Қорытынды ............54-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............56-57
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік тауар айналымында өз орнын алуға үмтылыстан туған үрдіс. М^ндай үрдістен білім беру салалары да шет қалған жоқ. Соның әсерінен қазақтілін оқыту үлдісі жетілуде. Бұл мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы үйымдастыруға алып келді . Бұл үрдіс окушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана - сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан - жақты дамытуға арналған.
Бұл білім беру саласында окушыға жаңа көзқараспен карауды үйретті. Мұндай көзқарас оқушының жеке басының дамуына, тұлға ретін қалыптасуына, әдеби тілде сөйлеуіне, оқытуды демократияландыру мен ізгілендіруге ықпал етті. Сондыктан бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту ісі қазір әдіскер ғалымдардың басты назарында. Өкінішке орай казір окушылардың сөйлеу және жазу дағдысындағы мынадай кемшіліктер кездесуде :
Бастауыш мектепте оқушыларға қазақ тілінің морфологиялык
жүйесінен ұғым беру кезінде мұғалімдер қажетті дерексіз
ұғымды меңгертуге көп күш салып, бұл ұғым балалардың
сауатты сөйлеу мен жазу дағдысын калыптастыруға негіз болуы
қажет екеніне мән бермейді. Яғни тілді оқытудағы басты максат
- оның коммуникативтік (карым-қатынас) мүмкіндігін меңгерту
екені ескерілмей, «заттың атын білдіретін сөздерге», «заттың
санын білдіретін сөздерге», т.б. оқушылардың сұрақты дұрыс
қойып, сөйлем ішінен таба білгеніне қанағаттанып жүрміз.
Бастауыш кластарда тілді окытып-үйретудің әр түрлі салалары
арасында айқын байланыс жоқ. Морфологиялық ұғымдар беру
жұмыстары кезінде оқушылардың сөздік қорын байыту мақсаты
ескерілмейді, сөздердің мағыналык бойларына сай оларды
дұрыс колдану мәселесі үнемі қадағаланбайды. Немесе
«Сөйлем», «Сөйлем мүшелері» тақырыптарын өткенде
окушылардың тілідң морфологиялық жүйесінен алған білімдері
пысықталып, пайдаланылмайды.
Календарлық жоспардағы байланыстырып сөйлеуді дамытуға
бөлінген сағаттар өтіліп жаткан материалдардан бөлек, көбінесе
суретке қарап шығарма жаздыру, мазмұндама түрінде өткізіледі.
Бастауыш кластарда бұл сабақтарды оқушылардың өса түскен
білім мен дағдысына сай бірте-бірте күрделендіріп өткізудің қалыптасқан әдістемелік жүйесі жоқ.
Қазіргі төртжылдық бастауыш кластарда оқушыларға казақ
тілінің морфологиялық жүйесін оқыту барысындағы
қолдалынып жүрген әдістері де жаңа талап тұрғысынан қайта
қарап, жаңарату қажет болып жатыр. Дәлірек айтқанда,
бұрынғы бір бағытта (мұғалім тарапынан) оқыту жүйесін
өзгертіп, оқушылардың өз беттерінше шығармашылықпен
жұмыс істеу (ойлану, табу) қабілеттерін дамыту мәселесін басты
нысан етіп алған дұрыс.
Мұның барлығы бастауыш мектепте қазіргі кезеңде дамытуға
лайық мәселелер.
Біздің диплом жұмысымыз бастауыш мектепте сан есімді өтуге арналып, осы проблемаларды аз да болса шешуге арналған. Бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |