Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Ана тілі оқулығы 1-4 сынып. Алматы, 2001ж.
Асқарбаев А. Кластан тыс оқыту методикасы. Алматы, 1992ж.
Ахметов Ә. Қазақ балалар әдебиеті кітапханасы - Алматы, 1992ж.
Ахметов 3. Абайдың ақындық әлемі. Алматы: Ана тілі. 1995ж.
Абай. (Ибрахим Құнанбаев) ІІ-томдық шығармалар жинағы.
Өлеңдер поәмалар. І-ші том. Алматы: Жазушы, 198бж.
Абай. (Ибрахим Құнанбаев) ІІ-томдық шығармалар жинағы.
Өлеңдер поәмалар. ІІ-ші том. Алматы: Жазушы, 1986ж.
Абай. Қалың елім қазағым: өлеңдер. Алматы: Атамұра. 2002ж.
Абай. Қалың елім қазағым: шығармалар. Алматы: Жалын, 1995ж.
Абай. Қара сөз. /Қаз аударған К. Серикбаева., Ю. Кузнеқова/.
Семей: Межд. клуб Абая. 2001 ж.
Әбдіғазиев Б. Асыл арна: Абай дәсТұрі және Шәкәрім. Алматы:
Қазақ университеті. 1992ж.
Әуезов М. Абай Құнанбаев: Монографиялық зерттеулер мен
мақалалар. Алматы: Санат, 1995ж.
Әуезов М. Абайтану дәрістері. Алматы: Рауан, 1994ж.
Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. Оқу құралы.
Алматы: Санат, 1997ж.
С. Бақтыгереев «Абайды оқы, таңырқа». А., Ана тілі, 1993ж.
Досжан Д. Абай айнасы: Ғұмырнамалық зерттеу - әссе. Алматы:
Қазақстан, 1994ж.
Жұмақаева Б.Д. Абай Құнанбаев шығармаларын 5-8 сыныпта
оқыту методикасы. Автореферат. Алматы: 2003ж.
Есламғалиұлы. Жүрегімнің түбіне терең бойла... Алматы:
Жазушы, 1995ж.
Керімбаев Н, Жандыбаев Ғ. Жасымда ғылым бар деп
ескермедім: Абай шығармаларын оқыту мәселелері. Алматы:
Рауан, 1995ж.
Құнанбаев Т. Әкем Абай туралы. Алматы: Ана тілі, 1993ж.
Құнанбаев А. Сен де бір кірпіш дүниеге... Абай туындыларының
мектепке арналған хрестоматиясы. 1994ж.
Құнантаева К., Халитова I. Абай мұрасы және мектептегі тәрбие
жұмыстары. Алматы: 2001ж.
Мырзахметұлы М. Ғалым Абай туралы. Алматы: 2001ж.
Мырзахметов М. Түркістан Тараз қаласы. Абай туралы. Алматы:
2002ж.
Мырзахметов М. Абай және Шығыс. Алматы: Қазақстан, 1994ж.
Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы:
Рауан 1993ж.
Мырзахметов М. Абайтану тарихы. Алматы: Ана тілі, 1994ж.
Мырзахметов М. Абайды оқы, таңырқа. Алматы: Ана тілі, 1993ж.
Мұхамедханов X. Абай мұрагерлері. Алматы 1995ж.
Мұханов С. Жарық жұлдыз: Абай Құнанбаевтың шығармалары
туралы. Алматы: 1995ж.
Сарғожаев Н. Сен де бір кірпіш дүниеге. Алматы: 1990.
ЫсмағұловЖ. Абай: ақындықтағылымы. Алматы: Ғылым, 1994ж.
ШЫҒАРЫЛҒАН
МАЗМ¥НЫ
КІРІСПЕ .......3-5
I ТАРАУ. АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ
1.1 Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік ............6-20
1.2 Халық ауыз әдебиетінің түрлері .......20-24
ІІ ТАРАУ. БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАЕЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ
2.1. Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиеті үлгілерінің тәрбиелік мәні...24-29
2.2. Ертегілер, олардың бала тілін дамытудағы маңызы ........29-54
ҚОРЫТЫНДЫ : ........55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......56-57
Кіріспе
Диплом жұмысының көкейкестілігі.
Қазақ халқының отансүйгіштік, имандылық, адамгершілік тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегілер. Себебі ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы , бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Оның үстіне ертегілер тілі жеңіл бала түсінігіне ауыр келмейді. Сондықтан ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметі бар. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге т.б. уағыздайды. Оның үстіне ертегілер жоғарыда аталғандармен қатар баланың сөздік қорын да молайтады. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы себебі жаңағы айтылғандар - жақсы үлгілердің алғышарты. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан диплом жұмысы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған
мәселе екендігін ескерсек біздің жұмысымыздың көкейкестілігі ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді.
Диплом жұмысының нәтижелерін теориялық тұрғыдан:
практикалық тұрғыдан:
-бастауыш мектеп мұғалімдері әрбір сабақтан тіл дамыту жұмыстарына;
-болашақ бастауыш мектеп мұғалімдері педагогикалық іс-тәжірибеден өтіп жатқан кезде қосымша көмекші әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады.
Диплом жұмысының мақсаты: Халық ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту барысында пайдаланып, балалардың тілін дамыту.
Диплом жұмысының міндеті: Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін:
жалпы ауыз әдебиеті туралы қысқаша сипаттамасы;
бала тілін дамытудағы тәрбиелік мәнін;
ертегілердің бала тілін дамытудағы маңызын шешіп алу
қажет.
Диплом жұмысының ғылыми болжамы: Бастауыш мектепте ертегілерді оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге болады.
Диплом жұмысының құрамасы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
|