Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


Жан-жануарлар туралы ертегілер



бет54/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

Жан-жануарлар туралы ертегілер. Мифологиялық ертегілерден кенже туған, тақырыбы жан-жануарлар туралы болса да, реалистік сипаты бар қазақ ертегілерінің бір саласын хайуанаттар жайындағы сюжеттер дейміз. «Қазақ ертегілерінің» бірінші томына бұл тақырыптағы сюжеттен он үш, екінші томына жиырма бес ертегі енген-ді. Бүгінде бұл ертегілер барынша толық күйінде жарық көріп отыр. Олардың өзін мал шаруашылығына («Бозінген») және хайуанаттарға байланысты туған («Сырттандар», «Арыстан мен түлкі») ертегілер деп екі салаға бөлеміз. Соңғысында араб, үнді жүртының «Мың бір түн», «Қалила мен Димна», «Тотынама» сияқты сюжеттерінен алынған ертегілер де бар.
Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің бірі -«Бозінген» сюжеті. Мұндағы Бағланбай малының қүты болған Бозінгенді тумады деп, бір шал мен кемпірге бақтырады. Бозінген басы алтын, қүйрығы күміс бота туғанда, кемпір мен шал інгенді бір керуеншілерге сатып жіберіп, ботасын алып қалады. Қысқа ғана ертегінің көп жері ботасын жоқтап жылаған Бозінгеннің зарлы сөздеріне құрылған. Бағланбайдың екі баласы Бозінгеннің даусын танып, оны ботасына қосады. Малды, әсіресе түйе түлігін қасиет түтқан қазақ халқы бұл түста ботасын сүйген Бозінгенді үлкен образға айналдырған.
Бозінгеннің зары - монолог түрінде берілген. Онысы - жоқтау:
Жаралғанннан жасымнан,
Үстіме кілем жамылдым.
Күйіп, жанып сабылдым.
Көрер күнім бар ма екен.
Тартып беру бала үшін,
Мен ботамды сағындым.
Бұдан әрі өзі жат қолына түскен Бозінген үшқан қүстардан, түнде жортқан жапалақтан ботасының дерегін сүрайды. Иесі түйені қүтқарып, ботасын алып келе жатқанда да Бозінген оны көруге асығып, адамша мүңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір түтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға үқсас болып шығады.
Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр торғай», «Кім күшті?», «Қуыршақ» сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мүздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп қоятын тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол - еңбек сүйгіш, үйымшыл. «Тепең көк» ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк тай олжа түсіреді.
Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке - кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай Тұрлі жыртқыш аңқарға жем бола жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан қүтқарады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның қүты, досы, тірегі ретінде суреттеледі.
Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері «Қазақ ертегілерінде» жарияланып келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер («Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі мен бөдене», «Арыстан мен түлкі») көп жайда Тұрлі аңдар мінезін танытып қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу асығып, адамша мүңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір тұтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға үқсас болып шығады.
Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр торғай», «Кім күшті?», «Қуыршақ» сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мүздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп коятын тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол - еңбек сүйгіш, үйымшыл. «Тепең көк» ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк тай олжа түсіреді.
Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке - кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай түрлі жыртқыш аңдарға жем бола жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан қүтқарады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның қүты, досы, тірегі ретінде суреттеледі.
Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері «Қазақ ертегілерінде» жарияланып келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер («Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі мен бөдене», «Арыстан мен түлкі») көп жайда Тұрлі аңдар мінезін танытып қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу түлкіге, ақымақ арыстанға халық ертегілері сықақ, сын қолданған. Кейде бұл ертегілерді қара сөзбен айтылған мысал десе де болғандай. Бұл реттен «Түйе, арыстан, қасқыр мен түлкі» ертегісінің айтары тіпті терең. Түйе еңбекшілер образын берсе, түлкі, қасқыр, арыстан - қанаушылар бейнесін суреттейді.
Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды. «Мақта қыз» бен «Қотыр торғай» оқигалары еңбек процесімен тікелей байланысып жатады. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай ешкіге шағады, шеңгелді ешкі жейді. Тілін алмаған ешкіні қасқырға шағады, сөйтіп торғай екеш торғай да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары - нашарға қиянат жасама, өзіңнен зор шықса, көзің шығар деген әділет идеясы болмақ. Тым кішкене куыршақтың өзі де әділет адамы, батыр, «Бозінген», «Тепең көк» ертегілері тірліктің қамын айтады.
Хайуанаттар ертегілерінде сатира сарыны да бар. Мысалы, «Түлкі мен маймыл ертегісінде маймылдың ақымақтығы, түлкінің қулығы дәріптеледі. Маймыл - баққүмар, ол патша болсам дейді. Соны түлкі қақпанға түсіріп, «басыңа тепкілесең кетпейтін бақ қонды деп мазақ етеді. Түлкі қай елде болса да ақылды, қу аңнан саналған. «Түлкі мен қасқыр» ертегісінде қорқау қасқыр қыс айында түлкіден балық алып жемек болса, ол «балық өзенде көп, суға қүйрығынды салып отырсаң, балыққа молығасың» дейді. Қасқырдың құйрығы мұзға қатып қалып, суатқа келген шаруалардан таяқ жейді, қүйрығы мұзда қалады. Қасқыр - қорқаулау, ақылсыздау аң. «Кәрі арыстан» ертегісінде сол тойымсыз қаскырдың өзіне де зауал туады. Арыстан қартайып, жүре алмайтын болған кезде, патшамыздың көңілін сүраймыз деп барлық андар келеді. Келмегені қасқыр болыпты. Түлкі оны арыстанға шағып, мерт қылады. «Түлкім, түлкім, тілімді жеші» деген арыстанға, ол: «амандық болса, көтеншегінді де жермін», - дейді.
Арыстан образында хан, патшаларының да сыны бар. Осы ретпен хайуанаттар жөніндегі ертегілердің аяғы шыншыл ертегілермен жалғасып келеді.
Халықтың мегзеп отырғаны бір ғана аңдар арасында жайлар емес, әлеумет өміріндегі теңсіздіктер, содан қүтылу -күн көріс, өмір сүрудің шарты дейтін меже болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет