Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті



бет58/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

Диплом жрысының мақсаты Бастауыш сыныпта сан есімді оқыту тапсырмалары аркылы оқушылардың тілдік қабілеттерін жетілдіру.
Диплом жұмысының міндеттері:

  1. Бастауыш сыныпта сан есімді түсіндірудің оңтайлы жолдарын
    анықтау;

  2. Окушылардың сан есім туралы білімдерін дұрыс колдану
    дағдыларын қалыптастыру;

  3. Ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.

Диплом жұмысынық нысаны Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту процесі алынды
Диплом жұмысының әдістері. Ғылыми жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.
Диплом жұмысы үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалык, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Осының негізінде диплом жұмысының мақсаты, нысаны анықталды. Бастауыш сыныпта қазак тілі сабағында сан есімді оқыту тапсырмаларын қолданудың міндеттері айқындалды.
Екінші кезеңде Бастауыш сынып казақ тілі сабағында сан есімді оқыту тапсырмаларын қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Сан есімді оқыту тапсырмаларын тиімді Тұрлері анықталып, жүйеге келтірілді.
Диплом жұмысының теориялық маңызы Бастауыш мектепте сан есімді оқыту тапсырмалары аркылы оқытуға байланысты алынған ғылыми кағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл

білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.
Диплом жұмысының практикалық маңызы
Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінен алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді.
Диплом жұмысы кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Бастауыш мектепте грамматиканы оқытудың маңызы
Қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша окып жатқан бастауыш мектептерде жүргізілген бақылауларымыздың кортындысы мынаны көрсетті: оку бағдарламасында берілетін білім мазмұнын әдістемелік-психофизиологиялық Тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш класс оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере аламаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық Тұрғыдан сауатты бейнелеп айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің момрфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алмайды. Нақты айтқанда, тілдің морфологиялық заңдылықтарын жете меңгермеуге байланысты бастауыш класс оқушылары жазу не сөйлеу барысында жіберген қателердің жалпы сипаты төмендегідей болып шықты:

  1. Оқушылар сөздерге жалғауларды өз беттерімен дұрыс
    жалғай алмайды. Мысалы: Мәншүкті Кеңес Одағының
    батыры атағын берді. Дидардікі етігі кара. Дәптерге
    қабы жоқ. Ауылда барғанда түйе көрдім. Балдар
    бәріміз ойнадым.

  2. Өз беттерінше сөйлеу және жазу кезінде жұрнақтарды
    дұрыс пайдалану дағдылары калыптаспаған: Иттің
    кішкентай үйі бар (үйшік деудің орнына). Мысық
    айбаттады (айбаттанды, айбат шекті деудің орнына).

  3. Оқытылған морфологиялык ұғымдарды сөйлем күрау
    барысында пайдалана білмейді: Мен айттым Іңкәрға.
    Ойнадық Ерболатпен. Бүгін мектепке барамыз бесте.

  4. Сөз құрамы, біріккен сөздер туралы түсіндірілген
    ұғымдар жазу кезінде ескерілмейді: Таспақа көрдім.
    Қоспекенді (Қосмекенді) адам туралы кина көрдім.
    Ердөстік батыр болған. Мамам шаң солғаш алды.

5. Оқушылар жалпы есім мен жалқы есімді бір-бірімен
ажырата білмейді: Жазда қойлар бақтым. Ауылда
көлдер бар. Оларда балықтар көп. Балдар суға
шомылады. Малдар су ішеді.
6. Окушылардың сөздік қорын шағын. Білетін сөздерін өз
орнын тауып колдана алмайды, т.б.
Бұл аталған басты - басты себептердің кай-қайсысы да оку бағдарламалары мен окулықтарға емес, негізінен окыту ісіне қатысты.
Қазіргі оқыту ісі барысында колданылып жүрген негізгі әдістер төмендегідей:

  1. мұғалімнің сөзі;

  2. әңгіме әдісі (кейде мүны сұрақ-жауап әдісі деп те
    атайды);

  3. тілдік фактілерді талдау (байқату, грамматикалық
    талдау);

  4. жаттығулар орындату;

  5. көрнекі құралдарды пайлалану (сызбалар, кестелер,
    суреттер, компьютер, т.б.);

  6. кітаппен жұмыс істеткізу;

  7. топсеруен (әкскурсия).

Жоғарыда атап өткеніміздей, бастауыш класс окушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгертуде тусіндіргенді қайталап айтып беруге (реподуктивті) баулу әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бү_л әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал жаттап алған білім мен дағдының көп уақыт өтпей-ақ үмтылатыны, оқушылардың күнделікті тұрымысында пайдаланбайтыны белгілі. Сондықтан әдіскер-ғалымдар бастауыш кластарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін қолайлы әдістемелік жағдайлар жасау қажеттігін көптеп айтып жүр. Мұндай әдістемелік жағдайлардың бірнеше түрі белгілі:

  1. Оқушылардың белсенді ойлау қызметін іске қосу. Бұл
    әдісті «проблемалық әдіс» деп те атайды. Кез келген жаңа
    грамматикалық ұғымды меңгеру барысында оқушылардың
    психо=физиологиялық қабылдау мүмкіндіктеріне карай проблемалық
    жағдай туғызу мұғалімінің шеберлігіне байланысты. Әсіресе берілген
    грамматикалық ұғымды пысықтау үшін орындалатын жаттығулырды
    немесе үлестірмелі қима қағаздарды қызықты әрі түрліше епіп
    пайдалануға болады.

  2. Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы
    лингвистикалық көзкарасын дамыту. Басқаша айтқанда, оқушыларға
    бастауыш кластарға берілетін грамматикалық ұғымдардың бәрі ең
    бсаты мақсатқа - олардың өз ойларын дұрыс, әсерлі баяндай білу
    қабілетін дамыту мақсатында бағындырылуы қажет. Мәселен, балалар
    күнделікті тәжірибесінде өз беттерімен сөйлеу немесе жазу кезінде
    заттын сынын білдіретін сөзді сол заттын атын білдіретін сөздің
    алдына қою керек екенін іштей біліп отырғаны дұрыс. («Жамилада
    қалам қызыл бар» деп емес, «Жамилада қызыл қалам бар» деп).

  3. Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескі
    белгілерін маңгерту. Мысалы, «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін
    сөздер» тақырыбын өткенде, окушылар бұл сұрактарды нақтылы

заттардың немесе адамдардың атын білдіретін сөздерге дұрыс қояды да, дерексіз атауларға кездескенде шатасып қалады. Мысалы, уақыт, жел, күн, дауыл, т.б. сөздерді заттын атын білдіріп тұр деп ойлайды.. Немесе «Не істеді? неғылды? кайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбын өткенде, «жатыр, отыр, сүрады, жанды, деген сияқты нақтылы қимыл байқалмайтын сөздерге бұ_л сұрақтарды коймайды. Сондықтан грамматикалық ұғымға қатысты осындай дерексіз сөздердің белгілеріне арнайы тоқталып өту қажет.
4. Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бұрын өтілген ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп айтуға болады. Мысалы, «Сөз таптары» окып үйрену барысында негізігі есімдердің төмендегідей сызбасын оқушылардың естеріне салып койған артық емес.
5. Жаңа грамматикалық ұғымды түсіндіру үшін
оқушылардың бұрынғы білімдері мен дағдыларына сүйеніп отыру.
Жаңа тақырыпты меңгертудің өткен сабактардағы мағлұматтарды ұмытпауына, оны жаңа ұғыммен байланыстыра білуіне жағдай туғызады.. Екіншіден, бұрынғы дағды жаңа тақырыпты игеруді жеңілдетеді.
6. Грамматикалық ұғымдарды көрнекі құралдар көмегімен
меңгерту. Бұл әдісте мұғалімнен ерекше шеберлікті талап етеді.
Тақырыптың сипатына байланысты көрнекі құралдар түрлендіріліп
пайдалану қажет. Бастауыш кластарда тілдің морфологиялық жүйесін
оқытуда қолданылатын көрнекі күралдарды (кесте, сызба, әріптер, не
сөздер кассасы, үлістіремелі қима қағаздар және компьютерге
арналған перфокарталар, т.б.) қолданылуы мақсаттарына қарай үш
топқа бөлуге болады:

  1. жаңа тақырыпты түсіндірер кезде балаларға
    тілдегі құбылысты байқатуға, проблемалык
    жағдай туғызуға арналған күралдар;

  2. берілген ұғымды пысықтауға , балалардың іс
    жүзілік дағдыларын дамытуға арналған
    кұралдар;

  3. берілген грамматикалық ұғымдарды
    жинақтауға арналған құралдар, т.б.

Көрнекі құралдар кандай мақсатка арналса да, олардың айқын, әдемі, қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс.
Жалпы окушыларға тілдің грамматикалык жүйесін меңгерту балаларды дерексіз ұғымдар туралы ойлауға баулуды талап етеді. грамматикалық ұғымдар дегеніміз - сөздерге, сөз тіркестеріне, сөйлемдерге, қосымшаларға т.б. қатысты белгілерді дерексіздене отырып жинақтап, жүйелеуі. Сондықтан грамматикалық ұғымдарды, оның ішінде тілдің морфологиялық жүйесін оқыту бастауыш класс оқушыларының психо=физиологиялық мүмкіндіктерін анық білуді қажет етеді. Атап айтқанда, олар:
1. Балалардың қабылдау мүмкіндігінен артық ұғымдарды
түсіндіруге болмайды.

  1. Берілген ұғымды тым қарапайымдандырып, немесе қайта-
    қайта түсіндіріп, оқушылардың белсенді таным қабілетіне кедергі
    жасауға да болмайды. Мұндай жағдайда олардың сабаққа
    қызығушылығы күрт кеміп, белсенділігі төмендейтіндігін психлог
    мамандар ашық айтып жүр.

  2. Берілген материалдардың мазмұнына орай, оқушылардың
    психо=физиологиялық мүмкіндіктеріне байланысты сабактың
    құрылымын, оқыту әдістерін түрлендіріп отыру қажет. Тиімді әдісі
    табылмаса, кез келген қарапайым ұғымның өзін оқушылар ауыр

қабылдайды, тіпті түсінбеуі де мүмкін. Ал қандай да бір күрделі ұғымды оқушыларға ыңғайлы әдісі тауып жеткізуге болады. Көптеген әдіскер-ғалымдардың дәлелдеп көрсеткеніндей, бастауыш клас оқушылдарына грамматикалық ұғымдарды меңгертудің бір жолы ойын әлементтері бар жұмыс түрлерін көп пайдалану. (Мұның нақты мысалдарына сабақ үлгілерін бергенде тоқталамыз.)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет