Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту арқылы берілетін тәрбие



бет48/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

2.2. Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту арқылы берілетін тәрбие
Абайдай ұлы адамның өз бойындағы ақындық қасиетін халықты тәрбиелеуге бағытталғандығы "Жаздым үлгі жастарға бермек үшін" - деген ойларынан айқын байқалады. Ақын шығармаларын мектепте бастауыш сыныптан бастап сабақта, сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушы бойына сіңіруге болады. Бастауыш сыныпта тәрбиелік сағат түрінде өткізіледі.
Онда - тақпақ айтқызу, ақын әндерін орындату, шығармаларынан сахналық көріністер көрсету, қара сөздерінің ішінде тәрбиелік мәні жағынан оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттісін түсіндірген дұрыс.
Қазіргі жастар, мектеп оқушылары т.б. барлығынан есіл-дерті мал табу, пайда табу. Бұл жаман талап емес. Ал, мұғалімдер міндеті осылардың адал жолын үйрету. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді дамыту үшін мал табу, өнер үйрену, еңбектену жақсы оқу керектігі төңірегінен бастаған дұрыс сияқты.
1 - сынып оқушыларының Абайдың сөзімен айтсақ "білсем екен, көрсөм екен"- деген құмарлығы басым болады. Дегенмен, қайрат-күші әлі әлсіз болады. Міне, осы екі нәрсені мұғалім байсалдылықпен ұштастыра білулері керек. Осы жерде Абайдың 32-қара сөзіндегі пікірді оқушыларға түсіндіре отырып, оқудағы мақсатты білу, білуге ұмтылу, білгендерін ойларында берік ұстау керектігін айта отырып, мұғалімнің айтқандарын түсінуге ұмтылу, оны саналарына орнықтыру керектігін сабақта, тәрбие сағаттарында айтып отыру. Атап айтсақ, сабаққа кешікпей келу, сабақ үстінде мұғалімнің айтқандарын түсінуге үмтылу керектігін оқушы ойына қайталап салып отырған дұрыс. Ол үшін ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінен мына үзіндіні алсақ болады;

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба...
Ғалым болмай немене
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз...
Міне, осындай мазмұндағы өлеңдерінен, қара сөздерінен үзіндіні тәрбие сағаттарында айтып мәнін түсіндіруге болады.
2-сынып оқушыларының бойына тәрбиелік жұмыста Абай шығармаларын пайдалану тәртіпке бойсынуға тәрбиелеумен қатар еңбектегі дағдысын қалыптастырады. Бұл жастағы оқушыларға ең алдымен оқу, білім алуға әрекеттену, білім үшін намысының барынша ұмтылудың өзі де еңбек екендігін түсіндіреді. Сонымен қатар, еңбектің басқа түрлерімен таныстыру және еңбектену дегеннің не екендігін ұғындыру, оның шарттарымен таныстырып, орындауға үйретіп, тәрбиелейміз. Әрине, еңбек - деген ұғымды кең көлемде алумен қатар, осы жастағы балалардың ұғымына сәйкестендіріп түсіндіріп, кейбір шарттарын игертіп, бойына сіңіруге күш жұмсау керек. Мұнда Абайдың еңбек туралы пікірлерін кең пайдалану мүмкіншілігі бар. Мәселен, не нәрсені болмасын игеру үшін еңбектену керек, бұл ретте ақынның:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған - деген өлең жолдарын жаттатып, қазіргі заман талабына сәйкес түсіндіріп, мәселен, оқу оқығанда бастық болам (қазақ арасында өте кең тараған ұғым "менің балам бастық болады") деп емес, өзіме, еліме, Отаныма еңбек етем, қызмет етем, еңбектеніп бәрін табуға үйрену үшін оқимын (оқисың) деген ойды баланың мақсат болса, одан соң не нәрсені болмасын игеру үшін еңбектену керек, мысалы, егін егіп одан мол түсім алу үшінде, бір өнер үйрену үшін де оны өз пайдасына жарату үшін де т.б. Одан соң ақынның 31- қара сөзіндегі "естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар" дегенін оқу үшін де, бір нәрсені жасау, игеру үшін де қажет қағида ретінде түсіндіріп мына үзіндіні жаттату қажет. "Әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек" - бұны әуелі табанды, шыдамды, төзімді, қайратты болу керек деп түсіндіру мен сөзсіз жаттату және әрқашан есіне салып тұру керек. Әйтпегенде, ескерілмей қалады. Егер оны жақсы игерсе оқушының бірде болмаса бірде ескеріп, одан өзіне жағымды нәтиже тапса үнемі ескеретін болуы әбден мүмкін. Одан соң осы қара сөздің "сол нәрсені естігенде, я көргенде көңілденіп, ынтамен ұғу керек" - бұл өзі де түсінікті, тек оқушылардың осыны жаттап алуын қадағалау керек. Тағы бір шарт "Сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек". Бастауыш мектеп оқушылары үшін Абай сөздері ауырлау келеді, сондықтан ол мұғалімдер тарапынан түсіндірумен қатар, байыппен бірінен соң бірін, асықпай, алдыңғы ережені игерген соң, толық жаттап кез-келген уақытта есіне түсіре алатын болған соң кейінгісін қолға алу дұрыс болады.
Әрине, екінші сыныпта ақынның басқа да өлеңдері мен қара сөздерін пайдалануға болады, тек оны оқушылардың ұғымына сәйкестендіру керек.
3-сынып
3-сыныпта алдыңғы сыныптағыларды пысықтай отырып жаңа сатыға көтеру, мұнда оқу-ғылым, тәртіп тақырыбы жалғасуымен қатар оқушының өзіне сенімін арттыру, өзіне сенуге тәрбиелеу – Абай шығармалары арқылы тәрбиелеуді ұйымдастыруды арқау етіп алынады. Мұнда ақынның:
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтан,-
деген өлең жодарымен қатар өзіне сену деген не? Ақыл деген не? Ақылды кісі қандай болады немесе қандай баланы ақылды дейміз? деген сұрақтарына жауап беруде Абайдың 13 - қара сөзіндегі "беріктік" туралы пікірді негіз етіп алуға болады. Ақыл туралы ақынның 17, 38-сөздеріндегі пікірлерді алуға болады. Осыларға сүйене отырып әркім өзіне сенімді болуы үшін қатты еңбектеніп сабақты жақсы оқуы, өтірік, ұрлық сияқты жаман қылықтардан аулақ болса ғана өзіне сене алады. Мысалы Абай:
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге, -деген.
Мұнымен қатар:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашапақ.
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым, ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз,
- деген үзінділерді сөзсіз жаттауға беруге болады.
Өзіне сенуге тәрбиелеу әр баланың өз басына көңіл бұрады. Мұғалім сөзсіз әрқайсысы оқушыға "мен қандаймын?" деген сұраққа өте кең болмаса да осы жастағы балаларға сәйкес "мен қалай оқимын?" Тапсырманы қалай орындаймын? Өтірікті көп айтып жіберген жоқпын ба? деген сияқты олардың ұғымына жақын сұрақтарға жауап берулеріне көмектесу керек. Бұл оқушыларда сын көзқарас қалыптастырудың басы. Осы өзін-өзі сынаудың кемшілігінен әр адам, тіпті бүкіл бір қоғам қатты зиян шегуі мүмкін. Байыптап қарасақ, біздің қоғамымызда осы жағы кемістеу секілді.
4-сынып
4-сыныпта оқу ғылым тақырыбы жалғасады. Сонымен қатар, бұл жерде өзін-өзі танып білу мәселесі тәрбие ісінің арқауы етіп алынады. Мұнда 3-сыныптағы "Мен қандаймын" - деген сұрақ тереңдей түседі. Абайдың:
Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің, Өзіңді-өзің күзет, кел шырағым... деген сөзін арқау ете отырып оның:
Ойға түстім толғандым
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым...
Осыншама ақымақ болғаным
Көрінгенге қызықтым
Ғаділетті жүректің
Әділетін бұзыппын
Ақыл менен білімнен
Әбден үміт үзіппін...
деген үзіндіні жаттаумен бірге, тәрбие сағатында талдап түсіну керек. Мұғалім оқушының тек жаман жақтарын емес жақсы қасиеттерін көруіне жағдай жасап қандай оқушыны талапты дейміз, қабілетті оқушы қандай болады, еңбек сүйгіштік деген не? Тек қабілетті оқушылар ғана табысты оқи ала ма? қабілетті дамытуға бола ма? қалайша? Деген нәрселер төңірегінде тәрбиелік жұмыстар жүргізсе, бұл олардың өзін-өзі танып білулеріне көмектеседі. Бұл жұмысты мектеп мұғалімдері ғана сауатты жүргізе алады. Өйткені ата-аналардың барлығы бірдей керекті деңгейде, бұларды балаларына таратып бере алмайды. Осылардың барлығын реттеп, өмірде іске жаратудың жолын Абай 15-қара сөзінде көрсеткен. Ол; "Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен..." - міне оқушыларға керегі осы. Осы мәселені оқушылармен тәрбие сағатында талдап, түсіндірдік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет