Диплом жұмысы кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері орындаған



бет5/6
Дата16.06.2016
өлшемі413 Kb.
#139586
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

Сот мәжілісінің дайындық бөлімін дұрыс ұйымдастыру заңдылықты, сондай-ақ сот қателігінің алдын алуды, сот қызметі мәдениетінің деңгейін көтеруді және оның тәрбиелік-алдын алу әсерінің тиімділігін қамтамасыз етуге шешуші түрде ықпал етеді.

Сот мәжілісінің дайындық бөлімінің мазмұны болып сотқа шақырылған адамдардың келуін тексеру, оларға процессуалдық құқықтарын түсіндіру, істі оның ерекшеліктерін есепке ала отырып қарау, қылмыс жасауға ықпал еткен немесе оған жауапсыз қараған тұлғаларды шақыру есептеледі.

Істі сотта қарауға дайындыққа үш қажетті элемент кіреді: барлық қолда бар материалдарды мұқият зерттеу; тиісті нормативті құжаттармен танысу; сот тергеуі тұрғысында кәмелетке толмағандар істері бойынша ерекшеліктерді белгілеу (дәлелдемелерді тексеру, қылмысқа себепші болған себептерді жою және т.б.).

Сот мәжілісінің дайындық бөлімінде сот қылмыс жасауға итермелеген себептер мен шарттарды жою үшін алдын ала тергеу барысында қандай шаралар қабылданғанын анықтауға міндетті және қажет болған жағдайда


Голубева Л.М. Указ.раб., стр 163.

осы мәселелерді сот мәжілісінде неғүрлым толық анықтауға шаралар қабылдауы тиіс (қосымша куәларды шақыру, қажетті дәлелдемелерді сұратып алу).

Кәмелетке толмағандар істері бойынша сот мәжілісіне шақырылған адамдардың келмей қалуы жағдайында істі тыңдау туралы мәселенің талқылануы өте маңызды болып табылады. Қаралатын санаттағы істер бойынша сотқа шақырылған тұлғалардың бәрінің келуін қамтамасыз ету маңызды. Заңды өкілдердің, қоғамдық өкілдердің келмей қалуы заңның дәл мағынасы бойынша істі қарауды тоқтата алмайды, бірақ олардың болмауы тәрбиелік жердің тиімділігін төмендетеді.

Бұл сотта ескерілмей қалмайды, өйткені істі толық және объективті қарау үшін аталған тұлғалардың қатысуы қорғау қүқығын толық іске асыру, соттың профилактикалық қызметінің деңгейін көтеру шарттарының бірі болып табылады.

Кәмелетке толмағандар істері бойынша процесс сотта сотталушы мен барлық қатысушыларға тікелей тәрбиелік әсер етудің барлық шарттары болатындай етіп ұйымдастырылуы тиіс.

Сот тергеуінің заңдылығы мен негізділігінің маңызды алғышарты болып тағылған айыппен дұрыс танысу, өз мүдделерін қорғау мақсаттарымен, сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін тұлғалар үшін сотта болып жатқанның бәрін ана тіліне аударуды қамтамасыз ететін дайындық әрекеттері есептеледі.

Аудармашы өз қызметін сот тергеуінің ең басында бастайды, сондықтан оған ең бірінші құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі: сот ісін жүргізу тілін меңгермеген - іске қатысушы тұлғаларға айғақтардың, мәлімдемелердің, жарияланатын құжаттардың, өтініштердің және солар бойынша сот талқылауына қатысушылардың қорытндысының және т.б. мазмұнын дүрыс және адалдықпен аудару.

Сот мәжілісінің бас кезінде сот атқаратын принципті маңызды әрекет болып өмірбаяндық деректерді: сотталушының тұрмыс жағдайы, білімі, туған жері мен тұрғылықты орны және т.б. анықтау сапалары. Ол туралы бастапқы деректердің болуы сот тергеуін жеке басының, жас-психологиялық ерекшеліктерін, істі ашық немесе жабық сот мәжілісінде тыңдау туралы мәселенің шешімін, педагогтың қатысуы туралы және т.б. есепке ала отырып, неғұрлым оңтайлы қүрудың алғышарттарын жасайды.

Жасөспірімнің жеке басы туралы деректер қатысып отырған ата-аналардан немесе олардың орнындағы адамдардан сұрау салу жолымен анықталады, өйткені солар ғана жасы, науқастары, бұрын қолданылған ықпал ету шаралары, т.б. туралы неғұрлым толық әрі шұбасыз мәліметтер бере алады.

Соттың маңызды және жауапты іс-әрекеті сотталушы ол сот талқылауының он бойында не болатын құқықтарын түсіндіру болып табылады.

Құқықтарды түсіндіру тек нұсқаулық мәнге ие емес, ол сонымен бірге кәмелетке толмаған сотталушыға сот талқылауы мүшесімен психологиялық байланыс орнатуына оң ықпал ежеді, сондай-ақ сотта өз мүдделерін қорғау мүмкіндігіне сенімділігін туғызады. Сондықтан оларды жасөспірім сотталушыға түсіндіру формальды емес, түсінуге ыңғайлы әрі дәйекті болуы тиіс.

Сотталушы өз қүқықтары мен міндеттерін білуі тиіс, бүдан оның дәлелдемелерді зерттеудегі белсенділігі, сот процесінің тәрбиелік әсерінің тиімділігі артады.

Сотталушының құқықтар кешені: тағылған айып бойынша айғақтар беру, оларды даулау, сотқа өзін ақтау үшін қажетті деп есептейтіннің бәрін жеткізу, оның кінәлылығын жоққа шығаратын, күмән келтіретін, не болмаса кінәсын жеңілдететін кез-келген мәліметтерді хабарлау.

Іс жүргізу әрекеттерін дәл жүзеге асыру, дайындық бөлімінде мәселелерді дұрыс шешу сот процесінде жасөспірімге оң ықпал етеді, тәрбиелік әсердің маңызын көтереді, тергеу іс-әрекеттерін тиімді жүргізу үшін оңтайлы жағдай жасайды.

Заңда көрсетілмеген сот әрекеттерінің күші болмайды, өйткені олар сот әділдігімен сиыспайды.

Жасөспірімнің ісі сотқа түсісімен судья (төреші) ҚР ҚІЖК 299 бабында көрсетілген шешімдердің бірін қабылдайды. Істі сот талқылауына дейінгі судьяның (төрешінің) өкілеттіктері, сондай-ақ сот мәжілісіне дайындық әрекеттері ҚР ҚІЖК,39 тарауында көрсетілген ережелер бойынша жүзеге асады.

Кәмелетке толмаған сотталушының ісі ашық не жабық сот мәжілісінде тыңдалады. Істі жабық түрде қарау егер ашық талқылау жасөспірімнің соттағы теріс қылықтарын тудыруы (мысалы, сот талқылауы тәртібін бұзу) немесе оған залда отырған тұлғалар тарапынан қажетсіз ықпал (қорқыту және т.б.) көрсетуі мүмкін болған жағдайларда жүргізіледі. Істі жабық сот мәжілісінде тыңдау туралы мәселе сот талқылауының дайындық бөлімінде, сот талқылауы мүшелерінің пікірлері тыңдалысымен қаралады. Істі жабық түрде қарау, сондай-ақ, кәмелетке толмағандар істері бойынша жариялылықты шектеу қажет болған жағдайда орын алады, өйткені жасөспірімнің конфиденциалдық қүқығы сақталуы тиіс.

Егер мән-жайларды зерттеу жасөспірімге теріс ықпал ететін болса, онда сот қорғаушының, заңды өкілдің пікірін тыңдап, оларды есепке ала отырып, өз қаулысы арқылы жасөспірім сотталушыны сот мәжілісі залынан осы мән-жайларды зерттеу уақытының соңына дейін шығара тұруға қақылы. Бұл бастама соттың өзінен шығуына да болады (ҚР ҚІЖК, 493 бап, 1т). Бірақ жасөспірім сотталушы сот мәжілісі залына қайтып келген соң, төрағалық етуші оған ол жоқта болған талқылаудың мазмұнын қажетті көлем мен формада хабарлайды және жасөспірімге оның қатысынсыз сұралған тұлғаларға сүрақ қою мүмкіндігін береді (ҚР ҚІЖК, 493 бап, 2 т).

Сот талқылауын жүргізу кезінде сот мәжілісіне жасөспірім сотталушының ата-анасы не басқа да заңды өкілдері шақырылуы тиіс. Олар ҚР ҚІЖК-нің 492 бабына сәйкес, сот тергеуінде дәлелдемелерді зерттеуге қатысу, айғақтар беру, қолдаухаттар мен қарсылық мәлімдеу және т.б. құқықтарына ие. Олар сот мәжілісіне бүкіл сот талқылауы бойында қатынасуы тиіс, олардың келісімімен сот олардан куә ретінде жауап ала алады.

Бірақ егер де, заңды өкілдің іс-әрекеті жасөспірім сотталушының мүдделеріне нүқсан келтіреді немесе істі объективті қарауға кедергі келтіруге бағытталған деп есептеуге негіздер пайда болса, онда сот дәлелденген қаулы арқылы оны сот талқылауына қатысудан шеттете алады және іске қатысуға жасөспірім сотталушының басқа заңды өкілі жіберілуі мүмкін.

Тараптарға істі объективті зерттеуге мүмкіндік беруді қамтамасыз етуге ұмтылатын сот үшін заңды өкілдердің қатысуы маңызды. Бірақ кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілінің келмей қалуы, егер сот оның қатысуын қажетті деп есептемесе, істі қарауды тоқтата алмайды.

Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілдерінің қатысуы іске қорғаушының қатысуы қажеттілігін жоймайды. Егер жасөспірім сотталушының заңды өкілі іске қатысуға қорғаушы немесе азаматтық жауапкер ретінде тартылған болса, онда ол осы көрсетілген процесс мүшелерінің қүқықтары мен міндеттеріне ие болады.

Сот талқылауының ақиқат бекітілетін, дәлелдемелерге баға берілетін, үкім шығару үшін негіздемелер анықталатын орталық бөлімі - сот тергеуі. Оның сипатты белгісі дәлелдемелерді тікелей толық және жан-жақты зерттеу болып саналады, өйткені сот тергеу органдарының қорытындысынан тәуелсіз, тергеуші жинаған дәлелдемелер көлемімен шектелмейді, ол жаңа дәлелдемелер сұратып ала алады және оларды ішкі сенім негізінде бағалайды. Кәмелетке толмағандар істері бойынша сот талқылауының ерекшеліктері процеске қатысушылардың, сондай-ақ кәмелетке толмағандардан жауап алудың өзгешелігімен және басқа да тергеу іс-әрекеттерімен белгіленеді.

Кәмелетке толмағандар істері бойынша сот тергеуіне қойылатын басты талап айыпталушының жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке алуға негізделеді. Оған психологиялық кедергіні жеңуге көмек көрсету, оның ерік-жігер және ойлау белсенділігін дұрыс бағытқа салу, ресми іскер және эмоциялық қатынасты үйлестіру маңызды.

Кәмелетке толмағандардың істерін қараудың өзгешелігі және де сот әділдігінің адамгершілік бастауларын қараудан, сот қызметіне жалпы адамгершілік қағидаларын, педагогикалық тәсілдерді енгізуден көрінеді, олар үлкен тәрбиелік ықпал көрсетіп, қылмысты қайталаудан бас тартуға жетелейді және қоғамға қарсы психологияны өзгертеді. Сот әділдігі мен қоғамдық пікірдің өзара қатынасына негізделетін іс- қызметтің адамгершілік аспекті соттың жүмысына моральдық баға беру үшін үлкен мүмкіндік жасайды.

Сот талқылауының қатысушыларына қойылатын моральдық талаптардың өзгешілігі олар" орындайтын функциялардың ерекшеліктеріне байланысты. Адамгершілік талаптар қылмыстық іс жүргізу қызметінің әрбір субъектісінің нақты рөлі мен міндетіне қайшы келе алмайды және қайшы келмеуі тиіс. Сондықтан айыптау қорытындысын - айыптау функциясын іске асыру актісін - жариялау міндеті мемлекеттік айыптаушыға жүктеледі.

Оны жариялаудың құқықтық салдарлары сот тергеуінің қатаң белгіленген шеңберін, зерттелуге тиісті фактілер мен мән-жайларды, тағылған айыптың көлемін анықтауға тіреледі.

Айыптың мәні түсінікті болған соң, сот оған сотталушының қатынасын анықтайды. Сұраққа жауап бергенде ол жалтақтай ма, өзін кінәлы деп мойындай ма (ішінара не толықтай), бұлар маңызды боп саналады. Жауаптар оның айғақтарының жеке бөлімін құрайды, өйткені олар істің мән-жайларын зерттеудің көлеміне, бағытына және тәртібіне белгілі бір ықпал жасайды.

Кәмелетке толмаған сотталушының айғақтары, егер олар ойдан шығарылмаған болса, істің нақты мән-жайларын неғұрлым толық анықтауға көмектеседі, сондықтан сот қойылған сұраққа дұрыс жауап берілуіне қол жеткізуі тиіс. Бұл осы санаттағы істерді қарау кезінде қажетті сотталушымен психологиялық байланыс үшін де маңызды.

Сотталушылар жеке өздері немесе қорғаушының көмегімен өздерінің айыптау қорытындысының түйіндеріне қарсы қарсылықтарын білдіруге және сотқа айыпты теріске шығаратын фактілерді көрсетуге қақылы. Сотталушының тағылған айыпты не үшін мойындамайтыны немесе оны ішінара мойындайтыны туралы түсініктемесі тергеу тәртібін анықтауға және сотталушының қылмысқа қатысын немесе қатысы жоқтығын көрсететін дәлелдемелерге, даулы мәселелерге назар аудара отырып, неғұрлым мақсатты түрде істің мән-жайларын зерттеуге көмектеседі.

Жасөспірім үшін іс бойынша түсініктеме беру мүмкіндігі ең алдымен оған берілгені өте маңызды, сот айыптау тезисімен бір уақытта сотталушының дәлелдеріне баға берді. Осы істер бойынша дәлелдемелерді зерттеуді оның өз кінәсын мойындауы немесе теріске шығаруына қарамастан, сотталушының айғақтарынан бастағаны мақсатқа сай келеді. Ең алдымен оның қарсылықтарының мәнін анықтап, одан кейін айғақтарға есепке ала отырып басқа дәлелдемелерді зерттеген дүрыс.

Тағылған айыпты теріске шығару процессуалдық кепілдіктер қүқықтарының бірі болып табылады.

Сот тергеуін тиімді жүргізуді қамтамасыз ету дәлелдемелерді хронологиялық тәртіппен, не болмаса, істің мәні мен күрделілік дәрежесіне қарай, ал кейбір кезде қылмысқа сотталушылардың қайсысы және қандай дәрежеде қатысқандығына байланысты зерттеуді білдіреді.

Сот таңдап алған зерттеу тәртібі процесс мүшелерінің пікірін есепке ала отырып, куәлардан, сарапшылардан жауап алуды, заттай дәлелдемелерді қарауды, айғақтарды жариялауды, басқа да тергеу іс-әрекеттерін жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Кәмелетке толмағандар істері бойынша сот тергеуінің тиімді тәртібінің негізгі өлшемі болып, анықталуы тиіс мән-жайлардың бүкіл шеңберін, оның ішінде жасөспірімнің тұрмыс және тәрбие жағдайы да бар, зерттеу, сотталушының қорғау қүқығын іске асырудың нақты мүмкіндігін қамтамасыз ету, неғұрлым кең тәрбиелік әсер ету саналады.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы соттың сот тергеуінің кез-келген і сәтінде жауап алуды жүргізу құқығын белгілейді. Бірақ сот барлық жағдайда алдымен сотталушыдан жауап алуға, өзіне жауап алу кезінде басты рөл жүктеуге тиіс емес, бұл көбінесе соттың алдын ала ойластырғаны және айыптаушылық тенденциясы туралы әсер қалдырады1.

Сотталушыдан жауап алу қылмысқа байланысты жеке түлға мен фактілер туралы егжей-тегжейлі деректерді анықтауды қамтиды. Оның айғақтары бас кезінде өзі туралы, жасалған қылмыс туралы еркін әңгіме түрінде болуы мүмкін, ал кейін - анықтаушы сұрақтарға жауаптар болады.

Кәмелетке толмаған сотталушының айғақтарына оның жас шамасы ықпал етеді. Олардың дұрыстығы өмірлік тәжірбиемен, білім деңгейімен, психологиялық күйімен, істеген әрекетіне қатынасымен, сондай-ақ педагогтың, заңды өкілдің, қорғаушының қатысуымен белгіленеді. Олардың қылмыс оқиғасын қалай қабылдауына да байланысты. Күшті эмоциялық реакция кезінде айғақтар әдетте, дәл емес, жартылай, ал кейде алдын ала ойластырылған болып келеді, сотталушының сыни ойлауы әлсірегендей болады. Бұл жасөспірімнен дұрыс жауап алудың, шыншыл айғақтар берудің психологиялық алғышарттарын қүрудың ерекше маңызын көрсетеді.

Істің мән-жайларын зерттеудің толықтығы мен тереңдігі қажетті жағдайда әртүрлі сараптама түрлерін тағайындауды талап етеді.

Кәмелетке толмағандар істеріне қолдану үшін сот-психологиялық сараптама өте маңызды, өйткені сот арнаулы білімдердің көмегімен анықталатын психологиялық мінездеме көңіл бөлмей, жасөспірімнің қүқыққа қарсы мінез-қүлқының дәлелдемелерін тексерумен шектеліп қала алмайды. Сот жасөспірімнің өз іс-әрекеттерінің мән-мағынасын сезіну қабілетін, оның ақыл-ой дамуы деңгейін тексеруі тиіс. Сөз жасөспірім айғақтарының шұбасыздығын бағалау туралы емес, қайта оның психологиялық ерекшеліктерін анықтау туралы болып отыр. Жасөспірімнің ақыл-ой дамуын нықтау үшін сараптама тағайындау ол өз іс-әрекеттерінің мән-мағынасын толық түсіне алды ма деген сұрақты анықтау мақсатымен маңызды, мұнда кейде психикалық жағынан сау жасөспірімдерде кездесетін ақыл-ой кемшілігінің ерекше түрі туралы есте ұстау керек. Жасөспірімнің ақыл-ой мешеулігі дәрежесін, сондай-ақ ол жасаған қылмыстың қоғамға қауіптілігі сипаты мен дәрежесін есепке ала отырып, сот тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларымен шектелуі мүмкін.

Сот-психологиялық сараптама тағайындаудың негіздері мынадай мән-жайлар болып табылады:

1) жасөспірімнің ақыл-ойы дүрыстығына күмән келтіру бойынша негізделген іс материалдары;



! Голубева Л.М.Указ.раб., стр 176.

2) жасына байланысты психологиялық белгілерді, сотталушының ақыл-ой дамуының жас нормасына сәйкес келуін анықтау қажеттілігі;

3) қылмысты күшті жан тербелісі жағдайында жасауы мүмкіндігі туралы болжам;

4) жасөспірімнің ақыл-ой дамуының оның жас шама-сай екендігіне негізделген күмән; сотталушының зияттық ерік-жігер саласындағы тұлғалық ерекшеліктерін анықтау қажеттігі.

Сот-психологиялық сараптама тағайындау сотталушының психологиялық мінездемесі, оның ақыл-ой мешеулігі (жан-дүниесінің дертімен байланысты емес) туралы мәліметтер алу қажеттігімен белгіленеді1.

Аталған сараптаманы тағайындау қажеттілігі әрбір нақты жағдайда анықталатын анықталатын фактінің маңыздылығымен, сондай-ақ сараптаманы дәлелденудің басқа құралдарымен алмастыру мүмкін еместігімен анықталады.

Сараптама тағайындаудың жалпы негіздері ҚР ҚІЖК баптарында бекітілген. Осы сияқты істерді қараған кезде кейбір судьялар (төрешілер) іс бойынша жүргізілген сараптама қорытындыларына баға берумен шектелуі өте дүрыс. Бірақ, егер де сарапшыны сотқа шақырып, жауап алу қажет болса, онда, ереже бойынша ол адам қорытынды берген сарапшының өзі болуы міндетті.

Сарапшы қорытындысы іс бойынша дәлелдеме болып есептеледі, ол дәлелдеу затына кіретін мән-жайлар туралы сот қорытындылары үшін негіздердің бірі бола алады.

Сот тергеуін жүзеге асыра отырып, жауап алуды жалпыдан жекеге қарай жүргізіп, іс бөлшектерін нақтылай отырып, сот болмыс фактілерін мұқият зерттейді, қоғамға қауіпті әрекет жасаудағы сотталушының рөлі мен оған себепші болған мән-жайларды, кінә дәрежесін, сондай-ақ жасөспірімді қоғамдық ықпал ету шараларымен түзеу мүмкіндігін егжей-тегжейлі анықтайды.

Сот тергеуінің аяқталуы процеске қатысушылардың толықтыру жасау қүқығымен реттелген жеткіліксіз зерттелген сұрақтардың маңыздылығы бірқатар сот әрекеттерін орындауды талап етеді. Егер процеске қатысушылардың мүдделері қозғалатын мәселелер анықталмай қалса, сот тергеуге толықтыру жасауға, өтініштер мәлімдеуге, іске жаңа дәлелдемелер қосуға рұқсат береді. Сот тергеуіне толықтырулар, егер процеске қатысушылар көрсеткен мән-жайлар соңғы қорытынды үшін елеулі және көмескілік істі шешуді қиындататын болса, қажет деп есептеледі.

Сот тергеуінің сапасы мен тиімділігінің негізгі көрсеткіштері мыналар:

- заңдылықты қамтамасыз ету -қылмыстық іс жүргізу нормаларын қатаң сақтау, сотталушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жас ерекшеліктерін есепке алу;




Голубева Л.М.Указ.раб., стр 198-199.

- сот тергеуінің тәрбгіелік әсері -сотталушыны түзеу және қайта тәрбиелеу, сот процесінің мәдениеті мен сот этикасы.

Маңызды көрсеткіші заңдылық болып саналатын істерді қараудың сапасы қылмыстылық деңгейіне ықпал етеді, өйткені сот қателігі көбінесе жазалаусыз қалумен қатар жүреді.

Сот тергеуінің тәрбиелік әсері сот әділдігінің адамгершілік бастауларын сақтаумен, сотталушыға бүкіл сот процесі бойы тікелей ықпал етумен қамтамасыздандырылады.

Істі тыңдау тағайындалған кезде, сот талқылауы барысында қажет болған жағдайда сотқа және процеске қатысушы прокурор мен қорғаушы мына мәселелерге назар аударғаны дүрыс: сотталушының дәл жасы анықталғаны, істе тиісті құжаттардың болуы (тууы туралы куәлік, АХАТ I органдарынан қағаз және т.б.); қажет жағдайда тексерілушінің жасын

анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізілгені (мұнда сарапшылар болжаған жас шегінің соңғы жылы, айы, күні есептеледі). Кәмелетке толмағандар істері бойынша ерекше сот ісін жүргізу нормалары қылмыс жасау сәтіне қарай 18 жасқа толмаған тұлғалардың қылмыстары туралы істерді қарау кезінде жалпы ереже бойынша қолданылады.

Сот мәжілісі барысында сотталушының жасы туралы деректермен бірге сот ҚР ҚІЖК 481 бабында келтірілген тізбедегі барлық мән-жайларды анықтауы тиіс. Сонымен қатар мыналарды назарға алу қажет: жасөспірімнің зияттық, адамгершілік ерік-жігер дамуының деңгейі; оның мінезі, қызығушылықтары, мұқтаждары, физикалық денсаулығы, отбасы жағдайы; отбасы құрамы, материалдық, тұрмыстық жағдайы, отбасының ересек мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынас және т.б.; жасөспірімге қолданылған тәрбиелі шаралардың сипаты мен тиімділігі; жасөспірімнің үйден, отбасынан және жұмыстан тыс жердегі мінез-құлқы мен байланыстары; әртүрлі ресми емес және ресми топтар мен бірлестіктерге кіруі, осы топтардағы қатынас сипаты. Алынған деректерді пайдалану кәмелетке толмағандар қылмысы туралы істер бойынша сот процестерінің тәрбиелік және алдын алушылық ықпалын күшейтуге көмектесетін болады.

Соттың кәмелетке толмаған айыпталушыға қорғау құқығының кепілдігін беретін қылмыстық іс жүргізу нормаларын алдын ала тергеу органдарының сақтауына ерекше назар аударуы, ҚР ҚІЖК-нің 491 бабына сәйкес бүлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу жасөпірім ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайларда ғана таңдалып алынуы мүмкін і екенін есте ұстай отырып, тұтқынға алудың заңдылығы мен негізділігін мұқият тексергені дұрыс.

Сонымен бірге, жасөспірімді қамауға алуға секция беру туралы мәселені шешу кезінде прокурор жасөспіріммен жай кездесіп және әңгімелесіп, бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулыда белгі қоюмен шектелмей, жеке өзі одан жауап алуға міндетті.

Ересек қатысушылардың болуы және қылмыс жасауға, маскүнемдікке, спирттік ішімдіктерді сатуға жасөспірімдерді тарту және оларды есірткі заттарын тұтынуға икемдеу фактілері сот назарынан тыс қалмауы керек.

Алдын ала тергеу органдары жасөспірімге айып тағу үшін жеткілікті негіздер болғанның өзінде тиісті қаулыларды орындамауы және іс бойынша куә ретінде жасөспірімнің қатысуымен әртүрлі тергеу іс-әрекеттерін жүргізуі, тергеушілердің бір уақытта айып тағуы және алдын ала тергеудің аяқталғаны туралы хабарлауы мүлдем дүрыс емес. Мұндай жағдайларда жасөспірім мен оның қорғаушысы өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мүмкіндігінен айрылады, себебі заң бойынша қорғаушы іске қатысуға тек сезікті не айыпталушы ретінде жасөспірімнен алғашқы жауап алу сәтінен бастап жіберіледі1.

Жасөспірімге қорғау құқығы кепілдігін беретін қылмыстық іс жүргізу заңнамасы нормалары елеулі түрде бұзылса, сондай-ақ сот мәжілісінде орны толмайтын алдын ала тергеудің толық еместігі жағдайында істі қосымша зерттеу үшін қайтару туралы мәселені шешу қажет.

Сонымен қатар, сотталушы материалдық залал келтірген кезде, сот іске

қатысуға жауапкер ретінде заң бойынша жасөспірімнің қылмыстық әрекеттері келтірген залал үшін материалдық жауаптылық жүктелген ата- аналарды, қамқоршыларды тарту туралы мәселені шешеді және оларға құқықтарын түсіндіреді.

Егер 14 жастан 18-ге дейінгі жастағы жасөспірімнің зиянды толық өтеу үшін жеткілікті мүлкі немесе ақшасы болмаса, онда үкімнің қорытынды бөлімінде сотталушы мен оның ата-анасынан не қамқоршыларынан өндіріліп алуға тиісті нақты мөлшерлер көрсетілуі тиіс. Бұл міндет жасөспірім сотталушы кәмелеттік жасқа толған кезде не болмаса зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлкі мен ақшасы болған жағдайда тоқтатылады (ҚР АК, 22 б).


3.2. Соттың үкім шығару кезінде шешетін мәселелері
Үкім - нақты әрекеттерге заңды қолдану актісі ретінде мемлекеттің кінәлы түлғаның іс-әрекеттеріне қатынасын білдіреді, соттың қылмыстардың алдын алу факторларына қызмет етеді.

Жасөспірімге жаза тағайындай отырып, сот оған үлкен психологиялық, профилактикалық, тәрбиелік ықпал көрсетеді.

Кәмелетке толмағандар істері бойынша үкім шығару үш сатыны қамтиды: а) істің нақты мән-жайларын, сотталушының жеке тұлғасын, қылмыс жасау себептерін анықтау және бағалау; ә) тәрбиелік-профилактикалық ықпал ету. Бұл мәселелерді шешу нақты жағдайды, қылмыс жасалу шарттарын, жазаның сипаты мен көлеміне әсер ететін мән-жайларды есепке ала отырып жүзеге асырылады. Құқықтарды қолдану сатылары өзара байланысты және уақытпен шектелмейді.




1 Кокурин И.П. Особенности судебного разбирательства по делам о преступлениях несовершеннолетних. -Вестник МГУ, №5, 1996,стр 84.

Сотта зерттелген құжаттардың жиынтығы қылмыс оқиғасының болғаны жөнінде кез-келген күмәнді жоққа шығаруға тиісті. Жасалған түйінге қайшы келетін және сәйкеспейтін фактілер үкім негізіне алуға жарамайды.

Қылмыс оқиғасы туралы түйіндер (қорытындылар) ақиқат болуы, дұрыс және шұбасыз бастаулардан шығуы тиіс, сонда ғана олар үкім негізіне алынады.

Егер сот зерттелген оқиға жауапкершілікке тартылған тұлғаның мінез-құлқында ауытқулар болмаған кезде орыналды деген түйінге келсе, яғни қылмыс белгілері анықталған жоқ, онда ол қылмыс қүрамының болмауына байланысты ақтау үкімін шығарады. Бұл жағдайда сот қылмыстық жауаптылықты теріске шығарып қана қоймайды, сонымен бірге сотта қаралған фактілер бойынша дискриминациялық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін де жояды (тең құқықтан айыру).

Егер орын алған оқиға жасөспірімнің қылмыстық әрекеттерінің нәтижесі емес, ол қылмыс белгілерін құрайтын құқық бұзушылық жасамаған болса, сот тағы да қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтау үкімін шығарады.

Ақтау үкімі егер сотталушыға тағылғанәрекеттер формальды түрде қылмыстық заң диспозицияеында сипатталған белгілерді құрағанмен де, мәнсіздігіне байланысты қылмыс деп танылмайтын жағдайларда да шығарылады.

Дәл осы ақтаудың негізгі тыйым салынған әрекет байқаусызда, тиісті кінәсыз жасалған жағдайда қолданылады. Сотта кінәның жоқтығы анықталуы мүмкін, ал қылмыстық жауаптылыққа қасақана әрекет үшін ғана тартылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет