1 Григорян Н. Защитник как участник уголовного процесса. Сборник статей слушателей Летнего Юридического Университета. Фонд Сорос-Казахстан.-Алматы, 1998.- стр 31-32.
Жасөспірімдерден дауап алудың күрделі және жан-жақты сипаты алдын ала тергеу үшін мән-жайлар мен фактілерді анықтау бойынша қылмыстық іс жүргізу әрекеті ретінде өзіне процессуалдық, тактикалық, ұйымдастырушылық, психологиялық, педагогтік, әдеп аспектілерін қамтитынына байланысты1.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес жауап алу қорғаушының, заңды өкілдің көзінше, ал қажет болған жағдайда педагог, психологтың қатысуымен жүргізілу тиіс.
ҚР ҚІЖК-нің 216 бабына сәйкес сезіктіден жауап алу ҚР ҚІЖК, 134 бабындағы тәртіппен ол ұсталған бойда дереу немесе оған бүлтартпау шарасын қолдану туралы қаулыны жариялаудан кейін жүргізіледі. Жауап алуды бастар алдында тергеуші сезіктіге сезіктену затын хабарлайды, сондай-ақ оған құқықтарын, жауап беруден бас тарту қүқығын қоса түсіндіреді.
ҚР ҚІЖК 217 бабындағы талаптарына сәйкес, айыпкерден жауап алуды тергеуші айыптағылғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей жүргізуі тиіс, ал айыпкердің келуден жалтаруы немесе оны іздестіру жарияланған жағдайда оны айдап әкелу немесе ұстаудан кейін бірден бастайды. Жауап алуды бастар алдында тергеуші айыпталушыға оның жауап беруден бас тарту құқығын түсіндіреді және айыпкердің айтқандары оның өзіне қарсы пайдаланалуы мүмкін екендігін хабарлайды. Айыпкердің жауап беруден бас тартуы жағдайында, бүл туралы одан жауап алу хаттамасында белгіленеді. Бір іс бойынша шақырылған айыпкерлерден жеке-жеке жауап алынады, мүнда тергеуші олардың өзара сөйлеспеуі үшін тиісті шаралар қабылдайды.
Айыпкерден жауап алу ҚР ҚІЖК, 213 бабындағы ережелері бойынша жүргізілуі тиіс, яғни жауап алудан бүрын тергеуші сүралушының жеке түлғасы туралы куәлану тиіс. Егер де сүралушының іс жүргізілетін тілді білетіндігі туралы күдік туса, онда оның қай тілде жауап беруді қалайтыны анықталады.
Жауап алу сүралушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізілуі тиіс. Мылқау немесе құлағы естімейтін куәдан, жәбірленушіден, сезіктіден, айыпкерден жауап алу оны түсінетін және белгілер арқылы онымен сөйлесе алатын адамның қатысуымен жүзеге асады. Жауап алуға бұл адамның қатысуы хаттамада көрініс табады. Сұралушының бойында психикалық немесе басқа бір аурудың болуы жағдайында одан жауап алу дәрігердің рүқсатымен және оның қатысуымен өткізіледі.
Жауап алу тәуліктің күндізгі уақытында жүргізілуі тиіс және үзіліссіз 2 сағаттан, ал жалпы күрделілікпен - күніне 4 сағаттан аспауы керек. Жасөспірім анық шаршаған жағдайда жауап алу бүл уақытқа жетпестен үзілуі тиіс.
1 Сафин Н.Ш. Допрос несовершеннолетнего подозреваемого в советском уголовном судопроизводстве.-Казань:Издательство Казанского университета, 1990,-стрЗЗ.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жасөспірім-құқық бұзушыға (айыпкерге, сезіктіге) бүлтартпау шаралары қолданыла алады (ҚР ҚІЖК, 491 бап, 1-т ). Осы бұлтартпау шаралары ҚР ҚІЖК 140 бабында көрсетілген, немесе олар: 1) ешқайда шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат; 2) жеке аманат; 3) кепілдік; 4) үйде қамап ұстау; 5) қамау; 6) жасөспірімді бақылауға беру.
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі бұлтартпау шаралары деп заңмен бекітілген мемлекеттік (процессуалдық) мәжбүрлеу шаралары аталады, олардың көмегі арқылы айыпкердің жеке құқықтары мен жеке бас бостандығын шектеу, мүліктік кепілдер, жеке және қоғамдық аманат алу, сондай-ақ айыпкерді бақылау (қадағалау) жолымен айыпкер үшін алдын ала анықтаудан, тергеуден, соттан жасырыну, тиісті рұқсатсыз тұрғылықты жерінен кетіп қалу мүмкіндігі жойылады, айыпкер тарапынан іс бойынша шындықты анықтауға қарсы заңсыз әрекеті жойылады, ескертіледі, оның жаңа қылмыстар істеуін болдырмайтын тиісті мінез-құлқы, тергеу органдары, прокурор, сот шақыруы бойынша уақытында келуі, сондай-ақ үкімнің орындалуы қамтамасыз етіледі. Бұлтартпау шаралары тек оған уәкілетті мемелекеттік органдар және лауазымды тұлғалар арқылы қылмыстық іс жүргізу қызметін жүзеге асыру барысында қолданылады, яғни алдын ала тергеу жүргізу кезінде және процесстің сот сатысында қылмыстық істер бойынша іс жүргізу барысында1.
Кәмелетке толмаған сезікті, айыпкерге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану туралы мәселені шешу кезінде әрбір жағдайда осы бүлтартпау шарасын жасөспірім сезікті, айыпкерді ҚР ҚІЖК, 147 бабында көзделген тәртіппен қарауға беру ретінде таңдау мүмкіндігі талқылануы тиіс.
Бақылауға беру ата-ананың (қамқоршының, балалар мекемесі әкімшілігінің) біреуі жасөспірімнің тиісті мінез-құлқын, оның тергеушіге, прокурорға және сотқа келуін қамтамасыз ету туралы өзіне жазбаша міндеттеме қабылдауынан тұрады. Заңда жасөспірімді бақылауға беру тек қана ата-ананың не басқа тұлғаның жазбаша қолдаухаты бойынша мүмкін екендігі көрсетілген.
Бақылауға қабылдау туралы қол қою кезінде ата-ана, қамқоршылар және басқа тұлғалар жасөспірім сезіктеліп немесе айыпталып отырған қылмыстың сипаты туралы және өздеріне алған міндеттемені бүзған жағдайдағы олардың жауапкершілігі туралы хабардар етіледі. Қабылданған міндеттемені орындамаған жағдайда, бұл тұлғаларға ҚР ҚІЖК 160 және 145 баптарының 5 бөлімде көрсетілген өндіріп алу шаралары қолданылуы мүмкін.
Осылайша, көрсетілген бүлтартпау шаралары жасөспірімнің тәрбиесіне қатысты міндеттер жүктелген адамдар тарапынан баланың мінез-құлқына қатаң бақылауды қамтамасыз етуге арналған.
1 Михайлов В.А. Меры пресечения в российском уголовном производстве.-М: Право и Закон, 1996.
Жасөспірімді бақылауға беру оны қадағалауды ғана емес, сонымен бірге тәрбие мен түсінік жұмыстарын жүргізуді, баланы заңды сайлау қажеттілігіне сендіруді, іс бойынша шындықты анықтау үшін қылмыстық сот ісін жүргізуші органдарға барлық жағынан көмектесуді білдіреді.
Бақылау, қадағалау және тәрбиелеу (қайта тәрбиелеу), сендіру, осылардың жиынтығы айыпкердің тиісті мінез-құлқын қамтамасыз етуі, оның тарапынан тергеу мен соттан жасырыну әрекеттерін жоюы, қылмыстық іс-әрекетпен айналысуын, іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіруін, жалтаруын немесе басқа тәсілмен үкімнің орындалуын қамтамасыз етуге кедергі келтіруін болдырмауы тиіс1.
Ата-ананың және басқа тұлғаның қарауына беру бұл тұлғалар осы бұлтартпау шарасын іс жүзінде орындауды қамтамасыз етуге қабілетті болған жағдайда ғана мүмкін. Бұл үшін олардың өздері жоғары моральдық қасиеттерге, жасөспірімнің алдында беделге ие болуы, жұмыбастылық жағдайына қарай баланың мінез-құлқына қатаң бақылауды жүзеге асыруға нақты мүмкіндігі болуы тиіс2..
Бірақ, осы бұлтартпау шарасын қолдануға теріс әсер ететін факторлар да бар:
1) осы бұлтартпау шарасын тергеуші, прокурор және соттың жете бағаламауы;
2) оны іс жүзінде қолданудың заң талабына сәйкес қиындықтары;
3) бұлтартпау шараларына қарағанда ешқайда шықпау туралы қолхат пен қамауға алуды ресімдеуге ыңғайлылығы мен қарапайымдығы үшін артық көретін тергеушілер мен соттардың дәстүрлі ойлау стереотиптері;
4) ата-ананың, қамқоршының және басқа субъектілердің жасөспірімді қарау жолымен олардың теріс мінез-құлықтарының алдын алуға және жолын кесуге қабілетсіздігі;
5) балалар мекемесіндегі тәрбие жүмысының дүрыс жүрмеуіне байланысты соның салдарынан әкімшілік жасөспірімге оң ықпал етудің нақты мүмкіндігінен айрылған;
6) ата-ананың, қамқоршылардың қоғамға қарсы ниеті, бұл тергеу органдарына, прокурорға, сотқа ол адамдарға жасөспірімдерді сеніп тапсыруына рұқсат етпейді және т.б3.
Кәмелетке толмағанға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу, сондай-ақ үстау қолданылуы мүмкін (ҚР ҚІЖК, 132, 150 баптар). Бірақ ауыр немесе өте ауыр қылмыс істеген кездегі ерекше жағдайларда ғана.
Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде тек прокурордың санкциясымен, не болмаса сот шешімі бойынша қолданылады.
1 Михайлов В.А. Указ.раб., стр 203.
2 Строгович М.С. Курс Советского УПП, т.2.- М: Наука, 197О.-стр 476.
3 Уголовный процесс. Под ред. Божьева В.П.-М.: СПАРК, 1997, стр 163-164.
Іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қамау мерзімі екі айдан аспайды (ҚР ҚІЖК, 153 бап, 1т), ал ҚР ҚІЖК 491 бабының 4 тармағына сәйкес алдын ала тергеудегі қамауда үстау мерзімі (ҚР ҚІЖК, 153 бап) алты айға дейінгі уақытқа ұзартылуы мүмкін. Кәмелетке толмағандар қамауда басқалардан жеке ұсталады.
Бұлтартпау шарасын таңдау туралы дәлелденген қаулы шығарылады, онда жалпы негіздер мен жасөспірім тұлғасының ерекшеліктеріне байланысты негіздер көрсетілуі тиіс. Ұстау, қамау немесе қамауда ұстау мерзімінің ұзартылуы туралы тез арада жасөспірімнің ата-анасы немесе басқа да оның заңды өкілдері, олар болмаған жағдайда - жақын туыстары хабардар етіледі.
Егер жасөспірім ересек адамдармен бірге қылмыс жасағаны үшін айыпталатын болса, онда ҚР ҚІЖК 49 бабының 3 тармағына сәйкес іс алдын ала тергеу сатысында жеке іс жүргізуге бөліктеледі.
Жасөспірімге қатысты іс жүргізуді бөлектеу істің мән-жайларын жан-жақты және объективті зерттеу үшін елеулі кедергілер келтіретін болса, үлкендермен бір іс бойынша жауапқа тартылған жасөспірімге қылмыстық іс жүргізу заңында осы санаттағы істерді жүргізу үшін бекітілген ережелер қолданылады.
Бұдан шығатыны, істі бөлектеу туралы талап факультативті болып табылады, бұл оның істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттелуі үшін елеулі кедергілер келтірмейтін жағдайда ғана мүмкін екенін білдіреді.
ҚР ҚІЖК, 49 бабында көрсетілген ереже жасөспірімді ересек қатысушылардың ықпалынан сақтау және кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізу итуралы нормаларды қолданумен байланысты жатқан тергеу мен сот талқылауына неғұрлым тиімді жағдай жасау мақсатын көздейді1.
Істі бөлектеу туралы мәселені шешуден бұрын тергеуші жасөспірімнің қылмысқа қатысының дәрежесі, оның тұлға, мінез ерекшеліктері, ересек қатысушыларынан өзара қатынасы туралы мәліметтерді зерделуі тиіс.
Ересек айыпталушылар әшекерлеу үшін жасөспірім айғақтарының маңыздылығы дәлелі бойынша істі бөлектеуден бас тартуға жол берілмейді, өйткені бөлектеуден кейін одан куә ретінде жауап алынуы мүмкін.
Жасөспірім туралы істі бөлектеу дәлелденген қаулымен ресімделеді, ал оның жеке тұлғасын, тұрмысы мен тәрбие жағдайын сипаттайтын істің барлық материалдары (жасы, мінездемесі, ата-анадан жауап алу хаттамасы, тексеру актісі және т.б.) жасөспірім туралы жаңа іске түпқұжатпен кіргізіледі.
ҚР ҚІЖК 273 бабына сәйкес алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасаумен аяқталады.
1 Рыбальская В. Указ.раб., стр 95.
Іс бойынша барлық тергеу іс-әрекеттері орындалып, ал жинақталған дәлелдемелер айыптау қорытындысын жасау үшін жеткілікті болған кезде, тергеуші бұл туралы айыпталушыны хабардар етуі және оған істің барлық материалдарымен жеке өзі, не қорғаушының көмегімен танысу құқығын түсіндіруі, сонымен бірге алдын ала тергеуді толықтыру немесе іс бойынша басқа шешімдер қабылдау туралы қолдаухат мәлімдеуі тиіс. Бірақ тергеуші жасөспірімге теріс әсер етуі мүмкін материалдарды танысу үшін ұсынбау, олармен заңды өкілді таныстыру туралы қаулы шығаруға да қақылы (ҚР ҚІЖК, 487 бап, 4т). Бүл арада мынадай сұрақ туады: жасөспірімнің құқықтары шектелмей ме?
Әдебиетте осы мәселе турасында бұл материалдар заңды өкілге, қорғаушыға таныстыры латындықтан, айыпталушының құқығы бұзылмайды деген пікір бар. Сонымен бірге жасөспірімнің психикасы қосымша жарақат алудан қорғалады1.
Іс материалдарымен танысқан айыпталушы, оның қорғаушысы, заңды өкілі тергеуді толықтыру, істі тоқтату және т.б. туралы әртүрлі қолдаухаттар мәлімдей алады. Тергеуші бұл қолдаухаттарды не қанағаттандыруға, не болмаса оларды шағымдалуға болатын дәлелденген қаулы арқылы қабылдамауға міндетті.
Егер қолдаухаттар қанағаттандырылса, қосымша тергеу іс-әрекеттерін жүргізгеннен кейін тергеуші процеске қатысушыларды алдын ала тергеудің аяқталғаны туралы қайтадан хабардар етуі, оларға істің қосымша материалдарымен, ал олардың өтініші болып жатса, онда істің барлық материалдарымен танысуына мүмкіндік беруі тиіс (ҚР ҚІЖК, 276 б, 4 т).
Жасөспірімнің ісі бойынша айыптау қорытындысы ҚР ҚІЖК-нің 278 бабында көрсетілген талаптарға сәйкестендірілуі тиіс.
Айыптау қорытындысында мыналар көрініс табуы тиіс: а) жасөспірім тұратын және тәрбиеленетін жағдайлар, оның ішінде материалдық-тұрмыстық және отбасы жағдайлары;
ә) айыпталушының зияттық даму деңгейі, оның оқуы (жұмысы), моральдық келбеті туралы мәліметтер;
б) арандатушылар мен қылмыс жасау үшін жағдай туғызған
адамдардың болуы туралы болжауды тексерудің нәтижелері;
в) айыпталушының түсініктемелері және оларды тексерудің
түсініктеме берген адамның > қас ерекшеліктерін қоса алғандағы нәтижелері;
г) құжаттарға сілтемемен бірге айыпталушының жасы туралы дәл мәліметтер; оның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер;
д) егер айыпталушы бұған дейін тәрбиелеу колониясына жіберілген немесе сотталған жағдайда, құқық бұзушылықтың сипаты және оны жасағаннан кейінгі мінез-құлқы туралы мәліметтер;
е) тергеліп отырған іс-әрекеттен кейінгі мінез-құлқы туралы мәліметтер.
1 Миньковский Г.М. Указ.раб., стр 159.
Кәмелетке толмаған айыпталушының заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін айыптау қорытындысының көшірмесін, кейбір жағдайларда іс жүзінде қолданылғанындай, оған ғана емес, сонымен бірге оның ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға жіберу мақсатқа сай келеді (жасөспірім күзетте ұсталатын істер бойынша). Прокурор жасөспірім туралы іс бойынша айыптау қорытындысын бекіту кезінде жасөспірімнің заңды мүдделерінің қосымша кепілдіктері сақталғандығын тексеруге міндетті. Прокурор, сондай-ақ, тергеушінің айыпталушының жас ерекшеліктерін қоса алғанда дәлелдеу шегін кеңейту қажеттілігін ескергенін және жинақталған мәліметтер айыптау қорытындысында көрініс тапқанын да тексереді. Атап айтқанда, ол айыпталушының жасы туралы шұбасыз құжатты мәліметтердің болуын тексеруге міндетті. Қылмыстық жауаптылыққа 16 жасқа дейінгі жасөспірім тартылған жағдайда, прокурор ҚР ҚІЖК, 15 бабында берілген тізімге енетін қылмыс жасалған ба, соны тексеруі қажет. Ең соңында, айыптау қорытындысын бекіте отырып, прокурор, құжаттарды жинау аяқталғаны туралы шешім қабылдау сәтіндегі тергеуші сияқты, жасөспірімнің жеке тұлғасын, оның түрмыс жағдайын, қылмыстың сипатын есепке ала отырып, айыпталушыны сотқа беру қажет пе немесе оның түзелуі тәрбиелік сипаттағы шаралармен қамтамасыз етілуі мүмкін бе, осы мәселені шешуге міндетті.
Кәмелетке толмағандар істері бойынша алдын ала тергеу жүргізу кезінде прокурорлық қадағалаудың мүқияттылығы, зейінділігі, жүйелілігі өте үлкен маңызға ие, прокурор жасөспірімнің өзін қорғау үшін заң бекітетін кепілдіктерді материалдық нүқсан туралы, сотталғандық туралы мәліметтермен қатаң сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Көрсетілген материалдар болғанда ғана, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулыны шығаратын тұлға іс жүргізу заңының барлық талаптарын ескереді және шешім қабылдауды дәлелдей алады.
Іс жүргізу заңына сәйкес прокурор ҚР ҚІЖК-ң 37, 38 баптарында көрсетілген тәртіп пен негіздемелер бойынша қылмыстық істі қысқартуға қақысы бар. Қылмыстық істі қысқарту туралы дәлелденген қаулы шығарылады.
Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу аяқталып, айыптау қорытындысы бекітілгеннен соң прокурор айыпталушыны сотқа беру туралы қаулы шығарады және соттылығы бойынша сотқа жіберіледі (ҚР ҚІЖК, 284 б). Істің сотқа жіберілуі туралы қылмыстық процеске қатысушылардың барлығы хабарланады. Прокурор ҚР ҚІЖК, 284 бабына сәйкес айыпталушыға айыптау қорытындысын және оған қосымшаларды тапсыруды қамтамасыз етеді. Айыптау қорытындысының көшірмесі қорғаушы мен жәбірленушіге де тапсырылады, егер олар бұл туралы қолдаухат берсе. Айыптау қорытындысы жазылған тілді меңгермеген айыпталушы мен жәбірленушіге көшірме олар білетін тілге аударылып тапсырылуы тиіс.
Сонымен, ҚР ҚІЖК бойынша, айыпталушыны сотқа беру қылмыстық процесс сатысы боп саналмайды, бірақ заң әдебиеттерінде заңгер процессуалистердің, мысалы Т.Ж. Сулейменованың, сотқа беру - қылмыстық процестің маңызды сатысы екендігі туралы көзқарастары кездеседі.
Басқа да заңгер-ғалымдар осы пікірде (Пашкевич П.Ф және басқалар). Олардың пікірі бойынша, сотқа берудің қылмыстық іс жүргізу сатысы ретіндегі мәні жүргізілген алдын ала тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын, объективтілігі мен заңдылығын заңда белгіленген тәртіппен тексеру бойынша сот органдарының процессуалдық іс-әрекеттерін, айыптаудың фактілік және қүқықтық бөлімдерінің істі сот мәжілісінде қарау сот ісін жүргізу міндеттерінің толық орындалуы білдіреді. Сотқа беру түріндегі дербес процессуалдық сатының болуы (және барлық қылмыстық істер бойынша міндетті) сот мәжілісіне тек қана алдын ала тергеу жан-жақты, толық, объективті және заңның барлық талаптары сақталып жүргізілген істерді енгізуді, сондай-ақ істің мән-жайларын өз уақытында, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз етуі тиіс. Сотқа беру туралы негізді шешім айыпталушының кінәлылығы туралы мәселені алдын ала шешуге тыйым салатын заң талаптарын сақтау арқылы алдағы уақытта қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін табысты орындау үшін жағдай жасайды.
Сондай-ақ, олардың пікірі бойынша, сотқа беру тұлғаның құқықтарының ғана емес, сонымен бірге сот әділдігі мүдделерінің де кепілдігі болады. Бұл мағынадағы қорғау объектісі - айыпталушының қүқықтары, сот әділдігі мүдделері, заңдылық. Осылайша, сотқа беру -заңдылықты және тұлғаның субъективті құқықтарын қамтамасыз етудің маңызды шарты. Сотқа берудің дәл осындай әлеуметтік-психологиялық негіздемесі оның айыптау жеткілікті негізделмеген істерді сот қарауына жібермеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес қызмет етуіне кепілдік береді.
Кәмелетке толмағандарды сотқа берудің өзгешелігі жеке тұлғалық қасиеттерді есепке ала отырьіп қолданылатын арнаулы нормалар мен жалпы нормалардың нақты ара қатысын білдіреді. Бұл істер бойынша заңда белгіленген кепілдіктерді сақтау, айыптаудың негізділігі, білікті қорғау, заңды мүдделерді жан-жақты қорғау өте маңызды.
ҚР ҚІЖК сәйкес, кәмелетке толмағандарды сотқа беру істі дұрыс қарау үшін ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік әсер етудің тиімділігі үшін де елеулі көптеген мәселелерді шешумен байланысты. Прокурор айыптау қорытындысын бекітудің және айыпталушыны сотқа берудің алдында 10 тәуліктен аспайтын мерзімде мынадай тергеу әрекеттерін жүргізуі тиіс: 1) өз қаулысымен айыптау қорытындысымен және айыпталушыны сотқа берумен келісімін білдіруі; 2) өз қаулысы арқылы айыптаудың жекелеген пунктерін жоюы, не болмаса айыпталушының іс-әрекеттерін ауырлығы аз қылмыс туралы заңды қолданумен қайта саралауы; 3) қылмыстық істі толық көлемде немесе жекелеген айыпталущыларға қатысты тоқтату; 4) істі тергеушіге қосымша тергеу жүргізу немесе айыптау қорытындысын қайта жазу үшін өзінің жазбаша нүсқауларымен бірге қайтаруы; 5) жаңа айыптау қорытындысын жазуы; 6) сотқа шақырылуға жататын түлғалар тізімін, куәлар тізімін қоспағанда, толықтыруы немесе қысқартуы (ҚР ҚІЖК, 282 б).
Айыптау қорытындысымен түскен іс бойынша, прокурор дәлелденген қаулы арқылы бұған дейін айыпталушыға таңдалған бұлтартпау шарасын өзгертуге немесе жоюға, ңе болмаса, егер қолданылмаған жағдайда, бүлтартпау шарасын таңдауға қақысы бар (ҚР ҚІЖК, 283 б).
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі нормалары бойынша сот қылмыстық іс түскеннен кейін істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешеді. Түскен іс бойынша судья (төреші) ҚР ҚІЖК, 301 бабында талаптарын сақтай отырып, мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды: 1) басты сот талқылауын тағайындау туралы; 2) істі қосымша тергеу үшін қайтару; 3) іс бойынша іс жүргізуді тоқтата түру; 4) істі соттылығы бойынша жіберу; 5) істі тоқтату туралы; 6) қылмыстық істерді біріктіру туралы. Іс бойынша шешімді судья (төреші) қаулы түрінде қабылдайды, онда мыналар көрсетілуі тиіс: 1) қаулыны шығару уақыты мен орны; 2) қаулы шығарған судьяның (төреші) лауазымы мен аты-жөні; 3) қабылданған шешімдердің негізі мен мәні.
Шешім істің сотқа түсу сәтінен бастап 5 тәуліктен кешіктірмей қабылдануы тиіс.
Сот түскен іс бойынша ең алдымен әрбір сотталушыға қатысты мыналар деп анықтауы тиіс: 1) іс осы сотқа сай келеді ме;2) істі жүргізуді тоқтатуды немесе тоқтата тұруды қажет ететін мән-жайлар бар ма; 3) анықтауды және алдын ала тергеуді жүргізу кезінде сот мәжілісін тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңын бүзу орын алған жоқ па; 4) заңды бұзу арқылы алынған дәлелдемелер жоюға жата ма ; 5) айыптау қорытындысының немесе айыптау хаттамасының көшірмелері тапсырылған ба; 6) айыпталушы үшін таңдалған бұлтартпау шарасы өзгертуге не жоюға жата ма; 7) қылмыс келтірген залалды өтеуді және мүмкін болатын мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ететін шаралар қабылданғанба; 8) арыздар мен өтініштер қанағаттандыруға жата ма (ҚР ҚІЖК, 300 б).
Істі сотта жүргізуге қабылдау туралы маңызды мәселе істі қосымша тергеу жүргізу үшін қайтару туралы сүрақты шешу болып табылады.
Істе оны сот талқылауында қарауға кедергі келтіретін мән-жайлар бар екендігін және бүл кедергіні анықтау немесе тергеу органы жоя алатынан анықтаған сот істі ҚР ҚІЖК, 303 бапта негіздер бойынша қосымша тергеуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Судья (төреші) істі тараптардың бірінің қолдаухаты бойынша мына жағдайларда қосымша тергеу жүргізу үшін жібере алады:
1) істе айыпталушы басқа айып тағу үшін негіздердің болуы, егер де ол қаралатын іспен байланысты болса және қылмыстық жауаптылыққа, егер олардың іс-әрекеттері қаралатын іске қатысы бар және жаңа тұлғаларға қатысты істі жеке қарау мүмкін емес болса, осы тұлғаларды тарту үшін негіздердің болуы;
2) істі дүрыс біріктірмеу және бөлектеу;
3) айыптау актісінде көрсетілген айыпты одан да ауыр немесе бастапқы
тағылған айыптан елеулі өзгешелігібар айыпқа өзгерту қажеттілігі болған кезде.
Іс қосымша тергеу жүргізу үшін прокурор арқылы жіберіледі. Бұл кезде судья (төреші) өз қаулысында істің қандай негіз бойынша қайтарылып отырғанын көрсетуі тиіс. Істі қосымша тергеу жүргізу үшін жіберу кезінде судья (төреші) айыпталушыға қатысып бұлтартпау шарасы туралы мәселені шешуі тиіс.
Сот талқылауын жүзеге асыру үшін қосымша қарау жүргізіліп, барлық кедергілер жойылғаннан кейін, судья (төреші) ҚР ҚІЖК нормалары мен ҚІЖК-де бекітілген ережелерге сәйкес, істі сот талқылауына жүргізу үшін қабылдайды.
Судья (төреші) алдын ала анықтау немесе алдын ала тергеу процесінде ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша барлық талаптары сақталған және істі сотта қарауға кедергі келтіретін басқа негіздер жоқ деген қорытындыға келген соң, басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылдайды (ҚР ҚІЖК, 3026, 1т).
III ТАРАУ. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ БОЙЫНША СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ
3.1. Сот талқылауы тәртібінің ерекшеліктері
Сот талқылауы - құрылымы бойынша күрделі ғана емес, сонымен бірге өзінің құқықтық салдарлары бойынша өте жауапты қылмыстық процесс сатысы, процессуалдық әдебиеттегі сот талқылауы - ерекше юрисдукцияға ие процестің басты сатысы деген пікірдің қорғалуы негізсіз емес. Бүл баға соттың тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынатын туралы ҚР Конституциясының 77 бабынан келіп шығады. Қабылданатын шешімдердің дұрыстығы, негізділігі және заңдылығы үшін жауапкершілік сотқа жүктеледі, сондықтан оған процестің басты сатысы рөлінің берілуі заңды1.
Кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы істерді сотта қарау айқын түрдегі тәрбиелік сипатқа, кең мағынадағы профилактикалық бағытқа ие. Бұл мүқият дайындықты, заңда қатаң реттелген сотты ұйымдастырудың дәйектілігін білдіреді.
Сот мәжілісін дайындау бөлімінің негізгі міндеті құжаттарды өз уақытымен, кедергісіз зерттеуді, неғүрлым толық және тиімді сот тергеуін қамтамасыз ету, сот әділдігінің демократиялық қағидаларын - сот талқылауының тікелей, ауызша және үзіліссіз болуы, процеске қатысушылар құқықтарының теңдігін жүзеге асыру. Бұл жағдайлар дайындық әрекеттерінің белгілі бір логикалық ретімен, процессуалдық форманы қатаң сақтау арқылы жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |