Диплом жұмысы кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері орындаған



бет2/6
Дата16.06.2016
өлшемі413 Kb.
#139586
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

а) жауапкершілік пен жазадан қорқу;

ә) қылмысқа қатысушылар немесе олардың туыстары мен достары тарапынан кек алу қорқынышы;

б) достықты дұрыс түсінбеушілік және осыған байланысты "сатқын" атанудан қорқу;

в) құрдастарының назарын аудару, таңғалысын тудыру тілегі. Жеткіншек алды жасында жекелеген жағымды қасиеттерді дамытуға, кемшіліктерді жеңуге бағытталған өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік дамиды. Жасөспірімдер осылайша өзінің сүйікті кейіпкеріне, мұғаліміне және т.б. ұқсауға тырысады. Бірақ, кейбір жағдайларда адамгершілік категориялары мен ұғымдары туралы дұрыс және жан-жақты түсініктерінің болмауынан жасөспірімдер оқиғалар мен адамдардың мінез-құлықтарын бағалауда қателесіп жатады. Кейбір жасөспірімдердің адамгершілік тұрғысынан жағымсыз тұлғаларға ұқсас болғысы келіп, еліктейтіні бекер емес. Жасөспірімнің адамгершілік сенімдері қате, теріс болуы мүмкін. Және олар кейбір моральдық нормалар туралы теріс түсінікте болуы себепті немесе жасөспірімдердің жекелеген кішігірім топтарында қабылданған моральдық құндылықтар жүйесінің кесірінен қылмыс істеуі мүмкін. Қылмыстың өзінен де жасөспірім ерлік, батырлық, ептілік қасиеттерін көруі кездеседі1.

Бұлжас ерекшеліктері бәрінен бұрын 14-15 жастағы жеткіншектерге тән. 16-17 жастағы жасөспірімдерде физикалық және ақыл-ой дамуы процестері жалғасады, бірақ осы кезеңнің соңына қарай қарқыны бәсеңдейді. Жасөспірімдердің импульсивтілігі азайып, эмоционалдық түрақтылық пайда болады; жүйке жүйесінің түріне қарамастан, олар 14-15 жасар жеткіншектерден гөрі үстамдылау және салмақтырақ. " Ересек жеткіншек алды жасы - бұл жасөспірім өз мінез-құлқында басшылыққа ала бастайтын адамгершілік қағидаларының, сенімдерінің қалыптасатын уақыты". Дегенмен, өздерінің физикалық және ақыл-ой қасиеттері бойынша олардан кіші жеткіншектерге әлі де ұқсастықтары көп: физикалық және рухани кемелденуге жеткен жоқ; оларға әлі де 14-15 жасар балаларда болатын қасиеттер тән ("ерексек болып көріну" сезімі, өзін көрсетуге ұмтылу, т.б.). Бұл жаста айналадағы адамдардың жасөспірімдерге неғұрлым жоғары талаптар қоюына және олардың құқықтарын, әсіресе, дербестікке құқығын мойындауға мүмкіндік беретін бірқатар психологиялық қасиеттері қалыптасады.

Алайда, психологтардың зерттеулері көрсеткендей, дербестікке ұмтылу үшін отбасында дұрыс үлгі көрсететін біреудің, жақын айналысында беделді, абыройлы адамның болуы қажет, сонда ғана жасөспірім одан үлгі5 кеңес ала алады. Үлкендердің тәжірбиесі негізінде бала қандай да бір жағдайда қалай әрекет ету керектігін, туындаған мәселелерді өз бетімен шешуді үйренеді.




1 Тарарукин С.А. Преступное поведение. - М., 1974.-стр 202

Ата-аналардың бала тәрбиесіне селқос қарауы оның беделді тұлғаны сырттан іздеуіне әкеп соғады. Сондықтан да үлкендерге қарағанда көнгіштеу болып келетін қараусыз жасөспірімдер біреудің ықпалына тез түседі. Қылмыстық ортаға түскен баланың мінез-қүлқында теріс қылықтар (дөрекілік, бейбастақтық, шылым шегу және т.б.) пайда бола бастайды, бұл оның ойынша, өзін "үлкен сезінуге", өзімен-өзі болуға көмектеседі. Жасөспірім қарсы келген проблемаларды өзі ойланып, шешімін табуға тырысып қана қоймайды, сонымен бірге осылайша өз қабілетін, жағымды қасиеттерін көрсетуге, өз ортасының қүрметіне бөленуге ұмтылады. Психологиялық әдебиеттерде айтылатындай, "ұжыммен өзара жақсы қарым-қатынасты бұзу қажеттілігі туған қиын бала, осы мақсатқа жету үшін лайықты қүралдарының болмауы себепті мінез-қүлықтың теріс тәсілдеріне, тіпті өз түлғасын бүзақылық жолымен болса да бекітуге дейін барады1 ".

Жеткіншек алды кезеңінде "әлсіз" атану қорқынышы басым болады. Бұл қасиеттер өзін үлкен сезіну сезімімен тығыз байланысты: жасөпірімдер өздерінің кемелденгенін дәлелдеу үшін кез-келген әрекеттерді жасауға дайын тұрады.

Жеткіншек алды жасының соңына қарай үлкендік сезімі өзіндік сипатқа ие болады, ол өзін-өзі бекіту, өзін-өзі көрсету сезіміне ауысады, бұл оның топтан бөлінуі, өз ерекшелігін, даралығын көрсетуге тырысуынан байқалады. Осыдан келіп мінез-құлқымен, киім кию мәнерімен және т.б. кез келген жолмен өзіне назар аударту тілегі пайда болады. Алайда, мұндай жас ерекшеліктері өздігінен құқыққа қарсы мінез-құлық туғызбайды. Өйткені тұлғаның қоғамдық қауіптілігі көбінесе қылмыс істеуге дейін қалыптасады.

Жасөспірімдердің психологиялық жас ерекшеліктері жалпы криминогенді емес. Бірақ олар жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы, өмір сүруі шарттарымен байланысып жатыр, оның қажеттеліктерімен, ниет-пиғылығымен сабақтас. Сондықтан да5 жасөспірімнің дамуындағы жас ерекшеліетерін білу жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес, оның алдын алу шараларын жүзеге асыру үшін, кәмелетке толмағандар қылмысын сапалы әрі тиімділікпен тергеу үшін оларды толық әрі дұрыс ашу үшін өте маңызды.

Жасөспірімдер дамуының жоғарыда талданған ерекшеліктері іс жүргізу тәртібін реттейтін және осы категориядағы істердің өзгешелігін белгілейтін нормаларды бекіту кезінде ескерілген. Сонымен бірге, психология ғылымының ережелер негізінде жоғарыда қаралған жасөспірімдердің даралық қасиеттері кәмелетке толмағандар істерін жүргізуді жүзеге асырушы органдарға нақты процесті ұйымдастырудың іс жүргізу заңында көрсетілген мүмкіндіктері шеңберінде дүрыс түрін таңдауға көмектеседі.


1 Каневский Л.Л. Указ.раб., стр 5-9.

1.3. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән-жайлар


Кәмелетке толмағандар істер бойынша қылмыстық іс жүргізу процестің арнайы субъекті - жасөспірім айыпкер екендігіне сәйкес белгілі бір ерекшеліктерге ие бола отырып, сонымен бірге қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы міндеттерін орындауы тиіс.

Олар - қылмыстарды тез және толық ашу, кінәліні анықтау, әрбір қылмыс жасаушы әділ жазаға тартылуы және бірде-бір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы және сотталмауы үшін заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету. Осы мақсатта қүзіретті органдар қылмысқа кінәлі түлғалар мен қылмыс белгілер табылған жағдайдың бәрінде қылмыстық іс қозғауда міндетті.

Іс жүргізу заңы қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды белгілейді, оған жататындар (ҚР ҚІЖК, 117 бап):

1) қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының белгілері (уақыты, орны, қылмыс жасаудың тәсілі және басқа да мән-жайлар) және оқиғасы;

2) қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекет жасаудағы тұлғаның кінәлылығы, кінә нысаны, жасалған іс-әрекеттің сарыны, заң қатесі және шын қателер;

3) айыпкер жауапкершілігінің дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән-жайларыы;

4) айыпкердің жеке тұлғасын сипаттайтын мән-жайлар;

5) қылмыс келтірген зиянның сипаты мен мөлшері;

6) іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар; және басқа да заңда белгіленген мән-жайлар.

Барлық талаптар кәмелетке толмағандар ісі бойынша орындалуға тиіс. Сонымен бірге, жасөспірім айыпкерге тән жасына байланысты психологиялық ерекшеліктер жасөспірім айыпкер тұлғасының қалыптасу процесін сипаттайтын мән-жайларды неғұрлым толық зерттеуді қажет етеді. Бұл оның дүниеге келуінің, өмірінің, тәрбиесінің, мінез-құлқының, т.б. нақты шарттарын терең зерттеу жолымен ғана мүмкін болады. Мұның бәрі қылықтарына дұрыс түсініктеме беру оның белгілі бір жас шегіне жетуімен (қылмыстық жауапкершілікке тартылатын) байланысып жатыр.

Көрсетілген мән-жайлар кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеу затын заңнамалық нақтылау қажеттілігін тудырды. Сонымен, осы істер бойынша дәлелдеу жататын негізгі мән-жайларға заң мыналарды жатқызады (ҚР ҚІЖК, 481 бап):

1) жасөспірімнің жасы (күні, айы, туған жылы);

2) жасөспірімнің өмір сүру және тәрбие шарттары;

3) зияттық, ерік-жігер және психикалық дамуы, мінез, темперамент ерекшеліктері, қажеттеліктері мен қызығушылығы;

4) жасөспірімге үлкен адамдардың және басқа жасөспірімдердің ықпалы.

В. Рыбальская есептеуінше1, кәмелетке толмағандар ісі бойынша дәлелдеу затының ерекшеліктерін жалпы түрде мән-жайлардың үш үлкен тобын айқындаумен түсіндіруге болады:

а) өмір сүру және тәрбие шарттары;

ә) тікелей айыпкердің жеке тұлғасын сипаттайтын мәліметтер;

б) оны қылмыс жасауға әкелген мән-жайлар.

Дәлелдеу процесінде бұл мән-жайлардың бірінші және үшінші топтары олардың жасөспірімнің жеке тұлғасына ықпалы тұрғысынан зерттелетінін есте ұстау керек. Бірақ, егер де бірінші және үшінші топтағы мән-жайлар негізінен тұлғаның қалыптасу процесін (әлеуметтік шығу тегі, отбасының материалдық және тұрмыс жағдайы, оның мәдени деңгейі, тәрбие әдістері және т.б.) сипаттайтын болса, онда екінші топтағы мән-жайлар жасөспірімнің қылмыс істеген сәтіне және істің қаралған уақытына сәйкес келетін мезеттегі оның тұлғасының қалыптасқан қасиеттерінқамтиды (аты-жөні, нақты жасы, т.б.).

Тергеу және сотта іс қарау тәжірбиесінде жоғарыдағы барлық мән-жайлар кешенді түрде, бір уақытта және біртұтас іс жүргізу тәсілдерімен зерттеледі. Алайда, бұл мән-жайлар туралы мәліметтерді іс жүргізу барысында пайдалану әртүрлі болуы мүмкін.

Сондай-ақ, Г.М Миньковскийдің2 тұжырымдауынша, кәмелетке толмағандар ісі үшін елеулі бірқатар мән-жайлар үлкендер туралы істерге қарағанда неғұрлым нақты айқындаладаы, өйткені кәмелетке толмағандар ісі бойынша дәлелдеу шегі өзгеше және оның құрамына айыпкердің тұлғалық сипаттамасы, өмір сүру және тәрбие шарттары үшін анықталуы қажет фактілердің неғұрлым үлкен саны кіреді.

В.В Леоненко3 кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеу шегінің жалпы өзгешелігі, негізінен, бұл шектер үлкендер қылмысы туралы істер бойынша да анықталатын мән-жайлардың дәлелдемесінің әдеттегіден үлкен тобын құрайтынына байланысты деп есептейді. Мысалы, жасөспірімнің қылмыс істеуі әкелген себептер мен шарттарды анықтау үшін әдетте, үлкендер істеріне қарағанда неғүрлым көп дәлелдемелер тартылады. Өзгешелік пен жекелей дәлелдемелерге, мысалы, ата-аналардың қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмаған баласының өмір сүруі мен тәрбие шарттары туралы жауабы; мүғалімдердің, тәрбиешілердің және т.б. жауаптары жатады. Іс үшін елеулі барлық мән-жайлар анықталғанда ғана тиісті тәрбиелік әсерге, жасөспірімнің тағдырын дұрыс белгілеуге, оның түзелуі үшін және болашақта осыған ұқсас қылмыстардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауға қол жетеді.




1 Рыбальская В. Указ.раб.,стр 35.

2 Миньковский Г.М. Указ.раб., стр 74

3 Леоненко В.В. Судебное производство по делам о преступлениях несовершеннолетних.- Киев: Наукова думка, 1987.

Кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеу шегшщ ерекшеліктерін Г.М Миньковский мынадай мән-жайларды анықтаумен байланыстырады:

а) жасөспірімнің жеке тұлғасы және дәл жасы;

ә) оның дамуы, физикалық және жан-дүниесінің саулығы;

б) оның тұлға ретінде қалыптасуының, моральдық бейнесінің, мінез-құлқының шарттары;

в) арандатушылар мен көмектесушілердің болуы немесе болмауы;

г) қылмыстыққа ниет;

д) жасөспірмінің заңды және жеке және мүліктік мүдделерін қорғау үшін маңызы бар мән-жайлар1.

Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды бойынша, дәлелдеу затының басты қүрамы (компоненті) жасөспірімнің жеке тұлғасы болып табылады. "Тұлға" ұғымы адамның әлеуметтік, биологиялық, физиологиялық, психологиялық және басқа да қасиеттерінің бірлігін қамтиды. Ол адамның әлеуметтік негізін, оның бет-бағдарын, мінез-құлық ерекшеліктерін және т.б. білдіреді.

Философтар, әлеуметтанушылар, психологтар ұстанымы бойынша тұлғаның белгілерін тарзылай келе, оның үш негізгі элементін атап көрсетіге болады:

демографиялық мәліметтер; адамгершілік-психологиялық қасиеттері; қоғамдық өмірдің әртүрлі саласындағы әлеуметтік мінез-құлқы.

Қылмыскер тұлғасы "қандай да бір дәрежеде оның қылмыс істеуіне әсер еткен" әлеуметтік және жеке өмірлік ережелерімен өзара әрекетте қаралады. Жасөспірімнің қылмыстық мінез-құлқына көбінесе субъективті себептер түрткі болады.

Криминологтар кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының құрылымын зерттеудің ерекше маңыздылығын және күрделілігін атап

көрсетеді.

Кәмелетке толмаған қылмыскерлерді топтастыру олардың мінез құлықтарының мынадай ерекшеліктерін қамтиды: а) қылмысты кездейсоқ жасау;

ә) тұлғаның жеке бағыттылығының жалпы тұрақсыздығы салдарынан қылмыс жасау ықтималдығы.

Кәмелетке толмаған қылмыскердің жеке тұлғасын зерттеу - өте күрделі психологиялық міндет.

Әсіресе, жасөспірімнің ішкі жан-дүниесін, оның әдеттерін, қызығушылығын, қажеттіліктерін зерттеу өте күрделі. Бұл күрделілік кем дегенде екі жағдаймен түсіндіріледі:

1) осындай зерттеу жүргізілуге тиісті шектерді белгілеуге байланысты қиындықтар;

2) алынған ақпараттың әділдігін (объективтілігін) қамтамасыз етуге

байланысты қиындықтар.
1 Миньковский Г.М. Указ.раб., стр 74

Н.И. Гуковскаяның пайымдауынша, жасөспірімнің тұлғасын, оның өмір сүру, тәрбие шарттарын зерттеу тергеу және сотта іс қарау барысында істелген қылмысқа тікелей қатысы бар мән-жайларды ғана анықтаумен шектелуі тиіс1. Бірақ В. Рыбальская бұл ұсынысты қолдамайды. Өйткені, жасөспірімдер кейде өздерінің жас ерекшелігіне байланысты олардың бұған дейінгі мінез-құлқы мен тәрбие шарттарына мүлдем қатысы жоқ ауыр қылмысқа қатысушы болып шығады. Сондықтан да, кәмелетке толмаған айыпкердің тұлғасын зерттеу қылмыстық іс жүргізудің арнайы міндеттері мен шеңберінде белгіленетінін есте ұстай отырып, қылмыстың жасөспірімге апаратын жолын емес, керісінше жасөспірімнің қылмысқа келу жолын табу қажет. Ал бұл үшін көбінесе, былай қарағанда істелген қылмысқа тікелей қатысы жоқ сияқты көрінетін, айыпкердің жеке тұлғасындағы бірқатар ерекшеліктері анықтауға тура келеді.

Айыпкер түлғасын зерттеудің күрделілігін крсететін екінші жағдай, әдетте түлға туралы мәліметтер жасөспірімді білетін әртүрлі адамдардың: ата-ана, мүғалімдер, достары және т.б. жауаптарынан жинақталатынына байланысты. Және олар кейде айыпкер туралы қайшылыққа толы мәліметтерді де хабарлайды. Сол себеп мүндай жауаптарды бағалау алдында айыпкер мен оған мінездеме беретін адамның өзара қарым-қатынасы туралы жақсы біліп алу қажет.

Жасөспірімнің ішкі әлемін айқындау үлкен әдепті, әділдікті талап етеді.

Жасөспірімнің қылмыс істеуге дейінгі мінез-қүлқы оның жағымды жақтарымен бірге теріс әрекеттерін де есепке ала отырып, өте мүқият зерттелуі тиіс. Жасөспірім ІІМ органдарында есепте түрған ба, бүған дейін қылмыстық жазаға немесе тәрбиелік сипаттағы шараларға тартылған ба, неге олар оң нәтиже бермеген - міне, осының бәрін міндетті түрде анықтау керек2.

Алайда, кәмелетке толмағандардың істерін жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстың мән-жайларын анықтауға жасөспірмінің тұлғасын зерттеуге қандай маңыз берілсе, сондай дәрежеде қарау керек, өйткені қылмысты тергеу кезінде жасөспірімнің жеке тұлғасының, іс-әрекеттің мақсаты, дәлелі, сарыны, т.б. "жиынтығынан" тұратын сипаттама қажет.

Кәмелетке толмағандар ісін жүргізу үшін елеулі мән-жайларды анықтау негізінде қылмыс құрамының жас және есі дұрыстық сияқты элементтерін айқындау өте маңызды болып табылады, себебі ессіздік жағдайында қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.



1 Гуковская Н.И. Деятельность слдеователя и суда по проедупреждению преступлений несовершеннолётних.- М.:ЮЛ5 1967.

2 Рыбальская В. Указ.раб., стр 61.

Қылмыстық құқықтағы ессіздік - бұл психиканың ауру жағдайымен немесе ақыл-ес кемдігімен сипатталатын тұлғаның өз әрекеттеріне жауап берудегі немесе қоғамға қарсы әрекет жасау сәтінде өзін басқаруға қабілетсіздігі1.

Заңда (ҚР ҚК, 16 бап) екі өлшем бекітілген - медициналық (биологиялық) және заңдық (психологиялық). Адам осы өлшемдердің екеуі де болғанда ғана есі дүрыс емес деп танылады.

Медициналық өлшем созылмалы жан-дүниесінің дерті, жан-дүниесінің уақытша күйзеліске ұшырауы, ақыл-ес кемсіздігі немесе басқа бір ауру жағдайын білдіреді.

Заңдық өлшемге тұлғаның өз әрекетіне есеп беруге (интеллектуалдық өлшем) немесе оларды басқаруға (ерік-жігер өлшемі) қабілетсіздігі кіреді. Ессіздікті анықтау үшін осы белгілердің біреуі жеткілікті2.

Психикалық жағдай туралы мәселені шешу үшін сот-психиатриялық сараптама тағайындалуы тиіс (ҚР ҚІЖК, 3-4 т, 241 бап). Есі дүрыс емес деп танылған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін (ҚР ҚК, Іббап).

Адамның есі дұрыс еместігі нақты іоәрекетке қатысты анықталады. Сондықтан да ешбір адам істелген әрекетке қатыссыз, мүлде есі дұрыс емес деп таныла алмайды. Дәл осылайша бүған дейін танылған ессіздік жаңадан істелген әрекетке қолдануға жарамайды. Бұл мәселені шешу рәсімді қайталауды қажет етеді3.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 489-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған айыпкердің, сезіктінің бойында психикалық ауру немесе даму кемдігі болуы, оның өз іс-әрекеттеріне толықтай немес жекелей есеп беруге және нақты жағдайда оларды басқаруға қабілеттілгі туралы мәселелерді шешу үшін кешенді психологиялық-психиатрлық сараптама тағайындалуы міндетті. Сондай-ақ, жасөспірім сезікті не айыкер тұлғасының ақыл-ой, ерік-жігер, психикалық даму деңгейлерін анықтау үшін психологиялық сараптама тағайындалуы мүмкін.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 481-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған айыпкердің жасы дәл анықталуы тиіс. Бірқатар жағдайларда кәмелетке толмаған ретінде қылмыстық жауапкершілікке тарту, жазаның нақты бір түрін таңдау немесе жасөспірімнің ісін тоқтату мүмкіндігі жастың дұрыс анықталуына тәуелді болады.

Жасөспірімнің дәл жасы құжаттармен расталуы тиіс, куәландырушы құжат болмаған жағдайда, оны алу мүмкін болмаса сот-медициналық сараптама тағайындалады (ҚР ҚІЖК, 89-бап, 2-т).






1 Юридический энциклопедический словарь. Под.ред. Сухарева А.Я-МД987.

2 Юридический энциклопедический словарь. Под.ред. Сухарева А.Я-МД987., стр 242.

3 Уголовное право. Общая часть. Под ред Казаченко И.Я- М.: Инфра, М-Норма, 1998.-стр28.

Заң шығарушы, жасқа осыншалық үлкен мән бере отырып, алайда, жас "табалдырығын" қылмыстық жауапкершіліктің формальды негізі ретінде қарастырмайды. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу заңнамасы жасөспірімнің белгілі бір жасқа жетуі осы жасқа сай келетін дамудың қандай да бір деңгейіне жеткенін білдірмейді деген ситуацияның болуын да ескереді.

Басқаша айтқанда, З.А.Астемировтың атап өткеніндей, адам өз тұлғасының дамуы мен қалыптасуының белгілі бір кезеңінде, сана, оның құрылымдық элементтерінің деңгейіне байланысты, нақты дәрежедегі, қандай да бір түрдегі жауапкершілік жүктейді (немесе жүктей алады).

Қылмыстық жауапкершілік өз негізіне іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін, оның рұқсат етілмегендігін тұлғаның түсінумен мазмұндалатын құқықтық сананың нақты деңгейін алуы тиіс деген З.А.Астемировтің пікірі назар аударуға тұрады1.

Ішінара, қылмыс істеу сәтіндегі кәмелетке толмаған айыпкердің жасы туралы мәселе істі шешудің қылмыстық іс жүргізу тәртібін айқындайды; айыпкер түлғасының елеулі қасиеттері істі тәрбиелеу шараларын қолданумен тоқтатудың негізі мен тәртібін белгілейді. Тұлғаны сипаттайтын мәліметтердің көмегімен тергеу мен сот талқылауының (жауап алу, тінту, беттестіру және т.б.) бірқатар тактикалық мәселелері шешіледі.
1.4. Кәмелетке толмағандар қүқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер
Кәмелетке толмағандар істерін жүргізу қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларымен реттелетіндігі белгілі. Жасөспірімге жеке тұлғаның дербестігіне қол сүғылмауы, сот ісін жүргізу тілі, айыпкердің қорғауға құқығын қамтамасыз ету туралы нормалар толық көлемінде тиесілі.

Сонымен бірге, кәмелетке толмаған құқық бүзушының психологиялық, жас ерекшеліктерін назарға ала отырып, заң шығарушы осы категориядағы істерді тергеу мен сотта қараудың ерекше түрлерін қарастырған. Олар кәмелетке толмағандардың мүддесін қорғаудың қосымша кепілдіктері ретінде қызмет атқарады.

Бұл нормалардың бірінші кезектегі міндеті - тұлғаның заңды мүдделері мен қүқықтарын бүзуды болдырмау, қылмыстық сот ісін жүргізудегі қатал заңдылықты қамтамасыз ету және сот әділдігінің заңда белгіленген мақсаттарына жету. Қылмыстық іс жүргізудің кәмелетке толмаған қатысушылары - бүл құқықтың, оның ішінде қылмыстық істерді жүргізу құқығының ерекше субъектілері. Олар қүқық пен заңда танылған мүдделердің үлкен шеңберін иеленеді, бірақ өз құқықтарын толық көлемде қорғауға және іске асыруға қабілеттері жетпейді.



1 Астемиров З.А. Уголовная ответственность и наказание несовершеннолетних. - М., 1970.

Сондықтан жасөспірімдер үшін олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің ерекше кепілдері бекітілген. Оларға негізінен, қорғаушының, заңды өкілдің міндетті түрде қатысуы, жасөспірімнің интеллектуалдық, ерік-жігер, психикалық даму деңгейін анықтау үшін психологиялық сараптамадан өткізу және т.б. жатады.

Қылмыстық іс жүргізу теориясында айыпкердің қорғау алуға құқығы заңда берілген құқықтардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі, олардың көмегімен айыпкер өзіне тайыптан қорғану, толық немесе ішінара ақталуға қол жеткізу, жауапкершілікті жеңілдету, сондай-ақ өзінің заңды жеке және мүліктік мүдделерін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін пайдалана алады. Қорғау құқығы, айыпкерге заңда берілген басқа да құқық өкілеттіктермен бірге, қорғаушының көмегін пайдалану құқығын да қамтиды.

Осылайша, айыпкердің қорғау құқығы оның жеке пайдалана алатын құқықтарының жиынтығын және процесте қорғаушы қызметін пайдаланумен байланысты құқықтардың жиынтығын қамтиды1.

Айыпкердің зияттық кемелсіздігі, істің нақты жағдайына жас шамасына қарай өзіндік көзқарасы оны қорғау үшін елеулі маңызға ие болады және кәмелетке толмаған айыпкердің өз мүдделерін заңды өкілдің көмегімен жүзеге асыруына жәрдем түрінде қосымша кепілдіктерді енгізуге себепші болды. Бұл мақсатқа қол жеткізуге педагогтың, психологтың іс жүргізудегі арнайы рөлі көмектеседі.

Кәмелетке толмаған айыпкерді қорғау жоғары кәсіптік шеберлікті ғана емес, сонымен қатар жасөспірім психологиясын білуді қатынас тәжірбиесін қажет ететін қиындықтармен сабақтасып жатады. Сондықтан, кәмелетке толмаған айыпкерді қорғауды мүмкіндігінше, жасөспірімдерді қорғауға маманданған, балалармен жүмыс тәжірбиесі бар қорғаушының жүзеге асыруы тиіс.

ҚР ҚІЖК-нің 71- бабының 1-бөлімінің 2-тармағына сәйкес істердің осы категориясы бойынша міндетті болып табылады.

Егер жасөспірім сезікті, айыпкер не олардың заңды өкілі қорғаушымен келісімге келмесе, онда тергеуші, прокурор, сот іс бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

Процеске қорғаушының қатысуы - айыпкердің қорғау құқығы қағидасын жүзеге асырудың бір түрі.

Қорғау құқығын жүзеге асыру - бұл сот әділдігін табысты түрде жүзеге асырудың қажетті шарты.

Айыпкерге қорғау құқығын қамтамасыз ету осы жағдайдың ерекше маңыздылығына байланысты конституциялық қағида дәрежесіне көтерілген. Ол ҚР Конституциясының 13-бабында бекітілген.

Айыпкерге қорғау құқығын қамтамасыз ету - қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтаудың, сот шешімінің, қаулысының, заңды және негізделген үкімнің маңызды кепілдігі.




Рыбальская В. Указ.раб., стр 18-19.

Бұл қылмыстық сот ісін жүргізудегі заңдылықтың маңызды кепілдігі.

Қорғауды шынайы жүзеге асыру - соттық дәлелдемелерді жан-жақты, толық және әділ тексерудің кепілі, іс бойынша шындыққа қол жеткізудің, тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың қол жетті шарты.

Айыпкердің қорғау құқығы қол сүқпаушылық, сот ісін жүргізу тәсілі, жариялылықты шектеу құқығы және т.б. құқықтармен тығыз байланысты.

Демек, бұған дейіт айтылғандай, кәмелетке толмағандар үшін олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің ерекше кепілдіктері бекітілген. Егер, жасөспірімдердің қүқықтарымен заңды мүдделерін шынайы жүзеге асыруды қамтамасыз етуші барлық кепілдерді жинақтайтын болсақ, онда мынадай негізгі кепілдерді атап айтуға болады: тергеуді жүргізетін соттың және органның кәмелетке толмаған сотталушы, айыпкердің құқықтары мен міндеттерін, басқа да сот талқылауына қатысушылармен құқықтары бірдей екендігін түсіндіру міндеті және т.б1. Ал айыпкер құқықтарының маңызды кепілдерінің біреуі, В.З. Лукашевичтің пікірі бойынша, кінәсіздік презумпциясы қағидасы2.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет