Диплом жұмысы алматы 2022


Жaңa зaмaн ұpaндapының жaнcыз cипaты(Жаңа заман оқушыларына Дидар шығармашылығын оқыту мәселелері)



бет8/10
Дата09.04.2023
өлшемі87.74 Kb.
#471972
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Арай диплом

2.2 Жaңa зaмaн ұpaндapының жaнcыз cипaты(Жаңа заман оқушыларына Дидар шығармашылығын оқыту мәселелері)
Қазіргі заманауи тәжірибелерге сүйенсек, Қазақстандағы білім беру философиясында гуманитарлық ұстанымдары мен ұлттық ерекшеліктеріміздің көзге көріне бермейтін тұстарын, таза ұлттық менталитетімізді айшықтап жеткізудің орны ерекше. Білім беру саласының қай жүйесінде болмасын, әсіресе, жоғары білім беру жүйесінің кәсіби мамандарын даярлау үрдісінде ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелерді педагогикалық іс-әрекет теориясы тұрғысынан қарастыру бүгінгі оқыту үдерісіндегі басты талап болып саналады. ХХІ ғасыр білім беру философиясының мәнін, мазмұнын адамзаттың даму тенденциясымен ұштастыру, халықтың ғасырлар бойы жинақталған құндылықтарын құрметтеумен бірге ұлттық салт-дәстүр, мінез-құлық, наным-сенімге негізделген біртұтас ұлттық білім жүйесін қалыптастыруға назар аударылуда. «Қазақтар өзінің білімін, әлеуметтік тәжірибесін, тарихын ауызша сөз түрінде, яғни толғау, жыр, өлең, ертегі, дастан, тағы басқалармен ұрпаққа аманаттап отырған. Қазақтардың білім мәдениеті өзінің дәстүрлерімен бай келеді. Ақын, жыраулар мен халықтың ауызша білім беру дәстүрі үлкен тәрбиелік мәнге ие болған, ауызша халық шығармалары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа қоғамдық құндылықтар сұрыпталып, философиялық білім беріліп отырады», – дейді философ Р.К. Тұрысжанов.
Осы жағдайда, мыңжылдықтар тарихи тағылымнан өтіп, бүгінгі заманғы болашаққа ұласқан қазақ халқының ұлттық болмысы мен дүниетанымы, тілі, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті ұрпақтарға аманат болып ұсынылуда. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының рухани құндылықтарды ұлықтау, ұлттық сөз өнері мұраларын қазіргі заманғы өзекті көзқарастар тұрғысынан бағалауға жетелейді. Сондықтан жоғары әдеби кәсіби білім беруде ұлтымыздың рухани өмірін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихи құндылықтарын, әсірсе ұлттық сана-сезімін қазіргі адамзат өркениеті биігіне көтеруді нысана тұта отырып оқытудың маңызы ашыла түседі. Осындай тақырыптық жүйені құрайтын романдардың қатарына біздің зерттеуіміздегі Дидар Амантай «Тоты құс түсті көбелек», «Топ шеңгел», «Гүлдер мен кітаптар» романдарын жатқызамыз. Аталған шығармаларды оқытуда мынадай сұрақтардың берілуі танымдық іс- әрекеттерді дамытуға мүмкіндік тудырады:

  1. ХХІ ғасыр роман жанрындағы жаңаша мазмұндық ойлаудың философиялық мәні неде?

  2. Тарихи романдарда ұлттық сана, ұлттық болмыстың символикалық мәнде бүгінгі өмірімізбен байланысты көрініс табуы, ұлттық құндылықтар мәселесінің сөз болуы нені меңзейді?

  3. Қазақ прозасындағы және әлемдік әдебиеттегі мәңгүрттік проблемасының «Гүлдер мен кітаптар» романы арқылы жаңаша сипатталуын қалай түсіндіруге болады?

  4. Өткен тарихи сана мен бүгінгі болмыс арасындағы көзге көрінбейтін рухани сабақтастың мәнін ашудағы автордың батыл байламдарын роман мәтінінен тауып, өз ойыңызша интерпретациялаңыз.

  5. «Тоты құс түсті көбелек» романындағы сүрең тыныс-тіршілік, табиғат пен адамның бір-бірін аңдысқан ішкі жан дүниесіндегі арпалыстар қандай бояулармен берілген? Мысалдармен дәлелдеңіз.

ХХІ ғасырдағы тәуелсіздік жылдарының романдарын оқытудың философиялық негіздерін біз жоғарыда атап өткен, әдебиеттің эстетикалық, танымдық, тәрбиелік маңызымен байланыстырамыз. Таным мен эстетиканың философиялық категория болуымен қатар, әдебиеттің де негізгі ұғымдары ретіндегі маңызы жоғары. Ендеше, қазіргі білім философиясының мазмұндық сипаттамасы жаңа ғасырда білім берудің жеке шығармашылық еркін тұлғаның рухани тұрғыдан өсуі мен заманына сай жауап таба білу қабілетін дамытуды көздейді, сондықтан оқытудың философиялық негіздері адам болмысын кең арнада қарастыра отырып, педагогикалық білім беруге бағдар болады деп тұжырымдауымызға болады. Мектепте ХХІ ғасыр қазақ романдарын оқытудың философиялық негіздері психология және педагогикадағы «жеке тұлға» ұғымымен сабақтастықта қарастырылады. Жалпы ғылымдық әдіснамада гуманитарлық оқу курстарының білім мазмұны адам болмысын, адамның ішкі жан дүниесін, кейіпкер бейнесін ашуға қажетті мазмұндық желіге құрылады. Олай болса, біз зерттеу жұмысымыздың философиялық негіздерін анықтау үшін алдымен танымдық тұрғыдан «жеке тұлға дегеніміз кім?» деген сұрақтың жауабын ашып алуымыз керек. Жеке тұлға дегеніміз – әрекет жүйесі шығармашылық болмыстан туындайтын адам. Ал бүгінгі қоғамға қажет, бәсекеге қабілетті, креативті ойлауы терең, жан-жақты дамыған жеке адам үшін шығармашылық – оның болмысының нысаны, іс-әрекетінің тәсілі болып табылады. Шығармашылық болмыс философиядағы таным, психологиядағы өзіндік сана, педагогикадағы дамыта оқыту идеяларының әдістемесіне сүйенеді.


Әдебиетті оқытудағы философиялық аспекті қоршаған ортамен, айналаңдағы адамдармен қарым-қатынас жасауда кез келген құбылысты аңғарып, фактілерді тізіп, топтап қорытумен шектелмей, сол құбылыстың, фактінің түпкі мәнін, терең негізін, дамуын, ішкі заңдылықтарын ұғынуды талап етеді. Кез келген құбылысты соңғы нәтиже, тиянақталған қорытынды ретінде қабылдап қана қоймай, оны үдеріс ретінде тануға әкеледі. Жеке тұлға туралы ұғым, адам мәні туралы ұғым философия ғылымында терең дәйектеліп, педагогика әдіснамасында тұжырымдалған.
Философия ғылымында жеке адам белгілі бір мақсатқа жетудің құралы ретінде қарастырылмайды, мұнда жеке адам – түпкі мұраттың өзі болып табылады, яғни индивид әлеуметтік міндеттерді, қызметтерді атқарушы ғана емес, ол – өзінің сыртқы және ішкі шектеуліктерінен асып, үлкен мүмкіндіктерге жете алатын, ішкі кеңістігі әрқашан кең болатын әмбебап болмыс. Жеке адам өзінің ішкі кеңістігі арқасында сыртқы жағдайларды қайта құрып, қайта жасай алады, сөйтіп ол өзін-өзі өзгерте алады және өз әлеуетін өзі жетілдіреді. Сол себепті қисынды, жүйелі ойлау арқылы әрекет формасын өзгертіп, қайта құра алатын, өзін-өзі өзгертуге қабілетті тұлға, жеке адам деңгейіне көтеріле алады. Ғылыми білімдердің осындай әдіснамалық сипаты әдебиетті оқытудағы философиялық әдіс ретінде аналитикалық әдісті, түсіндіруші әдіс ретінде феноменологиялық, герменевтикалық әдістердің қолданылуымен айқындалады. Кез келген ғылым саласына қойылатын: нені зерттейді және қалай зерттейді? деген екі сұраққа жауап беруде біз Ә.Х.Тұрғынбаев, С.Ж.Кенжебаев, Т. Есімханов сынды ғалымдардың «Ғылым тарихы мен филосфиясы» атты оқу құралында айтылған: «Гуманитарлық ғылымдарға қоғамдық құндылықтарды зерттеудің нәтижесінде қол жеткізген білімдерді жүйеге келтіруші ғылымдар жатады. Ал қоғамдық құндылыққа жататындар: мақсат-мүдделер, ойлаудың ережелері мен формалары, қатынас жасау мен мінез-құлық нормалары, белгілі бір іс- әрекеттер мен белсенділіктердің жеке адам, топ және бүкіл адамзат үшін пайдалылығы мен зияндылығы туралы ұғымдар және т.б.» деген тұжырымын басшылыққа алдық.
Біз зерттеу жұмысымыздың философиялық аспектілері туралы сөз қозғасақ, ең алдымен, әдебиеттің эстетикалық, танымдық, тәрбиелік маңызының бір-бірімен тығыз үндестік байланыста болатынына ерекше назар аударуымыз қажет. Жоғарыда аталып өткендей, әдебиеттегі ұлттық таным, ұлттық идея, қоғамдық болмыс пен сана – бәрі де философиялық категория ретінде әдебиетте көрініс табатыны сөзсіз. Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» роман-повестерiнде және кейiнгi толқын жазушылар шығармаларында адам мәселесі, өмірдің мәні, адамгершілік сапалар, рухани құндылықтардың өзіндік сана, ішкі жан дүние арқылы көрініс табуы, адам санасының екiге жарылуы, екiншi Менiмен бейсаналық түрде айтысқа түсуi, дүниетанымдық, моральдық көзқарастардың сәйкеспеуі, әлеуметтiк, саяси, рухани келеңсiздiктердiң орын алуы көркемдік әлеміндегі философиялық мәселе екендігін дәйектейді.
Адамның қоғамдық өмірінде таным, сенім, тәлім-тәрбие, талғам деген шарттас ұғымдар арқылы қоғамдық білім құралын қалыптастырады. Осылардың ең алғы шарты – таным, адам бір нәрсені танымай тұрып, таным пайда болмайды, ал танылған нәрсе туралы ғана сенім пайда болады. Тәлім арқылы адамға тәрбие кемелденгенде адамның жақсы-жаман дейтін талғамы қалыптасады. Міне, осыдан кейін ғана адамның қоғамдық білімі қалыптасады. Осылардың бәрінде сөз өнері өмір оқулығы рөлін атқарады, адамның рухани азығы болады. Айталық, ақын-жазушылар белгілі бір өмір шындығын таңдап алып, өзі айтайын деген ойына сай қоғамдық өмірге бір немесе бірнеше кейіпкер жаратып, оларды суреттеу арқылы сол қоғамдық адамдар таным-нанымын, сенімін, алған тәлім-тәрбиесін, өмірге деген талғам арқылы білім қабілетін суреттейді. Ал осы шығарманы оқыған адам өз заманының ерекшелігін таниды. Қоғамдық борышын сезініп, қандай адам болу керектігінен тәлім алады. Таным дамиды, өзгереді. Танымның уақыттық, замандық, қоғамдық, ұлттық сипаты болады.
Тарихты алып қарасақ, бір де бір қоғам өзінен бұрынғы буынның ақыл-ойын, парасатын, үрдісін, тәжірибесін пайдаланбай өмір кешкен емес. Әрбір халықтың рухани байлығы, өмір сүру салты ұрпақтар сабақтастығына негіз болады да, мәдениет, дін, тіл, білім-ғылым, құлық құндылықтарын аса өзгеріссіз сақтап, ұлттық бірегейлікке қызмет етеді. Осы негізден келіп айтсақ, тақырыбымыздың философиялық мәнін қазіргі әдебиеттегі ұлттық таным құндылықтарын сонау ежелгі дәуірлерден бастап, фольклорлық мұралардан, жыраулар поэзиясында қалыптасқан рухани тағылымдық ой-пікірлерден, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, кешегі кеңестік кезең әдебиетіндегі, әсіресе, 70-80-жылдар прозасында ерекше қарқынмен өріс алған ұлттық мұраларға деген қызығушылық, ұлттық құндылықтардың дәріптелуімен тығыз бірлікте қарауымыз қажет. Осынау үздіксіз процесс арқылы тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттің танымдық мәніне, әсіресе, ұлттық құндылық бағдарларына ерекше ықылас қою аса маңызды мәселе.
Қоғам дамыған сайын әдебиеттің де танымдық маңызы дамиды, өзгереді деп жоғарыда айтқан болатынбыз. Оған дәлел ретінде, кешегі кеңестік кезеңде ұлттық құндылықтар, ұлттық тарихымызға қатысты таным түсініктің ашық айтылмауы, кейбір жағдайларда теріс түсіндірілуі де ұлттық әдебиеттің қанат жаюына белгілі бір дәрежеде кедергі болды. Мысалы, қазіргі тарихи романдардың жазылуына тоқталсақ, кезінде кеңестік идеология тұрғысында жазылған шығармаларда танымдық көзқарас, социалистік реализм принциптерін қаламгерлердің сол қоғамдық өмірдің міндеттерінен шыға алмаған тұстары болды. Мысалы, Дидар Амантай «Тоты құс түсті көбелек», «Топ шеңгел», «Гүлдер мен кітаптар» драмасын жазды. Ал Қ.Мұқамбетқалиұлы бұл тақырыпқа тәуелсіздік биігінен роман жазды. Екі туындының тарихи жазылуымен салыстырсақ, белгілі бір деңгейде сөз еркіндігі, тарихи танымға қатысты мәселелер орын алады.
Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Материалды дүниені бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі – таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі – адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Міне, тәуелсіздік қазақ қаламгерлерінің танымдық дүниесіне тікелей әсер еткені хақ. Тәуелсіздік сынды қасиетті ұғымды жеткізуге тарихи таным мен көркемдік шешімде философиялық ой түйеді. Ал, оқу мен оқыту іс-әрекетінде оқытушы мен студент қаламгердің шығармашылық дүниетанымын интерпретациялайды.
Гуманитарлық пәндерді оқыту үдерісінде адамның әлеуметтiк-жүйелiлiк; құндылықтық – дүниетанымдық; рухани-адамгершiлiк; психологиялық- мотивациялық; интеллектуалдық даму сапаларын дамыту мақсаты алға қойылады. Мұны ХХІ ғасыр романдарындағы оның ішіндегі Дидар Амантай романдарын оқыту арқылы адам тағдыры мәселесінің тұрғысынан саралау тиімділігі артады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет