Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті



бет55/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

Шыншыл ертегілер. Бұл ертегілер өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы. «Хан мен уәзір», «Өнеге», «Ақылды етікші» ертегілерінің бас қаһармандары күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар аралап жүретін патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ көп жайда патшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, «Ақылды етікші» ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бүйрық береді. Мүны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші енбек адамдарына тиімсіз сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді.
Бізге шыншыл-реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нүсқалары мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбаң шал, тоғыз Тоңқылдақтан зорлық көретін Шіңкілдек, айлалы тазша, қойшы, кедей, жауыз, бай, сұғанақ молда, тойымсыз ұры болып келеді. Олардың көбісі - халық ортасынан шыққан қарапайым адамдар. Көптеген ертегілердің рухында сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен жақсылықтың аңғарынан біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-мүдделерін де жақсы байқаймыз.
Қазақтың реалистік ертегілерінің ең марқаларының бірі -«Алпысқа келгеннен ақыл сүра» сюжеті болуға тиіс. Бұрын жүрт өзінің алпысқа келген әкесін өлтіретін болса, бұл ертегілердегі ақылды қарт елдің ең қадірлі адамына айналады. Бұл аталық қоғам салтының нығаюын көрсететін құбылыс.
«Жақсылық пен жамандық», «Үш ауыз сөз» ертегілері мінез, мораль тақырыптарына құрылған. Жамандық жаяу келе жатып, Жақсылықтың атын мініп өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын иемдеп, мүратына жетсе, ақылсыз Жамандық қасқыр мен арыстанға жем болады.
«Үш ауыз сөз» ертегісінде жас жігіт ақылды қарияға бір үйір жылқы беріп «суын ішкен қүдыққа түкірме», «оң қолың ұрысса, сол қолың арашашы болсын», «ертеңгі асты тастама» дейтін үш ауыз өсиет үйренеді. Бала елден кетіп, бір ханға қызметке Тұрады. Оған хан әйелі ғашық болып, мазасын алады. Бала әйелдің дегеніне көнбеген соң, әйел баланы ханға жамандайды. Хан баланы ертеңгісін от жағарларға жұмсап: «Кім бұрын келсе, соны пешке тығып жіберіңдер» деп әмір береді.
Таңертең қабын арқалап бара жатқан балаға бір кемпір жолығып, ертеңгі асты татып кет дейді. Сол екі арада баланы көргісі келіп пешханаға келген ханымды от жағарлар өртеп жібереді. Сөйтіп бала бір өлімнен аман қалады, мүрат-мақсатына жетеді,
«Екі жетім» ертегісінде өгей шешенің қиянаты, «¥р тоқпақ» ертегісінде үрылардың өзі ұратын тоқпақтың астында қалғаны суреттеледі. «Үрлық түбі - қорлық» деген ғибрат осыдан келіп шығады.
Шыншыл-реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан шығады. Мұның ғажап үлгісі - Аязби». Хан өзінің қырық уәзіріне адамның, қүстың және шөптің жаманын тауып әкеліңдер дегенде, адамның жаманына Аязби ілігеді. Бірақ оның жамандығы ақылында емес, тұрмысында, кедейлігінде. Ақыры ол өз заманының нағыз зерек, ақылды адамы болып шығады. Меңсұлуға үйленіп хан болады. Ол кісі болғанда да асып-таспайды, «аяз әліңді біл» деп өзіне-өзі ақыл салып отырады. Сондай ақылды да әділ адамға ханың қырық уәзірі қарсы болады. Аязби ертегісінде халық үстем тап адамдарын, олардың қараулығы мен ақылсыздығын әжуа еткен.
Қазақтың реалистік ертегілерінде қоғамның төменгі тобынан шыққан «кішкене қаһармандар» (М. Горъкий) тіпті көп. Олар бірде қаңбақ шал, бойы бір қарыс, Шіңкілдек түрінде кездессе, бірде хан мен байларды алдап түсіретін тазшалар түрінде әңгімеленеді. Қаттырақ соққан жел үшырып әкететін қаңбақ шал балық аулайды, еңбек сүйгіш. Бірақ күніне екі балық ауласа, соның бірін түлкі тартып жейді. Ақыры ол өзінің ақыл-айласымен үш дәуді жеңіп шығады, түлкіден де солардың қолымен кек алады.
Зорлаушылардан жапа көрушіні айыруда «Тоғыз Тоңқылдақ - бір Шіңкілдек» ертегісінің айтары көп. Сырт қарағанда зорлық бәйбішенің тоғыз үлы мен тоқалдан туған Шіңкілдек арасында болатын сияқты. Түптеп келгенде бұл күштілердің әлсіздерге істеген қиянаты болмақ. Әлсіздерге болысу - қазақ ертегілеріне тән халықтық белгілердің бірі.
Қазақ ертегілерінен көрінетін әлсіз образдардың бірі - тазша. «Тазша бала» ертегісінде бала сараң байдың майын алып, патшаның қазынасына түседі. Бірақ өзін таптырмайды. Сол патшаны мазақ еткен екінші патшаны түтқындайды. Сөйтіп ол ханның өз істегенін өзіне істейді.
Шындығында, ертегі айту еріккеннің ермегі емес, жастарды сөз өнерінің қыры мен сырына жаттықтырып тәрбиелеу мектебі болып саналған. Мәселен, ертеде казақ ауылына келген әр қонақтан "қонақ кәде" талап етіп, қонақтың өзі білетін ертегі, аңыз әңгімелерді қисынына келтіріп айтып беруін қалауы, ал оны ауылдың үлкен-кішілерінің кірпік кақпай тындап ләззат алуы, жастарды ауызекі сөз өнеріне тәрбиелеудің бірден-бір мектебі болған. Неше түрлі ғажайып уақиғаларға құрылған ертегілердің жігін келтіріп, тартымды етіп айтып беру, әр әпизодтың арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру, кейіпкерлеріне мінездеме беру, оларды тындаушының көз алдына елестетерліктей етіп бейнелеп бере білу, әр кейіпкердің мінез-қүлқы мен іс-әрекетіне қарай сөз сараптау, тілдік сипаттау таба білу, ертегі айтушыдан мол өнерді, тіпті айтқыштық шешендікті, әрі дикторлық, әрі ораторлық шеберлікті талап етеді. Демек, ертектің тартымды, қызықты, тыңдаушыға әсерлі болуы оны айтушыға байланысты. Жастарды ертек айта білуге үйрету де халықтың сөз өнеріне тәрбиелеудегі өнеге мектебінің рөлін атқарып келген.
Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі шығармашылығының маңызы өте зор. Халық ауыз екі шығармалары әсем түрде құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдер, ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелге бай. Осы бай мүраның қай түрін алсақ та балаға ана тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.
Халықтық әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге орамды, көркем әдеби тілмен жазылған. Сазда халық әуенімен айтылатын бесік жырларынынң сан-алуан түрлері, түсау кесу жырлары ойнақы тілмен жазылған санамақтар, ойын өлеңдері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдаланылса, баланың тіл әлеміне деген қызығушылығы артып, ана тілден байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары сөзсіз. Қай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы болады. Ертегі тілінің көркемділігі, қызғылықты оқиғалар желісінің баяндалуы образдардың шебер суреттелуі баланың ертегі дүниесіне қызығушылығын арттыра түседі.
Ертегілерді баланьщ тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі, баланың сөздік қорьш молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш, тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке, достыққа, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, әстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп Тұрлі жауыздық, зүлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.
Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар ушін тек қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету әдістерін жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай психикальщ даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ бала үшін ұзақ уақыт оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады.
Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге, оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз, Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен әстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мумкіндіктер береді. Бала үшін сурст арқылы ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін де дамытады.
Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жәйт-кейіпкерлердің аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс-қимылы, мінездері қатты әсер етіп отырады. Тіпті жағымсыз кейіпкерлердің өздері де ақымақтығымен, қулығымен балаларды таң-тамаша қалдырады.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері тақырыптық, көркемдік жағынан түрлі болған сияқты, сабактардың мазмұны, өткізу жолдары, орындайтын тапсырмалары да әр алуан келеді. Оқу үрдісі басқа түрде жүргізілетін мектептердегі әдебиет сабақтары негізінен кіріспе сөзбен басталады. Мұғалімнің кіріспе сөзі білімділік, тәрбиелік, көркемділік талапатарына сәйкес, тілі ұғымды, мазмұны шағын әрі әсерлі болуы шартгы. Кіріспе сөзді тек баяндау тәсілімен ғана емес, кейде сұрақ койып, оқушылардың өздерін қатыстыра отырып өткізуге болады. Ертегілермен тантыстыруға арналған сабақты кіріспе сөзбен бастаған мұғалім: "Ертегі — халық, өмірін суреттейтін фантастикалық оқиғаларға құрылған көркем шығармалар. Ертегілер - үрпақтан-үрпаққа ауызіпа таратылып, ұзақ ғасырлар бойына толықтырылып, жетіліп келген халық ауыз әдебиетінің ең бір көркем түрі. Ертегілер өзара бірнеше түрге бөлінеді"- дей келе, оқушыларды әңгімеге тартып, төмёндегідей сұрақтар қояды.
І.Орыс тілі сабақтарында орыс ертегілерінің қандай түрлерімен таныстыңдар?
2.Солардың ішінде қиял-ғажайып ертегілерді атап айтыңдар. Олардың кейіпкерлері кімдер?
3. Бұл ертегілерде қандай қызықты оқиғалар суреттелген? -деген сұрақтар оқушылардың есіне орыс әдебиеті сабақтарынан білгендерін түсіріп, солардың енді оқитьщ шығармамен байланыстыра қарастыруға жол ашады.
Оқушылардың берген жауаптарын жинақтай отырып мұғалім қазақ ертегілерінің де хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып және тұрмыс-салт ертегілері болып үш түрге бөлінетіндігіне тоқталады. Ол өзінің сөзін кітапханадан алған ертегілер жинақтарын жеке кітапшаларды, ертеплердің әр түріне салынған суреттерді көрсету арқылы көркемдеп, толықтырып айшықты жеткізуді ойластырады.
Оқулықта берілген "Ғажайыптар әлемінде" деген мәтінде ертегілерге арқау болған құбылыстар мен жағдайлар айтылып қазақ ертегілерінің негізгі түрлері туралы деректер ұсынылады. "Ертегілердің ең бір тамаша, балаларға қызықты түрі - киял-ғажайып ертегілері" деген түйінді ойдан кейін осы шығармалардағы сан-алуан оқиғаларды басынан кешірген кейіпкерлер жөнінде, олардың қарсыластары мен достарының фантастикалық түрде бейнеленуіне, ертегілердің басталуы мен аяқталуында бірсарындылық болатынына оқушылар көңілін баса аударған жөн. Мәтінді оқып-талдау үстінде балалар басты кейіпкердің өз ата-анасын, ел-жүртын қорғау мақсатында ұзақ жолға шығып, көптеген қиындықтардан өтіп, жеңіске жеткендігімен қатар оның үлкен мен кішіге қайырымды, досына сенімді, адал болатындығына тоқталып, өз беттерімен тиісті қорытынды жасап отырады. Талдау жұмысының бір бөлігі балаларға қиял-ғажайып ертегілерінің көркемдік ерекшеліктерін байқатып-білдіруді көздейді. Осы бағытта оқушыларға төмендегідей сұрақтарды беруге болады:
1. Басты кейіпкер қандай фантастикалық, ғажайып оқиғаларға кездеседі? Осы жағдайларда ол өзін қалай үстайды?
2.Ертегідегі ғажайып заттарды атап шығындар? Олардың кандай ғажайып сипаты бар?

3. Басты кейіпкердің қарсыластары кімдер? Олар қалай суреттелтен?
4.Басты кейіпкердің достары мен көмекшілері кімдер? Олардың басты қасиеттері қандай?
Өз жауаптарын оқушылар мәтіннен естіп, соның ішінде кейіпкердің көмекшілері: Саққүлақ, Таусоғар, Желаяқ, Қолтауысардың сипатталуына іс-әрекетіне аса қызығушылықпен тоқталады. Бірлесе отырып оқушылар оларды орыс ертегілеріндегі фантастикалық кейіпкерлермен салыстыру арқылы екі халықтың сөз өнерін ерекшеліктерін жөніндегі түсініктерін тереңдете түсіп, ойларын сөзбен жеткізе білу қабілеттерін жетілдіреді.
Мәтінді мұғалім өзі бастап оқығаны жөн. Өлеңмен жазылған ертегіні алғаш оқығанда оның әуені мен үйқасын келістіруге тырысып, интонақиалық, ритмикалық жақтардың ерекшеліктерін байқату көзделеді. Ертегінің көлеміне байланысты мұғалім бірнеше шумағын оқып бергеннен кейін ары қарай оқушылар өздсрі жалғастырып оқығанда да ұстаз өлеңді мәнерлеп,оның жолдарындағы дыбыс үндестігін ескеріп отыруды талап етеді.
Сондай-ақ халық ауыз әдебиетіндегі жақсы айтылған ертегінің өзі де жасөспірімдер ғана емес, ересектердің ой-өрісі мен дүниетанымының кеңеюіне тигізетін әсері мол. Мұнда оқушылар бос уақытында әдеби кітаптарды оқи отырып, халықтың қиялға құрылған өмірінен сабак алады. Окушылардың мектеп сахнасында өздері оқыған ертегілерді қойылым ретінде көрерменге көрсетуіне мүмкіндіктері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет