Диплом жұмысы кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері орындаған



бет6/6
Дата16.06.2016
өлшемі413 Kb.
#139586
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

Кінәлылық туралы қорытынды - үкімнің маңызды элементі - еркін түрде не болмаса интуициялық бола алмайды, ол дәлелдемелерді талдаудың логикалық салдары болуы, белгілі мән-жайлардың шұбасыз дәлелденгендігін куәландыруы тиіс. Шындыққа сай келмейтін немесе қайшы келетін фактілер назардан тыс және түсініксіз қалуына, үкімнің негізіне алынуына жол берілмейді.

Үкім шығару кезінде жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуы туралы мәселе талқыланады. Көрсетілген мән-жайлар қылмыс құрамына жатпайды, оның белгілерін қамтымайды. Алайда олар не тұлғаның қоғамдық қауіптілігі шамалылығы туралы, не болмаса, керісінше, қоғамдық қауіпті, сол үшін де жазаны жеңілдетіге негіз бермейтін ерекше теріс жеке қасиеттер туралы куәландырады.

Жауаптылықты жеңілдететін өзгеше мән-жай жас шамасындағы даму кемшілігі, жасөспірімнің теріс ықпалға қарсы тұруға қабілетсіздігі, ауыр мән-жайлар ағымы, тұлғаның адамгершілік қалыптасуының жағымсыз жағдайлары және т.б. болуы мүмкін.

Сот жасөсіпірмге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны оның бағыты және қайта тәрбиеленуі қоғамнан оқшаулаусыз мүмкін болмаған жағдайда ғана тағайындау туралы шешім қабылдауға қақысы.

Жасөспірімдерге ерекше жазалау шарасы - өлім жазасы қолданылмайды (ҚР ҚІЖК, 49 б).

Егер жасөспірім жоғары қауіптілігі жоқ қылмыс жасаса және оның түзелуі мен қайта тәрбиеленуіне қылмыстық жаза қолданбай-ақ қол жеткізуге мүмкін болса, онда сот ҚР ҚІЖК 495 бабы бойынша жасөспірімге тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану (ҚР ҚІЖК, 82 б) мүмкіндігі туралы мәселені шешуі тиіс.

Жасөспірім үкім шығару кезінде, сот ҚР ҚІЖК, 371 бабында көрсетілген мәселелерімен қатар, шартты түрде соттау, бас бостандығынан айырмай жаза тағайындау туралы, сондай-ақ ҚР ҚІЖК-де көзделген жағдайларда жазадан босату туралы мәселені талқылауы тиіс.

Жаза мөлшерін анықтаған кезде, сот ҚР ҚІЖК 53 бабы бойынша қылмысты кәмелетке толмаған тұлғаның жасауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жай болып табылатыны ескеруі тиіс.

Мысалы, айыпталушы Мельниковқа қатысты ҚР ҚІЖК, 15 бап, 88 бөлім, 1-тм3?? бойынша, оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар: В.А. Мельниковтың жастығы (1980), оның қылмысты кәмелетке толмаған жаста істегені, бірінші сотталғандық, тұлғаны жағымды сипаттайтын деректер, денсаулық жағдайы, көзінің ауыр жарақаты мен дәрежелі алиментарлық дистрофия болуы, тұрмыс және тәрбие жағдайлары, психикалық даму деңгейі. Жасалған қылмыстың сипаты мен В. Мельниковтың жеке тұлғасын есепке ала отырып, сот аталған мән-жайларды ерекше деп таныды және Мельниковқа ҚР ҚІЖК 55 бабын қолданып, ҚР ҚК 15 бабының 88 бөлімінде қарастырылған ең төменгі шектегі жаза тағайындауды дұрыс деп тапты1.

ҚР-ның Қылмыстық кодексі қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздерін қүрайды (ҚР ҚІЖК, 65 бап). Мысалы, кәмелетке толмаған сотталушы егер де орта немесе шамалы ауырлықтағы қылмысты алғаш рет жасаса, өз еркімен кінәсын мойындап келсе, қылмысты ашуға көмектессе немесе басқаша түрде қылмыс келтірген зиянды жапса, онда жазадан босатылуы мүмкін.

Заң әдебиеттерінде айтылғандай, ҚР ҚІЖК 65 бапта қарастырылған қылмыстық жауаптылықты босату негіздерін қылмыстық юстицияның нақты істер бойынша мақсатқа басқа жолмен, яғни дәстүрлі схеманы айналып өтумен (қылмыстық процесс-үкім мен жаза-үкімнің орындалуы)2 жетуіне мүмкіндік беретін қылмыспен күрестегі ымыраға келу шаралары" немесе "балама шаралар" деп атауға болады3.





1 Материалы следственной и судебной практики. Толовко Л.В. Новые основания освобождения от уголовной ответственности и проблемы их процессуального применения.- Государство и право Росийской Академии наук, 1997, № 8, стр 77.

3 Келина С.Г. Освобождение от уголовной ответственности как правовое последствие совершения преступления. В кн.Уголовное право:новые идеи.М, 1994-стр 68. Наумов А.В. Росийское уголовное право. Общая часть. Курс лекций.- М., 1996- стр 438.

Сонымен бірге заң әдебиеттерінде жазадан босату мүмкіндігі қазіргі заманғы қылмыстылықтық өсу деңгейінің алдын алудағы сенімді әдіс ретінде қызмет ете алмайды және, тіпті, халықтың белгілі бір бөлігінің бойында жазадан тыс қалу сезімін туғызуы мүмкін деген пікір де кездеседі1.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасы қылмыстық жауаптылық пен кәмелетке толмаған тұлғаларды жазалау мәселелерін шешуге ерекше - адамгершілік - тұрғыдан келуімен сипатталады, өйткені жасөспірімге үкім тағайындау кезінде сот ҚР ҚІЖК 371, 395 баптарының нормаларында көрсетілген мән-жайларды ескереді, » жазаны дараландыру қағидасы, жасалған қылмыстың жасөспірім-құқық бұзушының жеке тұлғасымен өлшемдестігі ескеріледі, өйткені әрбір құқық бұзушы істелген әрекетті, сондай-ақ жазалау мақсатын есепке ала отырып, неғұрлым жеке-дараланған және сараланған жазаға және оған тиісті түзеу және қайта тәрбиелеу шараларын қолдануға сенуі керек2.

ҚР Жоғарғы соты Пленумның 1989 жылы 29 қыркүйектегі "ҚР соттарының бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау тәжірбиесі туралы" қаулысында судьялар (төрешілер) жасөспірімдерге жаза тағайындауға ерекше назар аударуға, қоғамдық қауіптілігі шамалы қылмыстар үшін оларды бас бостандығынан негізсіз айыру жағдайларын болдырмау үшін заңда берілген мүмкіндіктерді толық пайдалануға міндетті деп атап көрсетілген.

Бірақ соттар барлық кезде сотталушы жасөспірімдерге бас бостандығынан айыру түріндегі жазалау шарасын мақсатқа сай тағайындай бермейді. Мысалы, кәмелетке толмаған Құдайбергенов пен Танабергеновтың

қылмыстық істері бойынша, оларды Ақтөбе облысының аудандық соты 1995 жылы 17 наурызда 3 және' 2 жылға екеуін де қатал режимдегі түзеу мекемелерінде жазаларын өтеуге бас бостандығынан айырған; сотталушылар адвокаттардың айыптан 82 бабының 1 бөлімін алып тастау және ҚК 200 бабының 1 бөлімі бойынша сараланған қылмыс істеу кезіндегі ауыр зардаптардың жоқтығын есепке ала отырып, жаза мөлшерін төмендету және ҚК 41-1 бабын қолдануды өтінген кассациялық шағымдары ескерілмеген3.

Жасөспірімдерге жаза тағайындау кезінде соттар барлық жағдайда сотталушылардың жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды назарға алып, жасалған қылмыстық қоғамдық қауіптілігі дәрежесі мен сипатын, кінәлінің тұлғасы туралы деректерді ескере бермейді. Жасөспірімдер үкімдерін кассациялық тәртіппен өзгерту дәл осы жағдайларға байланысты.

Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алуда елеулі шығын шығуы кездеседі және де жазалаудың қатал шараларын қолдану, яғни бас бостандығынан айыруды қолдану көлемінің ұлғаюы-бұл елдегі






1 Головко Л.В. Указ.раб., стр 81.

2Новое уголовное законодательство и проблемы ответственности и наказаниянесовершеннолетних правонарушителей.- Известия Министерства Науки-Академии Наук РК.- № 1, 1996, стр 90.

3 Обзор судебной практики.- "Тураби", № 1, 1996.

криминалдық ситуацияны құрт асқындырған теріс құбылыстар мен процестер үшін кінәны өскелең ұрпаққа аудару болып саналады; бұл халықаралық құқықтық жалпыға бірдей нормаларына қайшы келеді.

Жасөспірімге жаза тағайындау кезінде соттар заң талаптарын басшылыққа алуы және бүл тұлғаларға қатысты жаза ерекше дәрежеде кінәлыны түзеу және қайта тәрбиелеу, жаңа қылмыстар жасалуының алдын алу мақсаттарына бағындырылуы тиіс екендігін ұмытпауы қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ


Кәмелетке толмағандар өздерінің жас шамасына, зияттық деңгейіне байланысты физикалық, рухани және әлеуметтік даму салаларында, сондай-ақ құқықтық қорғау саласында ерекше қамқорлық пен көмекке зәру екендігін назарға ала отырып, мемлекет олардың қүқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін жүзеге асырудың тәртібін бекітті. Осылайша объективті себептерге орай, өскелең ұрпақтың қүқықтық санасын көтеруге, тәрбиесін, білімін жетілдіруге құқықтық ықпал етуді ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі міндеттеріне сәйкес, сот әділдігі органдары жүзеге асыратын кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізу жасөспірімдерге құқықтық ықпал ету, олардың сот қорғауы, құпиялық, жазаны даралау, тең құқықтылық және т.б. қүқықтарын іске асыру тәсілдерінің бірі болып табылады, өйткені жасөспірім-құқық бұзушылардың жеке мінездемелерін ескере отырып, мемлекет кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы іс жүргізудің ерекше тәртібін бекітті. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттелген бұл тәртіп кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін жүзеге асыруға қатысы бар Жалпыға бірдей адам құқықтарының Декларациясына, балалар құқығы туралы Конвенцияға, азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіге, БҰҰ-ның Шағын стандартты ережелеріне және басқа адам құқықтарын жариялайтын халықаралық құжаттарға негізделеді.

Заңмен бекітілген кәмелетке толмағандар істерін жүргізу тәртібі істі дұрыс шешуге жәрдемдеседі, сот әділдігін жүзеге асырудың сапалылығына, сот қателерін жоюға, жасөспірімдерге тәрбиелік-алдын алушылық әсер етуге оң ықпал жасайды.

Бұл органдардың тәрбиелік-алдын алу жұмысы, ең алдымен, оның қылмыстылық пен жастар арасындағы басқа да қүқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жүйесінің элементі екендігіне байланысты.

Сот ісін жүргізудің мазмұны бойынша қорғаушылық типіне (репрессивтіліктен айырмашылығы) жатады. Сот барлық сатыларда айыптау функциясынан айрылған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде ұсынылған прогрессивтілік пен адамгершілік, оның мазмұнында бұрынғы заңнамадан ерекше ережелер жатқандығымен анықталады, олар:

1. Сот әділдігі құралдары арқылы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Заң негізсіз қылмыстық қудалаудан сақтайтын процессуалдық кепілдіктер береді. Процеске қатысушылардың құқықтары, соттың оларды қамтамасыз ету бойынша құзыреті және ақтау институттары, құқық қолданушы органдардың заңсыз іс-әрекетінен зардап шеккен процеске қатысушыларға келген залалдың орнын толтыру, сондай-ақ процеске

қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары едәуір кеңейтілген.
2. Айыптау, қорғау және істі мәні бойынша қарау функцияларының бөлінуі. Тараптардың нақты бәсекелестігі мен тең құқықтығын қамтамасыз ету.

3. Сотқа жаңа статус (мәртебе) беру.

Заңда сот билігінің тәуелсіздігі бекітілген. Соттың іс қарауы құқық қорғаушылық тұрғысына ауыстырылған. Сотқа дейінгі іс жүргізуді сот бақылауын көздейтін түбегейлі жаңа нормалар енгізілген1.

Республика соттары тұрақты түрде сот қызметінің деңгейін көтеріп отырады, сот ісін жүргізу сапасын жақсарту және іс-әрекетті саралау, жаза тағайындау кезінде қателік жібермеу, кінәсыз тұлғаларды қылмыстық қудалауды жою мақсаттарымен кәмелетке толмағанждар істерін профессионалды түрде алдын ала тергеу мен қарауға назарды күшейтеді.

Осылайша, жоғарыда айтылғандардан жасөспірімдер бойынша сот әділдігін жүзеге асыруға қатысты мәселелер заң деңгейінде жеткілікті реттелген деген қорытынды жасауға болады. Мысалы, жасөспірімнің заңды өкілінің, қорғаушының жасөспірім-құқық бұзушының ісі бойынша іс жүргізудің барлық сатысындағы процессуалдық жағдайы нақты реттелген, бұл оған құқықтары мен заңды мүдделерін толық қорғауға мүмкіндік береді.

Бірақ сот процесінің тәрбиелік-алдын алу әсері, қылмыстық жазадан құтылмаушылық пен сот шығарған үкімнің әділеттігіне жалпының сеніміне қол жеткізу тек істі материалдық және процессуалдық заңнама нормаларын қатаң сақтау, сот талқылауын жүргізудің жоғары мәдениеті жағдайында ғана мүмкін болады.

А.Ф.Кони айтқандай, - "қылмыстық процесс судьяларды (төрешілерді) тірі адамнен бетпе-бет қояды, бұл сотқа әрбір істі дұрыс шешу үшін ерекше жауапкершілік жүктейді. Бұл жауапкершілік, сотталушы орындығында кәмелетке толмаған бала, яғни көзқарастары, түсініктері қалыптаспаған жасөспірім отырса, бірнеше есе өседі"2.

Бірақ, дегенмен де, жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес, оның алдын алу, қылмыс жасау үшін жағдай жасайтын себептерді жою, азаматтарды тәрбиелеу тек құқық қорғау органдарының, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт қызметкерлерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының және т.б. қатысуымен профилактикалық қызметтің барлық бағыттарының жиынтығы арқылы ғана мүмкін болады, олар сананы қайта құруға, республика халқының бойында елдегі қылмыстылық жағдайына әділ баға тудыруға, азаматтардың құқық бұзушылыққа төзбеу сезімін қалыптастыруға, кемелді адамгершілік көзқарас бағдарына және жасөспірімдер мен жастар бойындағы өзіне-өзі сын көзімен қарау сезіміне тәрбиелеуге көмектесе алады.






1 Берсугурова Л.-"Правовая реформа в Казахстанеи5 № 1, 1999, стр 39.

2 Дарбаев С. Преступления несовершеннолетних и их ответственность перед законом.- "Тураби", № 35 1997.- стр 95-96.

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Нормативті-құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.-Алматы: Жеті Жарғы, 1995.

2. Минимальные стандартные правила ООН, касающиеся отправления правосудия в отношении несовершеннолетних от 29 ноября 1985 г.

3.Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 1 қаңтар 1998ж.-Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1 қаңтар 1998ж.-Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

5. Қазақ ССР Азаматтық кодексі 28 желтоқсан 1963.

6.1998-2000 жылдарға арналған ҚР-да кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді бағдарламасын бекіту туралы үкімет қаулысы 8 маусым 1998 ж.

Арнайы әдебиеттер

1. Астемиров З.А. Уголовная ответственность и наказание несовершеннолетних.- М., 1970.

2. Бегалиев К. Предупреждение безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних. -Алма-Ата: Казахстан, 1980.

3. Бегалиев К. Меры борьбы с преступностью несовершеннолетних: правовые и организационные основы деятельности органов, принципы в борьбе с правонарушениями несовершеннолетних.-Алма-Ата: Казахстан, 1975.

4. Берсугурова Л. Основание пересмотра судебных решений по уголовным делам и эффективность судопроизводства.-пПравовая реформа в Казахстане", №1, 1999.

5. Божович Л.Л. Личность и ее формирование в детском возрасте.-М., 1968 г.

6. Голубева Л.М. Судебное рассмотрение дел о преступлениях несовершеннолетних.-Фрунзе: Илим, 1981.

7. Григорян Н. Защитник как участник уголовного процесса. Сборник статей слушателей Летнего Юридического Университета.-Алматы: Фонд Сорос-Казахстан, 1998.

8. Головко Л.В. Новые основания освобождения от уголовной ответственности и проблемы их процессуального применения.-!Тосударство и право" РАН, № 8, 1997.

9. Гуковская Н.И. Деятельность следователя и суда по предупреждению преступлений несовершеннолетних.-М.: Юридическая литература, 1967.

10.Гуковская Н.И., Миньковский Г.М., Долгова А.И. Расследование и судебные разбирательства дел о преступлениях несовершеннолетних.- М: Юридическая литература, 1974.-стр 5-6.

11. Дарбаев С. Преступления несовершеннолетних и их ответственность перед законом.- "Тураби", № 3, 1997.

12. Ерешев Е.Е, Патсаев У. Предварительная проверка заявлений и сообщений о преступлениях как уголовно-процессуальная деятельность и как необходимая часть стадии возбуждения уголовного дела. Тосударство и право", № 3, 1998, стр 43-44.

13. Каневский Л. Расследование и профилактика преступлений 1 несовершеннолетних.-М., 1982.

14. Келина С.Г. Освобождение от уголовной ответственности как правовое последствие совершения преступления. В книге "Уголовное право: новые идеим.-М., 1994.

15. Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии.-М., 1972.

16. Кокурин И.П. Особенности судебного разбирательства по делам о преступлениях несовершеннолетних. -Вестник МГУ, № 5, 1996.

17. Леоненко В.В. Судебное производство по делам о преступлениях несовершеннолетних.- Киев: Наукова думка, 1987.

18. Лукашевич В.З. Гарантии прав обвиняемого в советском уголовном процесссе. - Ленинград: Изд-во ЛГУ, 1959.

19. Миньковский Г.М. Особенности расследования и судебного разбирательства дел о несовершеннолетних.-М. Госюриздат, 1959.

20. Михайлов В.А. Меры пресечения в российском уголовном производстве.-М: Право и Зақон, 1996.

21. Наумов А.В. Российское уголовное право. Общая часть. Курс лекций.-М., 1996.

22. Перлов И.Д. Право на защиту.- М.: Знание, 1969. 23.Рыбальская В. Особенности производства по делам о преступлениях

несовершеннолетних-Иркутск, 1972.

24. Саркисянц Г.П. Законный представитель несовершеннолетнего обвиняемого в суде.-Ташкент:Фан, 1985.

25. Сафин Н.Ш. Допрос несовершеннолетнего подозреваемого в советском уголовном судопроизводстве.-КазаныИздательство Казанского университета, 1990.

26. В.Сиськов.Преступность несовершеннолетних: причины и ^ следствия. "Фемида ", №2, 1995.

27. Строгович М.С. Курс Советского уголовного процесса.Т.2.- М:

Наука, 1970.

28. Сперанский К.К. Проблемы уголовно-правовой борьбы с преступлениями несовершеннолетних и против несовершеннолетних.-Автореф.дис.д.ю.н.-М., 1992.

29. Тарарукин С.А. Преступное поведение. - М., 1974.

30. Уткелбаев П.Подростковая преступность.-м3акон и время11, №5Д998.

31. Шапинова А.С.Новое уголовное законодательство и проблемы ответственности и наказания несовершеннолетних правонарушителей.-Известия Министерства Науки- Академии Наук .-Алматы, № 1, 1996.

32. Юридический энциклопедический словарь. Под.ред. Сухарева А.Я.-М., 1987.

33. Уголовный процесс. Под ред. Божьева В.П.-М.: СПАРК, 1997.

34. Уголовное право. Общая часть. Под ред Казаченко И.Я- М.: Инфра,

М. Норма, 1998.

35. Обзор судебной практики.- "Тураби", № 1, 1996.



36. Материалы следственной и судебной практики.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет