Адам тіктеп көре алмас күннің көзін, Сүйіп, жылып тұрады жан лебізің. Қызыл арай, сары алтын шапағына Күннің кешке кіргенін көрді көзім.
Өлеңнің бұл бөлімін де оқытып, сұрау арқылы балаларды осылай образдаудың (жандандыру, шендестіру) сырына жеткізу керек. Сұрақтар:
-Ай мен жұлдыз қай кезде кісімсінеді?
-Түн жарығы мен күн жарығының таласы неде?
-Ақын күн мен жерді қалай жандандырған?
Мұндағы теңеулер:
ата-анадай, көрден
жаңа тұрғандай, бейне
әкөңдей;
Метафоралар:
күн көзі - ата-ана, күн-күйеу, жер-қалыңдық. Аяғында өлеңді оқушының өз сөзімен тұтас мазмұндатамын.
«Жазғытұры» өлеңі үстінде қорытынды ретінде оқушыларға табиғат суреті (пейзаж), жайлы түсінік беремін. Бұл үшін балаларға:
-Біз «Сұр бұлт», «Жазғытұры» деген өлеңдерді оқыдық. Осы өлеңдердің суреттейтін басты оқиғасы не? -деп сауал қоямын.
Оқушылар «жыл мерзімі», «табиғат суреті» деген түсінікке келеді. Осы түсінікке сүйене отырып, оқушыларға ереже беремін. Жыл мезгіліне құрылған өлеңдерде табиғат суреті басым әңгімеленеді. Табиғат суретін
пейзаж деп атаймыз. Абайдың «Қыс»,
«Сұр бұлт», «Жазғытұры» деген өлеңдері,
бір жағынан, пейзаждық өлеңдер болып саналады, - деп түсіндіреміз.
Ақынның оқу-білім тақырыбына арналған шығармасы баршылық.
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» - өлеңінде ақын өткенді тебірене оймен шолып, келешекке көз жібереді. Оқу-білімді
шексіз ардақтаған ақын, бір жағынан жасымнан біржолата ғылым соңына түспедім деп өкінеді. Өз заманының ең оқымысты кісісі бол тұра, білгенін азырқанады. Басқа жағынан қараса сонша таусылып өкінетіндей де ғұмыр кешпеген сияқты.
Абай, өз сөзімен айтқанда, «бұзылған заманды түзетудің» жолын іздеді. Сондағы
сенгені жаңаша білім алып, адамшылықты бойына дарытатын өсер ұрпақ болды, содан үміт күтті.
Ақынның «Әсемпаз болма әрнеге» - атты түрі мен мазмұны жаңа, тамаша өлеңіне сол үміті арқау болған.
Данышпан ақын Абай аталарың сендерге ертеңгі дүниенің кем-кетігін бүтіндетуші, өмір сарайының құрылысшысы деп қарады. Өмірді үлкен дүкен етіп көрсетеді де, адам оның бір-бір кірпіші болып қалануы керекдейді.
Сондықтан да ақын.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан! - деп аталық әмір беріп, адамдық үлы міндет жүктеген. Ол үшін қайрымдылық, адалдық, қайрат пен ақыл керек екенін бала бойына ұғындырамыз.
«Ғылым таппай мақтанба» - жас үрпаққа
деген аталық мейірден, үміт пен сенімнен туған өлең. Абай «адам болам» деген жасөспірімге тікелей тіл қатып, ашыла сырласады, тілі де жеңіл түсінікті.
Ең ардақты мақсатың
- ғылымды меңгеру дей тұра, бес зиянды нәрседен аулақ болып, бес асыл қасиетті бойыңа дарытпасаң, ғылымнан да опа жоқ дегенді бірден ашып айтады.
Дана үстаз бұл өсиет
өлеңін жазарда көп ойланып, көп толғанғаны байқалады. Ол бұрынғы өткен «Не бұлбұл шешен», «не дүлдүл көсемдерді» еске алады. Сөйтіп, «тілеуі өмірі алдағы» үрпағына өлмейтін, ескірмейтін ақылын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: