Оқытудың саналылық пен белсенділік принципі бойынша
оқушыларға қазақ тілінің ережелері негізгі заңдылықтарын
жаттанды емес, сапалы түсіндіру көзделді. Дұрыс ұйымдастырылған
сабақ оқушыларға сапалы білім беріп, олардың өтілген
материалдарды саналы ұғынуына мүмкіндік береді. Оқушылардың тілдік материалдарды саналы түсінуіне оның сабақ барысындағы зейініне тікелей байланысты. Мұғалім сабақты қызықты өтіп, бала зейінін өзіне аудара алса ғана оқушы білімді толық игереді. Меңгерілген білімдері мен дағдыларының негізінде окушылардың өзіне деген сенімі артып, сабаққа белсене арласады. Игерген білімдерін практикада дұрыс қолданады. Осының негізінде оқушылардың білімді саналы меңгеруі мен белсенділігі арасында тікелей байланыс туады.
Демек қазақ тілі сабағында сан есімді оқыту тапсырмалары оқушылардың тілдік материалдарды саналы түсінуіне және олардың сабаққа белсене қатысуына оң ықпал етеді.
6. Жеңілден ауырға қарай, оңайдан қиынға қарай принципі мұғалім оқыту барысында әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне, материалдарды' игеру қабілеттеріне, ойлау қабілеттерінің даму деңгейіне назар аударуы керек. Сыныптағы барлық оқушылардың жасы шамалас болғанымен, олардың мінез-құлықтары, жалпы психикалық қабілеттерінің дәрежелері бірдей болмайды. мұғалім осыны ескере отырып, оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіп, білімі төмен балаларға жеңіл тапсырмалар беріп, кейінірек оны қиындату арқылы деңгейлеп көтеруі керек. Мұндағы мақсат — « ...баланың шамасына қарай, таным белсенділігіне ықпал жасау, оқушының жалпы дамуын тездетуге әсер... » ету
Бастауыш сынып сан есімді оқыту тапсырмалары арқылы меңгертуде тапсырмалар алғашқыда жеңілден басталып, бірте-бірте қиындатылды.
8. Оқытудың қатысымдық принципі бойынша бастауыш сынып оқушыларының игерген білімдері практикалық өмірде, тілдік қарым - қатынаста орынды қолдануды үйрёту көзделді. Мұғалім бү_л үстаным бойынша оқушыда, біріншіден, басқа біреудің айтқан сөзін тыңдап, дұрыс үғу, екіншіден, өз ойын бүкпесіз, жасқанбай, анық әрі дәл жеткізе білу, үшішіден, оқулықтағы материалдар мен көркем әдебиеттерді оқып, түсіну, төртіншіден, өзінің ой-пікірін толық жазып жеткізу, бесіншіден, тілдік қарым-қатынаста сөйлеу әдебін сақтау қалыптастыруы қажет. Сөйлесім әрекетінің жоғарыдағы бес түрі өзара сабақтаса байланысып жатыр.Осы үстаным арқылы оқушылардың тіл мәдениеті жетіліп, жеке тұлғалық қабілеттері дамиды. Себебі оқушыны ана тілін жетік білуге, тіл мәдениетінің жоғары болуына дағдыландыру — ертеңгі үрпақты ұлттық сана-сезімде тәрбиелеп тәрбиелеп шығарудың негізгі құрамдас бөлігі.
Жоғарыда қарастырылған оқытудың дидактикальщ принциптер бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағьщда сан есімді оқыту тапсырмаларды қолданудың педагогикалық негіздері болып табылады.
Бастауыш сынып сан есімді оқыту тапсырмалары арқылы меңгертуде психология ғылымының жетістіктеріне сүйенбесе болмайды. Психология ғылымы оқушылардың психикалық қабілеттерін, ой-санасының даму заңдылықтарын, іс-әрекеттерінің обьективті заңдарын және қабылдау, түйсіну, ойлау, байымдау, қиялдау психикалық құбылыстарының даму жолдарын зерттейді. Сондықтан сан есімді оқыту тапсырмалары арқылы қазақ тілін игертудің психологиялық негізіне мұғалімнің сабаққа психологиялық дайындығының болуы, яғни үстаздың сабақты оқушылардың жас ерекшеліктері мен материалдарды меңгеру қабілеттерін ескере отырып, қызықты әрі тартымды өтуі және оқушылардың білімді игеру қабілеттерінің қалыптасу деңгейлері жатады.
Психология ғылымында еңбекті оқу және еңбек секілді адам іс-әрекетінің бір Тұрі ретінде таниды. Психолог ғалымдар іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктерін, оның құрамдас бөліктерін, анықтамасын айқындауда түрлі көзқарас білдіреді.
Психолог-ғалым Т.Тәжібаев: «Адам психологиясының сипаттамасын беру үшін оның іс-әрекетінің басты-басты белгілерін атап өткен жөн. Осындай айрықша сипаттардың бірі — адамның дүниедегі заттарға, құбылыстарға, еңбек обьектісіне , оның процесіне назар соғуы, зейін қоюы, әр уақыт адам санасының бір затқа, құбылысқа, болмысқа бағыт алып » отыруын іс-әрекет деп таниды [...107]. Ғалымның пікірі іс-әрекеттің анықтамасын жан-жақты ашып көрсеткен пікір.
В.В.Давыдов адамның қоршаған өзгертуге арналған практикалық қимылын іс-әрекет деп таниды: « Деятельность — әто практическое преобразование общество человеком обьективного мира». Ғалым іс-әрекетті іштей мынадай бөліктерге жіктейді образ — зат ( предметность) — мағына ( смысль) — іс-әрекет (действия) жіктейді [...10]
Бірқатар психолг ғалымдар іс-әрекеттің мынадай құрамдас бөліктерін атап көрсетеді:
Мақсат— құрал — нәтиже ( Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн)
Іс-әрекет — қимыл — нәтиже(А.Н.Леонтьев)
Тұрткі — норма — білім — дағды — құрал ( М.С.Кветной)
Мақсат — себеп — дағды — нәтиже — іс-әрекетпен нәтиже
арасындағы байланыс (А.А.Люблинская)
Қазақ тілі сабақтарында қолданылған сан есімді оқыту тапсырмалары барысында оқушылардың іс-әрекеті деп — балалардың бүтіндей ақыл-ой, теориялық білімдері мен практикалық дағдылары арқылы алдына қойылған проблеманы шешу барысында қолданылатын әрекеттер тобын айтамыз. Оқыту барысында дұрыс ұйымдастырылған сан есімді оқыту тапсырмалары ғана оқушылардың мақсатқа жету керек деген мотивтерш қанағаттандырып, осы арқылы оның басқа психикалық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Себебі, оқушылардың мақсатқа жету тілегін ішкі және сыртқы түйсіктер туғызады , ал орындалатын іс-әрекеттер қимыл түйсіктері арқылы реттеліп отырылады. Түйсіктері арқылы оқушылар сыртқы дүниемен әсерленеді, осы әсердің негізінде оған жауап береді. Түйсіктер оқушылардың1 көру, қабылдау, есту, әмоқиялық жай-күйімен тығыз байланысты. Сондықтан, дұрыс үйымдастырылған сан есімді оқыту тапсырмалар оқушылардың бірнеше түйсігіне бір уақытта әсер етіп, тілдік материалдарды саналы қабылдауына, түсінуіне, игеруіне ықпал етеді. Осы арқылы сан есімді оқыту тапсырмалары шәкірттердің « жақын даму аймағымен » байланысқа түседі.
Демек сан есімді оқыту тапсырмалары арқылы оқушылардың ауызша тіл дамыту арқылы олардың псикалық қабілеттері проқестерін дамытуға болады. Бұл үшін сан есімді оқыту тапсырмалары қолдану барысында оқушылардың көру түйсіктеріне көрнекі құралдарды пайдалану, есту түйсіктерін дамыту үшін мұғалім жағымды дауыспен, бір сарында сөйлеуі керек. Сабақтың қызықты өтуі оқушылардың әмоқионалдық күйін бей-жай қалдырмайды, әмоқиясы шарықтау шегіне жеткен оқушылар сабаққа белсене қатысып, өтілген материалдарды талдауға жарыса қатысады.
Оқушылардың қазақ тілінен тілдік материалдарды меңгертуі алдымен олардың өтілген материалдарды қабылдаудан басталды . Қабылдау- бірнеше түйсіктер арқылы заттар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуі.Қабылдау ойлаудың байымдау және ой қорыту актілерімен тікелей байланысты. Оқушы алдымен талдау және жинақтау ойлау операциялары арқылы игерген білімін байымдайды, ал топтастыру, қорыту, жалпылау ой операциялары көмегімен игерген білімнің негізгі ерекшеліктері мен өзіндік белгілері туралы ой қорытады.осы арқылы оқушыларда өтілген тілдік материалдар туралы ү_ғым қалыптасады.
Ой — сөйлеу арқылы жарыққа шығады. Тіл арқылы алам баласы өз ой-пікірін басқа біреуге жеткізеді. М.Жұмабаев ойдың жарыққа шығатын екі жолы бар екендігін атап көрсете келе , тіл арқылы адам өз ойын толық жеткізеді дейді: « Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа шығару үшін адамның екі құралы бар — біреуі ым — мимика, біреуі сөз. Мимика дегеніміз жанның сырының дене арқылы сыртқа білінуі ( бас изеу, күлу, жылау сықылды) . Ым сынын әркім үғады. Бірақ ыммен бар нәрсені үқтырып болмайды. Ым — ішкі сезім « тілі». Ым арқылы ойды жарыққа шығару мүмкін емес. Ойдың тілі — сөз. Біз сөз арқылы неше түрлі ойымызды сыртқа ойларын біле аламыз. »
Ғалымның пікірі ой мен тіл өзара бірлікте қолданылады. Сондықтан оқушыларға тілдің заңдылықтарын ұғындыру арқылы олардың ойлау л-абілеттерінде дамытуға болады.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін сан есімді оқыту тапсырмалары проблемалық сипатта беру қажет. Адамның миы бір проблеманы шешу барысында белсенді жұмыс істейді. Бұл ойлау қабілеттерінің жетілуіне ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін жетілдіруде әсіресе сан есімді оқыту тапсырмалардың маңызы ерекше. Бірақ, оқыту процесінде сан есімді оқыту тапсырмалардың барлығы оқушылардың ойлау қабілеттерін жерілдіреді деген ой тумау қажет. Мұғалім сан есімді оқыту тапсырмаларды оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытатындай етіп түзуі , сондай-ақ сабақта сан есімді оқыту тапсырмаларды орнымен пайдалануы тиіс. Мұнда мынадай мәселелерді:
Сан есімді оқыту тапсырмалардың оқушыларды
ойландыруға итермелеуін;
Достарыңызбен бөлісу: |