі діни наным-сенім бастаулары және керек десеңіз:дәл қазіргі таңдағы тіршілік кайшылыктары, тазару кезеңдері сараланар роман-гипотеза; әпсаналық сипаттағы шежіре-жырлар...-қай-қайсысы да окушысын бей-жай қалдыра алмас деп ойлаймыз. Әпсаналық жырлар ғана емес, шығарманың жалпы бейнелеу порымы, жазылу сарыны тұрғысынан бұл мейлінше жаңаша таным көрсеткіштері». Ocындай оңды пікірлеp Д. Aмантайдың жазу стиліндегi көптеген кемшіліктерді қазіргi әлем әдебиетін жаулап aлған постмодернистік әдебиетке тән стилдік, тілдік, көркемдік құбылыстар деп кешіріммен қарайтын секілдi. Әрине, жаңалық қашанда тосын, oны қабылдау ұзаққa созылары да хақ. Дeгенмен жаңа шығарманы оқығанда oқырман ең алдымен тұщынyы, оның тың түрлік ізденістері мен жаңa ой айтар идесынa, aдамның ішкі әлеміне әсерін сезінуі керек. Eң бастысы oқырманын ойлантуы тиіс емес пe?
Күрделі постмодернистік мәтіндерге психологиялық талдау жасау үшін алдымен постмодернизмнің негізгі қағидаттары туралы ұғым-түсініктерді жеткізу қажет, сондай-ақ мәтінді өз бетімен алдын ала мұқият бірнеше мәрте түртіп оқу стратегиясын пайдалана отырып, мақсатты түрде оқуға жұмыстандырудың маңызы зор.

  • Постмодернизм ұғымының мәні неде?

  • Әлем және қазақ ғалымдарының постмодернизм туралы

  • тұжырымдарына салыстырмалы талдау жасаңыз.

  • Тәуелсіздіктен бергі уақытта қазақ романының дамуына үлес қосқан

қаламгерлерді атаңыз деген сұрақтар студенттердің өзіндік көзқарасын білдірулеріне, постмодернизмнің мәнін аша алуларына көмектеседі. Постмодернистік туынды ретінде Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романын талдайтын болсақ, романдағы мәтіннің көп қабаттылығы, интертекст, әрі жанрлық синкреттіліктің бой көрсететіндігін сыни пікірлермен ұштастыра дәйектеу қажет. Ә.Бөпежанова, Л.Сафронова, Б.Майтанов сынды әдебиетшілердің пікірлеріне сүйене отырып, бас кейіпкер Әлішер Таймасұлының «Тәңірі кітабы» туындысын жазу барысындағы психологиялық болмысы талданады. Жазушы жігіттің рухани ізденістері, өмірлік мұраты – өзінің түпнегізін табуға бағытталғанын кейіпкердің ішкі әлеміне ену, өзіңді сол бейненің орнына қою арқылы ғана талдауға болады.



Қазіргі көркем шығармаларды біз қоғамдық проблемалардың шеңберінен ғана қарастырып жүрміз. Әлеуметтік процестердің өзгеруін көркем мәтіннен іздейміз. Ал автордың жеке құндылықтары ше?! Қазіргі прозада автор қоғамнан өзін бөліп алып өмірлік құндылықтарын іздестіруде. Сондықтан да болар автор шығарма арқылы өмірдің әр кезеңіндегі ізгіліктерін аңсайды. «Ата-баба жасаған құндылықтардың соншалықты құлдырауының сыры неде, себебі не?» деп ойлана бастауы көңілге жұбаныш әкелетін, қуаныш сыйлайтын ізденістің көркем нышаны екендігі сөзсіз. Өмірдің айнасын көрсетуді мақсат тұтпайды, керісінше өміріне әсер еткен сұлулықтарды сөз етеді. Мәселен, Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптары». Романның бас кейіпкері Әлішер бір кездегі атақты, қазіргі уақытта жігері жасып, сағы сынған халқының өткені мен бүгінін саралап, болжау жасаған, «басын тауға да, тасқа да соққан» жан. Дегенмен ол қанша арпалысқанмен жанын жегідей жеп, маза бермеген сұрақтарына жауап таппай қиналады. Жазушы үшін гүл мен кітап құндылық болып саналады. Автор адам құндылығын шығармада ашық алаңға шығарады. Кітап, гүл, жазушылар, Әлішердің арманы бұлардың барлығының бояуы қанық. Романда автор бұл құндылықтар адам өмірінің мәні екенін ашық түрде көрсетеді. Себебі бұл дүниелер бұған дейін қоғамда өз орнын жоймаған болатын. Енді олар керексіз. Автор осы жоғалған, жоғалуға айналған дүниелерін іздейді. Әлішер осы құндылықтар шетке ысырылып, қалтарлылардың үстемдігі орнаған дәуірде ұрпақ қамын желеу етіп, ақ парақты шимайлауды көк тиындық құны да, пайдасы да жоқ екенін, ештеңені өзгерте алмасын да біледі. Алайда ол бәрібір ұлттың өркендеуі мен құлдырауының сырын ашып, құпиясына тереңдей баруды бәрінен биік қояды. Бір кездері оған: «Мүмкін ешқашан кітап жазбау қажет шығар, бәрібір сіз одан шын бақыт, қалың дәулет, жақсы атақ, үлкен абырой, зор жұбаныш, адал көңіл таппайсыз. Тұрлаусыз махаббаттың әуресі. Үмітіңізді ақтамайды, тұрмысыңызды жақсартпайды... Кітап тек ғұмырдың баянсыз мұратына жалған мағына жүктеген алдамшы мақсат қана» деген де ой келеді. Бірақ кейіпкер солардың барлығын біле тұра бойындағы құштарлыққа қарсы тұрып, кедергі бола алмайды, ақыр соңында құпиясы әлі күнге дейін ашылмаған игі мақсаттың хатшысы – жазушы болуға еріксіз бас мойынсұнады. Күнделікті күнкөріс, тіршілік қамын былай ысырып қойып, қиялдың жетегінде кеткен жанның тұрмысы қалай болуы керек?!
«Екі бөлмелі пәтер іші шынымен тым жұпыны, бірақ кітаптарым бар ғой, деді ол дауысын көтере сөйлеп». Сөйте тұра түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырған аласапыран ойдың ұштығына бару үшін, сырт көзге «өткенді қайта оралтқысы, қалпына келтіргісі, болмайтынды болдырғысы келген қияли адам» көрінетінін іштей сезіп тұрса да Әлішер алған бетінен қайтпайды. Жазылып жатқан романды әрі қарай жалғастыру оның негізгі мақсаты болды. Міне, сол ойымен қолжазбаны шығарып та тынды. Шығармадағы дискурс тек осы құндылықтар мен Әлішер арасында өрбиді. Автор барынша кейіпкердің әрбір әрекетін мағынаға негіздейді. Жоғарыдағы сығандардың, талантсыз ақындардың, жезөкшелердің жеке тұлға үшін еш мәні жоқ, мағынасыз екендігі көрінеді.
Әр тарауға тоқталу жеке зерттеуді қажет етеді. Сондықтан біз оған тоқтала алмаймыз. Жеке бір тарауын алып оқырман ретінде әртүрлі пәлсапаларға бара беруіңіз де мүмкін. Ол оқырманның қиялына байланысты. Романда барлық дүние бұлыңғыр, ештеңе тайға таңба басқандай айқын емес. Аңыз-әңгімелер мен әбсаналардың элементтері де кездеседі. Дидар романында әрбір қоғамдық мәселелер Әлішердің көзқарасымен тарамдалып отырады. Әлішер неге өзгермейді деп сын айтуға болады. Расында Әлішердің жүрегін ешқандай адам жылыта алмайды. Ол өлімді ғана ойлайды. Неге Марфуғаны жар тұтпады? Марфуға оның адамгершілік талаптарына сай еді ғой. Адамдар бойында мүлде құндылық қалмады ма? Әлішердің өлімге бет бұруына кінәлі материалдық көзқараста ойлайтын адамдар ғана ма? Бұған тағы бір себеп жалғыздық болуы мүмкін. Дидардың бір ұнағаны романның ара-арасында гүлдердің кереметтігін бере отыруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет